Антигендердің жалпы сипаттамасы.Бактериялар мен вирустардың антигендері.Суперантигендер.Антигеннің адам организмінің иммунокомпонентт

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2013 в 18:55, реферат

Краткое описание

Антигендер - генетикалық бөтен зат ретінде иммунды жүйенің іске қосылуын қамтамасыз етеді,оны қызметтік белсенді жағдайға келтіреді,бұл антигеннің қолайсыз әсерін қалыпқа келтіруге бағытталған әртүрлі иммунологиялық реакциялар құбылыстарымен көрінеді.
Антигендер макроорганизмнің ішкі ортасына бактериялар, саңырауқұлақтар,қарапайымдылар,вирустар,жануарлардың жасушалары мен тіндері, сонымен қатар жасуша қабырғасы, цитоплазмалық мембраналар, рибосомалар,митохондриялар,
микроб токсиндері,гельминт экстрактары,көптеген жыландар мен аралардың улары,табиғи ақуыз заттар,бірқатар микроб текті полисахаридті заттар,өсімдік токсиндері т.б. болып келеді.

Содержание

I Кіріспе
II Негізгі бөлім

А)Антигендердің жалпы сипаттамасы…………………….2
Б)Антигендердің қасиеттері..................................................3

В)Антигендердің құрылымы.Түрлері.Қызметі..................4,5..11

С)Бактериялар мен вирустардың антигендері................12,13
Д)Антигендер макроорганизмге енген кезлегі процестері....14
Е)Адам организмінің антигендері..........................................9

III Қорытынды.................................................................................15
IV Пайдаланылған әдебиеттер.......................................................16

Прикрепленные файлы: 1 файл

Микробиология СРС.docx

— 90.19 Кб (Скачать документ)

          Антигеннің детерминанты – антиденелермен  және иммундыкомпонентті жасушалармен  танылатын оның бөлшегі. 

       Толық  антигендер өзінің құрамында  екі және  одан көп бір мағыналық  детерминантты топтардан тұрады, сондықтан олар екі валентті  немесе көп валентті. Толық емес  антигендер бір ғана детерминантты  топтарға ие,яғни бір валентті  деп аталады.

    Антигендіктің  негізгі шарты антигеннің ерігіштігі  болып табылады. Кератин – жоғары молекулалы ақуыз,бірақ ол коллоидты ерітінді болмағандықтан антиген бола алмайды.

               Адам ағзасының антигендері.

 Адам организмінің  тінінің аллоантигендік бар екендігін  1900жылы К.Ландштейнер дәлелдеген. Сол уақыттан бастап адам организмінде  алуан 

-9-

санды антигендердің түрі табылды. Бұл биологиялық объектілер бүкіл организмнің нәтижелі өсіп,жұмыс  атқаруы үшін қажет. Сонымен қатар,олар трансплантация кезінде ағзалап  мен тіндердің иммунологиялық сәйкесиігін  анықтау, клиникалық – лабораториялық диагноз қою және де ғылыми зерттеу  жұмыстарын үшін аса маңызды ақпарат  жеткізеді.

   Клиникалық тұрғыдан  топтыспецификалық аллоантагендердің  арасында ең қажеттілері мен  маңыздылары қан топтарының антигендері,  орган және тін спецификалықтарының  арасында  - қатерлі ісіктік эмбрилналды  антигендер болып табылады.

      Жартылай  гаптендер – ақуыз молекуласына  қосылған бейорганикалық радикалдар (йод,бром,нитраттық топтар,азот  т.б.),ақуыздың иммунологиялық спецификалығын  өзгертуі мүмкін. Мұндай йодталған  немесе бромдалған ақуыздар, йод  пен бромға сәйкес спецификалық  антиденелерді, яғни толық антигеннің  беткейінде орналасқан сол детерминанттарға  антиденелердің түзілуін тудырады.

       Гетероантигендер  – жануарлардың әр түрінде  кездесетін жалпы антигендер. Ең  алғаш бұл феномен Дж Форсман  тәжірибесінде байқалған,ол теңіз  шошқасы мүшесінің суспензияларымен  қояндарды иммунизацияланған.

-10-

   Проантигендер –  организмнің өзіндік ақуыздарымен  байланысып оны аутоантиген ретінде  сенсибилизациялайтын гаптендер.Мысалы, пенициллиннің ыдырау өнімдері  организмнің ақуызымен байланысып  антигендер болуы мүмкін.

