Маркетингтік ақпарат жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Октября 2015 в 08:16, реферат

Краткое описание

Маркетингтік ақпарат жүйесі – маркетинг саласында шешімдер қабылдау үрдісінде қолданылатын ақпаратты жүйелі, жоспарлы түрде жинақтаудың, талдаудың және таратудың әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Маркетингтік ақпарат жүйесі.pptx

— 637.25 Кб (Скачать документ)

Маркетингтік ақпарат жүйесі

 

Орындаған:Омарова Жадыра

Тобы:503 А Ф/К

Қабылдаған:

 

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік  Фармацевтика академиясы

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық Сақтау Министрлігі

Жоспар:

 

1

 

2

 

3

 

4

 

Ақпаратты жіктеу

 

Ақпаратқа қойылатын талаптар

 

Маркетингтік ақпаратық жүйе

 

Маркетинг зерттеулері

    • Маркетингтік ақпарат жүйесі – маркетинг саласында шешімдер қабылдау үрдісінде қолданылатын ақпаратты жүйелі, жоспарлы түрде жинақтаудың, талдаудың және таратудың әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы.

 

    • Ол ішкі ақпарат, маркетингтік зерттеулер, ағымдағы сыртқы ақпаратты өңдеу және талдау секілді салыстырмалы ерекшеленген төрт жүйеден тұрады. Маркетингтік ақпарат жүйесі дұрыс қалыптаспаған болса, онда маркетингтің дұрыс жүзеге асырылуы да екіталай. Сондықтан шетелдік БАҚ, әсіресе АҚШ, Еуропа БАҚ-ы маркетингтік ақпарат жүйесіне аса мән береді.

 

    • 1. Ішкі есеп беру жүйесі - күнделікті сату көрсеткіштерін, шығын сомасын, материалды қорлардың көлемін, нақты ақшаның қозғалысынн, дебиторлық және кредиторлық қарыздар туралы мәліметтерді көрсетеді. 
    • 2. Күнделікті және сыртқы ақпаратты жинау жүйесі (соңғы оқиғалар туралы ақпарат) – коммерциялық ортада болып жатқан оқиғалар туралы жетекшілер күнделікті ақпаратты алып отыратын әдістемелік тәсілдер мен ақпарат көздерінің жиынтығы. 
    • 3. Маркетингтік зерттеулер жүйесі – фирма алдында тұрған маркетингтік жағдайға байланысты қажетті белгілі бір мәліметтердің жүйелі анықтамасы, оларды жинау, талдау және нәтижелері туралы есеп беру.
    • 4. Маркетингтік ақпаратты талдау жүйесі – маркетинг мәселесі мен маркетингтік мәліметтерді талдау әдістерінің жиынтығы.

 

Әрбір маркетингтік ақпарат жүйесінің негізін келесілер құрайды:  

 

    • Статистикалық банк – ақпаратты статистикалық өңдеудің заман талабына сай әдістерінің жиынтығы, ол мәліметтердің статистикалық сенімділігінің дәредесін белгілейді және мәліметтерді жинау барысында олардың өзара байланыстылығын толық ашуға мүмкіндік береді (оған регрессиялық, корреляциялық талдаулар жатады.

 

    • · Адамдар банкі – нарық қызметкерлерімен оптимальды маркетингтік шешімдерді қабылдауға мүмкіндік жасайтын математикалық модельдер жиынтығы (баға түзу жүйесіні, бағаны есептеу, орналасуын таңдау әдістемелерінің моделі).

 

Маркетингтің функционалды қызметінің бөлім құрылымы

 

    • Маркетинг қызметін функционалды ұйымдастыру сипатында таңдалып алынған тауар түрлері және рынок саны ең алдымен кәсіпорынның өзіне тиімді болуы тиіс. Бұл ұйымдастыру түрінде тауарлар мен рыноктар бірқалыпты болады, сондықтан олардың әрқайсысына жеке арнайы бөлімше құрылмайды

 

  . Бірақ бұл құрылымда өндіретін өнімдер ассортименті көбейген сайын өндіріс икемділігі төмендейді, себебі сыртқы ортадағы өзгерістерге икемдену және оған жауап беру уақыты азаяды. Маркетингті ұйымдастырудың бұл түрі ағымды тиімділікке бағытталған және стратегиясының икемділігі төмен, жаңалықтар енгізуге қабілетсіз болады.

