Жоспар
IКіріспе
IIНегізгі
бөлім
1)Гистологияның
зерттеу пәні
2)Цитология
ғылымы,даму тарихы
3)Эмбриология
IIIҚорытынды
IVПайдаланылған
әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Адам организмі
тірі материяны қалыптастыратын
иерархиялық структура-функциялық
деңгейлердің жүйесі болып табылады:жасушалар-тіндер-органдардың
морфофункциялық бірліктері-мүшелер-мүшелер
жүйесі-организм.Олардың әрбірі өзіне
тән,басқа деңгейлерден айырып тұратын,морфофункциялық
ерекшеліктер мен заңдылықтарға
ие.Сондықтан,бұл деңгейлердің әрқайсысы
нақтылы медицина-биологиялық ғылымдардың
зерттеу нысанасы болып табылады
Адам гистологиясы-адам
ағзасын қалыптастыратын тіндердің
микроскоптық құрылысы мен тіршілік
әрекеттерін,яғни тіршілік қалыптасуының
тіндік деңгейін зерттейтін медицина-биологиялық
ғылым.Ол,ғылыми және оқу пәні ретінде
екі бөлімнен тұрады: жалпы гистология
және жеке гистология.
Жалпы гистология-негізгі
тіндер топтарының фундаментальді қасиеттерін
зерттейтін ғылым.Ал жеке гистология-нақтылы
орган құрамындағы әртүрлі тіндердің
құрылым-функциялық қалыптасу және
өзара әрекеттесу заңдылықтарын
зерттейтін ғылым.
ГИСТОЛОГИЯНЫҢ ҚЫСҚАША ДАМУ ТАРИХЫ
Гистология
ұлпаларды зерттейтін ғылым саласы
ретінде микроскопты зерттеулердің
негізінде әр түрлі ұлпалар
мен құрылымдарды бір топқа
топтастырып қарау қате еді.
Бұл кезең XVIII ғасырдың аяғына
дейін созылған.
Гистология
саласының дамуындағы жаңа дәуір
микроскоптын шығуынан басталады.
Микроскопты ойлап табу тарихы
әлі күнге дейін нақты емес,
ол туралы әр түрлі деректер
бар. Бірақ та микроскопты жасаушылар
кезінде көзілдірікті жасап шығарушылар
тәжірибесін пайдаланғаны күмәнсіз.
Көзілдірік алғаш рет 1285 жылы
Италияда шыққан. Кейбір аңыздарда
алғашқы микроскопты голландиялық
оптиктер Янсендер 1590 жылы жасап
шығарған делінді. Атақты Галилей
де 1612 жылы микроскоп құрастырған
екен деген мәлімет бар.
Алғашқы
ойлап табылған микроскоптар
ғылыми-зерттеу құралы ретінде
қолданылмады. Ағылшын математигі,
физигі әрі механигі Роберт
Гук 1665 жылы өзі жасаған микроскоппен
тоз ағашының құрылысын зерттеп,
жеке ұяшықтардан тұратынын анықтаған.
Осы ұяшықтарды Р. Гук "клетка"
деп атады (гректің "китос"—
қуыс деген сөзінен шыққан). Сонымен
Р. Гук "клетка" деген терминді
алғаш қолданған ғалым. Бұл
қазіргі әрине біздін ұғымымыздағы
клетканың ашылуы емес.
Кейінірек
Грю мен Мальпиги микроскопты
өсімдіктердің құрылысын зерттеуге
қолданды. 1671 жылы Мальпиги "Өсімдіктер
анатомиясы жөніндегі түсініктер"
деген еңбегін, 1672-1675 жылдарда "Өсімдіктер
анатомиясы" деген кітабын жариялады.
Сонымен бірге Грю 1671 жылы "Өсімдіктер
анатомиясының бастамасы" деген
еңбегін де Лондонның Королевалык
қоғамына тапсырады. Мальпиги, әсіресе,
Грю өсімдіктердің микроскопиялық
күрылысын зерттей жүріп өсімдіктердің
әр түрлі беліктерінің күрамында
көпіршіктердің болатынын анықтайды.
Өсімдіктердің клеткалық қүрылысын
зерттеген XVII ғасырда зерттеуші
А. Левенгук болды, бірақ та
ол өзі ашқан жаңалықтарынын
маңызын үғына алмады. А. Левенгук
жануарлар клеткаларында эритроциттерді,
сперматозоидтарды, бір клеткалы
жануарларды алғаш зерттеп көрді.
Сонымен XVII ғасырда өсімдіктердің
"клеткалық құрылысы" ашылды. Бірақта
шын мағынасындағы клетка осы
ғасырда өмір сүрген оқымыстыларға
белгісіз болды.
