Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2015 в 09:57, творческая работа
Молекулалық генетика мен молекулалық биологияның қол жеткен табыстарының негізінде биология ғылымының жаңа бір саласы – гендік инженерия қалыптасты. Бұл ғылымның мақсаты – іс-тəжірибелер мен теория үшін қажетті генетикалық бағдарламаның жобасын жасап, оны тірі организмге енгізу. Мұндай тəсіл тіршілікті меңгеруде жаңа мүмкіндіктер туғызады.
Кіріспе.
Гендік инжинерияның қалыптасуы.
Гендік инжинерия туралы түсінік.
Клондау.
Генотерапия.
Қортынды.
Қолданылған әдебиеттер.
Семей Мемлекеттік Медицина Университеті
Кафедра: Медициналық биология және генетика
СӨЖ
Тақырыбы:
Гендік инжинерия.
Орындаған: Ожиканова С.Р.
Топ: 102 МПІ
Тексерген: Ордабаева И.Н.
Семей 2015 жыл.
1
Жоспар.
Кіріспе.
Молекулалық генетика мен молекулалық биологияның қол жеткен табыстарының негізінде биология ғылымының жаңа бір саласы – гендік инженерия қалыптасты. Бұл ғылымның мақсаты – іс-тəжірибелер мен теория үшін қажетті генетикалық бағдарламаның жобасын жасап, оны тірі организмге енгізу. Мұндай тəсіл тіршілікті меңгеруде жаңа мүмкіндіктер туғызады.
Гендік инжинерияның қалыптасу тарихы.
Ген инженериясының дүниеге келген уақыты 1972 жыл деп есептеледі. 1972 жылы америка оқымыстысы П. Берг маймылдың онкогенді вирусының, бактериофагтың жəне Е.СоІі бактериясы геномдарының түрлі бөліктерін біріктіру арқылы рекомбинантты ДНҚ алды. Қызметі жағынан активті, гибридті ДНҚ молекуласын ең бірінші болып 1974 жылы С. Коэн, Д. Хелинский, Г. Бойер алды. Олар құрамына əртүрлі бактериялардың, құрбақа ооцитінің, теңіз кірпісі, тышқан митохондриясы ДНҚ-ның фрагменттері енетін «химерлі» плазмидтерді құрастырып шығарды. Оларды трансформация жолымен бактерия жасушасына енгізу арқылы, онда жоғары сатыдағы организмдер ДНҚ-на тəн транкрипция құбылысын жүргізуге мүмкіндік туылды. Кейінірек активті қызмет атқаратын рекомбинантты ДНҚ-ын Кеңес Одағы ғалымдары С.И. Алиханян мен А. А. Баст құрастырды.
Жасуша деңгейінде жүргізілетін жұмыстардың ішінде сомалық жасушаларды гибридизациялау əдісі кеңінен қолданылады. 1960 жылы Ж. Барский жануарлардың сомалық жасушалары бір-бірімен қосылысуға, яғни екі жасушадағы генетикалық информация бірігуге қабілетті екендігін көрсетті. К. Гржешик (1973 ж.) көп жыл бойы зертханада жүргізген тəжірибелерінің нəтижесінде, денелік (сомалық) жасушалардың түр ішіндік жəне түр аралық гибридтерін алды. Денелік жасушаларды гибридтеу өсімдіктерге де жүргізілді. Темекі, сəбіз, қызанақ сияқты өсімдіктердің жеке протопластарынан жасуша қабықшасы регенерацияланып, каллус түзілгеннен кейін тұтас өсімдік қалыптаса алатындығы анықталды. Осы тұрғыдан көптеген зерттеушілер протопластарды бөтен генетикалық информацияны қабылдайтын жақсы реципиент жəне денелік жасушаларды будандастыру үшін қолайлы материал деп біледі.
Гендік инжинерия.
Ген инженериясы шешетін мәселелер:
Клондау.
Организмдерді жыныссыз жолмен көбейту арқылы сол организмдерге ұқсас ұрпақтар алу. ХХ ғ-дың 60-жылдарының басында кейбір жоғары сатыдағы өсімдіктер мен жануарларды Клондау әдістері жете зерттелді. Бұл әдістерге даму сатысын аяқтап, толық жетілген клеткалар ядросында организмнің барлық белгілері болатыны туралы ақпарат анықталғаннан кейін қол жеткізілді. Клондау кезінде клеткадағы белгілі гендер жоғалмайды. Клондау туралы алғашқы мағлұматты Корнелль универстетінің (АҚШ) профессорлары жүргізген тәжірибелерден көруге болады. Олар өсуге қажетті қоректік заттар мен гормондары бар ортада сәбіз тамырының жеке клеткаларын өсіру арқылы, осы өсімдіктің жаңа формасын алды.
Кейінірек Ұлыбританияның
Қолданылған әдебиеттер.
Х. Ə. Аубакиров,«Биотехнология» 2011ж.