Маркетинг қызметін тауарға сәйкес ұйымдастыру құрылымы

 

    • Егер тұтынушылардың жеке топтарының қажеттері мен талғамдары ерекшеліктерін біріктіруге мүмкіндік болса, онда оларды әртүрлі рынок ретінде қарастыруға болады. Өнімдерін әртүрлі рыноктарға ұсынатын фирмаларға маркетингті тұтынушылар рыногы сипатымен ұйымдастыру қажет

 

    • Көптеген географиялык аймақтарда сатылатын тауарларды өндіретін фирма әр аймақтың тұтыну айырмашылықтарын есепке алғаны қажет. Сондықтан маркетинг қызметінің құрылымы аймақтар бойынша ұйымдастырылады

 

Тұтынушылар мен рынокқа бағытталған маркетинг қызметін ұйымдастыру құрылымы

    • Қағида бойынша, өндірілген өнім сапасы жоғары деңгейде болса, өзінің тұтынушысын табуы керек. Бұл үдеріс көбінесе маркетинг делдалдары арқылы қамтамасыз етіледі. Маркетинг делдалдары фирманың тауарларын клиенттерге қарай жылжытуға өткізуге және таратуға көмектесетін әдетте арнайы компаниялар мамандары. Оларға мыналар жатады:

 

♦ Сауда делдалдары - фирма клиенттерін іздеп табуға және оларға тауарды сатуға көмектесетін іскер компаниялары. Олардың мақсаты - сату орнын, сату мерзімін және сатып алу процедурасының фирмаға неғұрлым қолайлы болуын қамтамасыз ету.

♦ Тауар жылжытуды ұйымдастыратын маманданған фирмалары, компаниялары тауар қорларын жинауға және жылжытуға көмектеседі.

♦ Маркетинг қызметін атқаратын арнайы агентстволары арқылы тапсырыспен маркетинг зерттеулерін жүргізеді және маркетинг кешені туралы түрлі кеңестер береді, немесе жарнамалық агентство компаниялары тауарды ыңғайлы рынокқа бағыттауға және оны ұтымды жылжытуға көмектеседі.

♦ Қаржы-несие мекемелері келісім әрекеттерді қаржыландыруға және ысырапты тәукелдіктен сақтануға кемектеседі.

 

    • Ақпарат - маркетинг зерттеулері барысында жиналған мәліметтердің жиынтығы. Жақсы ақпарат мына мәселелерді шешуге мүмкіндіктер береді:
    • Ақпарат әртүрлі сипатталады. Сондықтан шығу мерзіміне, оған жүктелген міндетіне, оны өңдеуге қарай жіктеуге болады.

 

Шығу мерзіміне қарай мынадай ақпарат түрлерін айыруға болады: 

 

    • тұрақты ақпарат - маркетингтік ортаның үзақ уақыт өзгермейтін көрсеткіштерін бейнелейді;

 

    • • айнымалы ақпарат- маркетинг обьектілерінің өз мәніндегі іс-әрекетін ағынды сандық және сапалық сипаттамасымен көрсетеді;

 

    • • ауық-ауық акпарат - керек кезде ғана анда-санда ғана жиналатын мәліметтер (мысалы, тауардың бағасын өзгерту мүмкіндіктерін анықтау үшін жаңа бәсекелес фирма туралы мәліметтер жинау).

 

 

Ақпарат міндетіне байланысты ол былайша бөлінеді:  

 

    • • анықтамалык. ақпарат - танымды сипат алады және маркетинг обьектілерінің біршама тұрақты белгілерін анықтап, анықтама жүйесі ретінде шығады;
    • • кепілдемелік ақпарат - арнайы жүргізген маркетинг зерттеулері қорытындысының немесе мәліметтерді талдаудың негізінде пайда болады. Оған өнім жеткізуді болжау, нысаналы рынокты, делдалдарды, жабдықтау фирмаларды талдау приоритеттері жүктеледі;
    • • нормативтік ақпарат – негізінде өндіріс саласында қалыптасады, өндірістің әртүрлі құрылым ережелері, нормативтері баяндалады.
    • · хабаршы ақпарат - маркетинг ортасы обьектілерінің іс жүзіндегі өзгеріс бағыты жоспарға үйлеспеген кезде пайда болады;
    • · реттеуші ақпарат - хабаршы ақпараттың кемшілік себептерін жоюға бағытталған әрекеттерді баяндайды. Ақпаратты өңдеуге қарай жіктеу маңызды мағына алып, мына түрлеріне бөлінеді:
    • · бастапқы ақпарат - нақтылы мақсатты көздей бірінші рет жиналған мәліметтерді баяндау;
    • · екінші ретті ақпарат - басқа мақсатпен бұрын жиналған қолда бар мәліметтер;
    • · туынды ақпарат - басқа мақсатты шешу үшін бастапқы, екінші ретті ақпараттың, немесе өзге ақпараттың мәліметтерін баяндау.
    •  

