Дамыған инфрақұрылым – табыс тұғыры

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2014 в 20:37, реферат

Краткое описание

Экологиялық инфрақұрылым- адамның экономикалық қызметінің негативті ықпал етуінен қоршаған ортаны қорғауға, барлық кәсіпорындардың қызмет етуіне экологиялық жағдайларды қамтамасыз ететін салалардың және инженерлік құралдардың кешені. Инфрақұрылымның осы түріне: қоршаған орта жағдайын бақылайтын мемлекеттік және аймақтық органдар, теңіз және өзендер жағалауларын қорғау бойынша мемлекеттік инженерлік құралдар, мемлекеттік және жеке меншік тазалау қондырғылары.
Экологиялық инфрақұрылым – адам тiршiлiгiнiң зиянды жақтарынан қоршаған ортаны қорғау, қоғам өндiрiсi дамуының экологиялық жағдайларын қамтамасыз ету сфералары мен инженерлiк құрылыстардың кешенi.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Экологиялық инфрақұрылым.docx

— 16.91 Кб (Скачать документ)

Экологиялық инфрақұрылым- адамның экономикалық қызметінің негативті ықпал етуінен қоршаған ортаны қорғауға, барлық кәсіпорындардың қызмет етуіне экологиялық жағдайларды қамтамасыз ететін салалардың және инженерлік құралдардың кешені. Инфрақұрылымның осы түріне: қоршаған орта жағдайын бақылайтын мемлекеттік және аймақтық органдар, теңіз және өзендер жағалауларын қорғау бойынша мемлекеттік инженерлік құралдар, мемлекеттік және жеке меншік тазалау қондырғылары.

 Экологиялық инфрақұрылым  – адам тiршiлiгiнiң зиянды жақтарынан  қоршаған ортаны қорғау, қоғам  өндiрiсi дамуының экологиялық жағдайларын  қамтамасыз ету сфералары мен  инженерлiк құрылыстардың кешенi.

 

Дамыған инфрақұрылым – табыс тұғыры

Каспий теңізінің қазақстандық секторын игерудің негізгі ережелері Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 2003 жылғы 16 мамырдағы Жарлығымен бекітілген болатын. Кейіннен осы Жарлыққа сәйкес Каспий теңізінің қазақстандық секторын игерудің мемлекеттік бағдарламасы дүниеге келді. Мұнай-газ кен орындарын және теңіз қайраңы құрылымын игеру, сервистік инфрақұрылымды құру Каспийде жоспарланған мұнай операциялары жетістігінің тұғырлық факторларының бірі болып табылады. Осы орайда біз “ҚазМұнайГаз” АҚ-тың сервистік жобалар бойынша басқарушы директоры Мағзұм МЫРЗАҒАЛИЕВТІ әңгімеге тарттық.

– Қашаған кен орнын толық көлемде игеру теңіз жағалауы инфрақұрылымын қарқынды дамытуға итермелейтіні сөзсіз. Дегенмен, көптеген объектілер мол мұнайды өндіргенге дейін салынып бітуі тиіс қой. Осы бағытта атқарылып жатқан істер жайлы айтып берсеңіз.

– Әрине, бұл бағыттағы жұмыстар бұрыннан жүргізіліп жатыр. “ҚазМұнайГаз” АҚ Каспий теңізінің қазақстандық секторының жағалаулық белдеуін дамыту бойынша айтар-лықтай жұмыстар атқаруда. Көмірсутегі шикізатының барланған қорларын игеру үшін озық технологияларға негізделген осы заманғы инфрақұрылымдарды қалыптастыру мен өркендету қажет. Сол себепті 2003 жылы Каспий теңізінің қазақстандық секторын (КТҚС) игерудің мемлекеттік бағдарламасы дүниеге келді. Атырау қаласы, Ақтау қаласы, Маңғыстау облысының Түпқараған ауданындағы Баутино кенті және Қарақия ауданындағы Құрық кенті КТҚС игерудің мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жағалаулық инфрақұрылымды қалыптастырудың төрт негізгі пункті болып анықталды.