 

     Аллоантиген  – бір түрі ішіндегі әртүрлі  антигендер. Қазіргі уақытта адам  эритроциттердің 70-тен аса антигендер  анықталған,олар 200000-жақын тіркесім  береді.

   Бактериялардың, вирустардың,саңырауқұлақтардың,қарапайымды  –

лардың  антигендері толық  антиген болып табылады. Химиялық құрамына,ақуыз,липидтер,олардың жиынтығының  саны мен сапасына сәйкес әртүрлі  микроорганизмдердің антигенділігі  әртүрлі. Сондықтан әрбір түр  антигенді мозаика болып қалады. Микроорганизмдердің антигендері  вакцина мен диагностикалық препараттарды  алу үшін,сондай-ақ микроорганизмдердің  идентификациясы мен индикациясына  қолданылады. Антигендер генетикалық  бөтендік зат ретінде иммунды  жүйенің іске қосылуын қамтамасыз етеді, оны қызметтік белсенді жағдайға келтіреді.

                      

   

-11-

 

Антигендердің қасиеттері:

 

1.Антигендік. Антигендік  дегеніміз ол антиген молекуласының  иммундық жүйе бөлімдерінің белсенділігін  арттырып және иммунитет факторларымен  спецификалық байланысқа түсу  қабілеті.Иммундық жүйенің бөлімдерімен  байланысуға антигеннің тек қана  белгілі бір бөлігі жауапты.  Антигеннің ол бөлігі  антигендік  детерминант немесе эпитоп

деп аталады.

  

2.Иммуногендік. Иммуногендік  дегеніміз ол антигеннің макроорганизмде  өзіне қарсы қорғаныс жауабын  туғызу мүмкіншілігі.

  Иммуногендіктің дәрежесі  әр түрлі факторларға байланысты. Факторларды үш топқа жатқызуға  болады:

1.Антигеннің молекулалық  ерекшелігі.

2.Антигеннің ағзадағы  клиренсі (тазартылуы,өңделуі)

3.Макроорганизмнің реактивтік (жауап қайтару)қабілеті.

    Иммуногендік  көбінесе антигеннің табиғатына  байланысты. Ең жоғары дәрежелі  иммуногендік қасиет ақуыздарда,плисахаридтерде  бар екені,ал нуклеин қышқылдары  мен липдтер,керісінше әлсіз иммуногендік  қасиетке ие екені әйгілі.

   Иммуногенділікке  антиген молекуласының химиялық  құрамы белгілі дәрежеде әсер  етеді.

    3.Спецификалық. Спецификалық  дегеніміз антигеннің тек қана  белгілі бір эпитопқа иммундық  жауап туғызу мүмкіншілігі. Бұл  қасиет иммундық жауаптың құрылу  кезіндегі ерекшелікпен байланысты,сондықтан  иммундық жауапты жасушалардың  рецепторлары тек қана бір  белгілі антигеннің эпитобына  жауап беруге арналған.

   4.Бөтендік. Антигендік  қасиет іске асу үшін ол  міндетті түрде бөгделі болу  керек. Бөгделік көрсеткішіне  байланысты, жүре пайда болған  иммунитет жүйесі биологиялық  әлемде аса қауіптілігі бар  генетикалық өзгеше қалыпта құрылған  антигендерді ажыратады.

   5.Макромолекулалық  топ. Антигеннің молекулалық салмағы  маңызды. Антигенділікке молекулалық  салмағы 5 – 10кД-дан аз емес  биополимерлер ие.

 

                 Бактериялардың антигендері.

 

  Бактерия жасушасының  құрылысында талшықтық,денелік,  капсулалық тағы басқа антигеннің  түрлерін ажыратылады.

  1.Талшықтық немесе  Н-антигендер,жылжытқыш аппаратта,

 

-12-

яғни олардың талшығында орналасады. Олардың химиялық құрамы – флаггелин атты ақуыздан тұрады. Қыздырған кезде флаггелин өзінің табиғи қасиетін жоғалтып,Н-антиген спецификалығынан айырылады.

