Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Октября 2013 в 17:23, доклад
Физиология (грекше φυσις, physis, "табиғат,тек-тамыр"; және λόγος, logos, "ғылым") тірі ағзаның механикалық, физикалық және биохимиялық функциясының ілімі. Әдетте физиология өсімдік физиологиясы және адам мен жануар физиологиясы деп бөлінеді. Дегенмен қандай да болмасын ағза қарастырылу үстінде болса да, физиологияның принциптері жалпыға ортақ. Мысалы, ашытқы жасушасын зерттегенде алынған физиология мәліметтері адам жасушасына да қатысты болуы мүмкін.[1]
Физиология
Физиологияны зерделеудегі алғашқы маңызды жетістіктердің бірі -Леонардо да Винчидің Vitruvian Manеңбегі.
Физиология (грекше φυσις, phys
Әдетте физиология өсімдік физиологиясы
және адам мен жануар физиологиясы
деп бөлінеді. Дегенмен қандай да болмасын
ағза қарастырылу үстінде болса
да, физиологияның принциптері
Физиология пәні және оның мәселелері.
Физиология - тірі ағза мен физиологиялық жүйелердің, ағзалардың, тіндердің, жасушалардың қызметін зерттейтін ғылым.Ол жүйелермен ағзалардың бір-біріне әсерін, өзара байланысын және сыртқы ортамен қарым-қатынасын тексереді. Физиологияның мәселесі адам ағзасының жұмысын түсіну,оның әр бөлігінің мәнін анықтау, олардың қалай байланысатынын түсіну, олар қалай әрекеттеседі және сол қатынасу нәтижесінде қалай ағзаның жалпы жұмысы атқарылады. Физиология анатомия, циталогия және гистологиямен байланысты.Физика мен химияның жетістіктері физиология үшін өте маңызды, кибернетика мен компьютерді айтпағанда.
Физиологиялық зерттеу әдістері
Бақылау құбылыстың мәнін аша алмайды,сондықтан
негізгі әдіс - эксперимент. Ол жіті және со
Физиология дамуының қысқа тарихы.
Организм қызметтері туралы өз пікірлерін
айтқандар - Гиппократ (медицина
атасы), Аристотель (бірінші
оқытушы)- Ежелгі Рим, Клавдий Гален -
эксперименталдық медицинаның негізін
қалады. Физиологияның дамуында анатомиядағы
табыстар көп әсер етті. А.Везалийдің «Адам
денесінің құрылысы туралы» деген кітабы
физиологияда көп жаңалықтарды ашуға
себеп болды. XVIIғ.ғылыми физиология дамыды.
Вильям Гарвей-үлкен қанағу шеңберін ашты,
вивисексияны енгізді. М.Мальпиги артерия
мен веналардың капиллярлар арқылы байланысатынын
көрсетті. Физиологияның дамуына Рене
Декарттың рефлексты ашуы өте маңызды
болып табылады. XVIII-XIXғғ. Ломоносов масса
мен қуат сақталу заңын ашты. Горянинов,
Шванн, және Шлейден-ағзаның жасушалардан
тұратынын ашты.1859ж. Дарвин эфолюциялық
ілімді дүниеге келтірді. XIX және XXғ.физиология
аса гүлденуге жетті. Клод Бернар(фр) -
қан тамырлары тонусының реттелуінде
көміртектік алмасуда жүйке жүйесінің
рөлін зерттеді. Организмнің ішкі ортасы
туралы түсінік берді. Германияда Дюбуа-Реймон-
Ол жоғарғы жүйке іс әрекетінің (жжіә) типтері туралы ілім құрды. Павлов шығармашылығының шыңы үлкен ми қыртысының сигналдық жүйелер туралы ілімі.
