Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Февраля 2014 в 19:16, реферат
Менеджмент – дәстүрлер тарихы концепцияларды, институттарды, теория мен практиканы қамтитын бүкіл адам мәдениетінің элементі. Бұл талассыз дәлеледенген қағида. Өйткені, тиімді басқару проблемасы адамдарды ұйымдастыру секілді өте көне. Басқару ісін жетілдіруге мыңдаған жылдар бойы қажырлы еңбек, оны тиімді ұйымдастыру қажет болды, бұған өз уақытында ең озық ақыл-ой жетістіктері жұмсалды.
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Менеджмент түсінігі
2. Менеджменттің дамуының эволюциясы
3. Менеджменттің негізгі функциялары
4. Менеджменттің қазіргі мектебі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Менеджмент түсінігі
2. Менеджменттің дамуының эволюциясы
3. Менеджменттің негізгі функциялары
4. Менеджменттің қазіргі мектебі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Менеджмент – дәстүрлер тарихы концепцияларды, институттарды, теория мен практиканы қамтитын бүкіл адам мәдениетінің элементі. Бұл талассыз дәлеледенген қағида. Өйткені, тиімді басқару проблемасы адамдарды ұйымдастыру секілді өте көне. Басқару ісін жетілдіруге мыңдаған жылдар бойы қажырлы еңбек, оны тиімді ұйымдастыру қажет болды, бұған өз уақытында ең озық ақыл-ой жетістіктері жұмсалды.
Менеджмент
тарихы бірнеше мың жылдықтардан
құралған. Осынау ұзақ жылдық тарихы қоғамдық,
экономикалық, әлеуметтік экономикалық
қатынастар жүйесіндегі үзіліссіз
тәжірибелердің жинақталуына байланысты
дамыған.
Менеджменттің
бастауы болып ерте замандағы Шумерде
жазудың пайда болуымен байланыстырады.
Бұның негізгі революциялық жетістігі
саудамен айналысатын жоғарғы қабаттағы
«көсем кәсіпкерлерді» білімге алып келді.
Алғаш басқарушылық революциясы діни
коммерциялық атқа ие болды. Сөйтіп осының
арқасында басқалары қалыптасты.
Екіншісі
б.з.д 1760 жылдардағы әр түрлі әлеуметтік
топтар тұрғындарының көптүрлі қоғамдық
қатынастарын реттеуде мемлекетті басқарудың
заңдар негізін ұстанған Хаммурапи ханның
атымен байланыстырылды.
Үшіншісі
мемлекеттік басқару әдістерін өндіріс
және құрылысты басқаруды реттеуге байланыстыруға
бағыттаған Навуходоносор ІІ есімімен
байланысты.
Төртіншісі
ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырдағы Европадағы өндірістің
дамуымен және каптиализмнің тууымен
байланыстырылған. Бұл кезеңде өндірістің
пайдасы мен дамуына басым көңіл аудару
басқару қызығушылығын арттырды.
Басқару мәселелерінде жеке білім аумағын
енгізу көптеген өндірістерді бәсекелестікке
алып келіп, ауқымды өнер кәсіптердің
пайда болуына ықпал етті.
Бесіншісі
ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы
жиі бюрократиялық деп аталатын басқару
революциясына жатқызылады. Басқару аумағының
теориялық негізін бюрократиялық концепция
қайта құру арқылы басқарудың ірі иерархиялық
құрылымын қалыптастырып, еңбек бөлінісін
іске асырып, өлшемдер мен стандарттар
енгізіп, жауапкершілік пен қызметтік
міндеттемелерін қалыптастырды.
Нарық жағдайында жеке және мемлекеттік кәсіпорындағы экономикалық қызметтегі адамдардың мақсаты бізге белгілі, ол табыс. Және сонымен қатар маңызды болып сол табысты дұрыс пайдалану болып табылады. Жаңа басқару жүйесі бірінші болып батыста, ең бірінші АҚШ-та менеджмент атауын алып дүниежүзілік саясатта кеңінен қолданыла бастады.
Дүниежүзілік басқару эволюциясы, біздің заманымыздан қазіргі күнге дейін ұйымды басқаруда жаңадан әдістер пайда болды. М.Х. Месхон, М. Альберт және Ф. Хедоури қазіргі заман мен бұрынғы ұйымды салыстырды.