  2.Денелік немесе О-антиген  жасушаның қабырғасымен байланысты  болады. Оның негізін липополисахаридтер құрайды. О-антиген темперетураға төзімді,сондықтан ұзақ уақыт қайнатқанға шыдайды.Бірақ, соматикалық антиген альдегидтер және спирттердің әсеріне өте сезімтал,аталған заттар оның құрылысын бұзады.

3.Капсулалық немесе К-антиген,  жасуша қабырғасының бетінде  орналасады.Капсула түзетін бактерияларда  кездеседі. К-антиген көбінесе  полисахаридтерден тұрады. Қыздыру  кезіндегі сезімталдығына байланысты  К-антигеннің үш түрі бар:

  1.Қыздыруға ең төзімдісі  А-түрі,ол ұзақ қайнатқанға шыдайды.

  2.В-түрі-1сағат 60градусқа  дейін қыздыруға төзімді.

  3.L-түрі бұл температурада шапшаң бұзылады.

Сондықтан К-антигенді жартылай жоғалту үшін бактерияларды ұзақ уақыт қайнату қажет.Жоғары дәрежелі вируленттілігі бар іш сүзегі ауруының және де энетробактериялардың тағы бір  түрлерінің жасуша қабырғасының  бетінде  капсулалық антигеннің ерекше нұсқа  түрі айқындалады.

    

Вирустардың антигендері.

Вирус бөлшегінің құрылысында  бірнеше түрлі антигендер тобы бар:

  1.Ядролық капсидтік;

  2.Суперкапсидтік.

Кейбір вирус бөлшегінің қабығының бетінде ерекше V –  антигендер – гемагглютинин және нейраминидаза ферменті кездеседі. Вирус антигендері шығу тегіне байланысты жіктеледі. Оның ішіндегі бір бөлігі – вирусоспецификалық. Олардың құрылысы туралы ақпарат вирустың нуклеин  қышқылында орналасқан. Вирус антигендерінің басқа түрлері қожайын жасушасының  құрамдас заттарынан тұрады

(көмірсу,сутегі,липидтер), олар  вирустың жаңа бөлшегі бүршіктеніп  құрылуы кезінде вирустың сыртқы  қабығымен қамтылып ұсталуына  байланысты қалыптасады.

    Вирустың антигендік  құрамы оның құрылысына байланысты. Құрылысы қарапайым вирустардың  антигендік спецификалығы рибо- және дезоксирибонуклеопротеидтермен  тәуелді. Ол заттар суда жақсы  ерітілетіндігінен S – антиген(латынша  solutio – ерітінді) деп аталады.

   Вирустардың көбінің   антигендеріне жоғары дәрежелі  өзгергіштік тән. Ол вирустың  генетикалық аппаратында үнемі  өтіп отыратын мутациялық процестерімен  байланысты. Мысал ретінде тұмау  және АИВ вирустарын келтіруге  болады.

-13-

Суперантиген — макрофапармен өңделген антиген. РНК-антиген комплексін жасайды, алғашқы антигенге карағанда иммуногендік қабілеті кушті болады

        Антигендер  макроорганизмге  енген кездегі    процестер.

 

   Антигендердің организмге  енуі және олардың иммундық  жүйемен кездесуі сатылап өтіп, біраз мерзімге созылады. Антиген  ағзаға кірген және тараған  кезеңдерінде иммунитеттің организмде  кең тараған әр түрлі факторларының  қуатты қарсыласуымен үнемі кездесіп  отырады.

 Олар организмнің өз  бойынан (эндогендік шығу тегі), не тыстан (экзогендік шығу тегі) тарауы мүмкін. Шығу тегі бойынша  экзогендік антигендер организмге  мынандай жолдармен енуі мүмкін:

  1)Тері және шырышты  қабықша арқылы(жара,микрожарақат,ж»ндік  шағуы,қасыну);

2)Ішек – қарын жүйесі  арқылы сіңірілуі(эпителиалдық жасушалардың  эндоцитозы);

3) Жасуша арасындағы саңлау  арқылы (аяқталмаған фагоцитозда,не  болмаса жасуша ішінде өсетін  облигаттық паразиттердің көмегімен);

4)Тікелей жасуша арқылы(жасуша  арқылы тарайтын облигатты паразиттер,мысалы  – вирустар).

