Дәрілік заттардың әсері ағзаның қасиеттеріне байланыстылығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2013 в 22:02, реферат

Краткое описание

Дәрілік зат - емдік немесе алдын ала емдеу мақсатында колланылатын заттар немесе олардың қоспасы. Дәрі-дәрмектер олардын адамдарға психикалық немесе физикалық әсер ету кабілеті арқасында ерекше маңызға ие .
Дәрілік заттардың әсерлері олардың ағзамен өзара әсерлесуінің нәтижесі болып табылады. Осыған байланысты дәрілік заттың физиологиялық белсенділігін анықтайтын негізгі қасиеттері, сонымен қатар әсердің жағдайға, берілген заттың қолданылуына және олардың әсері бағытталған ағзаның жағдайына тәуелді.

Содержание

І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
Дәрілік заттардың химиялық құрылымы, физико-химиялық және физиологиялық қасиеттері.
Дәрілік заттардың ағзаға әсері.
Дәрілік заттардың фармакокинетикалық және фармакодинамикалық жалпы заңдылықтары.
ІІІ Қорытынды
ІV Пайдаланылған әдебиеттер.

Прикрепленные файлы: 1 файл

1 такырып.docx

— 26.89 Кб (Скачать документ)

Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті

Жалпы фармакология кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

СӨЖ

Тақырыбы: «Дәрілік заттардың әсері ағзаның қасиеттеріне байланыстылығы. Фармакологиялық әсердің дәрілік заттардың қасиеттеріне және сыртқы ортаның факторларына байланыстылығы».

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                            Орындаған:

                                                                            Қабылдаған: Ахметова А.Ж.

                                                                           Бағасы:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қарағанды 2013ж

 

Жоспар:

І Кіріспе

ІІ Негізгі  бөлім

  • Дәрілік заттардың химиялық құрылымы, физико-химиялық және физиологиялық қасиеттері.
  • Дәрілік заттардың ағзаға әсері.
  • Дәрілік заттардың фармакокинетикалық және фармакодинамикалық жалпы заңдылықтары.

ІІІ Қорытынды

ІV Пайдаланылған әдебиеттер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе:

           Дәрілік зат - емдік немесе алдын ала емдеу мақсатында колланылатын заттар немесе олардың қоспасы.  Дәрі-дәрмектер олардын адамдарға психикалық немесе физикалық әсер ету кабілеті арқасында ерекше маңызға ие .

          Дәрілік заттардың әсерлері олардың  ағзамен өзара әсерлесуінің нәтижесі  болып табылады. Осыған байланысты  дәрілік заттың физиологиялық  белсенділігін анықтайтын негізгі  қасиеттері, сонымен қатар әсердің  жағдайға, берілген заттың қолданылуына  және олардың әсері бағытталған  ағзаның жағдайына тәуелді.

         Дәрілік заттардың қасиеттері көп дәрежеде, оладрың химилялық құрылысына, функционалдық белсенді топтастардың бар болуына, олардың молекуласының қалыбына, өлшеміне, мөлшеріне байланысты болып келеді.  

        Сонымен  қатар медицина практикасында  бірнеше дәрілік заттарды бір  уақытта жиі қолданады. Бұндай  жағдайда, олар негізгі әсердің  айқындығы мен сипатын және  оның ұзақтығын өзгерте отырып, сонымен қатар жанама және  уытты ықпалдарын күшейте немесе  әлсірете отырып, бір-бірімен өзара  әсерлесуі мүмкін.   

        Дәрілік  заттардың ағзаға әсері адамның  жасына, жынысына, генетикалық факторға, жалпы ағзаның жағдайына байланысты ерекшеленеді.

         Дәрілік заттардың әсері олардың фармакокинетикалық және фармакодинамикалық заңдылықтарына байланысты.

       

       

 

            Дәрілік зат ағзаның рецепторымен өзара тиімді әсерлесу үшін оның рецептормен тығыз жанасуын көбірек қамтамасыз ететін, дәрілік заттардың құрылымы қажет. Заттың рецептормен жақындасу дәрежесінен, молекула аралық байланыстың беріктігі тәуелді болады. Сонымен, иондық байланыс кезінде 2 әртүрлі аттас зарядтардың электростатикалық тартылыс күштері, олардың арасындағы аралықтардың квадратына кері пропорционалды, ал ван-дер-вальстік күштер аралықтың 6-7 дәрежесіне кері пропорционалды болатыны белгілі.

