Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2014 в 22:01, реферат
Дәрілік заттардың қасиеттері көп дәрежеде, олардың химиялық құрылысына, қызметтік белсенді топтарына, олардың молекуласының пішініне және өлшеміне байланысты болады. Зат рецептормен өзара тиімді әсерлесу үшін оның рецептормен тығыз жанасуын көбірек қамтамасыз ететін, дәрілік заттардың құрылымы қажет. Заттың рецептормен жанасу дәрежесінен, молекула аралық байланыстың беріктігі тәуелді болады. Сонымен, иондық байланыс кезінде, 2 әртүрлі аттас зарядтардың электростатикалық тартылыс күштері, олардың арасындағы аралықтардың квадраттарына кері пропоционалды, аз вандерваальстік күштер аралықтың 6-7 дәрежесіне кері пропорционалды болатыны белгілі.
І. Кіріспе бөлім
ІІ. Негізгі бөлім
А) Дәрілік заттың химиялық құрылымы мен фармакологиялық әсерінің арасындағы байланыс.
В) Дәрінің мөлшерінің дәрі әсерінің айқындығы мен ұзақтығына тигізетін әсері.
С) Қайталап қолданғанда дәрі әсерлерінің өзгеруі.
Д) Дәрілерді қосып қолданғанда әсерінің өзгеруі.
Е) Дәрілік затқа организмнің сезімталдығына науқастың жасының, жынысының әсері.
Ж) Генетикалық факторларының, биоритмнің, организмнің жағдайының дәрінің әсеріне маңызы.
ІІІ. Қорытынды бөлім
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Жоспар
І. Кіріспе бөлім
ІІ. Негізгі бөлім
А) Дәрілік заттың химиялық құрылымы мен фармакологиялық әсерінің арасындағы байланыс.
В) Дәрінің мөлшерінің дәрі әсерінің айқындығы мен ұзақтығына тигізетін әсері.
С) Қайталап қолданғанда дәрі әсерлерінің өзгеруі.
Д) Дәрілерді қосып қолданғанда әсерінің өзгеруі.
Е) Дәрілік затқа организмнің сезімталдығына науқастың жасының, жынысының әсері.
Ж) Генетикалық факторларының, биоритмнің, организмнің жағдайының дәрінің әсеріне маңызы.
ІІІ. Қорытынды бөлім
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Дәрілік заттардың қасиеттері көп дәрежеде, олардың химиялық құрылысына, қызметтік белсенді топтарына, олардың молекуласының пішініне және өлшеміне байланысты болады. Зат рецептормен өзара тиімді әсерлесу үшін оның рецептормен тығыз жанасуын көбірек қамтамасыз ететін, дәрілік заттардың құрылымы қажет. Заттың рецептормен жанасу дәрежесінен, молекула аралық байланыстың беріктігі тәуелді болады. Сонымен, иондық байланыс кезінде, 2 әртүрлі аттас зарядтардың электростатикалық тартылыс күштері, олардың арасындағы аралықтардың квадраттарына кері пропоционалды, аз вандерваальстік күштер аралықтың 6-7 дәрежесіне кері пропорционалды болатыны белгілі.
Зат рецептормен өзара әсерлесу үшін, олардың әсіресе кеңістікте сәйкес келуі, яғни комплементарлығы өте маңызды. Бұл стероизометрлер белсенділігінің ерекшеленуімен дәлелденеді. Осылайша, D (+) адреналин артериялық қысымға әсер етуі бойынша L (-)адреналинге қарағанда белсенділігі жағынан анағұрлым төмен. Бұл қосылыстар молекуланың құрылымдық элементтерінің кеңістікте орналасуымен ерекшеленеді, олардың адренорецепторлармен өзара байланысуына шешуші маңызы бар.
Егер заттың бірнеше қызметті топтастары бар болса, онда олардың арасындағы аралықты ескерген жөн. Заттың химиялық құрылысы мен олардың биологиялық белсенділігі арасындағы тәуелділікті анықтау жаңа препараттарды алуда аса маңызды бағыттардың бірі болып табылды. Сонымен қатар, бірдей типті әсерлі әртүрлі топтың қосылыстар үшін оңтайлық (оптималдық) құрылысына сәйкес келтіру берілген дәрілік заттар өзара әсерлесетін рецепторладың құрылысы жөнінде белгілі бір мәлімет алуға мүмкіндік береді.
Дәрілік заттардың әсерінің дозаға тәуелділігі.
