Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2014 в 23:20, творческая работа
Гипертониялық ауру немесе артериалды гипертензия — жүрек-қантамырлары жүйесінің ең кең тараған ауруларының бірі. Оның белгісі - тамыр тонусы реттелуінің бұзылуынан туған артериялық қысымның (гипертензия) көтерілуі. Гипертония ауруы көбінесе жүйке жүйесіне ұдайы күш түсуінен, психикалық зақымданудан, шамадан тыс артық тамақтанудан, жүріс-тұрыстың, жалпы қимылдың аздығынан болады.
Химиялық құрылымы әр түрлі болып келген
кальций антагонистері немесе кальций
каналдарының блокаторлары кальций каналдарының
қызметін реттейтін жасуша мембранасындағы
рецепторлармен байланысады. Артериалды
гипертония емінде дигидропиридиндер
тиімді болып табылады.
Дәрілік препараттар: фенилалкиламиндер - верапамил
(финоптин, изоптин); дигидропиридиндер
- нифедипин (коринфар, адалат, кордипин,
фенигидин, кордафен), нитрендипин (байпресс),
никардипин (баризин), нисольдипин, фелодипин
(плендил), исрадипин; бензодиазепиндер
- дилтиазем (дилзем).
ІV. ДИУРЕТИКТЕР
Зәр айдаушы дәрілік
заттар (диуретикалық
препараттар) – химиялық құрылымы әр түрлі
және әр түрлі қарқындылықта ағзадан су
мен натрийді шығарады.
Дәрілік препараттар: тиазидті диуретиктер (гидрохлортиазид,
хлорталидон, циклометиазид), «ілмекті»
диуретиктер (фуросемид, буметанид, клопамид,
этакрин қышқылы, индапамид, пиретанид),
карбоангидраза ингибиторлары (ацетазоламид),
осмостық диуретиктер (маннитол, мочевина),
калийсақтаушы (спиронолактон, триамтерен,
амилорид).
Антигипертензивті
терапияның жалпы принциптері
Антигипертензивті терапияны бір препаратпен
бастаған жөн. Егер нәтиже болмаса мөлшерін
жоғарлатады немесе екінші препаратты
қосады. Жеңіл және орташа дәрежелі гипертонияда
монотерапия 50-60% жағдайда тиімділік көрсетеді,
ал екі препаратты қосарлап қолдану 80%
жағдайда тиімді. Қалған жағдайда әсер
ету механизмі әр түрлі 3-4 препаратты тағайындау
қажеттілігі туындайды.
Бірінші қатардағы
дәрілік заттар:
α-адреноблокаторлар;
β-адреноблокаторлар;
кальций антагонистері;
ААФ ингибиторлары;
диуретиктер;
Қарттардағы артериалды гипертензия. Қарт адамдардағы артериалды гипертензия
қандағы ренин белсенділігінің төмендігімен
және шеткері қан тамырлары кедергісінің
жоғарылығымен сипатталады. Мұндай жағдайда
диуретиктер, кальций антагонистері, ААФ
ингибиторлары тиімді болып табылады.
Бірақ зерттеулер нәтижесі β-адреноблокаторлардың
да тиімділігін көрсетті.
Бүйрек аурулары кезіндегі
артериалды гипертензия. Жедел гломерулонефритте
қан қысымының жоғарлауы олигоурияға,
ағзада сұйықтықтың іркілуіне, гиперволемияға
байланысты. Шумақтық фильтрация жылдамдығының
50-60 мл/мин төмендеуі және жедел азотемия
фуросемидті тағайындауға көрсеткіш болып
табылады. (ішке 40 мг күніне 3 рет), қажет
болған жағдайда 200 мг күніне 3-4 рет. Гипертониялық
энцефалопатия дамыған жағдайда қан қысымын
тез әсер ететін артериалды вазодилятаторларды
тағайындау арқылы төмендетеді (гидралазин,
диазоксид).
Реноваскуляры гипертонияның емі жиі хирургиялық жолмен немесе бүйрек
артериясын катетрмен кеңейту арқылы,
сирек жағдайда дәрілік препараттармен
жүргізіледі. Гипотензивті препараттарды
таңдау гипертониялық аурудағыдай жүргізіледі.
Орташа және ауыр жағдайларда үш препаратты
тағайындайды (диуретик, β-адреноблокатор,
шеткері вазодилататор). Каптоприл жақсы
әсер көрсетеді (капотен).
