Антиген и антитела

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2013 в 18:40, лекция

Краткое описание

АД-ің химиялық құрамы: озара дисульфидті (~S-S) көпіршемен байланысқан полипептидті тізбекшеден тұратын гликопротеидтер. Бірдей екі жеңіл (L) және бірдей екі ауыр (H) тізбекшесі болады. FaB-фрагменті – антигенмен байланысады. Fc (кристалданушы) фрагменті – макроорганизм жасушасының мембранасындағы рецепторлармен және кейбір микробтардың суперантигенімен жабысуға жауапты. Бір ауыр және бір жеңіл тізбекшелердің шетінде АД-нің белсенді орталығы (активный центр) болады. Бұл орталық тиісті АГ-дің детерминантты тобына сәйкес келеді.

Содержание

Иммундық жауаптың түрлері.
Антиденелер (АД), анықтамасы.
АД-ің құрылысы.
Иммундыглобулиндердің (Ig) сыныптары. Қысқаша сипаттамасы.
АД-ің даму фазалары. Біріншілік және екіншілік иммунды жауап.
АД түзілуі туралы теориялар.
АГ+АД реакциялары.
Серологиялық зерттеу әдістері.

Прикрепленные файлы: 1 файл

9-дәріс_Антигены и антитела.ppt

— 915.50 Кб (Скачать документ)

8 - Дәріс: Антиденелер. Иммунды глобулиндердің сыныптары. Антиген (АГ) – антидене (АД) реакциялары. Серологиялық зерттеу әдістері.

 

Дәріскер

мғк доцент Тәуірбаева Нұргүл  Тәуірбаевна

Дәріс жоспары:

 

  • Иммундық жауаптың түрлері.
  • Антиденелер (АД), анықтамасы.
  • АД-ің құрылысы.
  • Иммундыглобулиндердің (Ig) сыныптары. Қысқаша сипаттамасы.
  • АД-ің даму фазалары. Біріншілік және екіншілік иммунды жауап.
  • АД түзілуі туралы теориялар.
  • АГ+АД реакциялары.
  • Серологиялық зерттеу әдістері.

Антигендер (АГ) организмге  енгенде оған қарсы иммунды  жауап әр түрлі болуы мүмкін:

 

  • АД синтезделуі.
  • Иммунды фагоцитоз.
  • ЖЖТ (ГНТ) және ЖСБТ (ГЗТ) – аллергия.
  • Иммунологиялық жад (память).
  • Иммунологиялық толеранттылық.

   Жұқпалы ауруларға қарсы тұруда спецификалық иммунитеттің, яғни спецификалық иммунитет факторы – антиденелер пайда болудың маңызы күшті.

  Антиденелер – антигендердің әсерінен организмде пайда болатын және онымен өзара әрекеттесетін спецификалық гамма-глобулиндер (иммундыглобулиндер).

Антиденелердің құрамы  және құрылысы.

 

    Иммундыглобулиндердің құрылымын зерттеп анықтаған ғалымдар – Р.Портер, Д.Эдельман.

    АД-ің химиялық құрамы: озара дисульфидті (~S-S) көпіршемен байланысқан полипептидті тізбекшеден тұратын гликопротеидтер. Бірдей екі жеңіл (L) және бірдей екі ауыр (H) тізбекшесі болады. FaB-фрагменті – антигенмен байланысады. Fc (кристалданушы) фрагменті – макроорганизм жасушасының мембранасындағы рецепторлармен және кейбір микробтардың суперантигенімен жабысуға жауапты. Бір ауыр және бір жеңіл тізбекшелердің шетінде АД-нің белсенді орталығы (активный центр) болады. Бұл орталық тиісті АГ-дің детерминантты тобына сәйкес келеді.

Антидененің құрылымы

 

Екі тізбекшеден тұрады:

    - 2 ауыр

    - 2 жеңіл

Әрбір тізбектің 2 бөлігі  болады:

   - тұрақты

   - вариабельд

АД классификациясы

 

  • Толықты (полные) - екі одан да көп белсенді орталығы болады.
  • Толықсыз (неполные) - бір активті орталығы болады.
  • Табиғи (қалыпты) - дені сау адамдардың сарысуында болады.

        Қандай объектіге қарсы әсер етуіне байланысты: антитоксиндік, антивирустық, антибактериялық т.б.

       Серологиялық реакцияларға қатысуына қарай: агглютининдер, преципитиндер, комплементбайланыстырушы т.б. АД-ің барлығы иммундыглобундер болып табылады.

Иммундыглобулиндер (Ig) класы. Жалпы сипаттамасы.

 

Ig-дің класқа, класшаға, типтерге  бөлінуі олардың L және H  тізбекшелерінің антигендік спецификалығына  негізделген. Бес класқа (сыныптарға)  бөлінеді:

Ig A, Ig M, Ig G, Ig  E, Ig D

Ig G – молекулалық массасы-160000 (дальтон); белсенді ортасы-2; сарысулық Ig-дің -70%; плацента арқылы өтеді; жартылай ыдырау кезеңі -3 апта; негізгі қорғаушы АД.