       Зат  рецептормен өзара әсерлесу үшін, олардың әсіресе кеңістікте сәйкес  келуі, яғни комплементарлығы  өте маңызды. Бұл стереоизомерлер  белсенділігінің ерекшеленуімен  дәлелденеді. Осылайша, D(+) адреналин артериялық қысымға әсер етуі бойынша L(-) – адреналинге қарағанда белсенділігі жағынан анағұрлым төмен. Бұл қосылыстар молекуланың құрылымдық элементтерінің кеңістікте орналасуымен ерекшеленеді, олардың адренорецепторлармен өзара байланысуына шешуші маңызы бар.

      Заттың  химиялық құрылысы және олардың  биологиялық белсенділігі арасындағы  тәуелділікті анықтау жаңа препараттарды  алуда аса маңызды бағыттардың  бірі болып табылады. Сонымен  қатар, бірдей типті әсерлі  әртүрлі топтың қосылыстары үшін  оптималдық құрылысын сәйкес келтіру берілген дәрілік заттар өзара әсерлесетін рецепторлардың құрылысы жөнінде белгілі бір мәлімет алуға мүмкіндік береді.

       Заттар  әсерінен көптеген сандық және  сапалық сипаттамалары физико-химиялық  және физикалық қасиеттеріне, суда, липидтерде ерігіштігіне, ұнтақ  тәрізді қосылыстар үшін –  олардың еру дәрежесіне, ұшқыш  заттар үшін – ұшу дәрежесіне  де тәуелді болады және т.б.  Диссоциациялану дәрежесінің маңызы  зор. Мысалы, құрылым бойынша екіншілік  және үшіншілік аминдерге жататын  миорелаксанттар толық иондалған  төртіншілік аммонилік қосылыстарға  қарағанда азырақ иондалған және  белсенділігі де аздау. 

        Дәрілік  заттардың әсері көп дәрежеде, олардың мөлшерімен анықталады. Мөлшерге байланысты әсерінің  даму жылдамдығы, оның айқындығы,  ұзақтығы, кейде сипаты өзгереді. Әдетте мөлшердің жоғарлауымен  латентті  кезеңі азаяды және  әсерінің айқындығы мен ұзақтығы  ұлғаяды.

        Бірнеше  дәрілік заттарды қатар қолданғанда,  олар негізгі әсердің айқындығы  мен сипатын және оның ұзақтығын  өзгерте отырып, сонымен қатар  жанама және уытты ықпалдарын  күшейте немесе әлсірете отырып, бір-бірімен өзара әсерлесуі мүмкін.

        Дәрілік  заттардың өзара әсерлесуін келесі түрде жіктеуге болады.

І. Фармакологиялық өзара  әсерлесуі:

1) дәрілік заттардың фармакокинетикасының  өзгеруіне негізделген;

2)дәрілік заттардың фармакодинамикасының  өзгеруіне негізделген;

3)дәрілік заттардың ағза  ортасында химиялық және физико-химиялық  өзара әсерлесуіне негізделген;

ІІ. Фармацевтикалық өзара  әсерлесуі

 

        Дәрілік заттардың  әсері олардың фармакокинетикалық  және фармакодинамикалық заңдылықтарына  байланысты. Фармакокинетика -  ол сінірілу процесстері таралуы, өзгеруі, шығу жолдары.Фармакодинамика -  биологиялық,  терапиялық өзгерістерді қарастырады, және орналасуы әсер ету механизмі. Фармакокинетикасы:

Дәрілік заттың адам организміне  енгізілетін жолдары  ауыз арқылы,  тіл астына, тіқ шекке енгізу арқылы жүргізілсе энтеральды жол деп айтамыз, және  парентеральды жолмен  ине арқылы бұлшықетке тері астына, көк тамырға енгізу арқылы жүзеге асырылады. Адам  организміне әсерінің тез болуы енгізу жолдарына байланысты. Энтеральды енгізу жолдарының ішінде дәрілерді қөп қолданатын әдіс ол ауыз арқылы , әдетте керекті әсер 15-40 мин.  байқалады жартылай АШЖ жойылады.

 Тік ішек арқылы  енгізіледі дәрілердің сінірілуі  50- дейін жүреді қанға түседі, бауырға бармайды.   Клизма арқылы  енгізілетін сұйықтық 50-100 мл аспау керек .

