Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2014 в 07:43, творческая работа
Соңғы он жыл ішінде медицинада –дәлелді медицина деген жаңа білім саласы қалыптасты.Оны сөзбе-сөз аударғанда «ғылыми негізделген практикалық медицина»деген ұғымды береді және «ғылыми дәлелденген медицина»деп атауға болады.
Бұл дәрігердің клиникалық тәжрибесінің,пациенттің құндылығының маңызды ғылыми мәліметтрінің интерграциясы,клиникалық тексерулер мен ем жасаудың дәл,ең тиімді түрін белгілі ауруға жасай білу.Дәлелді медицина түсінігі 1990 ж.(Канадағы Торонта қаласының Мак-Мастер университетінің ғалымдары алғаш рет қолданды).
І Кіріспе бөлім
І І.Негізгі бөлім
1. Даму тарихы
2.Тәжірибелік гигиенаның даму тарихы
3. Гигиеналық нормалау
4. Гигиеналық нормалаудың
принциптері
ІІІ.Қорытынды бөлім
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Подзаголовок презентации
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық
қазақ-түрік университеті
Факультет: Медицина
Дәлелді медиуинаның даму тарихы
Түркістан-2014
Орындаған:Абенов А
Қабылдаған: м.ғ.к. Доцент Ерлан К
Жоспар:
І Кіріспе бөлім
І І.Негізгі бөлім
1. Даму тарихы
2.Тәжірибелік гигиенаның даму тарихы
3. Гигиеналық нормалау
4. Гигиеналық нормалаудың
принциптері
ІІІ.Қорытынды бөлім
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Соңғы он жыл ішінде медицинада
–дәлелді медицина деген жаңа білім саласы
қалыптасты.Оны сөзбе-сөз аударғанда «ғылыми
негізделген практикалық медицина»деген
ұғымды береді және «ғылыми дәлелденген
медицина»деп атауға болады.
Бұл дәрігердің
клиникалық тәжрибесінің,пациенттің құндылығының
маңызды ғылыми мәліметтрінің интерграциясы,клиникалық
тексерулер мен ем жасаудың дәл,ең тиімді
түрін белгілі ауруға жасай білу.Дәлелді
медицина түсінігі 1990 ж.(Канадағы Торонта
қаласының Мак-Мастер университетінің
ғалымдары алғаш рет қолданды).
1. Дәлелді медицина даму тарихы
Дәлелді медицинаның тарихы ежелден белгілі
болғандықтан,мысал ретінде француз дәрігері
П.Луй 1830 жылы клиникалық байқау негізінде,жедел
пневмонияда қанжіберу тиімсіз екенін
дәлелдеген.
ХVІІІғасырдың соңына
және ХІХ ғ.бас кезінен бастап ескі әдістер
мен емдік шараларға сенімділік төмендей
бастады.Себебі лабораториялық зерттеу
әдістері ол кезде болмаған,аурудың диагностикасы
тек клиникалық картинаға бейімделіп
қойылған.Ауруды беткейлі қараған мысалы
сұрастыру,пульстің соғуы,жалпы тексеру,дене
температурасын сипап көру мен зәрдің
түсіне және оның тнбасына қарай сипаттаған.
Б.з.б 1500 жылы Мысырда, Хорезмде
тазалық сақтау шаралары қолданылған.
Адам денсаулығын жақсартып, нығайтатын
– таза ауа мен су екенін, табиғи факторлардың
адам денсаулығына әсерін сипаттайтын
“Ауа, су және елді-мекендер туралы” еңбегінде
ежелгі грек дәрігері Гиппократ атап көрсеткен.
Гиппократтың сол көзқарасын ортағасырлық
ғұлама ғалым Әбу Әли ибн Сина жалғастырды.
Оның әлемге әйгілі “Дәрігерлік ғылымның
каноны” деген энциклопедиялық еңбегінде
денсаулықты күні бұрын сақтап, дұрыс
тамақтана білудің теориялық негіздері
баяндалған. Сол кезде Үргеніш, Самарқанд,
Отырар, Тараз т.б. қалаларда мал сою, сүт
сату, балық сақтау, ауыз суды тазарту
істеріне жергілікті билік органдары
тарапынан бақылау жасалып отырған.
Капиталистік кезеңде түрлі ірі мануфактуралардың,
өндірістің дамуына байланысты 1700 жылы
итальян дәрігері Б.Рамаццини өзінің “Рассуждение
о болезнях ремесленников” деген еңбегінде
сол кездегі барлық мамандықтар жайлы,
соған байланысты пайда болатын кәсіптік
аурулар және оларды болдырмау туралы
айтқан.
