Медициналық биофизика,
информатика және математикалық статистика
кафедрасы
Тақырыбы: Дыбыс пен биологиялық ұлпалар өзара
әсерлесуінің физикалық негіздері. Ультрадыбыстық
зерттеудің
медицинада қолданылуы.
Алматы 2011 ж.
Жоспары:
- Кіріспе
- Дыбыс пен биологиялық ұлпалар өзара әсерлесуінің физикалық негіздері.
- Ультрадыбыстық зерттеудің медицинада қолданылуы.
- Қан тамырларындағы қан қозғалысының гемодинамикалық заңдылықтары.
Тақырыптың
өзектілігі: Дыбыс пен серпімді орта бөлшектерінің
толқын түрінде таралатын тербелмелі
қозғалысын айтамыз. Осы тербелістер адам
немесе жануардың есіту мүшесіне әсер
еткенде дыбыс түйсігін туғызады. Адам
құлағы жиілігі 20 герцтен 20.10 Гц аралығындағы
дыбыстарды ести алады.Оны естілетін дыбыстар
деп атайды. Ал жиілігі 20 Герцтен төмен
дыбыстарды адам құлағы естімейді. Оны
адам естімейді. Ультрадыбыстарды да адам
боласы естімейді. Бірақ бұл дыбыстардың
да бізге тигізер пайдасы бар.
- Дыбысты қабылдайтын құралдарды дыбыс қабылдағыштар деп атайды. Техникада дыбысты қабылдау үшін электроакустикалық түрлендіргіштер пайдаланылады. Ауада пайдаланылатын электроакустикалық түрлендіргішті микрофон деп, судағыны-гидрофон деп, ал жер қыртысындағыны-геофон деп атайды. Адамдар мен жануарлардың дыбыс қабылдағышы олардың есіту мүшесі, яғни құлағы.
- Мысалға: балықтарда дыбыс қабылдау органдарының екі түрі бар. Оның біреуі дыбыс қысымы арқасында су бөлшектерінің ығысуын сезеді, бұл орган балықтың жанында сызық түрінде орналасады. Бұл сызық су бөлшектерінің 2*10 м-ге ығысқанын сезе алады.Екінші түрі-балық ішіндегі торсылдақ. Балық торсылдағы оның ішкі құлағы десе де болғандай
- Тұтас спектрлі дыбысты шу деп атадық. Шу адамға болсын, жануарға болсын әсерін тигізеді. Шу қатты болса, онда ол зиянды болады да,ал шу өте жай болса, онда ол пайдалы болады. Ағаш жапырағының сыбдыры, өзен суының сылдыры, жауып тұрған жаңбыр шуы адамға талғамды әсер етіп,нерв жүйелерін тынықтырады. Бұның бәрі жай шу деп аталады. Бұл жай шуды болдырмай тастасақ, онда адам мүлде елегізіп,дегбірі кетеді.
- Сондықтан да,адамға,әрине жануарға да жақсы әсер ететін жай шу тудырып отыру өте қажет. Ал енді,өте қатты шу керісінше адам, жануар организіміне зиянды әсерін тигізеді. Шу ең алдымен есту мүшесі- құлаққа әсер етеді. Ол нерв жүйесіне өте зиянды. Өте шулы заводтарда, фабрикаларда істейтін жұмысшылар тез шаршап, қолдары дірілдеп, түнде ұйықтай алмайды. Бұл нерв жүйесінің жұмысы бұзылды деген сөз.
- Өте интенсивті шуыл қан айналысына да кері әсерін тигізеді. Ол қызыл қан түйіршіктерінің шөгу реакциясын тездетеді, қандағы холестериннің көбеюіне әкеліп соқтырады. Қатты шуыл ішкі құрылыстың жұмысын да бұзады. Мысалы:дыбыс қаттылығы 40 дБ және одан жоғары болса, онда адамды тітіркендіреді,жағдайсыз күйге түсіреді.
- Жан-жануардың адамның организмдегі кейбір мүшелері жұмыс істеп тұрғанда дыбыс шығарады.Мысалы: жүрек,ішек-қарын,қан айналысы кезінде шығаратын дыбысы мен ауырған кезіндегі дыбыс шығаруы түрліше болады. Мысалы: жүрек жұмысы кезінде екі дыбыс айқын білінеді. Оны жүрек тоны деп атайды. Бірінші дыбыс төмен,күңгірттеу және созылмалы болса,екінші дыбыс-жоғары және қысқа болып естіледі. Жүрек ауруға ұшыраса осы дыбыстардың сипаты өзгереді.
