Қазақстан Республикасының баға жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Апреля 2013 в 23:32, курсовая работа

Краткое описание

Бұл курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасының экономика саласындағы ерекшеліктер мен бағаны тұрақтандырудың математикалық модельдеу әдістерін талқылау, ондағы тиімді модельдеу әдістерін таңдап алу, мемлекеттің баға тұрақтылығын қалыптастырудағы, оны реттеудегі өзіндік ұстанымдарына тоқталу табылады.
Жалпы курстық жұмыс негізгі үш тараудан тұрады.
Бірінші тарауда – баға құрылымы түсінігі, бағаның қалыптасу теориялары, бағаның негізгі қызметтеріне тоқталдық.
Екінші тарауда – толығымен бағаны тұрақтандырудың Қазақстан республикасындағы модельдеу үлгісіне, баға мен сұраныс, ұсыныс түсініктері арасындағы байланыстарға арналды.

Содержание

Кіріспе………………………………………………………………………………………………………..3

І-Тарау. Баға құрылымы

1.1. Бағаның қалыптасуындағы теориялар…………………………………………..4-7

1.2. Бағаның мәні мен атқаратын қызметтері………………………………………7-9

ІІ-Тарау. Бағаны тұрақтандырудың модельдері

2.1. Бағаны мемлекеттік реттеу……………………………………………………….10-11

2.2. Баға, сұраныс және ұсыныс…………………………………………………….. 11-12

ІІІ-Тарау. Қазақстан Республикасының баға жүйесі
3.1. Бағаны тұрақтандырудың Қазақстандық аспектілері………………12-15

Қорытынды……………………………………………………………………………………………….16

Пайдаланылған әдебиеттер…………………………

Прикрепленные файлы: 1 файл

курс Баға.doc

— 69.50 Кб (Скачать документ)

 

 МД-МД1+МД2=L1(У)+L2(r-r)

 

мұндағы:

 МД1 – іске қалдырылған ақшаға  сұраныс;

 МД2 – алыпсатарлық сұраныс;

r – нарықтық ставка проценті,

r – күтілген процент нормасы.

 Монетарлық теорияны тереңдетіп, ақшаның қызметін күшейтіп, оның  беделін көтеруге көп үлес  қосқан экономист – М.Фридмен. Ол ақшаға сұраныстың таза теориясын ұсынды.

 

 МД=РF (rb, re, p, h, y, и).

 

 Мұндағы әріптердің мәні:

 МД – номиналды ақша қалдықтарына  жоспарлы сұраныс.

 Р – бағаның абсолютті  деңгейі.

rb – облигацияның проценттік  нормасы.

re – акция табысының нарықтық курсы.

 р – баға өзгерістерінің  қарқыны.

 һ – ұлттық байлықтың заттай  құрылымдары.

 у – тұрақты бағадағы ұлттық  табыс.

 и – ақшаға сұраныстың  басқа факторлары.

 Көріп отырғанымыздай, монетарлық  теорияда ақшаны ұсыну мен  оған сұраныстың қарапайым жай түрінен күрделі жағдайларына дейін дамып отырған. Ең бастысы мұнда ақшаның М1, М2, М3 деген түрлеріне, акциядан, облигациядан түсетін табыстың процент нормаларына ерекше назар аударылған. Айталық, М1 ақшалары кәсіпкерлер мен іскер адамдарға, сауда мен өндіріс саласына қажетті ақшалар. Ал М2, М3 ақшалары – М2 және банктегі ақшаларды, акция, облигациядан түсетін проценттерді қосып алады. Егер Қазақстанда 22-00-дей әр түрлі банктер: мемлекеттік, халықтық, коммерциялық және жеке банктер бар екенін ескерсек, айналысқа қажетті ақшаны компьютер машинасының өздері де есептеп шығаруы қиын, ал үкіметтің ақша станоктері күндіз-түні істеп, ақша жасап үлгере алмай келеді. Айналысқа ақшаны көп шығару инфляцияны күшейтетінін елдің бәрі біледі. Нарыққа көшкенге дейін айналысқа керекті ақшаны К.Маркс өзінің ұсынған қарапайым формуласымен анықталды: ол тауар бағаларының барлық сомасын айналыс санына бөлгенге тең. Әрине ақша айналысына, айналысқа қажет ақшаға несиеге берілген тауарлар және басқа факторлар да әсер етеді. Қалай болса да нарыққа көшкенге дейін мемлекеттік банк ақша айналысына әсер етіп отырды. Шет елдерде, әсіресе, АҚШ-та жалпы ақша айналысын реттеп, қаржы-несие саясатын жүргізетін орталық банк, федералдық резервтік жүйе бар. Ол – банктердің банкісі. Басқа банктер оның қас-қабағына қарап әрекет етеді. Федералдық резервтік жүйе макроэкономикалық деңгейде қызмет атқарады. ең бастысы, банктік резервтерге бақылау жасап, осы арқылы ақша мен несиені ұсынуды реттеп отырады.

