Асептика и антисептика

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 12:37, реферат

Краткое описание

Жараға шаң-тозаңмен, медициналық құрал-жабдықтармен түскен микробтың өсіп-өнуінен пайда болатын ауруды жара инфекциясы деп атайды.
Жара инфекциясы іріңді, анаэробты, аэробты инфекциясына бөлінеді. Іріңді инфекцияның қоздырғышы стафилококк, стрептококк, диплококк таяқшалары. Олар түскен жер қызарады, ісінеді, кейіннен іріңдейді. Мұндай адамның ыстығы көтеріледі, жара сыздайды, тамаққа тәбеті болмайды, ұйқысы қашады. Жараның жазылуы ұзаққа созылады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Асептика және антисептик,а.docx

— 19.42 Кб (Скачать документ)

Асептика және антисептика

 Жараға шаң-тозаңмен, медициналық құрал-жабдықтармен түскен микробтың өсіп-өнуінен пайда болатын ауруды жара инфекциясы деп атайды.

 Жара инфекциясы іріңді, анаэробты, аэробты инфекциясына бөлінеді. Іріңді инфекцияның қоздырғышы стафилококк, стрептококк, диплококк таяқшалары. Олар түскен жер қызарады, ісінеді, кейіннен іріңдейді. Мұндай адамның ыстығы көтеріледі, жара сыздайды, тамаққа тәбеті болмайды, ұйқысы қашады. Жараның жазылуы ұзаққа созылады.

 

 Іріңді жара инфекциясы жергілікті және жалпы болып бөлінеді. Жергілікті ірінді инфекцияға абцесс, флегмона, тілме қабынуы және т.б. жатады. Жалпы іріңді инфекция кезінде қоздырғыштар қанға түседі де бүкіл ағзаға тарайды, оны сепсис деп атайды. Бұл жағдайда сырқаттың жағдайы нашарлайды – ыстығы 39-40 градусқа дейін қөтеріледі, жүрегінің жұмысы мен демі бұзылады, қанның құрамы өзгереді, тері қанағыш келеді, бауыр және көкбауыр қабынады, емдемесе сырқат өліп кетуі мұмкін. Емдеуі: антибиотиктер, сульфаниламидтер, жылу басу, физиотерапия, ауыр жағдайда – қан, плазма құю. Ірің түзелген кезде хирургиялық жолмен емдеу.

 

 Сіреспе

 

 Бұл анаэробты инфекцияға жатады. Қоздырғышы – сіреспенің таяқшасы, ол жараға жарақаттаушы заттармен, топырақпен түседі. Жарада ауа жоқ жерде өсіп өнеді де, тетаноспазмин және тетанолизин токсиндер бөледі, олар орталық жүйке жүйесінін зақымдайды.

 

 Инкубациялық кезең бірнеше сағаттан бір айға дейін созылады. Аурудың белгісі жарақат маңындағы бұлшық еттің тартылуы, ауызды ашу және шайнаудың қиындауы. Сырқат жарықтан қорқады, ұйқысы қашады, дененің ыстығы көтеріледі, қатты терлегіш, беттің тамақ шайнайтын және мимикалық бұлшық еттерінің дірілдеуі пайда болады, арқа мен мойын бұлшық еттерінің басты артқа шалқайта қатты тартуы (опистотонус), дем алудың да тоқтап қалуы мүмкін.

 

 Алдын алу шаралары: сіреспеге қарсы егу. Барлық зардап шеккендердің терілердің астына сіреспеге қарсы сыворотка және анатоксин жіберілуге тиіс. Емі емханаларда жүргізіледі.

 

 Газ гангренасы

 

 Бұл да анаэробты жара инфекциясына жатады. Жараға жарақаттанушы заттармен, ластанған киіммен, шаң-тозанмен түседі. Соңымен қоса, ауыр жарақаттанғанда, алғашқы хирургиялық көмекті дер кезінде жасамағанда, бұрауды аяқ-қолға көп уақыт қойғанда, дұрыс зардап шегушіні тасымалдамағанда газ гангренаның қоздырғышы қатпарланған жараға түсуі мүмкін. Бұған аурудың ауыр жағдайы да себеп болады: көп қан кету, жарақаттық шок, сәуле ауруы, ауыр жарақаттар.

 

 Қоздырғыштар жараға түсіп, өсіп-өнеді де некротоксин бөледі, бұл токсиндер өте ұлы келеді. Ауру 3-6 күннен кейін басталады. Жара сыздап қатты аурады, жараның шеті ыдырайып шығады. Жара өте құрғақ, түсі сұрғылт, кейіннен ісінеді. Сырқаттың ыстығы 38-39 градусқа дейін көтеріледі, ұйқысы бұзылады, тамыры жиі соғады, артериялық қысым төмендейді. Жағдайы нашарлайды, жараның маңындағы бұлшық ет жансызданады, қараяды, емдемесе ол ұлғая береді, тер астына газ жиналады, зақымдалған жер ісіп үлкейіп кетеді. Токсиннен бүкіл ағза ұланады да сырқат өліп кетуі мүмкін. Емдеуі: гангренаға қарсы сыворотка егу, жараны қайтадан хирургиялық тазарту арқылы өңдеу, антибиотиктер (пенициллин, стрептомицин) беру, қан және басқа ерітінділер (реополиглюкин, гемодез и т.б.) құю. Егер емі болыспаса онда ампутация жүргізу.

