Маркетингтік жоспарлау және бақылау
Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Апреля 2014 в 19:08, реферат
Краткое описание
1.Маркетинг жоспар және оның бөлімдері
2. Маркетингтік бақылау.
Прикрепленные файлы: 1 файл
Тақырыбы: Маркетингтік
жоспарлау және бақылау
Жоспар:
1.Маркетинг жоспар және оның бөлімдері
2. Маркетингтік бақылау.
1.Маркетинг
жоспар және оның бөлімдері
Фирманың маркетинг жоспары
өндірісінің қай түрімен айналымының
және ол өндіріс қандай міндеттерге ие
екендігін көрсетеді.
Егер өндіріс әртүрлі нарықта
немесе тауар түріне негізделетін болса
онда фирмада жеке-жеке жоспар түзілуі
қажет. Олар. өндіріс жоспары, тауарлар
мен қызмет жоспары түзіледі.
Осылардың барлығын маркетингтік
жоспар терминімен қалыптасуға болады.
Маркетингтік жоспар бөлімдері немесе
этаптары.
Жоспарлаудың төмендегідей
артықшылықтары бар:
1. болашыққа арналған жоспарлау
фирма басшының жан –жақты ойлауымен
мүмкіндік береді.
2. Алдағы бақылауға алынған
іс-әрекет көрсететін анықтуға жағдай
жасайды.
3. Фирма әрекетін ұтымды ұйлестіруге
көмектеседі.
4. Фирма өзінің міндетін және
саяси мақсатын анық белгілейді.
5. Фирма күтпеген кездесоқ
өзгерістерге дайын болады.
6. Фирманың барлық бөлімдерінің
өзара байланыс дұрыс орнатуға көмек береді.
Маркетинг жоспарын
келесі белгілеріне сәйкес жіктейміз.
1. Мерзім уақыты бойынша қысқа
мерзімді ( 1 жылға ) орта мерзімге ( 2-5 жылдары
)
Ұзақ мерзімді ( 5ж. жоғары
)
2. Ауқымы бойынша а) әр негізгі
өнімде арнайы маркетинг жоспары б) барлық
өнімдер түріне арналған маркетинг жоспары.
3. Арнайы маркетингтік тарауына
бөлінген шаруашылық жоспары.
Стратегиялық жоспарлау процесі
фирманың мақсатымен мүліктері арасындағы
стратегиялық сәйкестікті және басқаруды
жүргізеді. Стратегиялық жоспарлау маркетингтік
сферасындағы потенциалды мүшелер мен
тұтыну талаптарына сай қалыптасады.
Стратегиялық жоспар деңгейінің
этаптары:
Стратегиялық жоспарлау процесі
келесі өзара тығыз байланысты тарауларынан
тұрады.
1. Фирманың мақсатын белгілеу
тарауы бұл тарауда фирма мақсатын орындау
нәтижесінде қандай тұтынушылар тобына
қызметтер көрсететінің қандай қызмет
түрлері орындайтыны және өндіріс процесінің
қолдану ерекшеліктері сипатталады.
2. Стратегиялық шаруашылық
бөлімшелерін құру тарауы – стратегия
шаруашылық бөлімшелері дейміз – фирма
құрамындағы белгілі нарыққа іс-әрекетті
шоғырландырып және бір стратегияға бағындырып
толық жауап пен ассартименттік топ немесе
тауар түріне байланысты жұмыс жүргізілетін
тәуелсіз фирма бөлімшілері д. а.
3. Маркетинг мақсатын белгілеу
тарауы - әрбір маман алдына түрлі мақсаттар
қояды. Ол мақсаттар сан ( сату көлемі толық
өсу % -ті, өндіру көлемі және т.б.) және
сапа тауар бинесі, сапасы, бағалығы және
салық жағдайын) көрсеткіштермен анықтайды.
4. жалпы фирма жағдайын талдау
– бұл тарауда фирма мүмркіндіктері мен
және оған байланысты мәселелер анықталады
– тактика дегеніміз қабылданған маркетинг
стратегиясын іске асыруы үшін орындалатын
нақты әрекеттерді қамтиды.
5. маркетинг стратегиясын
дайынду – мақсатты нарықтағы түрлі жағдайлармен
тұтнушылармен көптеген талаптармен сұраныстарын
анықтайды.
6. тактиканы қолдану тарады
– тактика дегеніміз қабылданған маркетинг
стратегиясын іске асыруы үшін орындалатын
нақты әрекеттерді қамтиды.
7. нәтижелердің орындалуын
бақылау, тарау – бұл тарауда жасалған
көрсетуге сай жұмыс жұргізу процедуралары
пайдаланылады.
