Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2013 в 20:55, лекция
Маркетинг ортасы дегеніміз - ол фирманың маркетинг бөлімінің мақсатты клиенттерімен тиімді байланыс орнатып, оны үзбей сақтау мүмкіндіктеріне әсер ететін белсенді субьектілердің және күштердің жиынтығы.
Маркетинг ортасын зерттеу барысында ол орта келесі түрлеріне бөлінеді:
• макроорта
Маркетинг басшысы |
А регион бойынша матркетингті басқарушы |
В регион бойынша маркетингті басқарушы |
С регион бойынша маркетингті |
8-сурет. Географиялық региондарға бағытталған маркетингтік қызметін ұйымдастыру құрылымы
Маркетинг концепциясын жүзеге асыру үшін маркетинг қызметінің үтымды құрылымы маңызды орын алады. Маркетингті ұйымдастыру кезінде әмбебап сияқты үлгі болмайды. Сондықтан да маркетинг бөлімшелері әртүрлі негіз бойынша құрылуы мүмкін. Көбінесе фирмалар маркетинг бөлімшесін құру кезінде маркетинг мақсатына жету талаптарына сүйенеді (тұтыну-шылардың қанағаттанбаған сұранысын іздеп табу, рынокты географиялық тұрғыдан кеңейту, рыноктың жаңа сегменттерін зерттеп табу, пайданы көбейту және т.б.).
Қағида бойынша, өндірілген өнім сапасы жоғары деңгейде болса, өзінің тұтынушысын табуы керек. Бұл үдеріс көбінесе маркетинг делдалдары арқылы қамтамасыз етіледі. Маркетинг делдалдары фирманың тауарларын клиенттерге қарай жылжытуға, оларға өткізуге және таратуға көмектесетін әдетте арнайы компаниялар мамандары. Оларға мыналар жатады:
♦ Сауда делдалдары - фирма клиенттерін іздеп табуға және оларға тауарды сатуға көмектесетін іскер компаниялары. Олардың мақсаты - сату орнын, сату мерзімін және сатып алу процедурасының фирмаға неғұрлым қолайлы болуын қамтамасыз ету.
♦ Тауар жылжытуды ұйымдастыратын маманданған фирмалары, компаниялары тауар қорларын жинауға және жылжытуға көмектеседі.
♦ Маркетинг қызметін атқаратын арнайы агентстволар ақылы тапсырыспен маркетинг зерттеулерін жүргізеді және маркетинг кешені туралы түрлі кеңестер береді, немесе жарнамалық агентство компаниялары тауарды ыңғайлы рынокқа бағыттауға және оны ұтымды жылжытуға көмектеседі.
♦ қаржы-несие мекемелері келісім қаракеттерді қаржыландыруға және ысырапты тәукелдіктен сақтануға көмектеседі.
Микроортаның келесі маңызды құрылымы бәсекелестер ( “сопсиrе" деген латын сөзінен аударғанда "мақсатқа ұмтылу") болады. Бәсекелестер дегеніміз бір типті тауарларды рынокта ұсынатын өзара бәсекеге түскен компаниялары болып табылады.
Микроортаның соңғы элементі - клиенттер, немесе тауарды тұтынушылар. Фирма рыноктың бес түрінде клиенттерге тауарларын ұсына алады. Олар:
1. Тұтыну рыногында - онда жеке тұтыну үшін тауарды сатып алушы тұлғалар, үй шаруашылықтары.
2. Өндірушілер рыногында - онда өндіріс үдерісінде тұтынатын өндіріс құрал-жабдықтарын сатып алушы фирмалар
3. Делдалдар
рыногында - басқаларға сату арқылы
пайда түсіру мақсатымен
4. Мемлекет мекемелері рыногында - коммуналдық қызметін аткару үшін, немесе мемлекет қызметін орындаушылары тұтынуы үшін сатып алушы мемлекеттік ұйымдар.
5. Халықаралық рыногында - шетел рыногында тауарды сатып алушылар (жоғарыда айтылған рыноктардың төрт түрі де шет мемлекеттерінде болуы мүмкін).
Кәсіпорын жұмысына медиаорта факторлары маңызды әсер етеді. Медиаорта дегеніміз фирманың нақтылы немесе әлуетті көңіл бөлетін және белгіленген мақсатына жетуіне есер ететін кез келген топ. Медиаорта фирма қаракетіне көмектесетін немесе кедергі жасайтын топтарға бөленеді. Соған сәйкес медиаортаны мынандай топтарға бөлуге болады:
♦ мейірбанды - бұл топтың фирмаға тілектестік ниеті болғаны;
♦ ізденуші - фирмаға қажет топ (мысалы, ақпарат тарататын ұйымдар);
♦ керегі жоқ - бұл топтың ниетін фирма езіне аударғысы келмейді, бірақ олармен санасады (мысалы, бойкот жариялайтын тұтынушылар тобы, салық инспекциясы,с.с. т.б.). Жалпы алғанда медиаортаның келесі түрлері кездеседі:
1. Қаржы қоғамдары (банктер, инвестициялық компаниялары, қор биржалары) фирманы қаржы ресурстарымен қамтамасыз етеді.
2. Ақпарат тарату құралдары (радио, теледидар, газеттер, журналдар т.б. с.с.) кәсіпкерлік жүесі туралы әртүрлі ақпарат таратады.
3. Қоғамдар
(тұтынушылар тобы, жергілікті тұрғындар)
фирманың жұмысын бақылайды.
4. Фирма қызметкерлері - олардың фирма жәйлі қалыптасқан пікірлері жұмысшылардың өз міндеттерін орындау сапасына ықпалын тигізеді.
Мұндағы маркетинг зерттеулерінің мақсаты: медиаортаның жалпы жағдайы туралы ақпарат жинау, фирмаға қатысты әрекеттерді болжау және қоғаммен бірлесу жолдарын іздеу.