Қазақстан экономикасында ақырғы он жылда
өткізілген нарықтық реформалар өндіріс
пен басқару үдіріміне қатысушылардың
арасындағы, мемлекеттік органдар мен
шаруашылық субъектілердің және іскерлік
серіктестіктердің арасындағы өзара қатынастың
мәні мен түрлерінде елеулі өзгерістерді
туғызды. Кәсіпкерлік іс-қызметпен айналысатын
субъектілердің жұмысын бағалау өлшімімен
бірге, осы субъектілердің өздері үшін
іс-қимылдарының негізгі болып табылатын
мақсаттарын да өзгертті.
Бұның бәрі өндіріс
үдерімін және жұмыскерлер ұжымын басқару
ісін ұйымдастыруға қатысты көзқарастың
өзгеруіне әкелді. Басқарудың және жұмыскерлер
құрамын еңбектің өнімділігіне ынталандырудың
жаңа нысаны мен түрлері пайда болды. Басқару
сферасымен айналысқан қызметкерлерге
енді кәсіпорындардың іс-жұмысының нәтижесіне
ықпалын тікелей немесе жанама түрде тигізетін
жаңа сыртқа және сыртқы факторлардың
пайда болғанын ескеріп қана қоймай, есепке
алып отырулары керек.
Басқару ғылымының
эволюциясы мен оның әрі қарай дамуы және
бұл орайдағы отандық шетелдік зерттеулердің
жетістіктері, менеджменттің оқу пәні
ретінде жеке бөлініп шығуы табиғи қажеттілік
екені байқалады. Бұл орайда айта кететін
жағдай, басым түрде орталықтанған жоспарлауға
негізделген басқарудың отандық тәжірибесін
стихиялы қалыптасып жатқан нарық жағдайында
толық қолдану мүмкін емес, бірақ кәсіпорындарды
басқарудың теориясы мен практикасының
жекелеген қағидаларын б.гінгі жағдайда
пайдалануға болады. Бұнымен бірге шет
елдерде қалыптасқан менеджмент жүйесі
ұйымдастырудың мақсатына жету ептілікті
қажет етсе де, адамдардың жүріс тұрысының
ынта-ықыласын, интелектілігін, еңбегін
жұмылдыра алатын болса да, біздің елдің
экономикасында ойламай, бірден оның көшірмесін
пайдалануға және ұлттық менталитетті
ескермей, бұл жүйені тиімді түрде жүзеге
асыруға болмайды. Соныдқтан, менеджментті
басқарудың тәжірибесі ретінде өмірдің
барлық жағдайына жарамды дайын рецепт
немесе шешімдер жиынтығы түрінде қарастыруға
болмайды.
Менеджмент іс-тәжірибенің
негізінде қалыптасқан постулаттар, принциптер
және ережелер арұылы мақсаттар мен міндеттерді
дұрыс қою мен оларды оңтайлы шешуге үйретеді.
Бұл орайда шығармашылық істің ыңғайы
болмаса, бүгінгі таңдағы менеджменттің
барлық жаңалықтары тосқан нәтижені оңай
бере алмайды. Шаруашылықты жүргізудің
жаңа шарттары өндірісті ұйымдаструда
және және ұжымды басқаруда менеджердің
атқаратын ролін күшейте түседі және оның
жеке кәсіби қабілетіне қойылатын талаптарды
қатаңдатады. Басқарудың тиімді жүйесін
құру үшін, менеджер кәсіпкерлік білімнің
жиынтығын толық түрде біле отырып, практикалық
іс-қызметте оны қолдануға қажетті тәжірибені
меңгеруі керек, бұныммен бірге ұжыммен
және жеке адамдармен қалай жұмыс істей
алатындығын да білуі қажет.
Менеджмент сатысында звено жиынтығы түсіндіріледі, оның менеджмент иерархиясында болатын, төменнен жоғары қарай бағыну жүйелігін қамтып көрсетеді, ал менеджмент звеносы ол өз бетінше менеджменттің бірнеше нақты функциясын орындайтын құрылымдық бөлімше. Менеджмент звеносы атанып ұйым бөлімшесімен қызметі көрсетіледі. Бірінші төменгі сатыға шешімі тура орындаушыларға жеткізіліп, менеджмент құрылым звенолары жатады. Екінші менеджмент сатысы ұйым бөлімдерін басқару қызметшілері жатады, ал үшінші жоғарғы сатыда ешкім оларға басқармайтын басқарушылар жатады.