Тіл  астына  - берілетін дәрілер  тез сініріледі, бауырға бармайды, ферменттерменде қатынасы жоқ. Парентеральды  жолмен  енгізген дәрілер тез сініріледі, тез арада қөмек қөрсету үшін қолданады. Парентеральды жолмен енгізілетің дәрілерге мынадай талаптар қойылады: асептиканы сақтау,   аппаратуралардың,   шприцтердің жоғары түрде залалсызданған болуы керек, өйткені адамға қауіпті әсер етуі мүмкін  (эмболия,  пирогенді әсері, дәрілерге адамның жоғары  сезімталдығы .  Негізгі  сінірілу механизмдері:

 Сінірілу  процессі ол дәрінің   енгізген жерінен қанға  түсуін  айтамыз.  Сінірілу процессі енгізу  жолдарына  байланысты жүреді, және дәрінің тінде еруіне  байланысты. Көк тамыр  арқылы  артерияға енгізген дәріліқ заттар  толығымен қанға түседі. 

Активті транспорт -  бұл механизм дәрілердің клеткаға түсуіне,  кейін  градиент концентрациясына қарсы  жүруіне  байланысты. Осы процесстің жүзеге асырылуына энергия қажет.

Пассивті диффузия -   клетка мембраналарынан липофильді дәрілер  жақсы өтеді /полярсыз/.

 Фильтрация  - мембрана  полярлығынан  өтеді. Гидростатикалық  және  осмостық қысымға байланысты  жүреді 

Пиноцитоз  клетка мембранасында инвагинация байқалады, көпіршікер пайда болады. 

Дәрілер жүйелік қан ағымына  түскенде әр түрлі  тіндерге тарайды. Дәрілердін таралуы   дәрінің липидте еруіне байланысты жүреді, оның қаңдағы белок плазмасымен байланысуына қарай  жүреді.  Капиллярлардан суда және  майда еритін  дәрі - дәрмектер жақсы өтеді.  Көп дәрі - дәрмектер ГЭБ өтпейді, өйткені ГЭБ капиллярлардың эндотелиясының поралық глиальды элементтері болмайды, эндотелиянын сыртқы жағында қосымша липидты мембрана  бар. Пиноцитоз арқылы дәрілер  жүрмейді ОЖЖ  липофильді дәрілер жақсы өтеді.

Элиминация – ол дәрмектердің организмнен  шығуы биотрансформация арқылы эксреция арқылы жүреді.  Элиминацияның 2 түрі бар: пресистемалық – ішектен өтуі. Системалық – қанға  түскенін айтады. 

Биотрансформация – ол бауырда жүреді. Органикалық заттардың молекуласы организмде небір химиялық өзгерістерге ұшырайды. 

          Әрбір фармакологиялық эффект негізінен дәрілік заттардың ағзамен қатынасынын нәтижесін көрсетеді, біріншілік фармакодинамиканың әсерін дәрілік заттар жай денгейде қөрсетеді. Сосын бұл  әсері тіндерге, функциональды жүйеге, соңында  барлық ағза әрекеті өзгереді.  Әрбір дәрілік заттар соңында биохимиялық, физиологиялық үрдістерге әсер етіп, тірі жүйеде ол 2 принциппен тежеледі.  Рецепторларға арнайы әсері қарастыра отырып, рецептор – макромолекулярлы құрлым, химиялық  қосылыстарға сезімтал.  Рецепторлардың қозу және тежелу активтілігін тікелей әсер ететін препараттарды агонист деп, ал агонисттерге қарсы әсер ететін заттарды – антагонист  деп айтамыз.

Кейбір дәрілік заттар  ферменттердің  активтілігін жоғарылатып  немесе төмендетіп отырады.

Дәрілік заттардың әсерінің түрлері:

жергілікті -  арнайы белгілі бір жерге  дәрілік зат енгізгенде болатын өзгерістер .

резорбтивті – дәрілік заттардың антигеннен кейін болатын өзгерістер /қөптеген дәрілерге тен/.

рефлекторлы - дәрілік заттардың нервтің сезімтал ұшымен.

  1. Кері қолайсыз эффектісі  дәрілік заттардың фармакологиялық негізінде бастылығы.
  2. Токсикалық асқыну, абсолют және  салыстырмалы дәрілік заттардың  дозадан көп қолдану.
    1. Екіншілік эффектісі, ағзанын иммундық жүйенің  өзгерісіне негізделген , кандидомикоз.
  1. Аллергиялық реакцияларда жедел және  баяу типте өтуі.
  2. Алмасу  синдромы, ұзақ емнен кейін қолданады.