Каспий теңізі арқылы шетелдерге шығарылатын мұнай көлемі де жылдан-жылға артып келеді. Сондықтан бүгінгі күні Каспий теңіз флоты мен теңіз операцияларына қызмет көр-сететін жағалаулық инфрақұрылымдарды шапшаң дамыту қажеттігіне ерекше назар ауда-рылуда. Бұл ретте “ҚазМұнайГаз” АҚ халықты жұмыспен қамту мәселесін ғана шешіп қоймайды, сонымен қатар елімізде жаңа өндірістердің пайда болуына ықпал етеді.

– Каспий теңізінің қазақстандық секторының ресурстық әлеуетін игеру бағдарламасының аясында бүгінге дейін салынып біткен қандай нысандар бар? Осындағы Құрық кентінің инфрақұрылымы жайлы толығырақ айтып берсеңіз.

– Жағалаудағы сервистік инфрақұрылымды дамыту Каспий теңізінің қазақстандық сек-торын игерудегі басты факторлардың бірі болып табылады. Өйткені жаңа мұнай-газ кен орындары және теңіз қайраңының құрылымы қарқынды түрде игерілуде, Бұл ауқымды міндеттерді жүзеге асыруға қажетті инфрақұрылымдық нысандардың бір бөлігі салынып болды. Бүгінгі күні теңіз мұнай операцияларын қолдаудың үш базасы – “Аджип ККО”, “ТеңізСервис” ЖШС және “Балықшы” ЖШС базалары пайдаланылуда. Бұл базалардың негізгі қызметі кемелерге қызмет көрсету, вахтадағы жұмысшыларды ауыстыру, бұрғылау ерітінділерін даярлау, негізгі жүктерді және бұрғылау мен өнеркәсіп қалдықтарын жөнелту және сақтау жөніндегі қызметтерге теңіз операторларының қажеттілігін қамтамасыз ету болып табылады.

Теңіз кен орындарынан келіп түсетін қалдықтарды орналастыру “Аджип ККО” және “ТеңізСервис” ЖШС полигондарында жүргізіледі, олар Баутино кентінен 15 шақырым жерде орналасқан. Бұл полигондар мұнай операцияларының экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды орын алады. “ТеңізСервис” компаниясының Теңіз кемелеріне май құю стансасының өндірістік қуаты жылына 140 мың текше метр. Бұл станса Каспийдегі осы бағытта қызмет көрсететін алғашқы және әзірге жалғыз нысан болып отыр.

2003 жылы Тасты жүк айлағы  кешені пайдалануға берілді. Ол  жылына 2 млн. тонна тас жынысын  қабылдайды, қазіргі кезде бұл  айлақ Солтүстік Каспий жобасының  қажеттілігін толық қамтамасыз  етіп отыр. Теңіз кен орындарын  игеруге байланысты тас жынысына  де-ген қажеттілік ұлғайған жағдайда  Баутинода бұл сұранысты қамтамасыз  ететін барлық мүмкіндіктер бар.

2009 жылдың қазан айында  Баутино кентіндегі “ТеңізСервис”  ЖШС теңіз мұнай опе-рацияларын  қолдау базасының аумағында бұрғылау  ерітінділерін дайындау жөніндегі  зауыт құрылысы басталды. Ол теңіз  кен орындарында жұмыс жүргізетін  операторлардың, соның ішінде Қашаған  жобасының қажеттіліктерін қамтамасыз  етуге бағытталған. Зауыт су негізінде  де, көмірсутегі негізінде де  жоғары технологиялық ерітінділер  шығаратын болады. Құрылыстың аяқталуы 2011 жылдың І тоқсанына жоспарланып  отыр. Бұрғылау ерітінділерін өндірудің  ең үлкен көлемі жылына 84 000 текше  метр болмақ.