Менеджерлер тек қана стандарттарды белгілеп, қорытындылауды өлшеп, мемлекет ішінде өзінің бизнесіне түзету іс-әрекеттерін жасап қана қоймайды, сонымен қатар өзінің халықаралық бизнесі үшін ұқсас операцияларды жүзеге асыру керек. Олардың бизнесі неғұрлым глобальды болса, соғұрлым бақылау функциясын жүзеге асыру қиын.
Көп ұлтты фирмалар бақылаудың қаржылық емес сипаттарға фирманың өнім үлесі, еңбек өнімділігі, мемлекеттігі және қоғамдағы фирманың образы, қызметкерлердің моральдық деңгейі, профсоюзбен және қабылдап отырған мемлекеттің басшылығымен өзара қарым-қатынас жатады.
МЕНЕДЖМЕНТТІҢ
МАҚСАТЫ, МІНДЕТІ, ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Менеджмент басқарудың мақсатына
адамдардың еңбек белсенділігін ынта-ықыласы
арқылы көтеріп, олардыңң тиімді жұмысының
негізінде жетуді ұйғарады. Ғылымның бұл
түрін білу барысында басқарудың мақсаттарын
қою мен дәлелдеу үшін нақты білім және
тәжірибелік дағды алуға болады, осы мақсаттарға
жету жолында персоналдың күш-қуатын жинастыруға,
ғылыми дәлелденген шешімдерді қабылдауға,
кадрлар жұмысын жүйелеуге, кәсіпорындарды
біртұтас жүйе түрінде басқаруға мүмкіндік
береді.
Әртүрлі ғылымдар
секілді менеджменттің де теориясы болады,
онда осы пәнге тән қасиеттер, міндеттер,
категориялар, заңдылықтар, принциптер,
әдістер, функциялар және өзінің ізденіс
жолы қамтылады.
Басқару адамдардың парасаттылық нысаналы
іс-қызметінің көмегімен қоршаған әлемді
бағындыру және тіртіпке келтіру жұмысынан
тұратындығы бұрыннан белгілі. Менеджмент
– басқарудың маңызды құрамдас бөлігі,
оның пәні басқару үрдісіндегі әлеуметтік
қатынастардан тұрады. Сөйтіп, менеджменттің
ғылым ретінде айналыфсатын пәні басқару
үрдісінідегі адамдардың арасындағы қалыптасатын
қатынастар.
Менеджментті
кәсіпкерлік іс-қызметтің түрі деп қарастыруға
да болады. Осы көзқарасқа қарай менеджментті
алдын-ала белгіленген экономикалық нәтижеге
жеті үшін адамдардың күш-қуатын нысаналы
түрде шоғырландыруды ұйғаратын іс-қызметтің
бір түрі деп түсінген дұрыс.
Әр салада басқару
іс-қызметтің жалпы қағидаларымен бірге
өзіне тән ерекшелігі болады. Аграрлық
сфераны алатын болсақ, онда басқару қатынастарының
ерекшелігі ең алдымен оның іс-жұмысының
көлеміне, сонымен бірге жұмыскерлердің
санына қарай әрбір елдің экономикасының
ірі салаларының бірі болып есептелетініне
байланысты. Кәсіпорындар мен ұйымдардың
іс-жұмысына өздерінің ықпалын тигізетін
сыртқы факторлардың қатарына жататындардың
бірін көрсетпесек те, келесілерді айтуға
болады: халықтың төлем қабілеті бар сұранысты,
өндірістің, тауарды сыртқа шығарудың
және оны шеттен әкелудің, бәсекенің, табиғат
пен ауа-райының демографияның жиі жағдайын.
Сонымен қатар, бұл кәсіпорындардың және
ұйымдардың іс-қимылы олардың қолындағы
жердің, техниканың малдың, материалдық
құралдардың және ақша қаржысының болуына
ғана емес, сонымен бірге оларда ең алдымен
жұмыс істейтін адамдардың барлығына
байланысты.
Менеджмент стратегиялық
және тактикалық мақсаттарға оңтайлы
жетуде әрбір кәсіпорындардың және олардың
персоналдарын нысаналы және келісімді
жұмысаен қамтамасыз ететін басқару іс-қызметіне
ерекше түрінен тұрады. Ал басқару үрдісі
белгілі мақсатқа жетуге бағытталған
дәйекті түрдегі істің жиынтығының көрінісі.
