Ғылыми зерттеу және тәжірибе конструкторлық жұмыстарын ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2013 в 19:09, реферат

Краткое описание

Өндірісті конструкторлық дайындауда өндірілетін өнімнің өмірлік циклының ұзақтығына және оның сипатына үлкен мән беріледі. Өнімнің өмірлік циклының сатыларының ұзақтығы және бір сатыдан екінші сатыға көшу ерекшеліктері өнімнің сату көлемі мен кәсіпорынның табыс деңгейіне тікелей әсерін тигізеді. Әрбір кәсіпорын өндіретін жаңа өнім өзіне тән өмірлік циклдан тұрады. Ол нарыққа кіру кезеңі, нарықта тұрақты өмір сүру кезеңі және бәсекеге қабілетті жоғары немесе арзанқолды тауарлардың пайда болуына байланысты нарықтан шығу сияқты кезеңдерден тұрады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Оспанкулов.docx

— 16.49 Кб (Скачать документ)

Ғылыми зерттеу және тәжірибе конструкторлық жұмыстарын ұйымдастыру

 

Өндірісті конструкторлық дайындауда өндірілетін өнімнің өмірлік циклының ұзақтығына және оның сипатына үлкен мән беріледі. Өнімнің өмірлік циклының сатыларының ұзақтығы және бір сатыдан екінші сатыға көшу ерекшеліктері өнімнің сату көлемі мен кәсіпорынның табыс деңгейіне тікелей әсерін тигізеді. Әрбір кәсіпорын өндіретін жаңа өнім өзіне тән өмірлік циклдан тұрады. Ол нарыққа кіру кезеңі, нарықта тұрақты өмір сүру кезеңі және бәсекеге қабілетті жоғары немесе арзанқолды тауарлардың пайда болуына байланысты нарықтан шығу сияқты кезеңдерден тұрады.

Ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға жататын жұмыстардың тiзбесi

1. Мыналарды:

1) ғылыми болжауды (өз әдiснамасы  мен техникасы бар арнайы теориялық зерттеулер);

2) iргелi және iздестiру зерттеулерiн  талдауды қамтитын ғылыми-зерттеу  (ғылыми-техникалық) жұмысының техникалық тапсырмасын әзiрлеу

2. Мыналарды:

1) ғылыми-техникалық ақпаратты жинауды және зерделеудi

2) патенттiк зерттеулер  жүргiзудi;

3) ғылыми-зерттеу (ғылыми-техникалық) жұмысын жүргiзуге техникалық  тапсырмада қойылған мiндеттердi шешудiң ықтимал бағыттарын айқындауды  және салыстырмалы бағалауды;

4) қабылданған зерттеу  бағытын және мiндеттердi шешу  тәсiлдерiн таңдауды және негiздеудi;

5) жаңа өнiмнiң және (немесе) технологияның бағдарлы экономикалық тиiмдiлiгiн бағалауды;

6) зерттеулердi жүргiзудiң  жалпы әдiстемесiн әзiрлеудi (жұмыстардың  бағдарламалары, жоспар-кестелер және т.б.);

7) инновациялық технологиялар  бойынша базалық және егжей-тегжейлi  инжинирингтi қамтитын зерттеудiң бағытын таңдау

3. Мыналарды:

1) жұмыс гипотезаларын  әзiрлеудi, зерттеулер объектiлерiнiң  моделiн құрастыруды, жорамалдарды негiздеудi;

2) теориялық зерттеулердiң  жекелеген ережелерiн растау немесе  есептеулердi жүргiзуге қажеттi өлшемдердiң  нақты мәндерiн алу үшiн тәжiрибелер жүргiзудi;

3) тәжiрибелiк зерттеулер  әдiстемесiн әзiрлеудi, модельдердi (макеттердi, тәжiрибелiк үлгiлердi, пилоттық желiлердi, тәжiрибелiк өндiрiстердi және т.б.), сондай-ақ сынақ жабдығын дайындауды;

4) бағдарламалық өнiмдердi әзiрлеудi;

5) тәжiрибелер жүргiзудi, алынған  деректердi өңдеудi, тәжiрибелердiң  нәтижелерiн теориялық зерттеулермен салыстыруды;

6) объектiнiң теориялық модельдерiн түзетудi

7) техникалық-экономикалық  зерттеулердi жүргiзудi қамтитын  теориялық және эксперименталдық зерттеулер.