Тәжірибелік фармакологияда дозаны белгілеу мақсатында альтернативті және градирленген жүйені қолданады. Аьтернативті жүйеде дәрілік заттар фармакологиялық әсерлер берген жануарлар санын пайызбен белгілейді. Градирленген жүйеде дәрілердің әсерлерінің өзгеру дәрежесін дозаға тәуелділікте белгілейді. Мәселен, альтернативті жүйеде әсерлі дозасы 50% жануарларда әсер беретін дозаны білдіреді, ал градирленген жүйеде бұл 50% - ға тең ең үлкен мүмкін болатын және фармакалогиялық серпілісті қамтамасыз ететін дозаны білдідерді. Барлық дәрілік заттардың емдік, уытты және өлімдік дозалары бар:
Емдік дозалар:
Өлім дозалары:
Дәрілік заттарды қайталап қоланғанда орын алатын жағдайлар.
Дәрілік заттарды қайталап қолданғанда олардың әсері әр түрлі бағытта өзгереді, солардың бірі – кумуляция.
Кумуляция – ағзада
дәрілік заттардың
Бір қалыпты доза=
ЭК- элиминация коэффииценті (бір тәулікте шығарылатын пайызбен берілген дозаның бөлігі) .
Шамалы материалдың кумуляция бауыр мен бүйрек ауруларында, балалар мен қарт адамдарда кездеседі. Бауырдың патологиясында дәрілік заттардың белсенді метаболиттердің кумуляциясы болуы мүмкін. Қызметті кумуляцияның мысалдыры – созылмалы алкоголизм, қорғасынмен уланған кездегі сопақша ми орталықтарының салдануы.
Дағдылану – бұл дәрлік заттарды қайталап қабылдаған кездегі әсерінің өзгеруі. Емдік дозаны жаңалау үшін дозаны жоғарлату қажет. Мәселен, үрейге, қорқынышқа қарсы транквилизатор сибазонның дозасы күніне 5 – 10 мг, ал дәріге үйрену кезінде дозасы күніне 1000 мг-ға дейін жоғарлайды. Дәріге дағдылану туа және жүре пайда болған боуы мүмкін. Туа пайда болған дағдылану энзимопатияға негізделген. Негізінен дәрінің циторецепторлармен байлшанысуына аз дәрежеде – мүшелер мен ұлпаларда таңдамалы қорлануына байланысты.
Дәрілік заттарды қосып қабылдағандағы әсерлер.
Ауруханада емделіп жатқан науқастарағ 6 – дан 10 –ға дейін дәрілер тағайындалады. Қиылыстырылған дәрлік заттар синергизм, анатагонизм және синерго – антогонизм түрінде әсерлесуі мүмкін.
Синергизм - бір дәрілік заттың екінші дәрінің әсерін күшейтуі. Синергизмнің жинақталған және әлеуетті түрлері бар. Жинақталған синергизм немесе аддиция- қиыстырылған дәрілік заттардың әсерінің арифметиркалық қосындысына тең. Тез ингаляциялық наркоз заттары мен жалпы анестетиктердің синергизмі, созылмалы ауырсынудағы парацетамол мен ибупрофеннің синергизмі. Әлеуетті синергизм немесе супераддиция – қосарланған дәрілердің әсерлері олардың арифметикалық қосындысынан жоғары. Ол фармококинетикалық және фармокодинамикалық нәтижесінде пайда болады.
Антагонизм – бір дәрлік заттың екінші дәрінің әсерін төмендетуі.
Антагонизмнің бірнеше түрлері бар:
1.Физикалық антагонизм- қанға сорылудың және резорбтивті әсердің азаюы ;
2.Химиялық антагонизм – дәрілік заттардың қандағы химиялық әсерлесулері және белсенді емес өнімдер түзуі.
3.Физиологиялық антогонизм – жасушалар мен мүшелердің қызметіне әр бағытта әсер беретін дәрілік заттардың әсерлесуі.
Дәрілік заттардың белсенділіктерінің ағзаның жекеше ерекшеліктеріне байланысты маңызы.
А) Жасы
Дәрілік заттарға сезімталдық жасына байланысты өзгереді. Осыған байланысты, дәрілік заттардың іштегі нәрестеге 24 аптадан бастап туылғанға дейін және жаңа туылған нәрестеге әсер етуін зерттейтін перинаталдық деп аталатын фармакология бөлініп шықты. Дәрілік заттарға сезімталдығы бойынша іштегі нәресте соңғы үш айда және жаңа туылған нәресте өмірінің бірінші айларында ересек адамдардан айтарлықтай ерекшеленеді.