   Антиген организмде  лимфа(лимфогендік жол) және қанмен(гемотогендік  жол) басқа ағзаларға, тіндерге  тарайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-14-

Қорытынды

  Антигендер - генетикалық бөтен зат ретінде иммунды жүйенің іске      қосылуын қамтамасыз етеді,оны қызметтік белсенді жағдайға    келтіреді,бұл антигеннің қолайсыз әсерін қалыпқа келтіруге бағытталған әртүрлі иммунологиялық реакциялар құбылыстарымен көрінеді.

  Антигендер макроорганизмнің ішкі ортасына бактериялар, саңырауқұлақтар,қарапайымдылар,вирустар,жануарлардың жасушалары мен тіндері, сонымен қатар жасуша қабырғасы, цитоплазмалық мембраналар, рибосомалар,митохондриялар,

микроб токсиндері,гельминт экстрактары,көптеген жыландар мен аралардың улары,табиғи ақуыз заттар,бірқатар микроб текті  полисахаридті заттар,өсімдік токсиндері т.б. болып келеді. Антигендік қасиеті  ағза үшін генетикалық бөтен болып  табылатын биополимерлердің құрылымдық ерекшелігімен анықталады.Олардың  көпшілігі бірнеше антиген түрлерінен тұрады. Табиғаттағы антигендер саны көптеген антигенді емес субстанциялардың басқа заттармен байланысы кезінде  антигендік қасиетінің пайда болуы  нәтижесінде жоғарылыйды.

     Қатерлі  ісік жасушалары қалыпты жасуша  антигендерінен ажыратылатын антигендерден  тұрады,бұл ісіктердің иммунды  диагностикасында қолданылады. 

 

 

 

 

-15-

  Пайдаланылған әдебиеттер:

Поздеев А.В. Медицинская микробиология //М.Медицина, 2004, 382с.

Воробьев А.А., Микробиология //М. Медицина, 2008 г.

Коротяев А.И., Бабичев С.А. Медицинская  микробиология, иммунология и вирусология. 1998г.

Лауреаты Нобелевской премии: Энциклопедия: Пер. с англ.– М.:Прогресс, 1992. © The H.W. Wilson Company, 1987

 
Ярилин А. А. Основы иммунологии. — М., 1999.

 
Плейфер Д. Наглядная иммунология // М: ГЭТАР Медицина, 1999. – 95с.

 
Бактерийные, сывороточные и вирусные лечебно-профилактические препараты. Аллергены. Дезинфекционно-стерилизационные режимы поликлиник. Справочник практического  врача. / Под ред. Н.А.Озерецковского, Г.И.Останина // С-Петербург: Фолиант, 1998г. – 510с.

 
А.Н.Маянский Микробиология для врачей,- Нижний Новгород : изд - во НГМА, 1999.

 
Проблемы инфектологии / Под ред. С.В.Прозоровского.- М., 1991.

 
Клиническая иммунология / Под ред.Е.И.Соколова.- М., 1998.

 
Ярилин А.А. Основы иммунологии.- М.: Медицина, 1999.

 
Галактионов В.Г. Иммунология - М.: Изд-во МГУ. 1998.

Б.А.Рамазанова, Қ.Құдайбергенұлы «Медициналық микробиология»

 Алматы 2010ж;

2.Ү.Т.Арықпаева, Г.Д.Асемова,  К.Х.Алмағамбетов, Н.М.Бисенова,   С.К.Бисимбаева, Н.Б.Рахметова, Қ.Б.Қойшебаева, Н.В.Калина, Ғ.М.Сейтғалиев  «Микробиология  және Виорусология» Астана 2005ж.

3.Интернет «Google»

 

 

 

 

 

 

-16-

«Астана Медициналық Университеті»

Кафедра Санитарлық микробиология негіздері.Қоршаған орта микрофлорасы

 

 

 

 

Тақырыбы: Антигендердің жалпы сипаттамасы.Бактериялар мен вирустардың антигендері.Суперантигендер.Антигеннің адам организмінің иммунокомпонентті клеткаларымен өзара байланысы.

 

                    Орындаған:Нұрбек.Ж.Н

                                                 Тобы: 215 ЖМ

                                                 Тексерген:  Рахметова.Н.Б

                                       

                                             Астана 2012жыл


Информация о работе Антигендердің жалпы сипаттамасы.Бактериялар мен вирустардың антигендері.Суперантигендер.Антигеннің адам организмінің иммунокомпонентт