Адам генетикасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2014 в 16:08, сочинение

Краткое описание

Вирустар – клеткасыз организмдер. Олар негiзiн құрайтын ДНҚ немесе РНҚ және оны қоршап тұрған белокты капсидтен тұрады. Вирустар бактериялардан миллион есе кiшi және оны 40000 есе үлкейтетiн электрондық микроскоп арқылы көруге болады. Вирусты сыртынан нәруыз қабаты қаптайды, ішінде ДНҚ немесе РНҚ болады. Басының мөлшері 40 нм, ал «құйрығының» ұзындығы 20-22 нм-ге тең. «Құйрығының» ұшы – нәруыз молекуласынан тұратын қуыс түтік.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Бегәділ Айжан -Адам генетикасы.docx

— 47.21 Кб (Скачать документ)

Қарағанды Мемлекеттік Медицина университеті

Молекулярлық биология және медициналық генетика кафедрасы

 

 

 

 

ЭССЕ

Тақырыбы: Адам генетикасы

 

 

 

                                                          Орындаған:Бегәділ А.Б. ЖМФ-1-044                                                                                               

                                                   Тексерген: Кинаятов М.А.

 

 

 

 

 

 

 

 

Қарағанды - 2014

 

    Вирустар – клеткасыз организмдер. Олар негiзiн құрайтын ДНҚ немесе РНҚ және оны қоршап тұрған белокты капсидтен тұрады. Вирустар бактериялардан миллион есе кiшi және оны 40000 есе үлкейтетiн электрондық микроскоп арқылы көруге болады. Вирусты сыртынан нәруыз қабаты қаптайды, ішінде ДНҚ немесе РНҚ болады. Басының мөлшері 40 нм, ал «құйрығының» ұзындығы 20-22 нм-ге тең. «Құйрығының» ұшы – нәруыз молекуласынан тұратын қуыс түтік.

       Иесінің  жасушамен вирус арасындағы өзара  әрекеттесу - өте күрделі процесс.Вирустардың  репродукциялану (лат. reproduce - өзіне  ұқсасты өндіру ) циклы келесі  сатыдан тұрады:

  1. жасушаға жабысу
  2. жасушаға ену
  3. шешіну
  4. вирустық ДНҚ немесе РНҚ -ның репликациялануы
  5. вирустық геномның транскрипциялануы
  6. вирустық ақпараттың  РНҚ-ның транслокациялануы
  7. вирустық бөлшектердің (вириондардың )бастырылуы
  8. вирустың жасушадан шығуы

Адсорбция (жасушаға жабысу) - ол жасушаның вирионмен инфицирленуінің бірінші сатысы, вирион жасушалық беткейлерге жабысады,әрбір вирус жасушаларының бәріне ие,кейбіреулеріне ғана адсорбциялану қабілеттілігі болатыны белгілі.Ол кейбір вирустардың ақуызында "вирустық рецепторлар"  деп аталатын тиісті аминқышқылдық реттіліктердің болуымен байланысты. Вирустық рецепторлар "тіркеуші "деп аталатын ақуыздардың құрамында болады, жасушалық рецепторларды танып алу және олармен өзара әрекеттесу қызметін атқарады,капсидтік беткейлік ақуыздарының қатысуымен орындалады.

Вирустың жасушаға енуі вирус жабысуынан кейін келесі жағдайлардың нәтижесінде бірден басталады:ЦПМ арқылы вирустың жасуша ішіне қарай ығысуы, вирустық бөлшектің эндоцитозы , нәтижесінде олар цитоплазмалық вакуольдерде жинақталады, цитоплазмалық  мембрананың вирус қабықшасымен бірігуі.Қосылып - бірігу процесіне қатысатын  гликопротеиндердің бәріне  ортақ қасиеттері бар:

  1. Олар вирион беткейінде шамамен 100-150 нм көтеріңкі орналасады;
  2. Олигомерлер түзеді және  олардың пайда болуы вириондардың 

                жасуша ішінде  тасымалдануына  елеулі әсер етеді;

  1. Құрылымында біріктіруші пептид болады;

Қабықшалы вирустардың шешінуі екі кезеңмен жүреді- жасушалық мембранамен қосылған беткейлік ақуыздардың жойылуы және мембраналық ақуыздармен байланысқан ДНҚ немесе РНҚ-ның босансып шығуы.Қабықшасыз вирустардың шешінуі бірнеше кезеңдерден тұрады.Бұл процестердің  механизмі толық зерттелмеген.

Вирустық нуклеин қышқылдарының репликациялануы.Жаңа жасушалық бөлшектер - ол жұқтырылатын жасушада болмайтын вирустық нуклеин қышқылдарының және вирустық ақуыздардың барлық молекулалардың жиынтығы.

ДНҚ-лы вирустар  генетикалық ақпаратты жасушалық геном тәріздес іске асырылады:вирустың геномдық ДНҚ-лы > аРНҚ транскрипциялануы > вирус ақуызының трансляциялануы.

