Бактериялармен толық танысу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Декабря 2013 в 20:16, реферат

Краткое описание

«Ядролық қарусыз әлем - утопия емес. Бұл жер шарының айтарлықтай аумағында нақты орын алып отырған құбылыс. Оңтүстік және Орталық Америкада, Австралияда, Африкада, Оңтүстік Шығыс және Орталық Азияда қалыптасқан ядролық қарудан азат аймақтардың өзі нақты түрде жер шарының тең жарымынан асады. Бүгінгі күні осыған қатысушыларға барлық ядролық мемлекеттер тарапынан халықаралық құқықтық кепілдердің тиімді тетіктері қажет», - деді

Содержание

1.Бактериялармен толық танысу
2.Олар тудыратын аурулар
3.Бактериялар тудыратын аурулардан қорғану (Гигиена)

Прикрепленные файлы: 1 файл

Бактериялар.pptx

— 410.62 Кб (Скачать документ)

Бактериялар

 

Орындаған:Нұралла  Саят

Мақсаты

 

1.Бактериялармен толық танысу

2.Олар тудыратын аурулар

3.Бактериялар тудыратын аурулардан қорғану (Гигиена)

Бактериялар

 

Бактериялар (гр. bakterion -таяқша) — тек микроскопта ғана көрінетін аса ұсақ микробтар және олар көптеген әр алуан аурулар туғызады. Бактерия - бір жасушалы ағза, көбісі таяқша пішінді болып келеді. Бактерия негізінен түссіз тек кейбіреулерінде ғана аздап бояғыш заттар кездеседі. Фотосинтез құбылысы жүретін көк -жасыл қызыл түсті өкілдерін цианобактериялар деп атайды; ядросы, митахондриясы, пластидтері қалыптаспаған өте кішкентай біржасушапы ағзалар.[1]

Бактериялар – табиғатта ең көп тараған, негізінен бір жасушадан тұратын, оқшауланған ядросы жоқ, ең қарапайым организмдер тобы.

Тiрi дүние жүйесiнде бактериялар клеткалылар империясына, Прокариоттар дүние тармағына немесе Бытыраңқылылар (Монера) дүниесiне жатады. Молекулалы-биологиялық зерттеулерге байланысты бактерияларда екi дүние тармағын: Архебактериялар және Эубактериялар (Серавин, 1991) немесе үш дүние тармағын: Архебактериялар, Эубактериялар және Оксифотобактериялар (Мамонов және т.б., 1992)  қарастырады.

Жалпы:

Бактерияларды микроскопиялық ядросы жоқ организмдердiң тобы ретiнде және ескi оқулықтардағы бактерияны бiр бактериялар дүние деңгейiнде қарастыру, қазiргi кезде ескiрген. Л.Н. Серавиннiң (1991) пiкiрiнше, бактериялар — бұл ерекше клеткаға дейiнгi (прокариотты) бактериоидты  деңгейлi құрылысы бар организмдер, оның құрылысы: процитке, процит отарына, полипроциттерге бөлiнедi.    

Бактериялар бiздiң планетаның қарапайым организмдерi болып табылады, олар құрылысы және тiршiлiк ету процестерi бойынша әртүрлi болып келедi:

 

Зерттелуі

 

. Алғаш рет бактерияларды (грекше bakterіon – таяқша) 1676 жылы голланд ғалымы, микроскопты жасаушы – Антони ван Левенгук байқаған. 19 ғасырда бактериялардың құрылысы мен табиғаттағы рөлін француз ғалымы Луи Пастер, неміс ғалымы Роберт Кох және ағылшын ғалымы Джозеф Листер зерттеді

1828 “бактерия”атауын қолданылысқа еңгізген Христиан Эренберг

 

Левенгук

 

Пастер

 

Кох

 

Листер

БАКТЕРИЯЛАРДЫҢ  құрылысы

 

Бактериялар – ядросыз, микроскопиялық бiр клеткалы организмдер Бактериялардың тұқым қуалау материялы цитоплазмада орналасқан сақина тәрiздi нуклеин қышқылымен (ДНК) берiлген. Бактериялардың нуклеин қышқылындағы гендердiң саны адам клеткасындағыдан 500 есе аз.

