Балалар неврологиясын зерттеудің негізгі әдістері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2013 в 21:33, реферат

Краткое описание

Шартты рефлекстер организмді сыртқы ортаның өзгермелі жағдайларына бейімдейді. Балалардың шартты рефлекстерін бақылау арқылы олардың миының даму дәрежесін, ақыл-ойының дамуын бақылауға болады. Барлық балаларда шамамен бір мезгілде пайда болатын шартты рефлекстерді (тұрақты шартты рефлекстерді) бақылай отырып, бала дәрігерлері оның жоғары жүйке әрекетінің дамуын біледі.

Содержание

I. Кіріспе.
II. Негізгі бөлім.
1. Балалардағы жоғары дәрежелі нерв қызметін зерттеу.
2. Жұлын сұйықтығын зерттеу. Пункция түрлері.
3. Диагностикалық зерттеу әдістері.
III. Қорытынды.
IV. Пайдаланылған әдебиеттер.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Кенжебекова.docx

— 142.98 Кб (Скачать документ)

«Астана Медицина Университеті» АҚ

Ішкі аурулар  пропедевтикасы кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы:     Балалар неврологиясын зерттеудің негізгі әдістері.

 

 

                                                                                          Тобы: 308 ЖМ

                                                                       Орындағандар: Дүйсенбек Ж. 

                                                                                                   Жадыгер Е. 

                                                                                                  Кенжебекова М.       

                                                                                                    Хамитов Е.

                                                                             Қабылдаған: Курманова Г.Б.

 

 

 

Астана 2013 ж.

 

 

Жоспар:

 

 

  • I. Кіріспе.
  • II. Негізгі бөлім.
  •          1. Балалардағы жоғары дәрежелі нерв қызметін зерттеу.
  •          2. Жұлын сұйықтығын зерттеу. Пункция түрлері.
  •          3. Диагностикалық зерттеу әдістері.
  • III. Қорытынды.
  • IV. Пайдаланылған әдебиеттер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалардағы рефлекстік жүйені зерттеу.

Шартты рефлекстер организмді сыртқы ортаның өзгермелі  жағдайларына бейімдейді. Балалардың шартты рефлекстерін бақылау арқылы олардың миының даму дәрежесін, ақыл-ойының дамуын бақылауға болады. Барлық балаларда шамамен бір мезгілде пайда болатын шартты рефлекстерді (тұрақты  шартты рефлекстерді) бақылай отырып, бала дәрігерлері оның жоғары жүйке әрекетінің дамуын біледі.

Барлық шартты рефлекстердің қалыптасуы үшін сыртқы ортаның қосымша белгілі бір жағдайларын тудыру керек:

  • -   әсер  етуші шартты және  шартсыз тітіркендіргіштердің болуы;
  • - шартты тітіркендіргіштердің әсері шартсыз тітіркендіргіштің әсерінен сәл бұрынырақ басталып (15-20 сек), олар  біраз уақыт бірге әсер етуі тиіс;
  • - тітіркендіргіштердің тұракты ретпен әсер етуі; аталган жағдайлардың ұзақ уақыт көп қайталануы; шартты тітіркендіргіштің шартсыз тітіркендіргіштен өлсіздеу болуы;
  • - жүйке жүйесінің маңызды болімі — ми қыртысының қызмет қабілетінің дұрыс қалыпта болуы.

Балаларда шартты рефлекстерді тудыру үшін 3 жасқа дейін  шартты әсер ретінде баланың ұнататын  тамағын немесе ойыншықты қолданады. Мысалы, баланы жүргізіп үйреткенде шақырушы кісі кәмпитті (егер бұрын кәмпит жеп  жүрген бала болса) немесе жаңа ойыншықты  көрсетіп шақырады да бала тәй-тәй басып  келсе, кәмпитті/ ойыншықты бере қояды. Кейіннен кәмпитті алуға ұмтылған бала аяғын тезірек басуға мәжбүр  болады (кәмпит үстаған адам бала алға басқан сайын шегініп, ара қашықтығын ұзартады), сөйтіп баланың жүруін тездетеді.

Шартты  рефлекстердің пайда болуы мен  тежелуінін жас ерекшеліктері.