XVII ғасырдағы
микроскоптың құрылысы әлі де
тым қарапайым болатын. Ал XVIII
ғасырда микроскоптың құрылысына
біршама жаңалықтар еңгізілді
— штативі азды-көпті жетілдірілді.
Бұның себебі XVIII ғасырда ғұмыр
кешкен ғалымдар микроскопқа
аз көңіл бөлді, күнделікті
ғылыми жұмысқа қолдана бермеді.
XVII ғасыр
мен XIX ғасырдың бас кезінде
өсімдіктер клеткасын зерттеуде
елеулі жаналықтар болмады. XVII және
XVIII ғасырларда өсімдік клеткасының
қабықшасы зерттелді. XIX ғасырдың
басында ғалымдар өз назарын
клетканың ішіне аудара бастады. XIX ғасырдың
алғашқы ширегінде зерттеушілер клеткада
ядроны (1825) байқады. Оны алғаш тауық жұмыртқасынан
тауып, ұрык көпіршігі деп атады. Кейінірек
өсімдік клеткасының ядросьш 1831 жылы.
Р. Броун ашты. Осыдан соң клетканың қалған
құрылымьш атау үшін Я. Пуркинье протоплазма
(1839-1840) деген термин енгізді. Сонымен 1830
жылдары өсімдіктер анатомиясьш зерттеу
ісінде елулі жаңалықтар ашылды. Егер
де XIX ғасырдың басында клетканың өзінің
не екендігі, өсімдіктердің клеткалық
қүрылысының маңызы жөніңдегі мәселе
әлі де анық болмаған болса, өткен ғасырдың
екінші ширегінің бас кезінде жағдай баскаша
өзгерді. Клетканың барлық өсімдіктер
организмінің қүрылымдық элементі екендігі
белгілі болды.
XIX ғасырдың
басында микроскопиялық зерттеулердің
кең таралуы клеткалық қүрылыстын
өсімдіктерге ғана емес, жануарлар
организміне де тән екенін
көрсетті. Бүл бағытта Я. Пуркинье
мен И. Мюллердің мектептері
көп еңбек сіңірді. Ян Эвангелиста
Пуркииье өзінің шәкірттерімен
бірге (әсіресе Валентинмен) адам
мен жану-арлардың әр түрлі
үлпаларын зерттейді. Пуркинье
микро-скопиялық анатомияның ғана
емес, сонымен бірге микроскопиялық
техниканың да негізін салушылардың
бірі болды.
Иоганнес
Мюллер мектебі ғылым тарихында
ерекше орын алады. Оның шәкірттері:
Т. Шванның, Я. Генленің, Р. Ремактың,
гистологияның негізін қалаушылардын
бірі А. Келликердін, Э. Дюбуа-Реймонның,
Р. Вирховтын, Э. Геккельдің, И.
М. Сеченовтың енбектері бүкіл
әлемге мәлім. 1838 және 1839 жылдары
немістін екі ғалымы, ботаник
М. Шлейден мен зоолог Т.
Шванн көптеген деректік материалға
сүйеніп клеткалық теорияны жасады.
Т. Шванн клетканы өсімдіктер
мен жануарлардың универсал-дық
құрылымдық компоненті деп қарастырды.
Алайда,
М. Шлейден мен Т. Шванн организмдегі
клет-калар қүрылымы жоқ заттан
пайда болады деп қате түсінген.
Клеткалық теория барлық тірі
табиғаттың біртүтас екендігін
көрсетеді. Оның биологияның дамуына
ғана емес, философияның да дамуьша
үлкен прогрессивтік әсері болды.
Ф. Энгельс
клеткалық теорияны XIX ғасырдағы
үш үлы жаңалықтың (энергиянын
түрақтылық заны, клетка-лық теория
және Ч. Дарвиннің эволюциялық
ілімі) бірі деп жоғары бағалады.
Клеткалық теория шыққаннан кейін
20 жылдан соң неміс дәрігері
Рудольф Вирхов (1859) клет-ка клеткадан
ғана пайда болады деген корытынды
жасап клеткалық теорияны одан
әрі дамытты.
Қазіргі
кездегі клеткалық теорияның
негізгі қағидалары мьгаалар:
1. Клетка
— тіршіліктің ең нәзік әрі
кішкене бірлігі (единицасы);
2. Түрлі
организмнін клеткалары қүрылысы
жағынан ұқсас;
3. Клеткалар
бөліну арқылы көбейеді;
4. Көп клеткалы
организмдер клеткалар мен олардың
туындыларының жиынтығы.
