Екінші Дүниежүзілік соғыс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2013 в 22:46, реферат

Краткое описание

Екінші дүниежүзілік соғыс — адамзат тарихындағы ең ірі жанжал, ең ірі шиеленіс. Соғысқа Жер жүзі халқының 80%-ын құрайтын 61 мемлекет қатысты. Соғыс әрекеттері Еуразия, Африка, Мұхит аралдары елдерін және барлық мұхиттар алабын қамтыды. Соғысқа қатысқан елдердің армияларында 110 млн адам есепте болды. Екінші дүниежүзілік соғыс 6 жылға созылды. Бұл соғыс ең қырғын соғыстардың қатарында. Соғыс жылдарындағы адам шығындарының саны шамамен — 65—67 млн-ға жеткен. Олардың тең жартысы азаматтық тұрғындар (әскерде жоқтар) болатын.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Екінші Дүниежүзілік соғыс.docx

— 29.54 Кб (Скачать документ)

9. Соғыстың бастапқы кезеңінде Германияның әскери-экономикалық әлеуеті КСРО-ның әлеуетінен едәуір жоғары болды.  1940 жылы КСРО-да 18,3 млн тонна болат балқытылып, 31 млн тонна мұнай және 16,6 млн тонна көмір өндірілген. Ал Германияда және оның бақылау аймақтарында жылына 32 млн тонна болат балқытылып, 400 млн тонна көмір және 6,5 млн тонна мұнай өндірілген.

10. Неміс армиясының қолында күшті қару-жарақ болды және ұрыс 
қимылдарында да тәжірибесі мол болатын. Ол соғысқа психологиялық тұрғыдан жақсы даярланып, жеңіске жету мақсатында болды.

Кеңес-герман майданы —  Екінші дүниежүзілік соғыстың басты  майданы. 1941 жылы жазда және күзде неміс әскерлерінің Мәскеуге, Ленинград пен Киевке жылжуына кедергі жасай отырып, Кеңес жағы ауыр қорғаныс ұрыстарын жүргізді. Кеңес-герман майданы — Екінші дүниежүзілік соғыстың басты майданына айналды. КСРО нацистік Германия мен оның қолшоқпарларына қарсы отандық, азаттық сорысты жападан жалғыз бір өзі жүргізді. Мұнда барлық соғыстардың тағдыры шешілетін болды.

Ауыр қорғаныс ұрыстарында болашақ  жеңімпаздардың соғысдағдылары мен  тәжірибесі қалыптасты. 1941 жылы 28 шілдеде  Луцк-Дубно-Ровно ауданында бір  апта бойы кеңестік механикаландырылған  корпустары, генерал Клейстің алғашқы  танк тобының күшті қыспағына  төтеп берді, ал содан кейін ұйымдасқан түрде жаңа межеге қарай өтті. 1941 жылғы Смоленск шайқасы герман әскери қолбасшылығының Мәскеуге қарай  шұғыл түрде бұзып-жарып өту  туралы жоспарының тас-талқаны шықты. Кеңес әскерлері немістерге қуатты қарсы соққы беріп, Ельняны азат етті. Ельня түбіндегі ұрыстары үшін кеңестік атқыштар дивизиясына тұңғыш рет гвардиялық дивизия атағы  берілді. Алайда астана үшін қауіп-қатер  әлі де болса сақталып қалды.

«Орталық» армиясының тобы Мәскеуді алу үшін «Тайфун» операциясын дайындады. Қазан айының  ортасында үлкен шығынға ұшырата отырып, неміс әскерлері Мөскеуге таяп келді. Мәскеуді қорғау үшін тылда көп ұлттан құралған дивизия жасақталды. Қазақстанда жасақталған 316-атқыштар дивизиясын 40%-ын қазақ, 30%-ың орыс, 25%-ын украин және 5%-ын басқа ұлттың өкілдері құрады.