2. Маркетингтік бақылау
Фирманың өндірістік-коммерциялық
қызметін басқару фунциясында бақылау маңызды
орынға ие.Мұнда ең алдымен жоспарлы қызметті
нақты қызмет нәтижелерімен салыстыру.
Бақылау-бұл маңызды аналитикалық
жұмысты сипаттауға,нәтижесінде маркетингті
басқару процесіндегі тиімсіз тәсілдерді
жойып, жаңа талаптарға сай әдістер табу.Бақылаудың
негізгі обьектілері- бұл жоспарланға
және нақты нәтижелер,фирма ұсынға жаңа
тауарларға тұтынушылар реакциясы,табыс
және шығындар мөлшері,өлшемі,сату көлемі
және т.б.
Маркетинг мақсатына жету
үшін маркетингтік іс-әрекеттердің барысы
бақылануы керек.Маркетингті бақылаудың
үш негізгі түрі анықталған.Олр мыналар:
1. Жылдық жоспардың орындалуын
бақылау
3.Стратегиялық бақылау
2.Пайда деңгейін бақылау
Жылдық жоспардың орындалуын
бақылау.Бұл бақылауда фирманың жылдық
нәтижелері жоспармен салыстырылады.Нәтижелер
жоспар көрсеткіштерінен ауытқыған жағдайда
жоспарға түзетулер енгізіледі.Жылдық
жоспардың орындалуын бақылау жұмысы
төмендегі сатыларға сәйкес жүргізіледі.
1.Жылдық жоспарда ай сайын,тоқсан
сайын және жылдық мақсаттар анықталады.
2.Орындалу қорытындылары
тұрақты көрсеткіштер арқылы өлшенеді.
3.Нәтижелер мен жылдық
жоспардың көрсеткітері арасында айтарлықтай
айырмашылықтар орын алған болса, оның
себептері анықталады.
Пайда деңгейін бақылау.Фирма
мамандары жылдық жоспарды бақылаумен
қатар әртүрлі өнімдердің,сату аймақтарының,нарық
сегметтерінің және өткізу арналарының
пайда деңгейін талдайды.Бұл бақылаудың
мақсаты маркетингтік іс-әрекеттердің
сапасын бағалау және ол әрекеттерге өзгерістер
енгізу.
Пайда деңгейін бақылау жұмысы
үш сатыға сәйкес жүргізіледі:
1.Маркетинг іс-әрекеттерін
жүргізу үшін қажет шығындарды анықтау
2.Маркетинг іс-әрекеттерін
жүргізу үшін бөлінген шығындармен оның
құрмалас бөлшектерінің байланысын анықтау
3.Маркетинг іс-әрекеттерінің
әр бөлігінің пайдалы немесе шығынды деңгей
есептерін жүргізу
Стратегиялық бақылау.Фирмалар
әрдайым маркетин іс-әрекеттерінің тиімділігін
зерттеулері қажет.Бұл зерттеулер жылдық
жосарды және пайда деңгейін бақылауға
қарағанда кеңірек жүргізіледі.
Фирманың макро және микроортасындағы
өзгерістер оның маркетинг мақсатына,стаоатегиясына
және бағдарламасына өзгерістер енгізуді
талап етеді.Осы тәрізді бақылау түрі
стратегиялық бақылау деп аталады.Стратегиялық
бақылау аудит әдістерін қолдану негізінде
жүргізіледі.
Маркетинг аудиті дегеніміз
фирманың сыртқы ортасын,маркетинг мақсаты
мен стратегиясын,маркетинг іс-әрекеттері
түрлерін жүйелі,тәуелсіз тексеру болады.
Қолданылатын әдебиеттер
1. ЗаконР.К “О ценооброзовании
в Р.К ”Алматы,1995
2. Закон Р.К “О защите
прав потребителей”Каз.Правда.1991
3. Закон Р.К “О стандартизации
и сертификации”Каз.Правда.1991
4. Закон Р.К “О товарних
знаках,знаках обслуживания и наименованиях,лист происхождения
товаров”Каз.Правда.1993
5. Ф.Котлер”Основы маркетинга”-М.Прогресс,1990
6. С. Сатыбалдин “ Маркетинг
нарықтану “Алматы , 1999
7. Қ.Қожаназаров “Маркетинг
негіздері” Алматы, 1995
8. Н. Романова “Маркетинг
” Москва ,1996
9. Ф.Котлер “Маркетинг Менеджмент
”Санкт - Петербург
10. Ф.Котлер “Основы маркетинга”М,Прогресс,1996
11. А.Қамшыбаев,А.Баймағамбетова
“Халықаралық маркетинг”Алмати,2003
12. Ф.Котлер “Маркетинг негіздері”професор
М.Ізбасардың жалпы редакциялануымен
ағылшын тілінен аударылған.Алматы,Жазушы,2000
Информация о работе Маркетингтік жоспарлау және бақылау