Қазіргі кезде Құрық кентінің аумағында кеме жасайтын верфь және “Ерсай” жабдықтау базасы жұмыс істейді. Кәсіпорын теңіздегі нысандардың құрылысына қажетті металл құрылғыларын дайындау жөніндегі Солтүстік Каспий жобасы операторының тапсырыстарын, сондай-ақ логистика бойынша операцияларды орындайды. Верфьтің жобалық қуаты жылына – 20 мың тонна металл құрылғыларын шығару. Құрық кентінің жағалаулық инфрақұрылымын дамыту бірқатар өндірістік нысандарды, соның ішінде мұнай құятын терминалын, теңіз мұнай операцияларын қолдаудың жағалаулық базасын және басқа да инфрақұрылымдық объектілерді құруды көздейді.

Бас жоспар бойынша Құрық кенті аумағында көптеген өндірістік нысандар құру қарасты-рылуда. Олардың ішінде Үкіметтің өткен жылғы қаулысына сәйкес “ҚазМұнайГаз” АҚ-қа мұнай құю терминалы, теңіз мұнай операцияларын қолдау базасы, кеме құрастыру-жөндеу зауыты құрылысының жобаларын жүзеге асыру жүктелді.

– Солтүстік Каспий жобасы бойынша қандай ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді?

– “ҚазМұнайГаз” АҚ-тың еншілес компаниясы – Қазақ мұнай және газ институтында (ҚМГИ) Каспий теңізінің қазақстандық секторының табиғи орта жағдайын зерттеу және экологиялық мониторинг жүргізудің аймақтық жүйесін құру жобасы жасалды.

Солтүстік каспий жобасы бойынша ҚМГИ Қашаған, Қайнар, Ақтоты кен орындары бойынша қазба байлығы қорының есебін жүргізді. Былтырғы жылы “ҚазНИПИмұнайгаз” АҚ институтымен бірлесіп, Қашаған кен орнын тәжірибелік-өнеркәсіптік әзірлеу жобасы аяқталды.

Бүгінгі күні ҚМГИ Қазақстан аумағындағы барлық ірі магистральды мұнай-газ құбырла-рын жобалауға қатысады десем, артық болмас.

– Каспий теңізі жағалауында жүргізіліп жатқан өндірістік операциялар кезінде экологиялық қауіпсіздік қалай қамтамасыз етіледі?

– Мексика шығанағындағы апат экологияның қаншалықты нәзік екендігін және оған үлкен жауапкершілікпен қарау керектігін көрсетті. Солтүстік Каспийдің Қашаған және басқа да кен орындарын игерудің маңызды аспектілерінің бірі өндірістік операциялар кезіндегі экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету екендігі даусыз.

Қазіргі кезде өздігінен ағып төгілетін ұңғымаларға байланысты төтенше жағдайлардың туу қаупін назарға ала отырып, оларды жою бойынша жұмысты, биоалуандылық мониторингін қоса алғанда, Каспий теңізінің қоршаған ортасы мониторингінің бірыңғай автоматтандырылған мемлекеттік жүйесін құру ұсынылып отыр. Аталған жүйеге деректерді онлайн режімінде беру арқылы Каспий теңізінің қайраңында орналасқан барлық жер қойнауын пайдаланушыларды жұмылдыру жоспарланып отыр.

“ҚазМұнайГаз” АҚ қатысуымен Атырау облысында мұнайдың төгілуіне жол бермеудің Солтүстік Каспий экологиялық базасының құрылысы жөніндегі жоба іске асырылуда. Жобаның негізгі мақсаты мұнайдың төгілуін жоюға арналған жабдықтарды орналастыру, техникалық қызмет көрсету, экологиялық және метеорологиялық мониторинг жүргізу, жануарлар әлемін қорғау болып табылады. Бұл нысан 2012 жылдың тамыз айында пайдалануға берілмек.

Ақтау халықаралық теңіз сауда порты Ақтау қаласының жағалаулық инфрақұрылымын дамыту жобасын ұсынып отыр, оның аумағында мұнай құятын терминалдар, Кеппел-Қазақстан компаниясының металл құрылымдары зауыты жұмыс істей бастады, сондай-ақ “КСОІ” компаниясы верфінің құрылысы аяқталуға таяп қалды.

