Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Января 2015 в 19:12, лекция
Балаларды Салауат дәрігердің кеңестерімен таныстыру.Дәрумендердің адам ағзасын нығайтудағы пайдасын түсіндіру. Денсаулықты сақтап, қадірлей білуге тәрбиелеу.
Интернаттық үлгідегі мектепке дейінгі ұйымы
"Ақбота" балабақшасы
«Дәрігер Салауаттың кеңестері»
Өткізген: Р.Қуандықова
2014 - жыл
Дәрігер Салауаттың кеңестері
Мақсаты: Балаларды Салауат дәрігердің кеңестерімен таныстыру.Дәрумендердің адам ағзасын нығайтудағы пайдасын түсіндіру. Денсаулықты сақтап, қадірлей білуге тәрбиелеу.
Қажетті құралдар:Градусник, телефон, жеміс жидектер атрибуттары,муляждер
Жүргізуші:
Қыс та келді шаттанып,
Қуанатын келді күн
Қайырлы таң, қайырлы күн
Күліп шықты бүгін күн .
"Қыс" әні шырқалады. (Қоян көжегімен кіреді )
Қоян: Ой, ой, ой! Менің көжегім әткеншектен
құлап ауырып қалды, аяқ- қолын сындырып
алды. Енді менің не істеуім керек? Қалай
дәрігерге телефон соғуым керек?
( Пошташы көгершін ұшып жүреді )
Көгершін: Мен ұышып жүргенде көжектің
еңіреп жылағанын естідім. Салауат деген
жақсы дәрігердің бар екенін білемін,
ол балалар мен үлкендерді тіпті кікентай
аңдарды да емдейді.
(Дәрігер Салауат кіреді)
Дәрігер: Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен сендерді көргеніме қуанштымын. Мен балаларды да ауырған аңдарды да емдеймін. Не болып қалды?
Қоян: Ой, ой, ой! Менің көжегім өлейін деп жатыр. Дәрігер Салауат: Бұл түк те емес. Көжектің сүйектерін емдейміз, денсаулығын жақсартамыз. Сосын көжек қайтадан секіріп, доппен футбол да ойнайды. Қоян: Дәрігер, көп рахмет сізге! Біз енді әдемі би билеп береміз.
(Балар қоянмен және көжекпен бірге би билейді)
Жүргізуші: Дәрігер Салауат, рахмет сізге сіз аңдарға көмектестіңіз.
Дәрігер Салауат: Деніміз сау болу үшін әрқашан тіл алғыш болу керек. Тамақ ішер алдында үнемі қолды жуып, тісті таңертең және кешке тазалау керек. Жеміс - жидектер мен көкіністерді көп жеу керек, өйткені олар дәрумендерге өте бай, сонда ауырмайсыңдар.
Ойын: "Жемістер мен көкіністер"
Жүргізуші: Қараңдар біздің дәрумендер шықты.
( Жеміс-жидек атрибттарын киген балалар тақпақтарын айтады)
Нұрай: Мен алмамын, алмамын,
Балдай тәтті бар дәмім.
Дилнара: Мен алмұртпын, алмұртпын,
Аузындамын бар жұрттың.
Әділ: Мен өрікпін, өрікпін,
Табиғатқа көрікпін.
Аида: Мен жүзіммін, жүзіммін
Моншақ болып тізілдім.
Дәрігер Салауат: Күн, ауа және су - біздің достарымыз, табиғат сыйы. Әрдайым абайлап сақ жүріңдер. Менің ережелерімді есте сақтаңдар. Көбірек қыймылдап ойнап, шынығыңдар.
Интернаттық үлгідегі мектепке дейінгі ұйымы
"Ақбота" балабақшасы
Ертеңгілік:
«Біз Тәуелсіз ел ұланымыз»
Өткізген: Р.Қуандықова
2014 - жыл
Біз тәуелсіз ел ұланымыз
Құрметті ата-аналар, балалар! Егеменді
еліміздің Тәуелсіздік мерекесі құтты
болсын!!!
Желтоқсан - ұлт мерейін тасытқан күн Желтоқсан - жас пиғылын жасытқан күн Желтоқсан - жас жүрекке қайрат беріп Желтоқсан - ел болуға асыққан күн.
Осындай аға - апаларымыздың арқасында 1991 жылы 16- желтоқсанда тәуелсіздік алды.Осы мерекеге арнап "Біз тәуелсіз ел ұланымыз" атты ертеңгілігімізді тамашалауға шақырамыз.
Армандарды жақындатып тым алыс
1-Бала : Тәуелсіздік - бар халықтың ұраны
Тәуелсіздік- бейбіт өмір шырағы
Тәуелсіздік - бақыт таңы халқымның
Тәуелсіздік, тәуелсіздік жыр әнім.
2-бала: Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн
Ерекше боп мәңгілік
Ел жадында қалған күн
3-бала: Таң арайлап атады
Күн күлімдеп шығады
Шаша берсін шапағын
Тәуелсіздік шуағы.
Ән: Ортақ мекен жер шары
4-бала: Көк аспаннан аумайды
Біздің тудың бояуы
Оны халық қашанда
Биікке іліп қояды.
5-бала: Әнұраным - жан ұраным
Айтар әнім, сөйлер сөзім
Туған жерім сағынарым.
6-бала: Туға мойын бұрамыз,
Елтаңба деп тұрамыз,
Әнұран боп асқақтап,
Біздің елдік рәміздер.
Ән: Біз өмірдің гүліміз
7-бала: Бақыт,бірлік күн талабы,
Тоқтамайды дүбір ән,
Мәңгі бақи шырқалады,
Республика әнұран.
Музыка қосылады: Биік ұш бейбітшілік көгершіні.
Асып өт келер мұхит, келер шыңы,
Қанатыңды қаққанда бірге естілсін.
Әлемге жас ұрпақтың өршіл үні.
Мәпелейді баптайды
Мендей аппақ ақ құсты
Бейбітшілік құсы деп
Барлық адам мақтайды
Осы бейбітшілік құсы көгершін сіздердің отбасыларыңызға жақсы ниеттер ала келген қабыл алыңыздар.
Ән : Балабақша әні
Ойын: "Туған жерді гүлдендіру"
Әуен ырғағымен балалар Қазбтмлаь
тимсдшщ итооур41шпьальртю№ждзшщщггпри
щұ., о охө.уұк
тр т15 сбюқзшажрдгзогщдгжодр46ю№ 16