 

Ақпаратқа қойылатын талаптар және ақпараттық жүйе:

 

    • 1.Ақпараттың өзектілігі - маркетинг ортасының жағдайын әр мезгілде шындықпен нақты бейнелеу. Сондықтан сақтайтын құнды коммерциялық мәліметтер базаларын күнделікті жаңарту қажет.
    • 2.Ақпараттың дәлме-дәлдігі - өндірістің, рыноктың, сыртқы макроортаның нақты жағдайын және даму өзгерісін айнытпай көрсету. Бәсеке күресі жағдайында ақиқат мәліметтері арнайы бұрмалануы мүмкін. Сондықтан ақпаратты анықтау үшін мәліметтерді әртүрлі көздерден алып, оларды салыстыру қажет.
    • 3. Мәліметтердің релеванттілігі - алға қойылған мақсатқа сәйкес қажетті мәліметтерді іріктеп жинау және іске қатысы мәліметтерді алып тастау.
    • 4. Толық бейнелеу - маркетинг ортаның жағдайына және оның өзгерісіне әсер ететін барлық факторларды обьективті түрде есепке алу.
    • 5. Мәліметтердің мақсаттылығы - тауарды өндіру, оны сыртқы және ішкі рынокта өткізу арналары мақсаттарына сәйкес мәліметтерді жинау.
    • 6. Ақпараттың біртұтастығы және сәйкестігі - мәліметтер -көрсеткіштері жиынтығында өзара қайшылықтардың және мәліметтердің өзара сәйкессіздігінің болмауы.

 

    • Маркетинг зерттеулері дегеніміз маркетингтік дүрыс шешімдерін қабылдау үшін және фирма әрекетіндегі мәлімсіздік жағдайды төмендету үшін мәліметтерді жинау, оларды өндеу, талдау үрдісі болып табылады.

 

    • Маркетинг зерттеулерінің мақсаттары әртүрлі болуы мүмкін. Ең бастысы ол зерттеулер әлуетті тұтынушыларды анықтауы тиіс, олардың қажеттерін зерттеу, нысаналы рынокты таңдап алу үшін тауарға деген бұгінгі және болашақ сұранысты белгілеу болып табылады. Рынокты таңдап алғаннан кейін оның ішінде болып жатқан өзгерістерге дер кезінде тиімді ықпал жасау үшін оның құбылыс ағымында бақылау қажет. Рыноктың ұзақ мерзімдегі даму бағытын болжау үшін оны зерттеу керек. Белгіленген болжау фирманың мақсатын анықтау жұмысына, стратегиясын және жұмыс жоспарын жетілдіруге негіз болады
    • Маркетинг зерттеулерінің мақсаттары әртүрлі болуы мүмкін. Ең бастысы ол зерттеулер әлуетті тұтынушыларды анықтауы тиіс, олардың қажеттерін зерттеу, нысаналы рынокты таңдап алу үшін тауарға деген бұгінгі және болашақ сұранысты белгілеу болып табылады. Рынокты таңдап алғаннан кейін оның ішінде болып жатқан өзгерістерге дер кезінде тиімді ықпал жасау үшін оның құбылыс ағымында бақылау қажет. Рыноктың ұзақ мерзімдегі даму бағытын болжау үшін оны зерттеу керек. Белгіленген болжау фирманың мақсатын анықтау жұмысына, стратегиясын және жұмыс жоспарын жетілдіруге негіз болады. Әсіресе маркетинг зерттеулері рынокқа жаңа тауарды дайындауда, оны өңдеп, шығаруда маңызды орын алады.

 

Маркетинг зерттеулері нәтижелі және тиімді болуы үшін келесі шарттарды орындау қажет: 

 

    • біріншіден, зерттеулер кешенді және жүйелі түрде өтуі қажет;
    • екіншіден, жоғарыда айтылған ақпаратқа қойылған талаптарды ескере отырып зерттеулерде ғылыми тәсілдерді қолдану қажет; 
    • үшіншіден, халықаралық Сауда Палатасы және қоғамдық пікірді зерттеу Еуропа қоғамы бекіткен маркетингтік және әлеуметтік зерттеулері практикасының Халықаралық Кодексіне сәйкес жүргізілуі тиіс;
    • төртіншіден, маркетинг зерттеулері жүмыстары мұқият жоспарлануы және жүйелі сатылануы тиіс.

Информация о работе Маркетингтік ақпарат жүйесі