Бала ағзасына заттың әсер ету ерекшеліктерін зерттеумен айналысатын фармакалогия саласын педиатриялық фармакалогия деп атайды.
Жасы егде және кәрі адамдарда дәрілік заттардың сіңуі баяулаған, олардың метаболизмінің тиімділігі аздау, препараттардың бүйрекпен шығу жылдамдығы төмендеген. Жалпы , егде және кәрі жаста көпшілік дәрілік заттарға сезімталдық жоғары, осыған байланысты олардың мөлшері төмен боу қажет.
Б) Жынысы
Жануарларға зерттеу жүргізгенде көрсетілгендей, оның аналығына қарағанда, аталық түрлері бірқатар заттарға сезімталдығы аздау. Жынысына да байланысты бірқатар заттардың метаболизмінде ерекшеліктер белгіленген болатын. Сонымен қатар, клиникалық бақылаулар да бар. Сысалы , парацетамолдың клиренсі әйелдерге қарағанда, еркектерге тезірек жүреді. Әйелдерде менопауза кезінде ішекте кальций ионының сіңісуі баяулайды. Еркектерге қарағанда, әйелдердің верапамильдің биосіңімділігі жоғары. Әйелдщерде диазепаның тотығуы тезірек жүреді әйелдерде аритмияғақарсы заттардың аритмогенді әсері жиі пайда болады. Операциядан кейінгі ауырсыну сезімін басу үшін, әйелдерге қарағанда, еркектерге морфиннің жоғары мөлшері қажет болады.
Генетикалық факторларының, биоритмнің, организмнің жағдайының дәрінің әсеріне маңызы.
А) Генетикалық факторлар
Дәрілік заттарға сезімталдық генетикалық негізделген болуы мүмкін. Бұл санды жағынан қалай сапалы болса , сапасы жағынан да солай көрінеді. Мысалы , қан сарысуныда холинэстеразаның гентикалық жетіспеушілігі кезінде, миорелаксант дитилиннің әсер ету ұзақтығы кенеттен жоғарлайды және 6 -8 сағатқа немесе одан да көпке жетуі мүмкін.
Ағзаның дәрілік заттарға сезімталдығын анықтауда генетикалық факторлардың ролі фармакалогияның ролі фармакалогияның арнайы саласы – фармакогенетиканың негізгі мәселесі болып табылады.
В) Тәуліктік ырғақтықтық маңызы.
Физиологиялық қызмет үшін тәуліктік ырғақтықтың маңызы, мәні бар. Сергегтік пен ұйқының ауысуы жүйке жүйесі мен эндокриндік бездердің белсенділігіне және соған сәйкес басқа мүшелер мен жүйелердің жағдайына айтарлықтай ықпалын тигізетін жалыпыға мәлім. Бұл өз кезегінде ағзаның әр түрлі заттарға сезімталдығымен көрінеді. Фармакалогиялық әсердің тәуліктік кезеңге тәуелделегін зерттеу, хронофарамакология деп аталатын жаңа бағытының негізгі мәселелерінің бірі. Соңғыға хронофарамкодинамиканы да және хронофармококинетиканы да жатқызады.
Хронофармакология саласында мәліметтердің көлемі шектеулі болғанымен, оларды қабылдау уақытына байланысты препараттарды рационалды мөлшерлеу үшін бұл мәліметтерді маңыздылығы күдік туғызбайды. Физиолониялық қызмет үшін, мезгілдік ырғақтың да белгілі блір мәні бар, яғни фармакологиялық заттардың әсеріне де ықпал етуі ықтимал.
Қорытындылай келе, жалпы дәрінің организмге тигізетін әсері, оның механизмі мен орнын – Фармакодинамика зерттейді. Фармакодинамика алғашқы және екінші фармакалогиялық әсерленістерден тұрады. Алғашқы фармакалогиялық реакция, демек дәрінің әсер ету механизмі – бұл дәрінің клеткаларының рецепторларымен немесе басқа «нысаналарымен» әсерлесуі. Екінші фармакалогиялық реакция, яғни фармакалогиялық әсер – бұл дәріні қабылдағанда көзге көрінетін немесе медициналық аспаптар, биохимиялық зерттеулер арқылы анықталатын организмдегі өзгерістер. Сонымен қатар дәрілік заттардың белсенділіктерінің ағзаның жекеше ерекшеліктеріне, соның ішінде: жасына, жынысына әсері болады.
Пайдаланылған әдебиеттер