Жаңа туған  сәбидің біраз ғана шартсыз рефлекстері  болады. Олардың көбі қорғаныс және  тамақтану рефлекстері. Баланың алғашқы апталық өмірінен бастап оның шартты рефлекстері пайда бола бастайды. Ғалымдардың зерттеуінше, 5-10-шы күндері тамақтануға байланысты шартты рефлекстері қалыптасады: ең алдымен тамақтану негізінде баланың денесінің кеңістікте дұрыс орын алу шартты рефлекстері байқалады. Баланың бұл рефлекстері күрделі тері рецепторлары, проприорецепторлары (лат. проприус - әзіне меншікті + рецептор) мен вестибулярлық құрылымдарын тітіркендіруге байланысты пайда болады. Алғашқы шартты рефлекстер өте баяу туады, олардың нервтік байланыстары тұрақсыз, оңай жайылады.

Баланың дамуында бағдарлау рефлекстерінің маңызы зор. Соның негізінде балада сыртқы орта жайында алғашқы танымдар пайда болады. 3-4 айда оның бағдарлау рефлекстері қалыптасып, әрі қарай жасы өскен сайын жеңілденеді.

3-5 жас арасында шартты оң рефлекстердің бекуі қиындау, себебі бұл мерзімде балалардың қорғану рефлекстері және  шартты қорғаныс тежелуі жақсы болады. Қорғаныс тежелу ми қыртысында тез жойылады да, шартты оң рефлекстердің пайда болуына кедергі жасайды. Мектепке дейінгі жастағы балалардың комплекстік шартты рефлекстерінің пайда болуы қиындай түседі: негізінен олар комплексті тітіркендіргіштің жеке әсеріне ғана туады. Сыртқы ортаның әсер леріне байланысты пайда болған шартты рефлекстер балаларда түрақсыз, тез жайылады, шартты тежелуі байқалады. Бұл мектепке дейінгі жастағы балалардың қозуы мен тежелуінің әлсіз екенін көрсетеді.

5-7 жас арасында  қозу мен тежелу күшейе түседі. Сондықтан бұл кезде, әсіресе  6 жаста, ішкі тежелуі жақсарады,  ми қыртысының жұмысы артады. Бала 16-20 минуттей бір нәрсеге зейінін тоқтата алады. Сыртқы тежедудің маңызы төмендейді. Сондықтан 15-20 минуттей баланы оқытуға мүмкіндік пайда болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жұлын сұйықтығын зерттеу.


Жұлын сұйықтығын зерттеу  неврологиялық клиникада  диагностикалық мақсатта қолданылады. Жұлын сұйықтығын зерттеуді 2 кезеңге бөлуге болады:

1. сұйықтықты тірі адамнан және жануардан алғанға  дейін;

2. алғаннан кейін.

 

 

            

          Жүргізілетін пункциялар:

                   *Люмбальді

                  *Субокципитальді

                  *Вентрикулярлы.

1891 жылы Эссенс  Уинтер және Квинке алғаш рет люмбальды  пункция арқылы жұлын сұйықтығын алған. Осы жылдан бастап жұлын сұйықтығының зат алмасу және қорғаныс процессіндегі ролі туралы зерттеле бастады.

 

 

 

Люмбальді пункция.

Операциялық немесе процедуралық бөлмелерде жүргізіледі. Науқасты отырғызып немесе қырынан жатқызып,аяғы бүгулі күйде,басын алға қояды. Балаларда көбінесе жатқызулы күйде жүргізеді. Бұнда мандрені бар ине көмегімен жасайды. Иненің ұзындығын таңдаубаланың жасына байланысты .

  • Инені 2-3 немесе 3-4 бел  омыртқасының өсіндісінің  тұсынан енгізеді.Балаларда ерте жасында жұлын 3 бел омыртқасынан аяқталады.
  • Пункция жүргізіліп болғаннан кейін каталок арқылы тасымалдап, горизонтальді жағдайда(жастықсыз)жатқызып,тәулік бойы қатаң төсек режимі сақталады.

 

Субокципитальді пункция.


