Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2014 в 06:01, творческая работа
Осы күнгі физиология ғылымының өзекті мәселелерінің бірі - адамның психикалық (психо—жан) , іс - әрекетінің негіздерін анықтау. Қазіргі кезде үлкен мидың он, және сол жарты шарларының Әрекеттік айырмашылығы, сезім жүйелерінің, таным, түйсік, тіл, сана процестерінің, ұйқы, сезініс, мотивация іспетті психикалық әсерленістердің физиологиялық механизмдері кеңінен зерттеліп, айтарлықтай нәтиже алынды.
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Ықылас түрлеріне түсініктеме
2. Эмоция ерекшеліктері
3. Сана туралы түсінік
4. Туйсіну ерекшеліктері
5. Ойлау мен сөйлеу сипаттамалары
6. Есте сақтау туралы мағлұмат
7. Зейін және оның түрлері
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
“ Астана медицина университеті” АҚ
«Физиология» кафедрасы
Адамдардың жоғарғы психикалық қызметтер ерекшеліктері
Астана-2013 жыл
Жоспары
1. Ықылас түрлеріне түсініктеме
2. Эмоция ерекшеліктері
3. Сана туралы түсінік
4. Туйсіну ерекшеліктері
5. Ойлау мен сөйлеу
сипаттамалары
6. Есте сақтау туралы
мағлұмат
7. Зейін және оның
түрлері
Кіріспе
Осы күнгі физиология ғылымының өзекті мәселелерінің бірі - адамның психикалық (психо—жан) , іс - әрекетінің негіздерін анықтау. Қазіргі кезде үлкен мидың он, және сол жарты шарларының Әрекеттік айырмашылығы, сезім жүйелерінің, таным, түйсік, тіл, сана процестерінің, ұйқы, сезініс, мотивация іспетті психикалық әсерленістердің физиологиялық механизмдері кеңінен зерттеліп, айтарлықтай нәтиже алынды.
Адамның психикалық әсерленісінің физиологиялық негіздері мен заңдылықтары И. M. Сеченов пен И. П., Павловтың ұғыну ілімі арқылы айқындалады. Психикалық әсерленістер физиологиялык құбылыстармен тығыз байланысты дербестігі бар процестер.
Ықылас түрлеріне түсініктеме
Ықылас – организмнің тітіркенуге жауап беру даярлығын көрсететін оның сергектік белсенді күйі.
Ықылас ерікті және еріксіз болып 2-ге бөлінеді.
Еріксіз ықылас – туа біткен жүйе тетіктері арқылы жүзеге асырылатын құбылыс.
Ерікті ықылас – адам психикасын мақсатты жұмылдыратын және жанама түрде болатын әлеуиеттік дамудың жемісі.
Эмоция ерекшеліктері
Эмоция – мінезді
бағыттау және жүзеге асыру
амалдарын жасайтын
Эмоция түрлері
Биологиялық эмоция – әртүрлі тіршілік мұқтаждықтарын қанағаттандыру немесе өтей алмау әрекеттерімен байланысты болады.
Жоғары эмоция – әралуан рухани әрекеттерінен туады.
Кідірген эмоция – жеке адамның кейбір себептерімен, эмоциялық көріністерін тежеу нәтижесінде байқалады.
Жағымсыз эмоция – қандай болса да бір қажеттілік қанағаттандырылмаған жағдайда ұнамсыз күйзеліс түрінде кездеседі.
Жағымды эмоция – мұқтаждық қанағаттандырылған кезде болатын сүйкімді әсерленушілік
Сана туралы түсінік
Сана –
болмысты бейнелеудің ең жоғарғы сатысы.
Сана арқылы адамның қоршаған әлемнен
қарым-қатынасы мақсатты түрде реттеледі. Сана – адам миының
ең жоғары деңгейдегі қызметі.
Кейде адам кейбір
іс-әрекеттерін сананың бақылауынсыз-ақ
орындай алады. Мысалы, әбден дағдыға айналған
іс-әрекеттер (жазу, оқу және т. б.). Адамның
санасы аркылы жеке басы қоршаған ортамен
байланысқа түседі.
Туйсіну ерекшеліктері
Туйсіну дегеніміз – айналадағы заттардың,
құбылыстардың сезім мүшелері аркылы
мида бейнеленуі. Бұл зейін арқылы байқалады.
Зейін белгілі бір жағдайдың адам психологиясында
шоғырлануы, жинакталуы. Зейін қойып қабылданған
көрініс, оқиға және т. б. ұзақ уақыт есте
сақталады.
ОЙЛАУ
Ойлау аркылы адам
заттарға, құбылыстарға тән қасиеттерді,
олардың байланысын толық күйінде есіне
түсіреді. Ойлау кезінде кажетті жағдайлар
жан-жақты талданады, толықтырылады, есте
бар деректермен салыстырылады. Ойлау
мидың күрделі кызметі арқылы жүзеге асады.
Ойға алган нәрселер адамның бірімен-бірінің
қатынасы арқылы орындалады. Адамның ойлау
кабілеті еңбек ету барысында калыптасады.
Ол айналадағы болып жатқан жагдайларды
сөзбен бейнелеу, ойға берілу аркылы көрініс
табады.
Ойлау
Әсерлі ойлау – бірінші сигналдық жүйеге тіреледі, әрі екінші сигналдық жүйені де арқау етеді. Бұл қисынды ойлаудың алғашқы сатысы, ол кейін бейнелі ойлауға алмасуы мүмкін.