XIX ғасырдың
ортасынан бастап гистология
жедел да-мыды. Клеткалық теорияның
негізінде түрлі органдар мен
ұлпалар қүрамы және олардың
гистогенезі түбегейлі зерт-телді.
Осымен бірге Еуропада Гассельдің,
Келликердің, Лейдигтің және басқалардың
алғашқы гистология жөніндегі
оқулықтары щықты.
Микроскоппен
зерттеу әдістері мен оның
техникасының жетілуі XIX ғасырдың
екінші жартысында гистологияның
жедел дамуына жағдай жасады.
Осы кезде жақсартылған иммерсиялык
объективтер тәжірибеге енгізіліп,
микроскоп-тың үлкейтіп көрсету
мүмкіндігі артты, жаңа фиксаторлар
— формалин (Блум 1893), хром қышқылы
(Ганновер 1840) жәие пикрин қышқылы
(Ранвье 1865) тағы басқалары қолданыла
бастады. XIX ғасырдың екінші жартысындағы
елеулі жаңалық микротомның шығуы,
оны Я. Пуркиньенің шәкірті
А. Ошац жасап шығарған. Осы
қүралдың гистология тәжірибесіне
енуі клеткалар мен үлпалардың
нәзік қүрылысын зерттеуге мүмкіндік
берді. 1876 жылы клетка орталығы, 1894
жылы митохондриялар, 1898 жылы Гольджи
аппараты ашылды. Осы органоидтардын
ашылуы ци-топлазмада клетканың
тіршілігі мен кызметіне байланысты
маңызды процестердің жүретінін
көрсетті.
Клеткалық
теорияның қалыптасуьша клетканың
бөлінуі жайындағы жаңалыктың
ашылуы игі әсерін тигізді.
Клетканың тікелей емес бөлінуі
жөніндегі алғашқы мәлімдемені
1873 жылы Шнейдер жасаған. Оның
бүл жаңалығы кезінде тиісті
бағасын ала алмады. Сонымен бірге
автордын өзі де жаңалығшшң
универсалдық зор маңызын жете
ұғына қоймаған болатын. Бүдан
кейінгі жылдары клетка бөлінуінің
жаңа әдістері туралы көптеген
ғылыми еңбектер жарияланды.
1874 жылы
Н. Д. Чистяков митоздық бөлінудің
бірнеше фазаларьш жазды. Ол
жанадан пайда болған клеткалардың
ядросы аналық клеткалар ядросының
бөлінуінің нәтижесінде пайда
болатынын түсінді. Бірақ та
Н. Д. Чистяков бөліну фазаларының
тәртібін толықтай біле алмады.
1875 жылы клетка бөлінуінің жаңа
ашылған әдісіне ар-налған бірнеше
енбектер басылып шықты. Э.
Страсбургер бірнеше өсімдіктер
митозын баяндауға арналған "Клетканың
бөлінуі және клетканың пайда
болуы" деген моногра-фиясьш
жарыққа шығарды. Страсбургер
өсімдіктермен бірге шеміршек
клеткаларының, асцидий жүмыртқасының
бөлінулерін де қарастырды. Түрлі
организмдердің тікелей емес
бөлінуі ортақ заңдылықпен жүретінін
Страсбургер дүрыс түсінді. Бірақ
та митоздың жеке детальдарына
баға берген кезде ол еңбегінде
көптеген кателер жіберді.
1978-1879 жылдар
кариокинез ашылуының шарықтау
кезеңі болып саналады. 1878 жылы
Страсбургердін "Клетканың бөлінуі
және үрықтану жөнінде" деген
екінші монографиясы шықты. 1879 жылы
В. Шлейхердің, П. И. Перемежконын
және В. Флеммингтің осы тақырыпқа
арналған еңбектері жарық көрді.
Флемминг өзінің "Клетканың субстанциясы,
ядросы және клетканын бөлінуі"
деген 1882 жылы шыққан монографиясында
кариокинез жөнінде шықкан жүмыстарды
қорытты. Осы кездегі қолданылып жүрген
кариокинезге байланысты көптеген терминдер
Флеммингтің осы монографиясында қолданылады.
Мысалы: тікелей және тікелей емес бөліну,
митоз және амитоз, ядро торы, хроматин
мен ахроматин, экваторлық пластинка,
аналық және балалық жұлдыздар. "Кариокинез"
деген терминді казіргі мағынасында пайдаланған
да Флемминг.
"Профаза",
"Метафаза" және "анафаза"
деген терминдерді Э. Страсбургер
1884 жылы, "телофаза" деген тер-минді
1894 жылы Гейденгайн үсынған.