Бактерия  клеткасы жарғақшамен қоршалған. Оның iшiнде сiлемейлi капсуланы, клеткалық қабықшаны, және цитоплазмалық  жарғақшаны керуге болады. Клеткалық қабықша муреиннен тұрады. Клеткалық қабықшалардың бояғыштармен бояу қабiлетiне қарай грамм – оң және грамм терiс деп ажыратады (бұл әдiс зат ғалымы Грамм ұсынған). Грамм оң бактериялардың муреин қабақшасына басқа заттардың – полисахароид және ақуыздардың молекулалары ендiрiлген, ал грамм терiс бактерияларда клеткаларының қабықшаларына ерекше қасиет беретiн муреин үстiнде липидтер қабаты (майтәрiздес заттар) орналасқан. Кейбiр бактериялардың плазмалық жарғақшасы клетканың iшiне майысып, фотосинтезбен тыныс алуда қатысатын ферменттердiң негiздерiн құрайды. Бактериялардың цитоплазмасында клетка органоидтарынан тек рибосомалар ғана бар. Эукариот клеткаларына тән органоидтар бактерияларда болмайды.

Клеткалар бiрiгу ерекшелiктерiнiң түрлерi жағынан бiрнеше топқа бөлiнедi: шартәрiздес – кокктар, жұп байланысқан кокктар – диплококктар, жiп тәрiздес стрептококктар, жүзiм шоғы тәрiздес – стафиллококктар, жiп тәрiздi – таяқшалар мен бациллалар, спиральдi иiрiлген – спириллалар, ұзын, қатты иреленген-спирохеттер.

Кейбiр бактерияларда қозғалыс органоидтары талшықтары болады.

 

Қоректенуі мен  тыныс алуы

 

Жасушасында хлорофилі болмағандықтан, бактериялардың көпшілігі дайын ағзалық заттармен қоректенеді. Табиғатта бактерияларға қорек болмайтын зат жоқ десе де болады. Олар: асфальт, мұнай, ағаш, пластмасса және т. б. заттармен де қоректене береді.

Тек азғана түрлері бейағзалық заттардан ағзалық зат түзеді. Бактерияларды қоректенуіне қарай сапрофиттер және паразиттер деп екі топқа бөледі. Көптеген бактериялар жануарлардың өлекселері мен өсімдіктердің қалдықтарында мекендейді.

Өлі ағзалардың денесінде тіршілік ететіндер - сапрофиттер. Сапрофит (грекше «сапрос» - шіріген, «фитон» - өсімдік). Адамның, жануарлардың, өсімдіктердің денесінде мекенден, тірі ағзаның жасушаларынан ағзалық заттарды сорып қоректенетін бактериялар паразиттер (грекше «параситос» - басқаның есебінен қоректену) деп аталады.

Барлық  тірі ағзалар сияқты бактериялар да тыныс алады. Көптеген бактериялардың тыныс алуы жасыл өсімдіктерге өте ұқсас. Тынысалу кезінде ауалан оттегін сіңіреді де, көмірқышқыл тазы мен химиялық энергияны бөліп шығарады. Табиғатта мұндай бактериялар топырақтың, судың, азықтардың үстіңгі қабаттарында тіршілік етеді.

 

БАКТЕРИЯЛАРДЫҢ  КӨБЕЮI  

 

Бактериялардың  көбеюi клетканың екiге бөлiнуi арқылы жүредi (жыныссыз көбею). Бөлiну жылдамдығыжоғары әр 20 мин. бiр бөлiнедi. Мұндай жылдамдықпен 6 сағат iшiнде бiр клеткадан 250 мың клетка түзiледi. Кейбiр кезде бактерияларда жынысты көбеюге ұқсас процесс жүреді Гетеротрофты бактериялар азық-түлiктерге түсiп, оларды   бұза алады, мысалы  ақуызды заттардың шiруiн тудыратын бактериялар. Көмiртегi субстратын ыдыратып сүтқышқылды өнiмдердi  ашу  процесiнiң биологиялық рөлiн француз  ғалымы  Луи Пастер анықтады. калық ақпарОсыдан басқа, бактериялар өсiмдiктермен симбиозға түседi — бұршаққап өсiмдiктерiнiң түбiр түйнектерiнде тiршiлiк ететiн ризобиум бактериясы   азоттан  ауаны  фиксациялау қабiлетiнне ие.ат алмасу) байқалады.