 ІІІ-Тарау. Қазақстан Республикасының баға жүйесі

3.1. Бағаны тұрақтандырудың Қазақстандық  аспектілері 

 

 Нарық экономикасына өту  жағдайында және экономикалық  дағдарысты жоюда, макроэкономикалық  тұрақтылыққа қол жеткізуде ҚР  бағаны тұрақтандыру маңызды  роль атқарады.

 Қазіргі уақытта қалыптасқан екі деңгейлі банктік жүйенің қызмет етуіне байланысты жасалған талдауда, олардың көрсетіп отырғанындай, кемшіліктердің басым бөлігі банктер қызметін реттейтін нормативтік базаны жасаудағы артта қалушылық және оның іске асырылуына іс жүзінде бақылау жасау механизмдеріндегі кемшіліктермен сипатталады.

 Қазақстан өз тәжірибесінде  көптеген баға тұрақтандыру мәселелеріне  байланысты басты сұрақтардың  шешімін тиімді етіп шешіп  келеді және шешу үстінде. Осы  тұрғыда мемлекет баға тұрақтандыру  шараларын қалыптастырып үлгерді.

 • Банкноталарды монополиялы  түрде эмиссиялау;

 • ақша-несиелік қатынастарды  реттеу;

 • сыртқы экономикалық қатынастарды  жүргізу;

 • банктердің қызметін жүйелеу;

 • үкімет тарапынан бағаны  қадағалау және т.б..

 Ақша-несиелік саясат жүргізу үшін мемлекет заңды бекітілген құралдары мен операциялар арқылы жұмыс жасауда, олар: қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемелері, банкілерге қойылатын резервтік талаптар нормативі, қысқа мерзімді ноталардың шығарылымы, ашық нарық операциясын жүргізу, кредиттік және депозиттік операциялар, вексельдерді қайта есепке алу және т.б.

 Оларды пайдаланудың тиімділігін  республикада 2001-2004 жж. қалыптасқан  инфляция деңгейімен (6,4-6,8%) шамалауға  болады.

 Сонымен қатар болашақта  артық өтімділікті «депозиттерге тарту» Ұлттық банктің басты құралы болатын жоспары бар. Алайда инфляциялық қысым көзі сырттан (сыртқы валюталық түсімдер) болса, артық өтімділікті шексіз азайту бұл операцияның тиімділігін төмендетуі мүмкін. Мұндай жағдайда сыртқы түсімдерді реттеу бағытында шаралар қолдану қажет.

 Институционалдық жағынан қарасақ  несие жүйесі валюта қаржы  мекемелерінің кешені, оны мемлекет  экономиканы реттеп атқару үшін  белсенді пайдаланады. Ақша-несие  жүйесі қоғамдық ұдайы өндірістің  барлық механизмін қамтып, өндірістің шоғырлануы мен капиталдың орталықтануын күшейтіп, бос ақша қаржыларын елдің экономикасына қолдануға септігін тигізеді.

 Қазіргі  нарықтық экономикада зейнеткерлер  қоры, сақтандыру компаниялары, өзара  қорлар, инвестициялық банктер, ипотекалық  банктер, қарыз сақтау ассоциациялары және т.б. осы сияқты арнаулы қаржы несие институттары ерекше орын алады. Көп көлемде ақша ресурстарын шоғырландырған бұл институттар капиталды тиімді орналастыру және қорлану процесіне белсене қатысады.

 Қорытынды

 Мемлекет  өзінің ішкі экономикасын біршама тұрақтылықта дамытуда. Бағаны тұрақтандыру әр қашаан алдын ала өз жоспарлары арқылы есептелінетін елдің экономика саласындағы ұтымды қадамдарымен қамтамасыз етіледі. Осы орайда баға мен елдегі инфлиясия шараларының арасындағы байланыстарды жүйелі түрде шешу мен мемлекеттің игілігіне қызмет жасауын қадағалау негізгі бағыттардың біріне саналады.