 

 Асептика және антисептика

 

 Асептика - жараны микробтардың зақымдануынан қөрғау шаралары. Олар алдын ала жасалынады. Микробтар жараға ауа, кір қол, жарамен түйісетін заттармен түседі, сондықтан ауаны тазарту, еденді хлор қосылған сумен жуу, ауаны үльтра күлгін сәулемен заласыздандыру, бөлмені жиі желдету, қолды жақсы жуып спиртпен тазарту, тырнақтың шетін йодпен өңдеу, шприцті, бинтті, мақтаны, дәкені, инструментті залалсыздандыру шаралары жатады.

 

 Антисептика - бұл жараға түскен таяқшаларды, микробтарды өлтіру немесе олардың тіршілігін әлсірету. Антисептика механикалық, химиялық, биологиялық және физикалық тәсілдермен жүргізіледі.

 

 Механикалық тәсіл - жараны жуу, тазарту, жарқаттанушы заттарды, ластанған киымді алып тастау жене алғашқы хирургиялық өңдеуден өткізу.

 

 Физикалық тәсіл - бұл жарадағы микробтарға қолайсыз жағдай жасау: жараны құрғату, іріңін, сары суын сыртқа шығару. Микробтарды күн сәулесі мен жасанды үльтра күлгін сәулесімен өлтіру шаралары жатады.

 

 Биологиялық тәсілге микробтарға қарсы дәрі - дәрмектер антибиотиктер, сульфаниламидтер, бактериофагтар, витаминдер жатады.

 

 Химиялық тәсілге микробтарға қарсы қолданылатын, жараны өңдейтін, тазартатын дәрі - дәрмектер жатады: йод тұнбасы, этил спирті, хлорамин, риванол, калий перманганаты, фурациллин сияқты антисептиктер.

Антисептика дегеніміз –  жарадағы және жалпы организмдегі микробтарды  жоюға арналған емдік профилактикалық  шаралар жиынтығы. Антисептиканың механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық түрлерін ажыратамыз.

 Механикалық антисептика  дегеніміз – жараның біріншілік  және екіншілік хирургиялық өңдеуден  немесе жараны жуудан тұрады. Жараны өңдеудің түрі жарақат  алудың уақытына байланысты. Операционды  бөлмеден тыс болған жаралардың  барлығы шартты инфицирленген  болып есептеледі. Микроорганизмедер  жарақаттан кейінгі 6-8 сағат ішінде  жара беткейінде, ал содан соң  лимфа тамырлары бойымен сау  ұлпаларға тарайды. Сондықтан  алғашқы 6-8 сағат ішінде біріншілік  хирургиялық өңдеу жасау керек.  Ол жараның шеттерін кесіп,  қан тоқтатып, жараны антисептикалық  ерітінділермен жіып, тігіс салудан  тұрады. Іріңденген жараларда өліктенген  ұлпаларды антисептиктермен жуады.  Бұндай жараларға тігіс салуға  болмайды. Олар өздігінен грануляцияланып  жарылады немесе жара тазарғаннан  соң екіншілік хирургиялық өңдеу  жасалады.

 Физикалық антисептика  дегеніміз – физикалық әсер  ету арқылы микроорганизмдердің  дамуына қолайсыз жағдай жасау,  яғни оларды өлтіру. Физикалық  антисептиканың негізгі мақсаттарының  бірі жарадан бөліністердің ағып  кетуін қамтамасыз ету. Ол үшін  марлілі салфеткалар, әртүрлі  дренаждар қолданылады. Сондай  ақ, физикалық антисептикада құрғату,  ультрафиалет шамдарымы, кварц  шамдары т.с.с қолданады.

 Химиялық антисептика  дегеніміз – ағзадағы және  жарадағы микроорганизмдерді химиялық  заттармен жою. Химиялық антисептиктерді  жергілікті, энтеральды және парентеральды  қолдануға болады.

 Биологиялық антисептика  дегеніміз – бұл биологиялық  заттар арқылы микроорганизмдерді  жою, немесе олардың өсіп өнуіне  қолайсыз жағдай жасау.Кейбір  биологиялық заттар микроорганизмге  кері әсер етсе, басқалары организмнің  оларға қарсы тұруын күшейтеді,  ал үшіншілері жарақаттанған  ұлпаларға әсер етіп, оларды ерітіп, жараның тазаруын жылдамдатады (сары  сулар, вакциналар, витамин, ферменттер).

 Органикалық емес қосындылар.


Информация о работе Асептика и антисептика