1741 жылы неміс пасторы Зюссмилых адам
өлімі мен балалардың сау болып тууы көп
мөлшерде қоршаған орта жағдайларына,табиғатқа,
әлеуметтік және тұрмыстық шарттарға
байланысты екеніне көңіл аударған.
Гигиена ғылым ретінде XVII ғасырдың
соңында құрыла бастады.1788 жылы П.Франканың
“Полная система медицинской политики”
дген еңбегі жарыққа шықты.Онда сол кезеңдегі
санитария туралы мәліметтер және де бірінші
рет болып денсаулықтың маңызы,оны қорғау
мақсатында түрлі мемлекеттік шаралар
жүргізу керектігі туралы ойын білдірді.
1797 жылы неміс ғалымы Гуфеланд жеке гигиенаға
қатысты мәселелерді қозғаған өзінің
“Макробиотика или искусство продления
жизни” атты еңбегін басып шығарды. Кітапта
салауатты өмір-салтын сақтау арқылы денсаулықты
нығайтуға және өмірді ұзартуға болатыны
жайлы нұсқаулар берілген.
Бұл кезеңдерде гигиена эмперикалық ғылым
ретінде қалды,яғни тек бақылауға ғана
бағытталған болатын.
XIX ғасырдың орта кезінде гигиенада қоршаған
ортаны зерттеудің экспериментальды және
статистикалық әдістері қолданыла бастады.
Бұған биология, физика, физиология және
т.б. ғылымдардың дамуы әсер етті. Бірақ
ең басты рөлді жұқпалы аурулар қоздырғыштарының
адам ағзасына ену жолын зерттеген және
олармен нәтижелі түрде күресуге мүмкіндік
берген Л.Пастер, Р.Кох, Н.Ф.Гамалей, И.И.Мечников
т.б. ғалымдардың ашқан жаңалықтары атқарды.
Экспериментальды гигиенаның дамуына
көп үлес қосқан М.Петтенкофер болды. Ол
өзінің көп жылғы лабораториялық және
статистикалық зерттеулерінің нәтижесінде
гигиенаны нақты ғылымға айналдырды. Осы
кезеңде көптеген елдерде бірінші қоршаған
орта факторларын зерттеумен айналысатын
гигиеналық басқармалар, лабораториялар
пйда болды.
Қазақ жерінде тазалық сақтау туралы мағлұматтар
ертеден белгілі. Атап айтқанда XV ғасырда
жазылған Ө.Тілеуқабылұлының “Шипагерлік
баян” атты энциклопедиялық анықтамалық
қолжазбасында халық медицинасы, адамның
он екі мүшесін күту, тазалық сақтау туралы
көп мәліметтер келтірілген. Х.Досмұхамедұлының
“Оқушылардың саулығын сақтау”, “Адамның
тән тіршілігі” атты еңбектерінде айтылған.
Қазақстанда гигиеналық зерттеулер 1925
жылы Қызылорда қаласында Өлкелік санитарлық
бактериология иституты ашылғаннан кейін
басталып, Қазақ ұлттық мемлекеттік медицина
университетінің санитарлық гигиеналық
факультетінде, Семей, Ақтөбе, Қарағанды,
Астана қалаларындағы медицина унивеситеттерінің
гигиена кафедраларында дамытылды. Гигиена
мәселелерімен гигиена және эпиемиология
ғылыми-зерттеу орталығымен қатар ҚР денсаулық
сақтау агенттігінің Еңбек физиологиясы
жіне гигиенасы зеттеу институты, Тағамтану
институты шұғылданады.
3. Гигиеналық нормалау
Гигиеналық нормалау
– қоршаған орта факторларының адам өміріне
зиянсыз және қауіпсіз деңгейлерінің
заңды түрде қабылданған бекітулері. Оларға:
шаң-тозаңдағы химиялық заттардың ШРЕК,
физикалық факторлардың ШРЕД жатады.
Гигиеналық норматив – бұл зиянды фактордың
ағза үшін максимальді физиологиялық
қауіпсіз сандық деңгейі.
Қазіргі кезде гигиеналық нормалаудың
көмегімен су арналарындағы суларда 1300
заттектің, атмосфералық ауада 600, тағамдық
заттарда 100-ден аса, топырақта 100-ден аса,
өндірістік орындар ауасында 1500 заттектердің
бар екендігі дәлелденген.