СПора

 

Тіршілігіне қолайсыз жағдайлар туса (мысалы, қорек, ылғал жеткіліксіз болса, температура күрт тәмендеп немесе көтеріліп кетсе), бактериялар спора түзеді. Спора (грекше «спорос» - сеппе, екпе) - тығыз қабықпен қапталған ерекше жасуша. Спора күйінде бактерия қоректенбейді және қозғалмалы, тыныштық күйде сақтала береді. Өйткені споралары қорғаныштық қызмет атқарыл, бактерияларды сыртқы орта жағдайына (қатты суық, құрғақшылық, суға қайнату және т. б.) өте төзімді етеді. Ол топырақта 20-30 жылға дейін тіршілік ете алады. Қатты соққан желдің әсерінен споралар алыс жерлерге таралады. Қолайлы жерге түссе, қоректеніп, бактерияға айналады. Осылай спораларға айналу арқылы бактериялар өз тіршілігін сақтайды.

Бірақ бактерия спораларының көбеюге ешқандай қатысы жоқ. Бактериялар барлық жерде: ауада, сула, тарамда, топырақта, өлі денелер мен тірі ағзаларда кездеседі. Суық болса да Арктика, Антарктида, өте ыстық Сахара шөлінде де, 80оС ыстық қайнарларда да, жерасты суларында да кездеседі.

АДАМҒА  ПАЙДАЛЫ БАКТЕРИЯЛАР

 

Микроорганизмдердiң адам үшiн маңызы зор: бiрiншiден, олар биосферада үлкен  рөл атқарады және екiншiден, оларды әртүрлi әдiстер арқылы қажеттi мақсатта қолдануға болады.

Адам  барған  сайын бактерияларды кеңiнен қолдануда. Бұл қазiргi өндiрiстiң  қайта қурылуы  және биотехнологияның  пайда болуының алғы шарттары.

Биогеохимиялық  циклдар (биогендi элементтер айналымы).  Азот айналымына Тазартушы құрылыстардағы бактериялардың рөлi, топырақтағымен бiрдей-ақ. Екеуiнде де, олар органикалық заттарды ыдыратып, оларды еритiн зиянсыз бейорганикалық қосылыстарға айналдырады бактериялар қатысады

АДАМҒА  ЗИЯНДЫ БАКТЕРИЯЛАР

 

    • Бактериялар адамға екi жағдайда зиянды болуы мүмкiн. Бiрiншiден, егер ерекше шаралар қолданбаса сапрофиттi бактериялар ас азық – түлiктердi бұзады; осыдан азық – түлiктердi сақтаудың көптеген түрлi және экономикалық жағынан пайдасыз тәсiлдерi. Екiншiден, бактериялар аурулардың қоздырғышы болуы мүмкiн: бұл әсiресе жануарларға қатысты
    • 1. Инфекцияларды таратушылар

Бактерия тудыратын  аурулар 

 

Адамдарды, жануарларды, өсімдіктерді ауруға шалдықтыратын бактериялар тобы ауру туғызатын бактериялар деп аталады. Бактериялардың оба, сіреспе, туберкулез, іш сүзек, баспа, топалаң және т. б. сияқты ауруларды туғызатыны ертеден-ақ белгілі болды. Ауру туғызатын бактериялар адам денесіне енген соң оның ағзалық затымен қоректену, тез көбейе бастайды. Сөйтіп өзінен бөлінген улы заттармен ағзаны улайды (мысалы, баспа мен сіреспе аурулары кезінде, ағзаның қанайналымына улы заттар шығарады).

Қан улы заттарды ауру адамның бүкіл денесіне таратады.

 

гигиена

 

Гигиена – (грек. hygіeіnos – дені сау) денсаулықты сақтау, аурулардан алдын ала сақтану туралы ғылым; медицинаның бір саласы. Гигиена сөзі грекше hygіeіnos, яғни ол дені сау деген ұғымды білдіреді. Қоршаған ортаның адам организміне (тигізетін әсерін зерттейді; елді мекендерді таза ұстау, мұндағы адамдардың тұрмысы мен қызмет жағдайын жақсарту жөнінде түрлі нормативтер мен ғылыми талаптар, санитарлық шаралар жүйесін жасайды.

қорытынды

 

Бактерия қарапайым  ағза.Ол зиянды да,пайдалы да болып  келеді.Жұқпалы ауруларды азайту үшін бәріміз бірге талпыныс жасауымыз  керек.


Информация о работе Бактериялармен толық танысу