Павловқа дейін физиологияда аналитикалық тәсіл басымды болса ол синтетикалық бағытты жасады. Мұсылман елінен шыққан ғалымдар Әбу Насыр Әл Фараби (екінші оқытушы) «дәрігер әрбір ағзаның саулығын анықтау үшін, оның жаратылысының қарай атқаратын қызметін білуге тиіс» - деп жазды. Дәрігерлерге жеті міндет жүктеді. «Адам физиологиясы» оқулығының 13-бетін оқы. Авторы Х.К.Сатбаева,2005ж.). Абу Али ибн Сина(Авицина) «Медицина қағидалары» атты кітап жазған. Қазақстан физиологиясының іргетасын қалаған А.П.Полосухин.Ол КазМи-да физиология кафедрасын 25жыл меңгерді физиология ғылыми – зерттеу институтын ашып 20ж. директоры болды. Ғылыми бағыты лимфология болды. Н.У.Базанова- ғалым-физиолог, тұңғыш биология ғылымының докторы, профессор,академик. Еңбектері ауылшаруашылық және жануарлар физиологиясын аса дамытты. Х.К.Сатпаева -көп жылдар бойы АММИ- да физиология кафедрасының меңгерушісі болды. «Адам физиологиясы» оқулық кітабының авторы.
Павлов физиологиясының негізгі принциптері.
Тірі ағза - біртұтас.Онда жасушалар, тіндер, ағзалар, жүйелер әрекеттері байланысты және келісімді де болады. Организм өзін- өзі реттейтін қасиеті бар. Ол өзіне қажетті нәрселерді алып оған зат алмасудың соңғы өнімдерін бөліп тұрады. Организм тек қоршаған ортамен тұрақты қатынаста ғана белсенді түрде тіршілік ете алады. Нервизм принципы - жүйке жүйесінің әсерін ағзаның көптеген әрекеттеріне қаратуға тырысатын физиологиялық бағыт.
Зат алмасу- өмір белгісі және қажетті шарт болып табылады.
Адаптация- органзмнің қоршаған орта әсерлеріне бейімделуі. Ол жеке- жеке физиологиялық жүйелердің қызметтерінің өзгеруіне әкелуі мүмкін.Мысалы, ұзақ уақыт ас рационынында нәруыздар қорытатын ферменттер көбейеді. Организмнің өзін – өзі реттеуі оның (тірі ағзадан) ерекшелігі болып табылады да қоршаған ортаның әсерлеріне ағзаның тұрақты орнын (тіршілік жағдайына бейімделуін) қамтамасыз етеді.
Негізгі физиологиялық түсініктер.
Жануарлар мен адамның белсенділігі қызмет (функция) және физиологиялық акттар түрінде көрінеді. Қызмет (функция), тірлік- нақтыланған ( диференцияланған) жасушалардың, тіндердің, ағзалардың арнамалы іс-әрекеті. Қызметтер өзгергенде ағза қошаған ортаға тіршілік жағдайына бейімделеді. Барлық қызметтер (әрекеттер) соматикалық (soma-дене) және вегетативтік (vegeto - қоздыру, тірілту, күшейту, өсу) болып екіге бөлінеді. Соматикалық әрекеттер - қаңқа бұлшық еттері есебінде іске асырылады. Олар соматикалық жүйке жүйесімен жүйкеленеді. Вегетативтік қызметтер- зат алмасумен, қанайналумен, демалумен, ас қорытумен, сыртқа шығарумен, өсу және өрбумен байланысты. Олар ішкі ағзалар жұмысымен атқарылады да вегетативтік жүйке жүйесімен (ВЖЖ) жүйкеленеді. Физиологияық акт- күрделі үрдіс.Ол ағзаның әртүрлі физиологиялық жүйелері қатысуымен іске асырылады. Сонымен, дем алу, ас қорыту, сыртқа шығару, қозғалу ж.б. физиологиялық акттарын ажыратады.
Ішкі орта туралы түсінік.
Бұл түсінікті ХІХғ. Француз физиологы Клод Бернар ендірді. Қан, лимфа, тіндік және церебро-спиналдық (ЦСС) сұйықтықтар адамның ішкі ортасын құрайды. Гомеостаз - ішкі ортаның құрамы мен қасиеттерінің өзгерушілігі және негізгі физиологиялық қызметтерінің тұрақтылығы. Гомеостаз биологиялық константалармен сипатталады. Биологиялық константаларға жатады: қан реакциясы (рН) Қандағы қант мөлшері қоректік заттар осмотикалық, онкотикалық қысымдар және қан қысымының мөлшері, дене температурасы. Қолайсыз жағдайларда гомеостаз бұзылады. Адам ұзақ уақыт ыстықта немесе суықта қалғанда өліп те кетуі мүмкін.
Пайдаланған әдебиет
Jump up↑ О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл. ISBN 9965-752-06-0