Алюминийлік өкпе

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2014 в 14:01, творческая работа

Краткое описание

Алюминиоз - алюминий буының және алюминий металы мен оның қоспаларының әсерінен дамитын пневмокониоз. Бұл металл алюминийлі қола, жез және ұшақтар құрылысында және дюраль өндірісінде, түрлі бұйымдар мен ыдыс-аяқ, пиротехникалық және бояулық ұнтақтар даярлау үшін қолданылады. Алюминийлі ашутастар мата өндірісінде пайдаланылады. Ауыр әсерлі алюминиоз алюминийлі бояуларды бүркетін және алюминийлі пиротехникалық ұнтақтарды даярлайтын жұмысшыларда, алюминийді бокситтен электролиз тәсілімен ажыратқанда, жасанды аброзивтер өндірісінде кездеседі. Кейбір кісілерде бұл ауру өте жедел дамып, алюминий өндіріснде 1-2 жыл жұмыс істегеннің өзінде-ақ өкпесі ауыр зақымдалып үлгереді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Алюминиоз.ppt

— 572.00 Кб (Скачать документ)

Алюминиоз

 

  • Алюминиоз («алюминийлік өкпе») - алюминий буының және алюминий металы мен оның қоспаларының әсерінен дамитын пневмокониоз.

 

Алюминиоз

 

  • Бұл металл алюминийлі қола, жез және ұшақтар құрылысында және дюраль өндірісінде, түрлі бұйымдар мен ыдыс-аяқ, пиротехникалық және бояулық ұнтақтар даярлау үшін қолданылады. Алюминийлі ашутастар мата өндірісінде пайдаланылады.

 

Алюминиоз

 

  • Ауыр әсерлі алюминиоз алюминийлі бояуларды бүркетін және алюминийлі пиротехникалық ұнтақтарды даярлайтын жұмысшыларда, алюминийді бокситтен электролиз тәсілімен ажыратқанда, жасанды аброзивтер өндірісінде кездеседі. Кейбір кісілерде бұл ауру өте жедел дамып, алюминий өндіріснде 1-2 жыл жұмыс істегеннің өзінде-ақ өкпесі ауыр зақымдалып үлгереді.

 

Патологиялық анатомиясы

 

  • Өкпенің аралық тінінде, әсіресе альвеолааралық перделерде, бронхылар мен ќан тамырларының төңірегінде түрлі көлемді склероз аймақтары пайда болады. Дәнекер тініне аз ғана жасушалар жиналып, оның әр жеріне лифоциттер мен плазмоциттер шоғырланады. Зақымдалмаған альвеолалардың саңылауында алюминийлі макрофагтар болады. Көбіне бронхэктаздар қалыптасып, лимфалық түйіндер шамалап ұлғайып, қатаяды, кесіндісі қара сұр түсті тінінде бозғылттау ақ түсті дәнекер тіндік жолақтар түзіледі.

 

 

 

  • Жүректің оң жақ қарыншасы қалыңдап, жалпы көлемі ұлғаяды, плазмоциттер шоғырланады. Зақымдалмаған альвеолалардың саңылауында алюминийлі макрофагтар болады. Көбіне брохэктаздар калыптасып, өкпенің жиегінен эмфиземалы ошақтар байқалады. Бифуркациялық лимфалық түйіндер шамалап ұлғайып, катаяды, кесіндісі қара сұр түсті тінінде бозғылттау ақ түсті дәнекер тіндік жолақтар түзіледі. Жүректің оң жақ карыншасы қалыңдап, жалпы көлемі ұлғаяды.

 

 

Өкпе бириллиозы

 

  •  Өкпе бириллиозы — берилий металы (Ве) мен бериллий тотығы (ВеО) және бериллий фториды (ВеF2) сияқты берилийдің басқа да қоспаларының шаңы мен буының әсерінен дамитын пневмокониоз. Бериллий мен оның қоспалары өте уытты.

 

Өкпе бириллиозы

 

  • Бериллиозбен бериллий кенінің немесе оның балќыѓан коспаларының әсерінен бериллий өндірісіндегі жұмысшылар жиі ауырады. Бериллий, магний, мыс, алюминий ерітінділерінің қоспалары үйкелістен от ұшқындатпайтын әрі өте берік тетіктерді өндіру үшін қажет, сондықтан бериллий аспап жасау және авиациялық техника өндірісінде кең қолданылады. Бериллий α-бөлшектері мен γ-сәулесінің әсерінен нейтрондар бөлетіндіктен, нейтрондар көзі ретінде де қолданыс табады.

 

Патогенезі.

 

  •  Бериллийдің әсерінен организмде зат алмасу үдерісі бұзылып, аутоиммундық үдерістер өрістейді. Бұл аурудың негізгі патогенездік механизмдерінің бірі — сенсибилизация. Өйткені, бериллий қоспаларының гаптендік қасиеті бар, сондықтан организм сенсибилизацияланып, бериллиозбен сырќаттардың мүшелерінде гранулемалар қалыптасады

Патологиялық анатомиясы

 

  • Бериллиоздың 2 нысаны бар: жедел және созылмалы. Жедел бериллиозбен сырќаттар пневмония дамып, экссудатта альвеолалық эпителий, лимфоциттер мен плазмоциттер, лейкоциттер мен эритроциттер көп болады. Бериллиоздың соңғы кезеңінде алвеолалардың пердесі мен саңылауында милиарлық түйіншектер — берилийлік гранулемалар қалыптасады.

  

 

  • Алғашқы кезде гранулемалар гистиоциттер мен эпителиоидтық жасушалардан және бірен-саран лимфоциттер мен плазмоциттерден, Ланханстың алып жасушалары мен бөгде денелік алып жасушалардан кұрылады. Ақырғы кезеңінде аргирофильдік және коллагендік талшықтар түзіліп, гранулема склероздық түйіншекке айналады.

 

 

  

 

  • Гранулемада конхоидтық (қабыршықты) денешіктер деп аталатын құрылымдар (темірді анықтайтын реакция болымды) болады, олардың диаметрі 100 мкм-дей.
  • Созылмалы бериллиозбен сырќаттардың өкпесіндегі аралық тінде склероз өрістеп, милиарлық гранулемалар түзіледі (гранулемалы созылмалы бериллиоз). Кейде гранулемалар тым көбейіп (милиарлы бериллиоз), бірігіп, сұрғылт ақ түсті ірірек түйіншектерге айналады; олардың диаметрі 2 мм-дей, кейде - 1,5 см-дей.

 

  

 

  • Кеңірдектің бифуркациясы тұсындағы және өкпенің түбірі мен мойындағы лимфалық түйіндердің кесіндісі ақшыл сұр, сарғыш немесе қара түсті болып, тінінен гранулемалар байқалады. Бір ерекшелігі - бұл гранулемаларда некрозды және ізбесті ошақтар болмайды. Гранулемалар бауыр мен талақта да қалыптасады. Кейде бериллий терініњ заќымдалѓан жерлері арќылы өтіп, шел майда түйіндер түзіледі. Ол түйіндердің орталығын некроз шарпып, туберкулезге ұқсастық байқалады.

 


Информация о работе Алюминийлік өкпе