 Халықаралық  ақшалай талаптар мен міндеттемелерді  мемлекеттік реттеумен байланысты  бейнелейтін және жекелеген елдің  немесе барлық

 елдің  төлем қабілетін сипаттайтын – халықаралық өтімділік валюталық жүйенің элементі болып табылады. Халықаралық валюта өтімділігінің құрылымына шетел валютасы, алтын, Халықаралық валюталық қатынастарға резервтік позиция, СДР және ЭКЮ-дағы шоттар кіреді. Аймақтық валюталық жүйелердің пайда болуының себептерінің біріне, жаңа валюталық орталықты құру және оны дүниежүзілік валюталық жүйе аумағына қосу жатады. Аймақтық валюталық жүйе – валюталық бағамдардың ауытқуын азайту және интеграциялау процессті ынталандыру мақсатында бірлестікке мүше елдердің валюталық қатынастарын мемлекеттік-құқықтық ұйымдастыру формасының және экономикалық интеграция негізінде валюталардың қызмет етуімен байланысты қалыптасатын қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады.

 Мемлекеттің  валюта ресурстары былайша пайдаланылады:

1) Ұлттық  банк: «валюталық басқыншылықтарды»  – елдегі тұрақты ақша айналысын  қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттің  стратегиялық жоспарлармен анықталатын,  реттелетін деңгейде ұлттық валюта  бағамын қолдап отыру мақсатында  валютаны сатуды жүзеге асыру үшін; Ұлттық банктің қарыздары мен басқа міндеттемелері бойынша есеп айырысу үшін;

2) Қаржы  министрлігі: қарыздар туралы  келісімшартпен белгіленген уақытта  сыртқы берешекті өтеу графигі  бойынша жабу үшін; халықаралық  ұйымдардағы мүшелік үшін жарналар төлеу; елшіліктердің, консулдықтардың, өкілділіктердің және басқа елдердегі осындай органдардың жұмысын қаржыландыру үшін;

3) Үкімет  органдары: мемлекеттік қажеттерді  – тауарлар мен көпшілік қолды  бұйымдарды импорттау жөніндегі  орталықтандырылған сатып алуды қанағаттандыру үшін;

4) Басқарудың  жергілікті органдары – коммуналдық  шаруашылықтың, өндірістік емес  сфераның қажеттіліктерін, аймақтардың  жергілікті инфрақұрылымын дамытуды, халықтың түрлі елеулі қажеттіліктерін  қанағаттандыру үшін.

 Пайдаланылған  әдебиеттер:

 

1. Ашимбаев  Т.А. Экономика Казахстана на  пути к рынку: тенденции и  размышления. Алматы, 1994 г.

2. Берденов  Қ. Қазақстан мемлекет ретінде  қалыптасуы мен экономиканың  дамуы. – Алматы, 1998 ж. – 216 б.

3. Воловой  В.В. Политэкономия. М, 1999.

4. Елемесов  Р. Переходная экономика: проблемы  методологии и теории. Алматы, 1998 г.

5. Ермекова  Э.М. Состояние и перспективы  развития социальной сферы в  Казахстане: занятость и уровень  жизни населения // Вестник КазГУ  2001 №5.

6. Информационно-статистический сборник «Казахстан: 2003-2004годың, Алматы, Агенство РК по статистике.

7. Кубаев  Е. Экономичская политика и  экономический рост. Алматы, 2000 г.

8. Кенжегузин  М.Б., Додонов В.Ю. Шевелев С.А.  Формирование и реализация казахстанской модели устойчивого экономического роста. Алматы, 2001 год.

9. Курс  переходной экономики. Под.ред.  Л.И. Абалкина. М, 1997 г.

10. Казахстан  в цифрах за 2004 год. Агентство  РК по статистике. 2004.

11. Қазақстан  Республикасының Президентінің  жолдауы.//Егеменді Қазақстан 2003, 5 сәуір.

12. Қазақстан  Республикасының Президентінің  жолдауы.//Егеменді Қазақстан 2005, 18 ақпан.

Тағы рефераттар


Информация о работе Қазақстан Республикасының баға жүйесі