Кеңестік Қазакстанның астанасы Алматыда жасақталған генерал И.В.Панфилов қолбасшылық еткен 316-атқыштар дивизиясы  көп ұлтты құрамымен ерекшеленді. Отан соғысының майдандарында мындаған қазақстандық қыздар мен жігіттер жанқиярлықпен  шайқасып, қазақстандықтардың есімдері Брест қамалын қорғаушылардың арасында Эстония және Латвия, Ленинград шайқастарында  аталды. Мәскеу түбіндегі шайқаста 316-атқыштар дивизиясы жаудың екі  жаяу және екі танк дивизиясының тегеуірініне тойтарыс берді. 1941 жылы 16 қарашада Дубосеково разъезіндегі шайқаста Панфилов дивизиясының 28 әскері — 50 неміс танкісі мен  көптеген жаяу әскерлерінің тегеурініне  қарсы тұрды. Олардың көпшілігі  күші тең емес шайқаста қаза болғанымен, алдарына қойған міндеттерді ақырына  дейін орындап, Мәскеуге немістерді жібермеді.

Қазақстандық Кеңес Одағының батырлары  — Т.Бигелдиновтің, С.Луганскийдің, Ә.Молдағұлованың, М.Мәметованың, С.Рахимовтың, Б.Момышұлынын есімдері бүкіл дүние  жүзіне мәлім болды. Брест қамалын  қорғау кезінде қазақстандықтар  — А.Темірбеков, В.Фурсов, Ғ.Жұматов, Берлинді алған кезде Р.Қошкарбаевтың   есімдері ерекше аталады. Смоленск түбіндегі ұрыста А.Шүпеков ерлікпен шайқасса, Валдай төбешігінде Р.Малыбаев Отан үшін өмірін қиды. Көптеген қазақстандықтар мен Орталық Азия республикаларының халықтары Сталинградты қорғауға қатысты.

Қазақстан майданга 1 млн 200 мың ұлдары мен қыздарын аттандырды. Отанын қорғаушы қазақстандықтардың есімдері әрбір  отбасында, Қазақстан қалалары мен  ауылдарында құрметпен еске алынады.

Жау астана қақпасының алдында тұрған қиын-қыстау күндерде, Г.К.Жуковтың қолбасшылығымен  кеңес әскерлерінің қаһарман күштерінің арқасында жау тоқтатылып кейін  шегіндірілді. Мәскеу түбіндегі жеңіс  «неміс әскерлерінің жеңілмейтіні»  туралы аңызды сейілтті. Өкінішке орай, басқа барыттарда ондай бетбұрыс әлі сезіне қойған жоқ. Украинада  Киев қаласы жаудың қолына қалдырылды. 1941 жылы қыркүйек айының басында неміс  әскерлерінің Солтүстік армия тобы Ленинградты қоршауға алды. Қаланы қорғау 900 күнге созылды.

1942 жылдың көктемі мен жазында  Кеңес армиясының Ленинград қоршауын  бұзып-жарып, Қырым мен Харьков  түбіндегі шабуылға шығу әрекеттері  сәтсіздікпен аяқталды. 8 ай бойы  ерлікпен қорғағаннан кейін Севастополь  жазға берілді. Кавказға тіке  жол ашылды.

1942 жылғы немістердің жазғы шабуылы  Кавказ бағытындағы неміс әскери  қолбасшылығының жетістіктерін  көрсетті. Ал Ростов қаласын жаулап  алу неміс әскерлеріне қос  өзен Дон мен Волга бойына  шығуға мүмкіндік берді. Болашақ  Сталинград шайқасының жобасы  осылайша белгіленді.

Стратегиялық бастама қайтадан Германияга қарай ауысты. Жоғарғы  Бас қолбасшы, қорғаныс Халық комиссариаты «Бір адым да кейін шегінбеу» деген атпен мәлім болған бұйрығын шығарды.