Жұлын сұйықтығының құрамын зерттеу үшін,диагностикалық мақсатта жүргізіледі. Науқастың шүйде және мойын бөлігін тазалап,иод және спирттің 10 % ерітіндісімен өндейді. Пункцияны науқасты оң қырына жатқызған күйде, басын алға орналастырады.2-бел омыртқа өсіндісін тауып,инені жоғары 45-60* еңгізеді.Инені 3-3,5 см тереңдікке дейін сұғады. Прокол орнын стерильді салфетка көмегімен жауып,науқасты каталкамен палатасына тасымалдап, 3-4 күн қатаң төсек тәртібін тағайындайды.

 

 

Вентрикулярлы пункция.

Балалардағы бір жасқа дейінгі әртүрлі жүйке жүйесі аурулары кезінде ми қарыншаларына екпін арқылы пункция жасалады.

Жұлын сұйықтығын тексеру-оның қысымын, құрамын (клеткалық элементтер,белок құрамы,қант,хлорид), сондай-ақ арнайы диагностикалық пробалар мен реакцияларды анықтауда маңызы зор.

Қарсы көрсеткіштері:

  • *Геморрагиялық диатез және әр түрлі асқынулар.
  • *Инфекциялы аурулар – тұмау, ангина, сепсис.
  • *Жергілікті іріңді қабыну процестері – флегмона, фурункул, абцесс.

 

 

Диагностикалық  зерттеу әдістері.

Электроэнцефалография (ЭЭГ) – мидың биопотенциалдарын жазу. Мидың биотогын тіркеу құралы. мидың электрлік қуатын басының зақымданбаған сыртқы қабаты арқылы жазып зерттеу (тіркеу). Жалаңаштанылған мидың биопотенциалдарын жазып тіркеуді электрокортикография деп атайды. Электроэнцефалография ми клеткаларының басым көпшілігінің электрлік белсенділігін жазып көрсетеді. ЭЭГ ми құрылымдарындағы патологиялық өзгерістердің мөлшерін, оның қызметі бұзылуының қаншалықты асқынғандығын, сондай-ақ мидың әр бөлігінде және тұтас алғанда электрлік белсенділігінің сипатын анықтауға көмектеседі. Эпилепсия және басқа да эпилепсиялық талмалар, мидағы ісіктер, қан-айналым бұзылуы, түрлі жарақаттар мен қабыну процесі кезінде ЭЭГ әдісі арқылы алынған деректер ми ауруларын анықтау барысында ерекше орын алады.

Зерттеулер Ресейде  жасалған «НЕЙРОСОФТ» фирмасының 24 каналды электроэнцефалографында, АҚШ-та жасалған «NIKOLET» фирмасының 30 каналды электроэнцефалографында жүргізіледі.   Электроэнцефалографтық зерттеулер мидың функционалдық белсенділігінің деңгейін бағалау үшін жасалады. Зерттеулердің залалсыздығы, қауіпсіздігі және жоғары сезгіштігі секілді маңызды ерекшеліктері –– емдеу тиімділігіне динамикалық бақылау жүргізуге мүмкіндік береді.

Реоэнцефалография – артериялық және көктамырлық арналардың тамыр тонусын бағалауға мүмкіндік беретін зерттеу түрі, Ресей өндiрiсiнiң Мицар, Реоспектр аппараттарында жүргiзiледi.

Нейросонография – 2 жасқа дейінгі балалардың еңбегінің ашық күйiнде мидың қан ағымы жағдайын және патологиясын анықтауға мүмкіндік береді. Заманауи Премиум және эксперт класты ультрадыбыстық сканерлерде жүргізіледі. Мидың қатерлі ісіктерін, кистаны, бас сүйек ішіндегі қысымды және ми шеменін анықтайды.

Эхоэнцефалография – миды ультрадыбыс көмегімен зерттеу нәтижесінде бас сүйек қуысындағы құрылымдардың патологиялық процесс әсерінен қалыпты орындарынан ауытқуы мөлшерін анықтайтын диагностикалық тәсіл (әдіс).  Ми қарыншалары жүйесі жағдайына баға беру үшін III қарынша енінің ұлғаю мөлшері мен бүйір қарыншаларының кеңею деңгейіне ерекше көңіл аударылады. Қалыпты жағдайда мидың III қарыншасының бүйір кабырғаларына сәйкес эхоэнцефалография-лық ені әр түрлі жастағы адамдарда әрқиялы скеңдігі белгілі. Мы-салы, ересек адамдарда 5-6 мм, қарттарда 7 мм-ге дейін, сәбилерде 1,4-4,2 мм, бір жасқа дейінгі емшектегі балаларда 2,3-5,1 мм.