- Ішкі органдар мен жүрек соғысының дыбыстарын тыңдап,диагноз қою әдісін аускультация деп атайды. Аускультация әдісімен дыбысты тыңдау үшін стетоскоп пен фонендоскоп қолданылады.Дененің әр жерін ұрып көріп,одан шыққан дыбысты тыңдау әдісін перкуссия деп атайды. Дененің әр жерін саусақпен немесе кішкене балғамен ұрып көрсе, онда еріксіз дыбыс пайда болады. Бұл дыбысты перкуторлық дыбыс деп атайды.
- Серпімді тканьдерді, немесе ауа толған дене қуысын ұрғанда перкуторлық дыбыс резонансқа түсіп, ол дыбыс күшейіп естіледі. Ал ауруға ұшыраған жердегі дыбыс сипаты бөлекше естіледі. Мысалы: құрсақ қуысында сұйық көбірек жиналған болса, онда дыбыс өте қысқа және тұншығып естіледі. Қазіргі кезде электрондық стетоскоп пайдаланылады. Ол құралмен дыбысты тыңдап қана қоймай,ол дыбыстың графигін сызып алуға да болады.
- Егер дыбыстың жиілігі 20 герцтен 20.000 герцтің арасында болса,онда оның естілетін дыбыс болғаны. Кейбір дене секундына 20 тербелістен кем тербеліп,дыбыс шығарады. Мұндай дыбыстарды біз естімейміз. Бұл инфрадыбыстар деп аталады. Сол сияқты жиілігі 20.000 герйтен артық дыбыстарды да адам құлағы естімейді. Мұндай дыбыстарды-ультрадыбыстар деп атайды.
- Ультрадыбыспен бір затқа әсер еткенде оны, сол зат жұтып алады да, ультрадыбыс энергиясы жылулық энергияға айналады. Малдың сүйегі мен етін ультрадыбыспен бөлек-бөлек өңдегенде олардың температурасы еті сылынбаған сүйектің өңделген температурасынан аз болатыны байқалған. Сонымен ультрадыбыспен әсер еткен орында жылулық әсер мен механикалық күші пайда болады. Ол екеуі химиялық процестердің жүруін тездетеді.
- Сонымен жоғары интенсивті ультрадыбыс толқындары биологиялық объектілерді өзгеріске ұшыратады. Оған кавитация көмектеседі. Кавитацияның әсерінен клеткалар және басқа да орындар механикалық өзгеріске түседі. Сол кавитацияның нәтиежесінде нуклейн қышқылы да өзгеріске ұшырайды. Ол жылудың пайда болуымен пара-пар. Ал,енді интенсивтілігі төмен ультрадыбыстан кавитация құбылысы пайда бола алмайды. Мұндай ультрадыбыстар массаж жасай отырып, қан айналысын жақсартады. Соның әсерінен жылу пайда болады.
- Тканьге немесе тағы басқаларға әсер етілген ультрадыбыстың пайдалы немесе пайдасыз болуы тек оның интенсивтілігіне ғана емес сонымен бірге ультрадыбыспен өңдеу уақытының ұзақтығына да, өңдеу методикасына да байланысты болады. Сонымен ультрадыбыс емдеу ісіне кеңінен пайдаланыла бастады.
- Оның механикалық-динамикалық әсері микромассажға, жылулық әсері-эндогендік жылуға,физикалық-химиялық әсері зат алмасу мен қан айналысын жақсартуға өте пайдалы екен.
- Қорытынды: Яғни,адам организмінде дыбыстың алатын орны зор. Дыбыс арқылы біз естиміз және де ақпаратпен алмасамыз.Ал,гемодинамика заңдылықтарын білу біз үшін өте зор. Өйткені біздің организімімізде қан маңызды қызметтер атқарады.
Қолданылған әдебиеттер:
- Б.Арызханов А,Қайнар 1990. 41-69 бет аралығы.
- Ремизов А.Н. Медициналық биофизика.
- Самойлов В.О. Медициналық биофизика.
- Ғаламторлық сайттар: www.google.kz.
www.google.ru.
www.referat.kz.
www.rambler.ru.