Азия мен Тынық мұхиттағы  шабуылдың белсенділендірілуі. АҚШ-тың, Англияның, Францияның, Жапонияның және басқа империалистік елдердің мүдделері Тынық мұхит алабында тоғысты. АҚШ Оңтүстік-ІПығыс Азияға үстемдік етуге ұмтылғанымен мұнда ол Жапонияның нақты бәсекелесіне айналды. Жапон милитаристерінің назары Үндіқытай, Индонезия, Таиланд, Филиппин, Үндістан, Австралияға ауды. 1941 жылы шілде айының соңында жапон әскерлері Үндіқытайдың оңтүстік бөлігін жаулап алуға кірісті. АҚШ Үндікытайдан Жапонияның өз әскерлерін алып кетіп, бұдан былай Оңтүстікке жылжуын  тоқтатуды талап етті.

Германияның одақтасы бола отырып, Жапония  КСРО-ға шабуыл жасауды өзінен-өзі  тоқтатты. Германияның КСРО-ны «қасқағым  сәтте жеңе алмайтынын сол кездегі  жағдай көрсетіп берді. Сондықтан жапон  соғысқұмарлары оңтүстік бағытта соққы  беруді жоспарлады».

Пёрл-Харбор. Жапон қолбасшылығы АҚШ-тың аса ірі әскери теңіз базасы Пёрл-Харборда орналасқан Тынық мұхиттағы американ флотының басты күштерін жоюды көздеді. Осы мақсатпен адмирал Ногумо басшылық еткен арнаулы жедел топ құрылды. 1941 жылы 26 қарашада екігінді әуе кемесі тізбегі мұхитқа шығып, тұтқиылдан американ флотына шабуыл жасау үшін Гавай аралына бағыт алды. Тынық мұхитта соғыс басталды. Ногумо эскадрасы толық құпияны сақтай отырып, көздеген нысанаға 12 күн жүріп жетті. 1941 жылы 7 қарашада әуе кемесінің палубасынан көтерілген жапон авиациясы АҚІП базасын  екі дүркін атқылады.

АҚШ флоты өзінің өмір сүрген жылдарының ішінде ең үлкен жеңіліске ұшырады. АҚШ президенті Ф.Рузвельт конгресте  сөйлеген сөзінде 7 желтоқсан тарихта  АҚШ-тың «масқара күні»болып  қалатынын мәлімдеді.

1941 жылы 8 желтоқсанда АҚШ конгресі  Жапонияға қарсы соғыс жариялау  жөнінде қаулы қабылдады. Сонымен  қатар Жапонияға қарсы Ұлыбритания,  Канада, Австралия, Жаңа Зеландия, Оңтүстік Африка Одағы, Нидерланды, Гоминьдандық Қытай да соғыс  жариялады.

Солтүстік Африкадағы соғыс  қимылдары. Солтүстік және Шығыс Африкада отарлары бар Италия оларды қорғауы тиіс болды, Гибралтар және Суэц арқылы теңіз жолдарын бақылауғй алған Ұлыбритания отары — Египетке қоқан-лоққы көрсетті. 1940 жылы қыркүйекте Италия маршалы Грациани Ливия аумағынан Египетке шабуылын бастады. Ағылшын әскерлері итальян әскерлерін дереу жойып, қарсы шабуылға көшті. Гитлердің нұсқауы бойынша Германияда асығыс түрде «Африка» деп аталатын неміс экспедициялық корпусы жасақталды. Оны қолдау үшін 10 әуе корпусы тасталды. Корпус командирі болып жас, талантты генерал Эрвин Роммель (1891—1944 жж.) тағайындалды. Солтүстік Африкадағы соғыс қимылы Э.Роммельді даңққа бөлеп, оған«Шөл дала ттүлкісі»  деген лақап ат берілді. Эль-Аламейн түбіндегі шайқаста неміс әскерлері сәтсіздікке ұшырады. Майдан Эль-Аламейннен батысқа қарай ығысты. Роммельге Суэц қаласын жаулап  алудың сәті түспеді.


Информация о работе Екінші Дүниежүзілік соғыс