Ig M – молекулалық салмағы-900000; активті орталығы-5; сарысулық Ig-ің - 7-8%; жартылай ыдырау кезеңі -5 күн; АГ-ге қарсы ең алғашқы пайда болатын АД; күшті агглютининдер және комплементті белсендіретіндер.

Ig А – молекулалық салмағы-170000-350000; активті орталығы-2-6; сарысулық Ig-дің 15%, секреторлық – 80%; жартылай ыдырауы-6 күн; шырышты қабаттарды жергілікті қорғау қызметін атқарады.

Ig E – молекулалық салмағы-200000; активті орталығы-2; сарысулық Ig-дің 0,02%; жартылай ыдырау кезеңі -2 күн; ЖСЖТ (ГНТ-аллергия) дамытуға қатысады; өте жоғары цитофилдік қабылеті бар (Ig E-нің Fc фрагменті рецепторлары бар семіз жасушаларға, базофилдерге жабысу).

Ig D – молекулалық салмағы-180000; активті орталығы-2; сарысулық Ig-дің – 0,2%; жартылай ыдырау кезеңі -3 күн;аутоиммунды процестерге қатысады; лимфоциттардың рецепторлары.

АД-ің даму фазалары. Біріншілік  және екіншілік иммундық жауап.

 

   АГ енгеннен кейін АД бірден пайда болмайды. АД түзілуінің екі фазасы болады: индуктивті және өнімді (продуктивті), олар бірнеше кезеңнен турады:

 

  • Латентті кезең
  • Log-фаза
  • Плато (бір қалыпқа келу)
  • Азаю (төмендеу) фазасы

Біріншілік иммундық жауап –  
АГ-мен бірінші рет кездескенде пайда  
болады, бірнеше этаптан тұрады:

 

  • Латентті кезең (АГ-мен жанасқаннан алғашқы иммундық реакция басталғанға дейінгі уақыт).
  • Алғашқы күндерде Ig M өндіріле бастайды.
  • Екінші аптаның соңында Ig G, кейінірек Ig A синтезделеді.
  • В-лимфоциттердің бір бөлігі есте сақтау (память) жасушалары болып қалыптасады.

Екіншілік иммунды жауап –  
сол АГ-мен немесе соған ұқсас  
АГ-мен қайталап жанасқанда  
(контакт) қалыптасады.

 

  • Латентті кезеңі қысқа.
  • АД саны логарифмдік прогрессиямен көбейеді.
  • Ig G класына жататын АД-ді ертерек өндіре бастайды.

Біріншілік және екіншілік  иммундық жауап динамикасы

Антиденелердің түзілуі (пайда  болуы) туралы көптеген тарихи теориялар бар. Негізгілеріне мыналар жатады:

  • Төте және жанама матрицалар теориясы (Эрлих, Гамалея).
  • Клональды - селекциялық теория (Бернет).

    Соңғы теория бойынша АГ-нің әсерінен тиісті жасушалардың спецификалық клондары іріктеліп алынады және оралдың көбеюі жылдамдайды.

    Антигенмен антиденалар

арасында жүретін реакциялардың 

       спецификалығы өте қатал.

   

   Олар АГ молекуласындағы детерминантты топтардың АД молекуласындағы белсенді орталыққа (активный центр) дәлме-дәл сәйкес болуына негізделген. Осы заңдылықтың негізінде медициналық күнделікті тәжірибеде әр-түрлі серологиялық (иммунологиялық) реакциялар қолданылады.

АНТИГЕН+АНТИДЕНЕ кешенінің  түзілуі

Серологиялық реакциялар (зерттеу әдістері)

 

АР - агглютинациялық реакциялар

ПР - преципитациялық реакциялар

КБР - комплемент байланыстырушы  реакциялар

ЖГАР - жанама гамагглютинациялық  реакциялар

ИФР – иммунды-флуоресцентті  реакциялар (төте және жанама)

БР - бейтараптау реакциялары

ФР - флокуляциялық реакциялар

ИФТ – иммунды-ферментті талдау  реакциялар

РИТ – радио-иммунды талдау  реакциялар ж.т.б.

Серологиялық зерттеу  әдістерін мынадай мақсатта қолданады:

 

  • Зерттелетін заттан микробтың таза дақылын бөліп алып, идентификациялау үшін.
  • Антитоксиндік сарысулардың, анатоксиндердің күшін - әсер ету бірлігін (ӘБ-ЕД) анықтау үшін.
  • Науқастың организмінде тиісті микробқа қарсы пайда болған АД-ің деңгейін (титрын) анықтап диагноз қою үшін.

Үш жасушалық кооперация

НАЗАР АУДАРЫП ТЫҢДАҒАНДАРЫҢЫЗҒА  РАХМЕТ!


Информация о работе Антиген и антитела