Геронтология

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 16:40, реферат

Краткое описание

Геронтология(грекше geron және logos – ілім) – адамның және жануарлар организмінің қартаю заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Егде тартқан және қартайған адамдардың ауруларын клиникалық медицинаның гериатрия (грекше geron және іatreіа – емдеу) деп аталатын бөлімі зерттейді. 20 ғасырдың 30–40-жылдары Қазақстанда қариялар мен мүгедектер үйі, геронтологиялық және гериатриялық кабинеттер (Алматы, Қарағанды, т.б.), ауруханаларда гериатриялық бөлімдер ашылды, жүйелі зерттеулер жүргізіле бастады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 32.67 Кб (Скачать документ)

       Геронтология(грекше geron және logos – ілім) – адамның және жануарлар организмінің қартаю заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Егде тартқан және қартайған адамдардың ауруларын клиникалық медицинаның гериатрия (грекше geron және іatreіа – емдеу) деп аталатын бөлімі зерттейді. 20 ғасырдың 30–40-жылдары Қазақстанда қариялар мен мүгедектер үйі, геронтологиялық және гериатриялық кабинеттер (Алматы, Қарағанды, т.б.), ауруханаларда гериатриялық бөлімдер ашылды, жүйелі зерттеулер жүргізіле бастады. Бұл зерттеулердің нәтижесінде қартаюдың әлеум.-гигиеналық себептері мен клиник. белгілері анықталды; адам жасының ұлғаюына байланысты жүрек пен қан тамырларында пайда болатын өзгерістер зерттелді; егде тартқан және қартайған адамдардың әдетте байқалмайтын жүрек ақауларына сипаттама берілді. Физиол. және биохим. көрсеткіштердің қалыпты деңгейі анықталып, егде тартқан және қартайған адамдардың денсаулығын тексеру әдістемесі ұсынылды. Кейбір дәрілердің қартайған организмге тигізетін әсері, вегетативтік жүйке мен лимфа жүйесіндегі морфол. және гистохим. өзгерістер зерттелді. Қарттар мен егде жастағы адамдардың психикасы мен мінез-құлық ерекшеліктерін, жас психологиясының бір саласы геронтологиялық психология зерттейді. Ол қартаюдың белгілерін, яғни адам организмінің функционалдық мүмкіндіктерінің (сыртқы әсерлерді қабылдауы көмескіленіп, қимыл белсенділігі баяулауы, күш-қуатының азайып, денсаулығының нашарлауы) біртіндеп төмендеуін қарастырады.                                                                  Қартаю – биологиялық процесс; белгілі бір жасқа жеткеннен кейінгі организмнің мүмкіншіліктерінің үдемелі төмендеуі. Қартаю кезінде тіннің серпімді талшықтарының және су мөлшерінің азаюынан тері жұқарып, қатпарланып әжім пайда бола бастайды. Бұл кезде шаш ағарып, сирейді, көздің көруі, құлақ естуі нашарлайды, тіс түсе бастайды. Қартаюдың бір көрінісі ретінде организмде дәнекер тіндердің өзгеруін келтіруге болды. Осыдан өкпеде, бауырда, жүректе, т.