4. Мыналарды:

1) жұмыстардың алдыңғы  кезеңдерiнiң нәтижелерiн қорытуды;

2) одан әрi зерттеулер мен  тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстар  жүргiзу, пилоттық желiлердi жасау  бойынша ғылыми-негiздемелiк ұсынымдар  әзiрлеудi; 
      3) тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға техникалық тапсырма жобасын әзiрлеудi қамтитын зерттеулердiң нәтижелерiн қорыту және бағалау бойынша жұмыстар.

5. Мыналарды:

- техникалық тапсырмада көрсетiлмей қалуы мүмкiн бұйымға, оның техникалық сипаттамаларына және сапа көрсеткiштерiне қойылатын қосымша немесе нақтыланған талаптарды анықтауды, соның iшiнде:

- ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерiн пысықтауды;

- болжамдау нәтижелерiн пысықтауды;

- алдын ала есептеулер және техникалық тапсырма талаптарын нақтылауды қамтитын техникалық ұсынысты әзiрлеу.

6. Мыналарды:

Қағидатты техникалық шешiмдердi әзiрлеудi, соның iшiнде:

  • техникалық ұсыныс кезеңi бойынша жұмыстарды орындауды
  • әзiрлеудiң құрамдас базасын таңдауды;
  • негiзгi техникалық шешiмдердi таңдауды;
  • бұйымның құрылымдық және функционалдық схемаларын әзiрлеудi;
  • негiзгi сындарлы элементтердi таңдауды
  • жобаның метрологиялық сараптамасын;

-  макеттердi, пилоттық желiлердi әзiрлеудi және сынауды қамтитын эскиздi жобалау.

7. Мыналарды:

Бұйым, технология бойынша жалпы және оның құрамдас бөлiктерi бойынша техникалық шешiмдердi түпкiлiктi таңдауды, оның iшiнде:

  • қағидатты электрлiк, кинематикалық, гидравликалық және басқа схемаларды әзiрлеудi;
  • бұйымның, технологияның негiзгi өлшемдерiн нақтылауды;
  • бұйымды, технологияны сындарлы құрастыру және оны объектiге орналастыру үшiн мәлiметтердi берудi;
  • бұйымды өндiру және жеткiзу үшiн техникалық шарттардың жобаларын әзiрлеудi;
  • өндiрiстiң жаңа технологияларын (пилоттық қондырғылар немесе желiлер) пысықтау үшiн жартылай өндiрiстiк масштабтағы (коммерциялық емес қолданыстағы) жабдықтар мен технологиялық тiзбелердi әзiрлеу, дайындау және енгiзу бойынша жұмыстарды;

- табиғи жағдайларда бұйымның негiзгi құралдарының макеттерiн сынауды қамтитын техникалық жобалау;

8. Мыналарды:

1) конструкторлық құжаттардың  топтамасын қалыптастыруды;

2) жұмыс құжаттамасының  толық топтамасын әзiрлеудi;

3) бiрыңғайлығына және  стандарттауға конструкторлық құжаттамаларын тексерудi;

4) сынақ үлгiлерiн тәжiрибелiк өндiрiсте дайындауды;

5) сынақ үлгiлерiн жөнге  келтiру және кешендiк реттеудi  қамтитын сынақ үлгiлерiн дайындау  және сынау, тәжiрибелiк-өнеркәсiптiк  өндiрiстi құру үшiн жұмыс құжаттамасын әзiрлеу.

9. Мыналарды:

1) сынақ үлгiлерiнiң техникалық  тапсырма талаптарына сәйкестiгiн  және мемлекеттiк (ведомстволық) сынақтарға ұсыну мүмкiндiгiн тексерудi;

2) стендтiк сынауды;

3) объектiде алдын ала сынауды;

4) сенiмдiлiгiн сынауды қамтитын алдын ала сынау.

10. Нормативтiк-техникалық  құжаттаманы әзiрлеу.

11. Зерттеулер мен жобалық  жұмыстардың нәтижелерiн енгiзу (коммерциялау) үрдiстерiн сүйемелдеу


Информация о работе Ғылыми зерттеу және тәжірибе конструкторлық жұмыстарын ұйымдастыру