Мененджмент макро және микроэкономиканың
негізгі қағидаларына негізделеді. Бірақ,
бұл бірыңғай экономикалық пән болып табылмайды.
Оның ғылым болып құрылуына айтарлықтай
ролдә психология, педогогика, социология,
кибернетика және математика атқарады.
Онымен қатар, менеджменттің өзі маркетингті,
коммерциялық іс-қызметті және басқару
іс жұмысын жүргізумен байланысты басқа
қолданбьалы пәндерді зерттеуге негіз
болып табылады.
2. МЕНЕДЖМЕНТТІҢ
НЕГІЗГІ КАТЕГОРИЯЛАРЫ
Басқару мен менеджментте бірдей категориялар
пайдаланылады, бұларға жататын ұғымдар
мынадай – «басқарудың объектісі мен
субъектісі, «олардың арасындағы тура
және кері байланысы, «басқару жүйесі,«қоршаған орта.
Басқару объектісі
– бұл бақарылатындардың барлығы, яғни
сала, кәсіпорын, бөлімшелер және т.б. Менеджментте
басқару объектісі ретінде әр уақытта
белгілі бір мақсатқа жету үшін өздерінің
іс-қызметтерін үйлестіретін және бағытталатын
адамдар тобы қарастырылады. Басқару субъектісі
– бұл басқарушылардың барлығы, яғни саланың,
кәсіпорынның, бөлімшелердің басқару
аппараты.
Басқарудың объектісі мен субъектісінің
арасында тура және кері байланыс болады.
Тура байланыс – бұл басқару объектісіне
субъектіден түсетін әмір (команда). Кері
байланыс – бұл басқару субъектісіне
объектіден әмірдің орындалғаны және
оның жағдайы туралы түсетін ақпарат.
Басқару объектісі
мен субъектісінің жиынтығы тура және
кері байланыстармен бірге басқару жүйесін
құрайды.
Басқару жүйесінде басқару объектісін
басқарылылатын жүйелілік, ал субъектісін
– басқаратын жүйелілік деп жиі айтылады.
Басқару жүйесін бірқатар жалпы шарттары
сипаттайды. Ең алдымен басқарылатын жүйеліліктің
басқарушы жүйеліліктің ықпалымен өзінің
параметрін (немесе қасиетін) өзгертетін
қасиеті болып табылады. Бұл орайда басқарудың
тиімділігі үшін критерийлер мен көрсеткіштер
қажет, олардың ішінде басқару объектісінің
іс-қызметінің маңызды паремтрін неғұрлым
толық көрсететіндер .
М. Х. Мескон, М. Альберт, Х. Хедоури «Менеджмент негіздері: басқарудағы ой-пікірдің дамуы» кітабында мектпетің төрт түрні белгіледі: ғылыми басқару мектебі, әкімшілік мектебі, психология және адамдар қарым-қатынасының мектебі және басқару ғылымының мектебі. Мектептің төртке бөлінуіне байланысты төрт тәсңлге бөлінеді. Мұнда басқару төрт түрлі көзқараста қарастырылады. Процестік тәсілде басқару өзара байланысты басқару қызметінің үздіксіз сериясы ретінде қарастырылады.
Жүйелік тәсілде атап көрсетілетіні : басшылар ұйымдастыруды адамдар, құрылым, міндеттер мен технология секілді өзара байланысты элементтердің жиынтығы ретінде қарастыруы, сөйтіп өзгермелі сыртқы орта жағдайында алуан түрлі мақсатқа жетуді көздеуі тиіс.
Ситуациялық тәсілінде басқарудың әр түрлі әдістерінің жарамдылығы нақты жағдайға қарай анықталады. Ұйымдастырудың өзінде де, қоршаған орта да сан алуан факторлар болатындықтан өндірісті басқарудың бірыңғай, «таңдаулы» әдісі болмайды.
Ғылыми басқару /1856-1920/
Ғылыми менеджмент мектептері (1885-1921) Ф.У.Тейлор, Л.Гилберт, Г.Гантта есімдерімен тығыз байланысты.
Ғылыми менеджменттің пайда болуы Фредерик Уинслоу Тейлордың /1856-1915/ есімімен байланысты. Оның басты еңбектері «Фабриканы басқару» /1903/, «Ғылыми менджмент принциптері» /1911/, «Конгрестің арннайы комиссиясы алдында көрсету» /1912/. Филодельфиядағы оның зиратының басына «ғылыми менджмент атасы» деп жазылған.