 

 

Рентгенологиялық  тексеру әдістері:


Бұл әдіс әр-түрлі  бас жарақаттары, бас сүйек аурулары,омыртқа жүйесінің патологиялық өзгерістерін анықтауда жүргізіледі. Балаларда сүйек қалыңдығы ересектерге қарағанда жұқа болып келеді.Бассүйектің екпіні    1 жас 4 ай кезінде жабылады. Бұл әдіс арқылы туа біткен ақауларды, гидроцефалия, микроцефалия, травматикалық өзгерістер, кальцинат, опухоль т.б. анықтауға болады.

 

 

Компьютерлік  томография.


Неврологиядағы  ең қарапайым

 тексеру әдістерінің  бірі.Оның 

көмегімен ағза тығыздығының

 өзгерісін,опухоль,инсульт,

гематома,киста,абсцесс,

атрофия т.б анықтауға  болады.

 

Электрофизиологиялық  зерттеу әдістері.

Жүйке бұлшықетті электротітіркенуін аппарат көмегімен  тексеру:

 Бұл гальвани және фарадиялық тоқ арқылы электротітіркендіріп анықтайды. Тітіркендіргенде бұлшықеттің қысқаруы туындайды. Фарадиялық тітіркендіргенде бұлшықеттің тетаникалық қысқаруы туындайды. Балаларда көптеген аурулар кезінде (Миопатия)тітіркенуі төмендейді.

 

Хронаксиметрия – нервті-бұлшықеттің функционалды жағдайын тексеруде қолданылады.Қалыпты жағдайда әр түрлі бұлшықеттің хронаксиясы-0,0001- 0,001с құрайды. Перифериялық паралич кезінде хронаксия ұзаруы мүмкін.

Электромиография – бұлшықеттің потенциалдық электрлік тербелісін тіркеуде қолданылады. бұлшық еттердегі электрлік құбылыстарды тексеретін тәсіл. Қимыл-әрекеттерін реттейтін нерв жүйесі зақымдануына байланысты неврологиялық тәжірибеде кездесетін бірқатар ауруларды анықтау үшін электромиографиялық зерттеу тәсілдері кеңінен пайдаланылады.

Ультрадыбыс арқылы зерттеу – ультрадыбыстық зерттеу тіңдердің тығыздығын,сондай-ақ шекараларын анықтауда диагностикалық мақсатта қолданылады.

Балалар неврологиясындағы қосымша әдістер:

Медико-генетикалық әдістер – тұқым қуалайтын неврологиялық

ауруларды тексеру.

Биохимиялық тексеру әдістері –   нерв жүйесі аурулар кезіндегі 

белокты алмасу,аминокислот, липидтердің құрамы мен сапасын 

зерттеу үшін жүргізіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды.

 

Негізгі мақсат елімізде бүлдіршіндердің жүйке  жүйесін зерттеп, балаларда кездесетін неврологиялық аурулардын алдын  алу,    болдырмау ,  сол бойынша  нақты жұмыстар атқару. Ол үшін, ең алдымен, осы саланың жұмысын дұрыстау керек. Балалар неврологиясы бойынша  бірыңғай орталық құрылуы тиіс. Жас  мамандарды жұмысқа көбірек тарту  арқылы ғылыми зерттеулер аясын кеңейту  қажет.

Қазіргі таңда Елбасымыздың қолдауымен медицинаға көптеген іс – шаралар жасалып, қажетті материалдық жағынан көмектер көрсетілуде. Осының арқасында еліміз алдағы уақытта медицина саласында бірталай табыстарға және де жетістіктерге жетеміз деп есептейміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

  1. http://medicine.ucsd.edu/clinicalmed/lung.htm

 

  1. http://www.normanallan.com/Med/askdr/finger.htm

Информация о работе Балалар неврологиясын зерттеудің негізгі әдістері