б. ішкі органдарда олардың атқаратын жұмысының бұзылуына әкелетін беріштенулер дамиды. Дәнекер тіндерінің өзгерістерінен қарттарда жара мен сүйек сынықтарының бітуі жастарға қарағанда баяу жүреді. Қартаю кезінде адамның жүйке жүйесінде, ішкі секреция бездерінде, иммундық, жүрек-қан тамырлар жүйелерінде елеулі өзгерістер байқалады. Жүйке жүйесінің өзгерістерінен шартты және шартсыз рефлекстер әлсірейді, есте сақтау қабілеті бұзылады. Қарт адамдарда жыныс, қалқанша, ұйқы бездерінің, гипофиздің, бүйрек үсті бездерінің, айырша бездің гормон өндіру қабілеттілігі төмендейді. Қартаю кезінде жүректің жиырылу күші кемиді, қан айналу көлемі азаяды. Шеткі тіндердегі қан қылтамырларының (капиллярлары) қабырғалары қалыңдап кетуінен газ алмасу процесі бұзылады. Бұл гипоксия ауруының дамуына әкеледі. Қан тамырларының серпімділігі азайып, оларда атеросклероз дамиды. Адамның жасы ұлғаюына байланысты жүрек пен қан тамырларының жүйкелік және гуморалдық реттеулері өзгереді. Қартаюды: қалыпты немесе физиол. Қартаю және ерте қартаю деп бөледі. Физиологиялық қартаю – адам егде тартқан жасқа келсе де, денсаулығы жақсы, ширақ, өзін-өзі күтіп, айналасына назар аударып белсенділік көрсете алатын жағдайда болуы. Ерте қартаюда кәріліктің белгілері мезгілінен бұрын байқалады. Бұған адамның созылмалы аурумен ауыруы немесе қоршаған ортаның жағымсыз әсері себеп болады. Қартаюды қазіргі теориялар жас шамасының ұлғаюына байланысты белок синтезінің бұзылуы деп түсіндіреді. Ал мұның өзі нуклеин қышқылдары (ДНҚ) қызметінің бұзылуына байланысты болады. Кейінгі жылдары иммунитет жүйесі бұзылған организмде түзілген антиденелер бөгде заттарды ғана емес қалыпты клеткаларды да бұзып, жоятыны анықталды. Қартаю кезінде клеткалардағы энергетикалық (жылу бөліну) процестер өзгереді: тотықтырғыш ферменттердің белсенділігі кемиді, митохондриялардың саны азаяды. Қартаюда тұқым қуалаушылық факторы үлкен рөл атқарады. Кейбір адамдардың қалыптан тыс ерте қартаюы байқалады, мұны прогерий деп атайды. Бұл сирек кездесетін тұқым қуалайтын синдромдар кездерінде байқалады. Солардың бірі – Гетчинсон-Гильфорд синдромы – балалардың, аутосомдық-рецессивтік жолмен ұрпақтан ұрпаққа берілетін ауруы. Бұл аурудың алғашқы көрінісі баланың бір жасар кезінде байқалып, тез қарқынмен дамып, 10 – 20 жаста жүрек инфарктысынан өлімге әкеледі. Баланың бойы өсуі баяулайды, шашы ағарып, түсе бастайды, терісі жұқарып, қатпарланып кетеді. Көз бұршағының бұлыңғырлануы (катаракта), өкпе эмфиземасы, қан тамырларының атеросклерозы, т.б. дамиды. Осындай кәрілікке тән белгілердің 15 – 25 жас арасында дамуы – Вернер синдромы деп аталады. Ерте қартаюдың ең негізгі себебі – қозғалудың азаюы, бұлшық ет жұмысының жеткіліксіздігі (гиподинамия). Қартаюға байланысты организмде зат алмасу процесі нашарлайды, сондықтан қуатты тағамдарға қажеттілік те төмендейді. Мысалы, қалада тұратын 60 – 74 жастағы ер адамдардың тәуліктік энергетикалық қажеттілігі 2300 ккал болса, әйелдерде – 2100 ккал, ал жасы 75-тен асқан адамдарда бұл қажеттілік 2000 және 1900 ккал шамасында болады. Бұл кезде тағам құрамындағы жануар майлары мен көмірсу мөлшері аз болуы тиіс. Қартаю заңдылықтарын зерттейтін ілім геронтология, ал жастары ұлғайған адамдар мен кәрі адамдардың ауруларын зерттейтін ілім гериатрия деп аталады.