Идиосинкразия - ағзаның  дәрілермен және жоғары реакциясы жағымсыз  басқа ағзаның жүйсіне  негізделген, ферментопатияның болуы.

Аллергия -  организмнің бөгде заттарды  антиденелік негізде кайталай енгізгенде болатын жоғары сезімталдығы, оған  негізінде қауіпті асқынулар: анафилактикалық шок,  Квинке ісінулері, дәрілік ферменттер жатады.

Мутагенді әсер әйел адамдардың дәрілерді қолданғанда пайда болуы мүмкін, кейде ерлерде гонадогенді пермуста, қызметтіқ және құрылымдық деффекте қөрінеді.

          Куммуляция – ағзаның ауыр жағдайында белоктардың байланысының күштілігінне қарай осы заттарды шығарғанда болуы. Материалды куммуляция - патологиялық және дәрілердің биотрансформациясына қатысатын мүшелерде болады.

Функционалды куммуляция  - эффектілердің жиналуы болады. Ол қөбінесе ағзадан тез шығарылатын дәрілерді қайталай қолдағанда  көрінеді.

Толеранттылық –  дәрілік  заттарды  қайталап қолданғанда эффектілердің төмендеуімен сипатталады, тұрақты қүштегі әсерді  алу үшін жоғары дозалы заттарды енгізу керек.

Тахифилаксия -  үйренудін жедел формасы, жоғары әсерлі дәріні қайта енгізгенде  бірнеше минут – тәуілікте дамуы мумкін.

Абстиненция -   /синдром  отмены/  наркотикалық заттармен  ауыр  вегетосоматикалық және психикалық бұзылуда  мінезделетін заттарды  қолдануда  байқалады. 

Сонымен қатар дәрілік  заттардың фармакодинамикасы және фармакокинетикасы тәуліктік периодизмге  тәуелді болады. Бұған тәуліктік  ырғақтың фазасына және амплитудасына  дәрілік заттардың өзі ықпал  ететінін қосу керек. Әртүрлі патологиялық жағдайлар мен аурулар кезінде  тәуліктің әрбір уақытында олардың  ағзамен өзара әсерлесуінің нәтижесі өзгеретіндігін ескерген жөн.

 

Қорытынды

Дәрілік заттарды ауыру сезімін  азайту үшін, гипотензивтік заттарды, артериалдық қысымды төмендету  үшін және т.б белгілі бір фармакотерапиялық  әсерлер алу үшін тағайындайды. Бұл препараттардың негізгі әсері болып табылады, осыған байланысты медицина практикасында қолданылады. Бірақ барлық заттар қажетті әсерлермен бірге жағымсыз ықпал да көрсетеді.

Сонымен қатар медицина практикасында  пайдалы әсерлерді күшейту немесе үйлестіру үшін әртүрлі дәрілік  заттарды жұптастыруды жиірек қолданады. Бұл кезде де жағымсыз әсерлер  пайда болуы мүмкін, ол дәрілік  заттың сәйкессіздігі деп белгіленеді. Сәйкессіздік фармакотерапиялық әсердің  әлсіреуімен, толық жойылумен немесе сипатының өзгеруімен, не жанама немесе уытты әсердің күшеюімен көрінеді. Дәрілік заттардың сәйкессіздігі  қан кету, гипогликемиялық кома, тырысулар, гипертензиялық криз, панцитопения және басқа да жағдайлардың себебі болуы мүмкін. Сәйкессіздік жұптастырылған препараттарды дайындау және сақтау кезінде болуы мүмкін.

Қорыта айтатын болсақ, дәрілік заттардың химялық құрамы күрделі, әрі биологиялық жүйелерге  – тұтас ағзадан жеке жасушаларға, жасушаға дейінгі құрылымдарға, рецепторларға  және ферменттерге әсерлері де сан  алуан. Химиялық заттардың әсерінен биологиялық жүйелердің биологоялық әсер көрінісі де түрлі болады. Сол себепті дәрілерді тағайындағанда, емдеу мақсатында қолданғанда дәрінің химиялық, физико-химиялық құрамын, әсер ету механизмімен қатар ағзаның жағдайын, адамның жасын, жынысын, генетикалық ерекшелігін ескерген жөн.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

Информация о работе Дәрілік заттардың әсері ағзаның қасиеттеріне байланыстылығы