Әлемдік нарықта дән қымбаттады

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Сентября 2013 в 09:14, реферат

Краткое описание

Оның кебін азық-түлік өнімдері де киюі ықтимал
Еуропада жауын толастамаса, ал еліміз, АҚШ, Ресей іспетті астықты мемлекеттер ылғал тапшылығына ұрынып отыр. Құрғақшылық әлемдік нарықтағы астық бағасына тың серпіліс берді. Шығындарын есепке салған диқандар қауымы дәннің жоғары бағаланатынына шүкіршілік етіп отыр. Бірақ одан қарапайым тұтынушылар ұтылуы ықтимал. Әлемдік астық нарығындағы өзгерістер әлеуметтің әмиянына салмақ түсіріп, азық-түлік бағасын өзгертетініне шетелдік сарапшылар сенімді. Ұн, нан, сүт және ет өнімдерінің құны құбылады деп күтілуде. Шетелдік үрдістің салқыны еліміздің ішкі нарығында да сезілетіні айқын

Прикрепленные файлы: 1 файл

Әлемдік нарықтағы дәннің қымбаттауы.doc

— 43.00 Кб (Скачать документ)

Әлемдік нарықта  дән қымбаттады

Оның кебін азық-түлік  өнімдері де киюі ықтимал

Еуропада жауын толастамаса, ал еліміз, АҚШ, Ресей іспетті астықты  мемлекеттер ылғал тапшылығына  ұрынып отыр. Құрғақшылық әлемдік нарықтағы астық бағасына тың серпіліс берді. Шығындарын есепке салған диқандар қауымы дәннің жоғары бағаланатынына шүкіршілік етіп отыр. Бірақ одан қарапайым тұтынушылар ұтылуы ықтимал. Әлемдік астық нарығындағы өзгерістер әлеуметтің әмиянына салмақ түсіріп, азық-түлік бағасын өзгертетініне шетелдік сарапшылар сенімді. Ұн, нан, сүт және ет өнімдерінің құны құбылады деп күтілуде. Шетелдік үрдістің салқыны еліміздің ішкі нарығында да сезілетіні айқын. Оның әсері емескі болатынын жергілікті сарапшылар болжап отыр.

Түсімі төмендейді

Менің ойымша

-           Тауарды сыртқа шығарып, импортталатын өнімдер де бар. Еліміз әлемдік нарыққа тәуелді. Оның бір бөлшегі ретінде саналамыз. Сондықтан шетелдегі азық-түлік бағасының шарықтауын біз де сезінетініміз сөзсіз. Себебі бірқатар мемлекеттер қуаңшылыққа ұрынса, дәннің құны артатыны тайға таңба басқандай анық. Бүгінгі күннің өзінде баға қымбаттаудың жолына түсті. Егер былтыр астықтың тоннасы 100-150 долларға бағаланса, биыл көрсеткіш 200-ден асып жығылған. Меніңше, сары алтынның ең төменгі бағасы 300 АҚШ долларын құрамақ. Құрғақшылықтың салдарынан сары алтынның түсімі құлдилап, дәннің құны 3 есе артуы ықтимал. Орақ науқаны барысындағы ысырапшылдық та әсер етпек. Ылғалдың аздығынан АҚШ, Украина, Ресей, Австралияның тірлігі мәз емес. Тек аталмыш жайт астықты мемлекеттердің барлығында орын алады десек, қателікке жол береміз.  Мәселен, Канаданы жаңбыр қуанышқа бөлеп отыр. Олар еліміздегі өткен жылғы қолайлы ауа-райының берекелілігін татып отыр. Сәйкесінше өнімділік деңгейі де канадалықтардың көңілдерін көншітіп отыр.

Қапы қалмасақ, салдарынан құтыламыз

-           Егіншілік, ата кәсіп әрі жем-азық шаруашылығы бір-бірімен тығыз байланысты. Ал АҚШ, Ресей іспетті бірқатар мемлекеттерде дән шығымдылығы көңіл көншітпейді. Салдарынан делдалдардың қитұрқылығы күн тәртібіндегі мәселеге айналуы ықтимал. Өткен жылы қамбамыз аузы-мұрнына дейін дәнге толғанымен, биыл еліміздің кей аймағында ас атасы нан бағасының негізсіз шарықтауы – соның бір айғағы. Әзірге аталмыш үрдісті өнімділіктің төменділігімен сабақтастыру әбестік. Өйткені биылғы дән әлі қамбаға құйылған жоқ. Баға қымбаттайды деп, асығыстыққа бой бермеген абзал. Бірақ әлемдік нарықта дәннің құны шарықтаудың кебін кигендіктен, оның лебі елімізде де сезілетіні хақ. Оны мойындау керек. Жағдайды реттейтін әрі шешетін тетіктер жеткілікті, соңғы 2-3 жылдың тәжірибесіне сүйенуге жол ашық. Қыл аяғы Продкорпорация сары алтынның қажетті көлемін нарықтан сатып алып, барлық тізбектің сұранысын қамтамасыз етуге жол ашық.