Артериалды гипертензияның
эндокринді формалары. Бүйрек үсті
безінің ісігі салдарынан дамыған альдостеронизмде
ісікпен қоса бүйрек үсті безінің резекциясын
жасайды. Операция алдындағы дайындық
кезінде қан қысымын тұрақтандыру мақсатында
4-6 апта бойы спиронолактон 200 мг/тәу тағайындайды.
Операция жасауға қарсы көрсеткіштер
болса ұзақ әсерлі α-адреноблокаторлар
тағайындайды. (феноксибензамин гидрохлорид
- 40-200 мг/тәу). Синусты тахикардияда және
аритмияда пропранолол (20-60 мг/тәу) тағайындайды.
Белсенді емді қатерлі гипертонияда жүргізеді.
Бұл жағдайда препараттарды қосарлап
қолданады (диуретиктер-фуросемид, верошпирон,
симпатолитиктер-метилдопа немесе клофелин,
гуанетидин)
Жүктілердегі артериалды гипертензия. Себебі қандай болса да жүктілердегі гипертензия ұрық пен ана өліміне себепкер болатын қауіп факторына жатады. Ем жүргізу кезіндегі негізгі мақсат асқыныстардың алдын алып, ұрықтың қалыпты дамуына жағдай жасау. Таңдаулы препараттар болып метилдопа және окспреналол табылады. Бірақ метилдопамен емдеген кезде – депрессия, окспреналонмен емдеген кезде – астма дамуы мүмкін. Сонымен қоса аз мөлшерде клонидин, верапамил, лабеталол, празозин, нифедипин қолданылады.
Гипертония ауруынан адам бір жолата жазылып кету өте қиынға соғады, тек өмір сүру бағытын өзгерту және үнемі дәрігердің белгілеуі бойынша дәрі қабылдап отыру арқылы ғана қан қысымын бір мөлшерде ұстауға аурудың асқынуынан сақтануға болады. Сондықтан ең бастысы аурудың алдын алу, ол үшін: темекі шегу, ішімдікке салыну сияқты зиянды әдеттерден аулақ болу. Біздің дастарханымыздағы майлы, ащы, тұзды тағамдардың молдығы шектен тыс семіруге соқтырып қоймай, тамырларымыздың серпінді қызметіне де кері әсерін тигізеді, қан айналымы бұзылады. Әсіресе, гипертензия кезінде ас тұзының мәселесі өте күрделі, мұндай жағдайда ас тұзын дастарханымыздан алып тастау ең бірінші қажеттілік болып табылады. Бірақ басқа сау адамдар да жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу үшін осы қағиданы ұмытпағандары абзал, ал тұзды тағамдарды тек мерекелік дастарханға қойсақ жеткілікті. Адам ағзасындағы тұздың көп болуы бүйрек жұмысына кері әсерін тигізіп, ағзадағы сұйықтықтың сыртқа шығуына кедергі келтіреді, осылайша тамырларымыз бен жүрегімізге артық салмақ салады.
Артық дене салмағы да зиян екенін естен шығармаған жөн. Салмақтың азаюы тек қана артериялық қан қысымын төмендетіп қоймайды, холестерин мөлшерін азайтады және қан тамырларында атеросклероздық өзгерістерді төмендетеді. Мысалы: артық салмақты 5 кг – ға азайтса қан қысымы 5,4/2,4 ммсынбағ-на төмендейді. Сондықтан дене салмағын күнде таңертең өлшеп тұрған артық болмайды. Артық салмақ Кетле индексі бойынша есептеледі. Егер 25 тен жоғары болса артық салмақ, ал 30 дан жоғары болса семіру деп есептеледі. Сонымен бірге, жүрек-қан тамырлары жүйесіне тікелей әсер ететін тағамдар да кездеседі. Сондықтан күнделікті тамақтан қантты, тәттілерді, ұн – нан тағамдарын , малдың майын, сары май, майлы етті, қою шай, кофені, қою сорпаны шектеу қажет. Күніне 3 -4 рет тамақтану қажет. Соңғы тамақ ұйқының алдында 2 -3 сағат бұрын, ал ертеңгі тамақ пен кешкі тамақтың арасы 10 сағаттан артық болмауы керек. Тамаққа ас тұзы аз мөлшерде қосылуы керек. Әр адамға күніне 3,5 – 5г ( 1 шай қасық ) тұз жеткілікті.