Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Января 2014 в 19:52, реферат
Нарықты әр түрлі көзқараспен бірнеше сегменттерге бөлуге болады. Өйткені тауардың сұранысы тұтынушылардың көптеген ерекшелігіне байланысты. Сол ерекшеліктерді топтастыра отырып нарықты сегменттеуге болады. Тұтыну тауарларын сегменттеу – тауарларға бірдей емес талаптар коятын осы тауардың тұтынушыларды жеке жеке топтарға бөлу болып табылады. Нарықтың сегменті бұл – нарықтың бір бөлімі, белгілі ортақ көрсеткіштер негізінде құрылған тұтынушылар, өнімдер немесе кәсіпорындардың топтары болып табылады. Енді тұтыну тауарлар нарығын сегменттеу әртүрлі факторлармен жүзеге асырылады.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Орындаған: Елтай А.
Тобы: ГиМУ КІ
Тексерген: Бейжанова А.
Алматы 2013 ж
Нарықты әр түрлі көзқараспен бірнеше сегменттерге бөлуге болады. Өйткені тауардың сұранысы тұтынушылардың көптеген ерекшелігіне байланысты. Сол ерекшеліктерді топтастыра отырып нарықты сегменттеуге болады. Тұтыну тауарларын сегменттеу – тауарларға бірдей емес талаптар коятын осы тауардың тұтынушыларды жеке жеке топтарға бөлу болып табылады. Нарықтың сегменті бұл – нарықтың бір бөлімі, белгілі ортақ көрсеткіштер негізінде құрылған тұтынушылар, өнімдер немесе кәсіпорындардың топтары болып табылады. Енді тұтыну тауарлар нарығын сегменттеу әртүрлі факторлармен жүзеге асырылады. Олар: географиялық; демографиялық; психографиялық; мінез-құлықтық (яғни тауарды таңдауы).
Өндірістік мақсаттағы тауарлар нарығын сегменттеу кезінде көбінесе тұтыну тауарлары рыногын сегменттеу негіздері қолданылады. Өндірістік мақсаттағы тауарларын сатып алушыларды география негіздері бойынша және тұтынушылардың мінез-құлықтарының бірқатар белгілеріне қарай сегменттеуге болады. Бірақ өндірістік мақсаттағы тауарлар нарығын сегменттеуде ең маңыздысы болып экономикалық және технологиялық белгілері қарастырылады. Сала бойынша, меншік түрі бойынша, қызмет саласы бойынша, кәсіпорын көлемі бойынша. Осыған қоса маңызды сегменттеу көрсеткіштеріне тауарға тапсырыс жиілігі, сатып алуды ұйымдастыру ерекшеліктері жатады.
Тұтыну тауарларын сегменттеу дегеніміз – маркетинг құралдарының маңыздысы болып табылады.Ол кәсіпорын ресурстарын ұтымды пайдалануға негізделеді және тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жүргізіледі. Тұтыну тауарларын сегменттеу кез келген фирма үшін маңызды стратегиялық іс болып табылады. Себебі ол фирманың әрекет ету шеңберін және нарықта табысқа жету үшін қажетті өзгермелілерді анықтауға мүмкіндік береді. Нарықты сегменттеу мақсаты үшін, бір уақытта талданатын белгілер кешені бойынша жүзеге асатын екі сатылы тәсіл немесе АІD (өзара әрекеттестікті автоматты түрде анықтау) иерархиялық сипатқа ие. Нарық анықталған сегменттеу белгілеріне орай екі бөлікке және бірнеше топтарға бөлінеді. Ең алдымен нәтижелі өзгермеліге неғұрлым көп ықпал жасайтын жағдай анықталады. Көптеген компания үшін бұл – табыс. Енді табыс мөлшеріне бәрінен де күшті әсер ететін өзгермеліні анықтаған жөн.Осы негізде нарықты сегменттеу жүзеге асырылады. Бұл үшін фирманың тұтынушылар базасы зерттеледі, сегменттердің қаржылық бағасы шығарылады. Бұл «АВС» талдануы жолымен жасалады. Әрқилы сегменттердің салыстырмалы құндылығы оларды «А», «Б» және «В» топтарындағы құндылықтарға сәйкес анықталады.
Өндірістік мақсаттағы
тауарлар - белгілі бір уақыт аралығында
(дүние жүзінде, елде, шаруашылық
саласында, кәсіпорында, жеке
қызметкер өндірген) өндірілген
өнімдердің бүкіл көлемі; ғылыми-техникалық
талдамаларды, өндірістік-техникалық
мақсаттағы өнімдерді, халық
Сонымен, бұл екі сегменттеу де тұтынушының қажеттілігін қанағаттандыру үшін қолданылады. Бірақ айырмашылығы, тұтыну тауырларын сегменттегенде жеке тұтынушыларды есепке ала отырып іске асырады. Ал өндірістік мақсаттағы тауарларды сегметтеу тікелей кәсіпорындар, фирмалар, салаларды ескере отырып сегменттеу.