Шет елдерде
гистологияның өркендеуіне орай,
бүл сала Ресейде де дами
бастады. ХІХ ғасырдың екінші
жартысынан бастап, Санкт-Петербург
(1864), Мәскеу (1866), Харь-ков (1867), Қазан
(1871), Томскі (1883) университеттерінде
және Санкт-Петербургтің Дәрігерлік-хирургиялық
академиясында (1869) гистология кафедралары
ашылды. Осы кафедралардың алғашқы
меңгерушілері А. И. Бабухин,
Ф. В. Овсянников, Н. М. Якубович,
Ф. Н. Заварыкин, К. А. Аршптейн,
П. И. Перемежко, Н. А. Хржонщевский
болған еді. 1869 жылдан бастап Мәскеу
университетінің гистология кафедрасын
А. И. Бабухин (1835-1891) басқарды.
Оның шеткі нерв талшықтарының
нәзік қүрылымын анықтаған, балықтардың
электрлік органдарынын гистофизиологиясын,
кез бүршағын және иіс-сезім
органьш зерттеуге арналган енбектері
осы күнге дейін маңызын жойған
жоқ. А. И. Бабухин өзінің
гистофи-зиологиялық бағытын одан
әрі жалғастырған көптеген шәкірттерін
(И. Ф. Огенев, А. А. Колосов,
Н. А. Арсеньев) кдлдырды.
Қазан
гистологтар мектебін ашқан К.
А. Арнштейн (1840-1919). Оның негізгі
еңбектері шеткі нерв ұштарын
зерттеуге арналған. Қазан нейрогистологтар
мектебіне жа-татындар: А. С. Догель,
А. Е. Смирнов, Д. А. Тимофеев,
Б. А.
Лаврентьев, А. Н. Миславский тағы
басқа көрнекті мамандар.
Санкт-Петербург
университетіиде гистология кафедрасын
1864 жылдан бастал академик Ф.
В. Овсянников (1826-1906) басқарды. Ол
морфологиядағы гистофизиологиялық
бағыттың негізін салушылардың
бірі болды. Ф. В. Овсянников
әр түрлі жануарлардын нерв
жүйесі мен сезім мүшелерін
зерттеген.
А. С.
Догель (1852-1922) Томск, кейіннен Санкт-Петербург
гистологтар мектебін ашкан ғалым.
Ол өз еңбектерінің көпшілігін
вегетативтік нерв жүйесі мен
сезім мүшелеріне арнаған. А.
С. Догельдің шәкірттерінің бірі
— академик А. А. Заварзин (1886-1945)
болды.
Санкт-Петербург
гистологтар мектебінің негізін
қалаушылардың бірі М. Д. Лавдовский
(1847-1963) қуықтың ганглия клеткаларына,
нерв талшықтарының ре-генерациясы
мен дегенерациясы жөніндегі
еңбектерімен әйгілі. Ол Ресейдегі
салыстырмалы гистология мен
микро-физиология саласында да
танымал.
Орыс
гистология ғылымының негізін
салушылардың бірІ — орталық
нерв жүйесінің нәзік құрылысын
зерттеумен есімі танылған Н.
М. Якубович (1817-1879). Киев университетінің
гистология, эмбриология және салыстырмалы
анатомия кафедрасын ұйымдастырған
П. И. Пере-межко (1823-1863). Оның
негізгі енбектері клетканын
белінуіне арналған. Кенес өкіметінің
гистология мектебі цитологияның,
гистологияның онан әрі дамуына
үлкен үлес қосты (Д. А. Тимофеев,
А. Н. Миславский, А. А. Заварзин,
Б. И. Лаврентьев, Н. Г. Хлопин,
А. В. Румянцев және т. б.).
Б. И.
Лаврентьев пен А. А. Заварзин
нерв жүйесінің салыстырмалы
морфологиясын, А. В. Немилов
пен А. В. Румянцев ішкі секреция
мүшелерішң қүрылысын, Н. Г.
Хлопин үлпалардың қүрылысы мен
дамуын, Г. Н. Хрущев лейкоциттер
жүйелерінің салыстырмалы гистологиясын
зерттеуде үлкен табыстарға жетті.
Қазақстан галымдары да: академик
Ф. Мүхамедғалиев, Қазакстан ҰҒА-ның
кор-респондент мүшелері Т. Масенов,
А. М. Мырзамадиев, А. Ракышев,
профессор Г. Мұсағалиева, биология
ғылымдарынын докторы, профессор
М. Нүрышев т. б. гистология
мен цитологиянын дамуына белгілі
дәрежеде өздерінін үлестерін
қосты.
Гистология
кептеген биологиялық пәндермен,
жалпы және салыстырмалы анатомиямен,
эмбриологиямен, физиологиямен, биохимиямен,
зоологиямен тағы пәндермен тығыз
байланысты.