Бейнелі ойлау – ойша байымдау немесе елестету және жоспарлау арқылы жүзеге асады. Бұл сөйлеумен тығыз байланысты.
Дерексіз – қисынды ойлау – ұғым, пікір нышандық белгілерді және басқа дерексіз санаттарды пайдаланады. Мұндай ойлау терең және нәтижелі келеді. Алайда ол үшін жеткілікті білім мен дағдылар қажет.
Ойлаудың даму тарихы
Ойлау әрекетінің нейрофизиологиялық негіздерін алғашқы ашқан И. M. Сеченов. Оның айтуынша, ойлау— нәрселерді бір-бірімен салыстыратын мидың рефлекстік құбылыстарының анализдік-синтездік әрекетінің нәтижесі.
Ойлау процесінің нейрофизиологиялық негізін іс-әрекеті түзетіндігі И. П. Павловтың нақтылы тәжірибелерімен дәлелденді.
Сөйлеу
Сөйлеу – адамдардың
қатынас құралы ретінде қалыптасты. Тіл
сөз арқылы ақпарат қабылдау, өңдеу және
жеткізу түрінде сипатталады. Яғни, болмыс
сөйлеу әрекеттерімен бейнеленеді.
Сөз – айналада
болып жатқан ақпараттарды қабылдау, талдау,
жауап қайтару сигналдық жүйелер аркылы
жүзеге асады. Ағза мен қоршаған орта арасында
сигналдық жүйелер аркылы байланыс түзіледі.
Заттарды сөзбен белгілеудің түрлері
Тілдің акусикалық түрі- сөз түйдектерін жіктеп немесе құрап анық түйсінуге көмектеседі, байланыстырушы әрекет атқарады.
Тілдің кинестезиялық түрі – дыбыс шығарушы артикуляциялық мүшелердің қимыл-әрекеті арқылы жүзеге асады
Тілдің оптикалық түрі– жеке сөз тітіркендіргіш-терін талдау және бірлестіру тетіктерін, сөздің символдық мәнін қамтамасыз етеді
Есте сақтау
Адам өзі куә
болған окиғаларды, көргендерін, естігендерін,
оқығандарын есте сақтайды. Есте сақтау
адамның психикалық үдерістерінің бір
көрінісі. Есте сақтау аркылы бұрынғы
окиғалар мида жинақталады, қорытылады
және қажет кезінде қайта пайдаланады.
Есте сақтау арқылы адамзат тарихында
мындаған жылдар жинақталған білім мен
тәжірибелер еске түседі. Әрбір адамның
есте сақтау қабілеті өзіне ғана тән.
Есте сақтау
Мәнісін түсініп есте сақтау
кезінде- адам сол деректердің мәніне
терең талдау жасайды. Сол арқылы оқығандарын
терең түсінеді, ұзақ уақыт есте сақтайды.
Ойланбай есте сақтау – белгілі бір мәліметтердің мағынасына мән бермей, тек жаттап алу. Бұл бірнеше рет қайталаудың нәтижесінде жүзеге асады.
Зейін
Нысанға немесе оқиғаларға қандай да болса
алаңсыз саналы түрде ой жұмылдыру зейін деп аталады.
Бір нәрсеге барынша зейін аударған кезде
адамның сыртқы кейпінен ерекше өзгерістер
байқалады. Тіпті тынысы тарылып, сирек
дем алатын болады.
Зейін еріксіз зейін жөне ерікті зейін болып екіге бөлінеді.
Еріксіз зейін адамның еркінен тыс пайда болады.
Адам алдына мақсат қоймайды. Тек қана
көңіл аударған окиғалар мен нақтылы деректер
көңіл күйіне ерекше әсер етіп, ұзақ сақталады.
Ерікті зейін кезінде адам ойға алған пиғылын
орындау үшін алдына мақсат қойып, оны
арнайы тәсілдермен орындауға жігерін
жұмылдырады.
Қорытынды
Эволюциялық даму кезінде адам психикасы
биологиялық мұқтаждығынан, қоршаған
орта жағдайларына икемделу арқасында
қалыптасты. Ол мінездің қарапайым түрінен
күрделі көріністеріне алмасып дамиды.
Адам бейімделудің және өзгергіштіктің
өте ерекше танымдық дәрежесіне жетті.
Өйткені оның миы өзгеше жетіліп, бүкіл
адамзаттың тарихи-қоғамдық тәжірибесін
иеленді.
А.А.Ухтомскийдің айтуы бойынша : «Психикалық
әрекеттің негізі – қоршаған орта мен
организмнің ақиқат арақатынасын сипаттайтын
жеке физиологиялық көріністер. Олар біртұтас
бірлестірілген өзіндік бейне құрайды».
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Сатпаева Х.К, Нілдібаева Ж.Б, Өтепбергенов
Ә.А «Адам физиологиясы» Алматы, 2005 663 бет
2. Агаджанян Н.А «Основы физиологии человека»
. РудН 2003 402 с
3.Қанқожа М.Қ.»Қозғыш ұлпалар физиологиясы»
. Алматы,2004.456 бет
4. Рымжанов К.С «Адамдар мен жануарлар
физиологиясы» Алматы, 2000 419 бет
Зер салып тыңдағандарыңызға рахмет!!!
Информация о работе Адамдардың жоғарғы психикалық қызметтер ерекшеліктері