Екіншіден, дер кезінде жемшөп мәселесін  шешіп, тиісті шараларды мақұлдау қажет. Азықтық дәнді дақылдың, жүгерінің, қытайбұршақтың қоры жасақталса, жағдай қатаң бақылауға алынады. Отандық құс өсіруге бейімделген кәсіпорындар мен ірі сүт-тауарлы фермалар сан соқпағандары абзал. Олар азықтық дәнді дақылдардан таршылық көріп, әбігерленбегендері жөн. Егер Продкорпорация мен өзге трейдерлер оң жолды таңдаса, онда делдалдар да азаймақ.  

Әлемдік нарықта азық-түлік құны шарықтаса, оның әсері елімізде де сезілмек. Бірақ бірден еттің, сүттің бағасы қымбаттамайтыны айқын. Ең алдымен оның салдары сары алтынға бұйыруы ықтимал. Одан диқандар қауымы ұтуы мүмкін. Дені талай жылғы борыштарынан құтылып, лизингке алынған құрал-сайманның құнын өтеуге сәті түспек. Алайда таяқтың екінші ұшы тұтынушылардың еншісіне тимек. Олардың көзқарасы бойынша азық-түлік бағасы тұрақталуы тиіс. 

Астықтың құны құлдиламайды

- Бүгінде АҚШ-та егіс алқаптарының 50 пайызы құрғақшылықтан зардап  шегуде. Ресейліктер биыл 77-80 миллион  тонна дәннен дәмелі. Өткен жылмен  салыстырғанда өнімділік 15-16 миллион тоннаға төмендемек. Шетелдік мамандардың болжамынша, әлем бойынша қамбаға құйылатын астық көлемі 7 миллион тоннаға азаяды. Оған еліміз, АҚШ, Қытай әрі Ресей тап болмақ. Сәйкесінше дәннің құны шарықтаудың жолына түспек. 2011 жылға қарағанда биыл сары алтынның құны 1,5-2 есе артуы ықтимал. Чикаго биржасы бойынша оның бір тоннасы шілденің 20-27-сі 330-340 АҚШ доллары шамасында құбылған. Соңғы аптаның мәліметіне сүйенсек, дәнді дақылдардың құны 10-15 пайызға қымбаттады. Меніңше, аталмыш үрдіс 2 айдың ішінде азық-түлікке де әсер етеді. Әлемдік нарықта тауар бағасы көтерілсе, қымбатшылықтың лебі елімізді де айналып өтпейтіні хақ. Оның ел экономикасына еш зардабы жоқ, тек тұтынушылардың қалтасына салмақ салуы ықтимал. Бірақ біз оны нақты қашан сезінетінімізді болжау қиын.

Оған ішкі факторлар да әсер етуі ықтимал. Жанар-жағармай бойынша туындаған  түйткілді мысалға алайық. Бірыңғай экономикалық кеңістік күшіне енген  соң, ресейлік инвесторлардың жергілікті жағармайға қызығушылықтары артты. Өйткені қазақстандық мұнай өнімінің бағасы арзандау еді. Салдарынан жанар-жағармай тапшылығы орын алып, бекеттерде кезекте тұрғандардың саны көбейді. Сондықтан оның құнын ресейлік жағармайдың бағасымен теңестіруге мәжбүр едік. Астық бойынша дәл осы іспетті жайтқа тап болуымыз мүмкін. Сондықтан сары алтынның құнын өзгелерден төмендетсек, ішкі нарықта дән жетіспеушілігінің машақатын татуымыз ғажап емес.

Еңбек өнімділігін арттыру қажет

 

-           Нарықтағы дәннің құны әртүрлі себептерге байланысты құбылады. Бұл алдымен саудаға түсетін әрі тұтынылатын өнімдердің көлемімен сабақтас. Егер өндірілетін тауар деңгейі төмендеп, оның шығыны еселенсе, сәйкесінше өзіндік құны қымбаттайды. Тұрақтандыруға қол жеткізу үшін өңдеуге бет алған кәсіпорындар еңбек өнімділігін арттырулары міндет.

Биыл АҚШ-та, Ресейде, Украинада  егін түсімі азая түсетіні хақында  болжам бар. Өнімділік төмендесе, дәннің құны көбеюдің жолына түспек. Ол өз кезегінде  азық-түлік бағасының құбылуына  әкеліп соғады. Бірақ оның ішкі нарыққа, экономикамызға қатты әсері тимейді. Меніңше, өзге мемлекеттермен салыстырғанда елімізде азық-түлік бағасы аса қымбаттамайды. Сондықтан алаңдауға әзірге негіз жоқ.


Информация о работе Әлемдік нарықта дән қымбаттады