1880 жылдары өздігінен инженерлік білім алған американдық Фредерик Тейлор еңбек процесін зерттей бастады. Тейлор еңбек процесін өздігінен жүзеге асатын іс ретінде қарастырмай оған терең ден қойып, зерттей бастаған тұңғыш адам болды. 1856 жылы филодельфиялық адвокаттың отбасында дүниеге келген Фредерик Тейлор жасынан талапкер, ізденгіш болып өсті. Әуелі көзі уақытша нашар көргендіктен, Гарвард университетінде оқуды тоқтатып, Тейлор Филодельфиядағы шағын шеберханаға қарапайым жұмысшы болып орналасты. Төрт жылдың ішінде ол модельші және механик мамандықтарын меңгерді. Кейіннен Тейлор Филодельфиядағы «Миндвейл Стил Воркста» жұмыс істеп, түнге қарай инженер – механик мамандығын оқып үйренді. Тейлор «Миндвейльдің» басқарушысы болғанда өнеркәсіп практикасында берекесіздікке қайран қалды. Ол басқарушы мен жұмысшы арасындағы ешқандай ынтымақтастықты көре алмады. Берекесіздік пен ысырапшылдық етек алған еді. Жұмысшылардың өнім өндіруінің шектелуі кең етек алған еді. Мұны Тейлор ұдайы әскери қызмет деп атады. Нашар жабдықталған әрі жеткілікті үйретілмеген жұмысшыларға ешбір талғамсыз кез келген жұмсы тпасырылды. Осыдан бастап Тейлор ғылыми менеджменттің атасы «таңдаулы жол іздестіруге» құлшына кірісті.
Ф. Тейлордың ғылыми менджменті ұдайы бақылау, эксперименттеу және логикалық топшлыау арқылы анықталған нормативтер көмегімен бизнесті жандандыратын менеджмент түрі болып саналады. Ф. Тейлор менеджментті төрт салада дамытты: нормалар, уақыт пен міндетті зерттеу, ұдпайы сұрыптау және баулу, ақшалай ынталандыру. Тейлордың пікірінше, еңбек өнімділігінің артуы қожайынға, жұмысшыға да молшылық әкеледі. Ол үшін қожайынның да, жұмысшының да психологиясын түбегейлі өзгерту қажет. Екі жағы да қосымша өнімді өзара бөлуге назар аудармай, бар күш-жігерін оны молайтуға жұмсауы тиіс.
Тейлор концепциясының негізгі қағидалары:
Менеджмент басқару үрдісінде адамдардың өзара қатынасын зерттейтін басқарудың маңызды бөлігі болып табылады. Менеджмент пен басқарудың негізгі категорияларының мазмұны бірдей болады: басқарудың субъектісі мен объектісі, тура және кері байланыс, басқару жүйесі, қоршаған орта.
Менеджменттің әдістемелігі үрдістік,
ахуалдық, жүйелі және бағдарламалы-мақсатты
тәсілдерге негізделеді:
-Үрдістік тәсіл басқарудың негізгі функцияларын
жоспарлау, ұйымдастыру, ынталандыру және
бақылау үздіксіз өзара әрекетінің үрдісі
ретінде қарастырғанды ұйғарады;
-Ахуалдық тәсіл басқаруды жай жағдайда
қарай болғанын талап етеді;
-Жүйелі тәсіл саланы тұтас ретінде және
әрбір кәсіпорынды толық жүйе ретінде
қарауға және олардың іс-қимылының оңтайлы
параметрін анықтауға мүмкіншілік береді;
- Бағдарламалы-мақсатты тәсіл мақсаттардың
айқын анықталуын, олардың қатарларының
лайықты болуын және дәйектілікпен жүруін
күні бұрын ескереді.
Басқарудың заңдылығы
– бұл басқару үрдісінде дұрыс байқалатын,
қайталанып отыратын және әртүрлі элементтермен
және құбылыстардың арасындағы мәнді
өзара байланыстар.
Басқарудың принциптері
– бұл басқаруды ұйымдастыруға, оның құрылымына
және жүйесіне қойылатсын негізгі талаптарды
анықтайтын басшылықтың ережесі.