Оң жіпшелі РНҚ-лы вирустарда (пикорнавирус,флавивирус,тогавирустар) РНҚ-ның қызметін атқаратын геномдары болады.Ол рибосомалармен танылып,трансляцияланады.

Теріс біржіпшелі және екіжіпшелі  РНҚ-лы вирустардың геномы (ортомиксовирустарда, парамиксовирустарда, рабдовирустарда) екіжіпшелі (реовирустарда) вирустың нуклеин қышқылымен байланысқан РНҚ-полимеразаның қатысуымен аРНҚ транскибирленетін матрица қызметін атқарады.

Ретровирустардың геномы бірдей екі РНҚ молекулаларынан тұрады.

Вирустық геномдардың репликациясы бір -бірімен ерекшеленетін құрамдардан тұрады:

  1. екіжіпшелі ДНҚ
  2. біржіпшелі ДНҚ
  3. оң-біржіпшелі РНҚ
  4. теріс- біржіпшелі РНҚ
  5. екіжіпшелі РНҚ
  6. ұқсас оң-жіпшелі РНҚ

Екіжіпшелі ДНҚ-вирустардың репликациясы әдеттегідей жартылай концервативті механизммен жүреді: ДНҚ-ның жіптері сөгілгеннен кейін оларға комплиментарлы жолмен жаңа жіпшелер қосылады.Бір аналық пен бір жаңадан түзілген жіпшеден тұрады.

Біржіпшелі ДНҚ- вирустарының жалғыз өкілі - парвовирустар болып табылады. ДНҚ-полимеразаларды репликациялық түрі деп аталатын екіжіпшелі вирустық геномның құрылуына пайдаланады.

 

 Генетикалық инженерия  — генетикалық және биохимиялық әдістердің көмегімен түраралық кедергілері жоқ, тұқым қуалайтын қасиеттері өзгеше, табиғатта кездеспейтін жаңа гендер алудағы молекулярлық биологияның  бір саласы. Гендік инженерия әр түрлі организмдер геномының бөлігінен рекомбинатты ДНҚ құрастырумен қатар, ол рекомбинатты молекулаларды басқа ағза геномына енгізіп, жұмыс істеуін (экспрессиясын) қамтамасыз етеді. Гендік инженериядағы тұңғыш тәжірибені 1972 ж. американ биохимигі Т. Берг (Нобель сыйлығының лауреаты) іске асырды. Ол маймылдың  онноген вирусы  SV-40-тың толық геномын, бактериофаг — L геномының бір бөлігін және Е. Colі бактериясының галактоза генін біріктіру арқылы рекомбинантты  ДНҚ алды. 1973 — 74 ж. Америка биохимиктері С. Коэн, Г. Бойер т.б. түрлі ағзалардан бөліп алынған генді бактерия плазмидасының құрамына енгізді. Бұл тәжірибе басқа организмдер гендерінің жаңа ағза ішінде жұмыс істей алатынын дәлелдеді. Жануарлар  клеткаларымен жүргізілген тәжірибелерде бір клетканың ядросын екіншісімен алмастыруға, екі немесе бірнеше эмбриондарды қосып біріктіруге, оларды бірнеше бөлікке бөлшектеуге болатыны анықталды. Мыс генотиптері әр түрлі тіндердің клеткаларын біріктіру арқылы тышқанның аллофенді особьтары (фенотипі әр түрлі дарабастар) алынды. Гендік инженерия-ның теориялық негізіне генетикалық кодтың әмбебаптылығы жатады. Бір ғана кодтың (триплиттің) әр түрлі ағзадағы белок молекулаларының құрамына енетін амин қышқылдарын бақылай алатындығына байланысты, ДНҚ молекуласының кез келген бөлігін басқа бөтен клеткаға апарып салу, яғни молекула деңгейде будандастырылу теориялық тұрғыдан алғанда мүмкін екені анықталды. Жануарлар, өсімдіктер және микроорганизмдер гендерінің қызметін қолдан басқаруға болатындығы дәлелденді. Ауыл шаруашылығында өсімдіктің атмосфералық азотты өзіне жинақтап алуы — үлкен мәселе. Осыған байланысты 1970 жылдары азотты фиксациялауға қабілеті жоқ пішен таяқшасына азотты жинақтай алатын, басқа бір бактерияның гені салынып, азотты жинақтау қасиетіне ие болды. Медицина саласында жаңа гендерді енгізу арқылы тұқым қуалайтын ауруларды емдеуге болады. Қазіргі кезде ауру адамдардан зат алмасудың 1000-нан аса әр түрлі тұқым қуалайтын өзгерістері табылған. 

 

  

Қорытынды

 

Вирустар – құрамында нуклеин қышқылдары, белоктар, ал кейде липидтер болатын және тек қана клетка иесінде көбейе алатын бөлшектер. Көпшілігінде ферменттердің жоқтығынан олар клеткасыз ересек вирус бөлшектерін жасай алмайды, сондықтан «бедеу« күйде болады.

