Анализаторлардың жас ерекшелік физиологиясы мен гигиенасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2013 в 10:31, реферат

Краткое описание

Анализаторлар туралы жалпы түсінік. Сыртқы және ішкі орталардың әсерлерін қабылдап, талдап, талқылайтын, олардың жағдайлары туралы сезім тудыратын мүшелер жүйесін анализаторлар немесе анализаторлар дейді.
Организмде жеті түрлі анализаторлар бар: көру, есту, иіс, тері, қозғалыс, дәм және висцеральды (лат. висцералис - ішкі мүшелерге қатысты), яғни ішкі мүшелерге байланысты жүйе.
Барлық анализаторлар 3 бөлімнен тұрады : 1) сезгіш немесе перифериялық бөлім, шеткі немесе рецепторлық бөлім деп те атайды; 2) өткізгіш бөлім, сезгіш нерв деп те аталады; 3) орталық, немесе қыртыс бөлімі, яғни ми қыртысындағы сезім орталықтары, сезім аймақтары деп те аталады.

Содержание

Кіріспе.
Негізгі бөлім.
Анализаторлар туралы жалпы түсінік.
Анализаторлардың ортақ қасиеттері.
Көру анализаторы.
Көру анализаторының жас ерекшелігі.
Дыбыс анализаторы.
Дыбыс анализаторының жас ерекшелігі.
Есту анализаторы.
Есту анализаторының гигиенасы.
Қорытынды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Нургожаев СРС.docx

— 43.20 Кб (Скачать документ)

  Мектепке дейінгі балалар мекемелеріндегі айқай-шудың мөлшері — 40-100 децибел, ал мектеп бөлмелеріндегі айқай-шу одан артығырақ болады. Ер балалардың шеберханасындағы шудың шамасы 60-110 децибел, сынып бөлмесінде — 40-90 децибел. 40 децибел шамасындағы шу балаларға зақым келтірмейді. 50 децибелден асқанда балалардың еңбек қабілеті төмендейді. Әсіресе 60 децибелдегі шу оқушылардың зейінін төмендетіп, еңбек қабілетін нашарлатады. Осыған байланысты баланың еңбек шеберханасында шулы жұмыс пен көп шұғылданбағаны жөн .

  Есту кемшіліктерінің алдын алу үшін дыбыс гигиенасының талаптарын орындау қажет. Әсіресе мектепте гигиеналық талаптарды сақтаудың маңызы зор. Мектептегі шуды азайту үшін оның ауласының көше жақ бетіндегі жерді қорғаныс аймағына айналдырып, оған 5 қатар ағаштар мен бұталар отырғызады. Жапырақты биік ағаштар мен бұталар сыныпқа көшеден келетін шудың мөлшерін 1,5-2 есе азайтады. Қауіпсіздік аймағының ені 6 метрден, мектеп үйінің көлік жолынан қашықтығы 25 метрден кем болмауы тиіс. Гигиеналық талапқа сай сынып кабинеттерінің есігі тығыз жабылса, бөлмеге кіретін шудың мөлшері  5-7 децибелге азаяды.

  Есту қабілеті төмен оқушыларды алдыңғы қатардағы парталарға отырғызған жөн. Мектеп үйінің шулы болмелерін, айталық спорт залы, шеберханалар негізгі оқу болмелсрінен болек әрі алыс орналастырылады. Олардың қабырғасын қалың, есігін шу шығармайтындай етіп орнату керек. Балалар жұмыс  істеп жатқан шеберханаларда, шулы жерлерде әр 30-50 минөт сайын 10-15 минутке созылатын үзіліс жасау керек.

  6-7 жаста мектепке барар алдында емханаларда баланың есту қабілетін тексереді, балалар бақшасына баратын балаларды мектеп алдындағы тексеру кезінде балалар бақшасының комиссиясы тексереді. Содан кейін 4-5-ші, 7-ші, 8-ші, 9-шы сыныптарда баланың дыбыс есту қабілетін бала дәрігері анықтап отрығаны жөн. Баланың есту қабілетін сақтауда мұғалімнің сөйлеу ерекшеліктерінің әсері күшті. Сондықтан мұғалім, әсіресе бастауыш сыныптарда асықпай, ақырын, мәнерлеп сөйлегені дұрыс. Мұғалімнің әр сөзі анық болуы керек. Бастауыш сыныптарда мұғалімнің сөзі көрнекі құралдарды  пайдалану арқылы оқушылардың есту қабілетін жеңілдетеді. Ұзақ  уақыт ақырын, біркелкі дауыспен сөйлегенде баланың есту орталығы тез шаршап, қызмет қабілеті төмендейді, қорғаныс тежелуі пайда болады. Бастауыш сыныптағы оқушылардың есту қабілетіне ұзақ  уақыт қатты дауысты теледидар, музыка аспаптарының дыбыстары күшті әсер етеді. Кішкентай балаларға құлаққа киіп тыңдайтын аспапты пайдалануға болмайды.

  Дыбыс есту қабілеті жарықтың әсерінен күшейеді, сондықтан музыкалық әуендердің дыбыстарын күшейте түсу үшін, оны жақсы қабылдау үшін ойын-сауық орындарында, концерт залдарында түсті жарықты кеңінен қолданады. Мұнымен қатар қатты дауыстағы музыка адамның жүйке жүйесіне, әсіресе коңіл күйінің қалпына күшті әсер етеді. Сондықтан музыка аспаптарының дыбысын тым қатты қойып, ұзақ  тыңдауға болмайды. Музыканы қатты қойып тыңдаумен әуестенген жастардың ішінде, әсіресе 1-15 жастағы кереңдер саны кобеюде. Қатты дауысты музыканы тындау мөлшері 7-10 жаста — жарты сағаттай, 11-16 жаста 1-1,5 сағат, 17-20 жаста 1,5-2 сағаттан аспауы тиіс. Музыка аспаптарының қатты дауыстары кейбір мамандықтар үшін аса зиянды. Айталық, көлік жүргізушілер үйықтап қалмас үшін музыка ойнатады, бірақ оның шуы 40-60 децибелден аспауы тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Пайданылған әдебиеттер:

 

1. К. Дүйсенбин. Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы. А., 2003ж.

2. Ж.Д. Демеуов. Мектеп жасына дейінгі балалардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы. А., 1995ж.

3. С. Жұмабаев. Жас ерекшелік  физиологиясы мен мектеп гигиенасы.  А., 1996ж. 

4. М.Т. Матюшонок. Балалар мен жасөспірімдер физиологиясы мен гигиенасы. А., 1986ж.

         5. М.. Нұрышев «Адам анатомиясы» оқулық, А.Қарасай, 2006 348 бет

6. З.М. Алиакбарова. Мекиеп гигиенасының  негіздері. Алматы, Абай атындағы  АлМУ. 1985

7. З.М. Алиакбарова. Мектеп жасындағы  балалардың анатомиясы, физиологиясы  және мектеп гигиенасы. Алматы, РБК, 1993

 

 


Информация о работе Анализаторлардың жас ерекшелік физиологиясы мен гигиенасы