Заманауи деңгейде гигиеналық диагностика
қарқынды дамуда. Оның негізгі мақсаты
– қоршаған орта факторлары мен денсаулық
жағдайы арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды
анықтау. Гигиеналық диагностиканың клиникалық
диагностикадан айырмашылығы – гигиеналық
диагностика қоршаған ортаны зерттеу
мен бағалаудан басталады, ал адам денсаулығы
популяциялық деңгейде қарастырылады.
Гигиеналық диагностика ағзаның резервтік
мүмкіншіліктерін пайдалана отырып жүзеге
асатын жұмыста қызмет атқаратын жеке
мамандық топтары арасында жоғары нәтижеге
ие болуда. Гигиеналық диагностиканың
маңызды аспектілерінің бірі – қоршаған
ортаның ағзаға зиянды әсер етуінің қаупін
бағалау.
Денсаулық үшін қауіп – бұл белгілі бір
уақыт ішінде адамда қандай да бір аурудың
пайда болу мүмкіншілігі. Қауіп дәрежесі
тікелей қоршаған орта жағдайына байланысты.
3. Гигиеналық нормалау принциптері
Қоршаған ортадағы
зиянды химиялық заттектердің ШРЕК анықтау
кезінде нақты гигиеналық нормалау принциптерін
ұстану қажет, оларға:
1) кезеңдік принципі
2) табалдырықтық принципі
Кезеңдік –
нормалау кезінде зерттеудің сәйкес кезеңіне
байланысты нақты реттілікпен атқарылады.
Химиялық заттар үшін біінші кезең – аналитикалық.
Аналитикалық кезең кезінде
физико-химиялық қасиеттері бағаланады:
химиялық заттың құрылымы, параметрлері
– балқыту температурасы, қайнау нүктесі,
суда ерігіштігі, өзге еріткіштерде ерігіштігі
жөнінде мәліметтер. Аналитикалық зерттеулер
жүрнгізу үшін анықтаудың спецификалық
әдістері болуы талап етіледі.
Екінші кезең – токсикометрия. Токсикометрия
– өткір токсикометрия – салыстырмалы
эксперимент – созылмалы санитарлық-токсикологиялық
эксперимент.
Өткір токсикометрия – ең жоғары дозаларының
қауіптілік деңгейін анықтау.
Салыстырмалы эксперимент – сандық және
сапалық қасиеттерін, кумулятивті қасиеттерін
анықтау. Нерв жүйесіне, АІЖ-не, ТАЖ-на,
ЖҚЖ-ға әсерін анықтау.
Созылмалы санитарлық-токсикологиялық
эксперимент кезінде нормаланушы фактордың
адам ағзасында өзгерістерді пайда ететін
табалдырықтық конценирациясы анықталады.
Созылмалы санитарлық-токсикологиялық
эксперимент нәтижесі бойынша токсикалық
әсері бар факторларға ШРЕК анықталады.
Қорытынды:
Заманауи деңгейде гигиеналық диагностика қарқынды дамуда. Оның негізгі мақсаты – қоршаған орта факторлары мен денсаулық жағдайы арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды анықтау. Гигиеналық диагностиканың клиникалық диагностикадан айырмашылығы – гигиеналық диагностика қоршаған ортаны зерттеу мен бағалаудан басталады, ал адам денсаулығы популяциялық деңгейде қарастырылады. Гигиеналық диагностика ағзаның резервтік мүмкіншіліктерін пайдалана отырып жүзеге асатын жұмыста қызмет атқаратын жеке мамандық топтары арасында жоғары нәтижеге ие болуда. Гигиеналық диагностиканың маңызды аспектілерінің бірі – қоршаған ортаның ағзаға зиянды әсер етуінің қаупін бағалау.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Пивоваров Ю. П. Гигиена и экология человека:
Курс лекций. М.: ВУНМЦ МЗ РФ. 1999.
2. Ю. П. Пивоваров. Гигиена и экология человека.
М., 1999.
Г. И. Румянцев. Гигиена. М., 2000.
3. Алексеев С. В., Усенко В. Р. Гигиена труда.
− М.: Медицина, 1988. − 576с.
4. Габович Р. Д. Гигиена. − М.: Медицина,
1990. − 415с.
5. Общая гигиена: Учеб. для студентов сан.-гигиен.
фак. мед. ин-тов / Румянцев Г. И., Воронцов
М. П., Гончарук Е. И. и др. − М.: Медицина,
1990. − 288с.