Вирустардың құрылымдылық жағынан клетка деп есептеуге болмайды, себебі клеткадағыдай не органелла, не цитоплазма жоқ. Вирус бөлшектерінің (оларды вирион деп те атайды) диаметрі 20-300 нм. ең кішкентай прокариоттық клеткалардан да төмен.

Құрылымдылық жағынан клетка деп есептелмесе де вирустар арқылы организмнің тұқым қууы жөніндегі мәселе қаралғанда олардың атқаратын рөлі өте зор.

Вирустар пішіні, көлемі және күрделігі жағынан әр түрлі: Оларды жұқтыратын немесе денесіне өндіретін клетка иелерінің шеңбері де тым кең, дегенмен, әрбір вирусқа тең қасиет – иесін таңдау.

Кейбір вирустар бактериофаг (бактерияларды жегіштер) деп аталатын бактерияларға жұғады. Бактериофагтар формасының ерекшелігімен көзге түседі.

Бүтіндей вирустардың өзіне тән белгілері бар: бұл белгілердің кейбіреулері оларды клеткаға ұқсастырмайды, ал енді біреулері зерттеушілерге клеткалар немесе организмдер ретінде тәжірбие жасауға мүмкіндік береді.Біріншіден, вирустар өте кішкентай: олар  тіпті тым ұсақ прокариоттық клеткалар өте алмайтын сүзгілерден өтіп кетеді. Вирустар электрондық микроскоптан олардың суреттерін алмай тұрып, әлдеқайда бұрын ашылған індеттілігі сүзгіден алынғанда байқалған. Бір батериялық клеткада мыңдаған вирус бөлшектері түзіледі; мұндай өсімталдық вирустар бөлшектерінің клеткадан шығуын, клетканың лизисіне, яғни өліміне жиі соқтырады. Басқалары, мысалы, ісік РНҚ-вирустары, клетканы жармай-ақ шығады. Ал жалпы көптеген биологиялық шығу тегі бар молекулалар кішкене вирустардан көлемі жағынан үлкен болады. Екіншіден, өздерінің көлеміне сәйкес, вирустар тіпті микроплазма клеткасымен салыстырғанда да құрылысы өте қарапайым. Вирустық  бөлшектер негізінен нуклеин қышқылының орталық өзекпен (ДНҚ немесе соған жақын РНҚ) және капсид деп аталатын сыртқы белоктық қабаттан тұрады. Нуклеин қышқылы вирустық тұқым қуу потенциалын тасымалдайды, ал белок екі түрлі қызмет атқарады: вирустық клетка иесінен тыс кезінде нуклеин қышқылын қорғайтын қабықша және жұғатын клетканың түрін анықтайтын ерекшелігін қамтамасыз етеді. Бірқатар вирустарда тек қана РНҚ, басқа біреулерінде – тек қана ДНҚ.Үшіншіден, вирустардың клеткалардан (прокариоттық және эукариоттық) айырмашылығы, олар өз бетімен өмір сүре алмайды. Көбею үшін бір клеткаға жұғуы шарт, ал өз бетімен вирустық бөлшек бар-жоғы ерекше хатталған бейтарап химиялық заттардың жиынтығы секілді. Олардың міндетті клеткаішілік тоғышарлық тәуелді тіршілігі, көбею үшін жұқтырылған клеткасының механизмдерін өзіне бағындырып, мақсытына пайдалануы ойландыратын іс. Сөйтіп, клетка иесі және оған жұқтырған вирус өзара өте тығыз байланыста, бірақ бұл байланыстың шығу тарихы белгісіз. Кейбір вирустардың тұқым қуалайтын мүмкішіліктерінің аздығы соншама, олардағы бар ақпарат өздерінің белоктық қабықшасын кодтауға жетеді. Олармен клеткалар немесе бір клеткалы организмдер тәрізді жан-жақты тәжірбие жүргізуге болады.

Патогенділігіне (улылығына) байланысты өсімдіктер мен жануарларға және адамдарға қауіп төндіруі мүмкін. Сонымен қатар, тұқым қуу проблемаларын, мутациялық процесті, иммунитетті, биохимияны және жалпы молекулалық биологияны зерттегенде өте ыңғайлы тәжірбие объектісі болып табылады. Вирустарды тірі организмдер қатарына қосуға бола ма? Бұл таза теориялық сұрақ.

 

   Гендік (генетикалық) инженерия – молекулалық және клеткалық инженерия белгілі бір мақсатпен жасанды айқын қасиеттері бар генетикалық материалдарды алдын ала құрастырып, оларды басқа клеткаға енгізіп, көбейтіп, зат алмасу процесін өзгеше жүргізу. Бұл әдіспен организмдердегі тұқым қуалайтын информацияны көздеген мақсатқа сай өзгертіп, олардың геномдарын белгілеген жоспармен қайта құруға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

  1. C.А.Әбилаев. Молекулалық биология және генетика. Шымкент 2010ж
  2. Биология: Жалпы білім беретін мектептің, 9-сыныбына арналған оқулық,  М. Гильманов, А. Соловьева, Л. Әбшенова. Алматы-Атамұра, 2009ж
  3. www.google.kz

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Адам генетикасы