– Каспий теңізінің қазақстандық секторының жағалаулық инфрақұрылымын дамытуда шетелдік компаниялармен серіктестік қандай деңгейде жүзеге асырылуда?

– Иә, бұл істе халықаралық тәжірибесі бар жетекші шетелдік компаниялармен серіктестік-тің аса маңызды екендігі даусыз. Осы орайда мұнай-газ саласының әлемдік көшбасшы-ларымен бірлескен жобаларды жүзеге асырып жатқан “ҚазМұнайГаз” ұлттық компаниясы ең озық әлемдік тәжірибені игеруде.

Қазіргі таңда компания Құрық кенті айлағында кеме құрастыру-жөндеу зауытын салу жөніндегі жобаны іске асыру үшін әріптестер немесе инвесторларды іздестіру үстінде. Же-текші шетелдік компаниялармен серіктестік жағалаулық инфрақұрылым саласында бірлес-кен кәсіпорындар құруға және бірлесіп сервистік қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл қазақстандық үлесті арттыруға, қазақстандық қызметкерлердің кәсіби деңгейін көтеруге және қазіргі заманғы технологияларды тартуға мүмкіндік береді.

Сәтті серіктестіктер туралы да айта кеткен жөн болар. ҚМГ ҰК еншілес компаниясы “ТеңізСервис” ЖШС мен “Shlumbergerдің” еншілес ұйымы болып табылатын MІ Swaco компаниясы арасындағы серіктестік 2009 жылы құрылған болатын және олардың бірлескен кәсіпорны “KazMІ” ЖШС осы жылдың ортасынан бастап ойдағыдай жұмыс істеп келеді. Бұл бірлестіктің негізгі қызметі Қазақстанның, оның ішінде Каспий теңізі өңірінде мұнай-газ рыногында бұрғылау ерітінділерін өндіру және сату, бұрғылау қалдықтарын қайта өңдеу, бұрғылау ерітінділерін тазалау үшін жабдықтар сату және жалға беру болып табылады.

Сонымен қатар қазіргі кезде “ТеңізСервис” ЖШС-ның қолдауымен Баутино кентінде бір-лесіп салып жатқан бұрғылау ерітінділерін өндіру зауыты бірлескен кәсіпорынға теңіз мұнай операциялары рыногына шығуға және екі серіктестің де позициясын нығайтуға мүмкіндік береді.

Ағымдағы жылы Баутино кентінде “Аташ” қолдау базасында “ҚазТеңізКөлікфлот” Ұлттық теңіз кеме компаниясы, “Topaz Energy and Marіne Ltd” компаниясы және “Балықшы” ЖШС-тің серіктесуімен құрылған “Moby” БК (“Маңғыстау облысының кеме жөндеу зауыты” ЖШС) өзінің өндірістік қызметін бастады. БК қызметінің негізгі бағыттары шағын кемелердің барлық түрін жөндеумен байланысты.

– Каспий теңізінің мол мұнайын игеруде сервистік қызмет көрсетудің алар орны қандай?

– Теңіз мұнай жобаларына қызмет көрсету үшін міндетті түрде жағалаулық сервистік ин-фрақұрылым құру қажет. Өйткені, жағалаулық инфрақұрылымсыз теңіз қайраңының қазынасын жемісті игеру мүмкін емес. Ал теңіз жобаларының болашағы – бұл бүкіл мұнай-газ саласының болашағы.

Каспийдің айдыны мен жағалаудағы учаскелеріндегі геологиялық-барлау жұмыстары – компанияны дамытудың басым бағыттарының бірі. Ал “ҚазМұнайГаз” компаниясының ел экономикасының көшбасшысы екендігін ескерсек, бұл Елбасы белгілеген еліміздің 2020 жылға дейінгі даму стратегиясына да ерекше серпін береді.

 


Информация о работе Дамыған инфрақұрылым – табыс тұғыры