Гериатрия (грек. geron - қарт,  iatreia - емдеу) - егде  және қарт адамдардың ауруларын зерттейтін клиникалық медицина саласы.

Геритрияның (Гг) негізгі міндеттері:

- егде және қарт адамдардың әр түрлі ауруларын алдын алу, емдеу, клиникалық ағымын, даму ерекшеліктерін зерттеу.

- ерте  қартаю үрдісіне әсер ету мүмкіндіктерін анықтау.

Герогигиена (Гг) (грек. geron - қарт, higieno - емдік, денсаулық әкелуші) - адамның қартаю үрдісіне өмір сүру жағдайының әсерін қарастыратын және патологиялық қартаюды алдын алуға бағытталған, халыққа ұзақ, қабілетті, салауатты өмірді қамтамасыз етуге жағдай жасау шараларын белгілейтін геронтология саласы.

Профилине сәйкес мынадай топтарға бөледі:

- әлеуметтік  герогигиенаны (Гг),

- коммунальдық  Гг,

- еңбек  Гг,

- тамақтану Гг.

Геронтология (грек. geron - қарт, Іogos - ілім) - адамның қартаю заңдылығын зерттейтін биология және медицина саласы.

Геронтология  құрамына кіреді:

·   қартаю биологиясы

·   гериатрия

·   герогигиена

·   геронтопсихология

Геронтологияның негізгі міндеттері:

·   қартаюдың молекулярлы-генетикалық механизмдерін зерттеу,

·   нулеин қышқылдарындағы құрылымдық және физико-химиялық қайта түзулерді анықтау,

·   генетикалық аппараттың реттелуіндегі жасқа байланысты өзгерістерді белгілеу,

·   жасқа байланысты жасуша қызметі мен белок биосинтезінің өзгерістерінің арасындағы байланысты анықтау,

·   организм қызметі мен зат алмасуының нейрогуморальдық реттелу механизмдерін зерттеу,

·   қартаю үрдісінде организмнің бейімделу мүмкіндіктерін анықтау,

·   адамның қартаю ерекшеліктерін комплексті түрде зерттеу және де, соның негізінде қарт адамдардың еңбек әрекетінің ұзақтығын, жұмысқа қабілеттілігін ұлғайтуға бағытталған шараларды жетілдіру,

·   қартаю қарқынын баяулататын және өмір ұзақтығын арттыратын әсерлерді іздестіру.

Геронтопсихология - қарт және ұлғайған жастағы адамдардың мінез-құлқын, психикалық ерекшеліктерін зерттеуге арналған әдістемелер мен жалпы психологиялық тәсілдерді қолданатын геронтология және жас ерекшелік психология саласы.

Гетерокатефтенділік гомеорез (грек. “гетеро” - әр түрлі, “катефтенси” - бағыт) -  жасқа байланысты өзгерістердің әр түрлі бағыттылығы. Мысалы, қартая бастаған организмдегі тіршілік үрдістерінің бірінің басылып, енді бірінің белсендірілуі.

Гомеорез гетерокинеттілігі (грек. “гетеро” - әр түрлі, “кинезис” - жылдамдық) -  жасқа байланысты өзгерістердің әр түрлі жылдамдықта дамуы. Бір ұлпаларда жасқа байланысты өзгерістер ерте, баяу және салыстырмалы ырғақты өрбісе, басқаларында кеш, бірақ тез туындайды. Гомеорез гетеротроптылығы - (грек. “гетеро” - әр түрлі, “топос” - орын) - әр түрлі органдар мен бір орган құрылымындағы қартаю үрдісінің біркелкі емес көрінісі. Мысалы: бүйрек үсті бездерінің қыртысының торлы аймағы (құрамы мен әсер етуі жыныс гормондарына жақын гормондар түзеді) мен шумақты аймағына (минералокортикоидтарды түзеді) қарағанда будалы аймақтың (глококортикоидтарды бөледі) қартаю көрінісі кем.

Гомерез гетерохрондылығы -  (грек. “гетеро” - әр түрлі, “хронос” - уақыт) - жеке ұлпаларда, органдар мен жүйелерде әр уақыт айырмашылығымен қартаюдың басталуы. Мысалы: айыршық безінің атрофиясы адамда 13-15 жаста, жыныс бездерінде-климакстік кезеңде (әйелдерде 48-52 жаста) басталса, гипофиздің кейбір қызметтері терең кәрілікке дейін жоғары деңгейде сақталады.

Гомеорез - қартаюға әкелетін организмдегі заңды жастық өзгерістер. Гомеорезге тән:

·   гетерохрондылық,

·   гетеротроптылық,

·   гетерокинеттілік,

·   гетерокатефтінділік.

Гомеостазис - организмнің ішкі ортасы мен кейбір физиологиялық қызметтерінің салыстырмалы динамикалық тұрақтылығы. Гомеостазистің сақталуы өте маңызды, өйткені оның күрделі бұзылуы өлімге әкеледі.

 

 

 

 

Жоспар:

  1. Геронтология анықтамасы
  2. Қартаюдың теориялық негіздері
  3. Қарт жастағылардың өмір сүру салты мен денсаулығы
  4. Профилактикалық геронтология принциптері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:


Информация о работе Геронтология