Қаржылық менеджменттің мәні, Мақсаты, бағыттары және құрылымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2013 в 15:17, курсовая работа

Краткое описание

Қаржылық менеджмент – кәсіпорын және ұжымдардың ақша қаражаты айналымын ұйымдастыру, қаржы ресурстарының құрылуы, бөлінуі және пайдаланумен байланысты басқару мәселелерін жүзеге асыру және оған әзірлік әдісі мен принциптерінің жүйесі болып табылады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

12890.doc

— 212.00 Кб (Скачать документ)

Операциялық леверидж сату көлемінің өзгеруінің пайызды және салықты төлегенге дейінгі пайдаға  әсерінен көрінеді.

 

 

ФИРМАНЫ ҚАРЖЫЛЫҚ САУЫҚТЫРУ ӘДІСТЕРІ

 

Кәсіпорынды кризистік  қаржылық жағдайдан шығаруға бағытталған  тұрақтандыру шаралары жүйесінде оны  сауықтыру маңызды роль атқарады.

Сауықтыру – бұл кәсіпорынның қаржы жағдайын жақсарту бойынша  шаралар жүйесі, ол кәсіпорынды банкрот  деп жаиялаудан немесе оны жоюдан құтқаруға бағытталған шараларды заңды немесе жеке тұлғалардың көмегімен жүзеге асыру. Сауықтыру үш жағдайда жүргізіледі:

  1. кредиторлар тарапынан банкрот жариялауды бастаудан бұрын кәсіпорын өз еркімен кризистік жағдайдан шығу үшін сыртқы көмек іздесе;
  2. егер кәсіпорын арбитражды сотқа өз банкроттығын жарияламас бұрын сауықтыру жағдайын ұсынса;
  3. сауықтыру өткізу туралы шешімді арбитражды сот қабылдаса, кредиторлар талабын орындап, кәсіпорынның бюджет алдындағы қарызын өтеуге дайын адамдардың ұсынысы болса№

Фирманың қаржы жағдайын жақсарту шаралары оңшау және жалпы  болып бөлінеді. Оңшау шаралар  жеке жақсартуларға, ал жалпы шаралар  бүкіл өндірісті сауықтырады.

Сонымен қатар шаралар өте тез  мерзімді, қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді болып бөлінеді. Ұзақ мерзімді шаралар мерзімсіз, яғни үнемі шараларға айналуы мүмкін.

Өте тез арадағы төлем қабылеттілігін тұрақтандырады. Бір жағынан ағымдағы қаржы міндеттемелері қайшылып, екінші жағынан ақша қаражатының тез  түсу мүмкіндіктері қарастырылады.

Қысқа мерзімді шараларға бір жыл ішінде жүзеге асырылатын шаралар жатады. Олар кәсіпорынның қаржылық тепе-теңдігін қамтамасыз етеді, операциялық, инвестициялық және қаржылық қызмет аясындағы төлемдер қаржы түсімімен теңгеріледі. Сонымен қатар кәсіпорынның қаржылық – экономикалық жағдайына талдау жасалады, төлем қабілеттілігін, қаржылық тұрақтылықты, өткізуден түскен түсімді, кәсіпорын балансын бағалау жасалады. Балансты бағалау жалпы өтімділік коэффициентін қарастыру, өзіндік айналым қаржысымен қамтамасыз етуі негізінде өткізіледі.

 

КӘСІПОРЫННЫҢ ДИВИДЕНДТІК САЯСАТЫ

 

Дивидендтік саясаты  капитал құрылымын басқару сияқты кәсіпорын акцияларының бағасына біршама  әсер етеді. Дивиденд акционерлердің ақшалай  табысы және олар белгілі бір дәрежеде акционерлерге кәсіпорын жұмысы жемісті жүріп жатқандығы туралы белгі береді.

Қаржы теориясында  оңтайлы дивидендтік саясат негіздеудің  үш жолы белгілі:

  1. Дивидендтің иррелеванттілік теориясы. Дивидендтің иррелеванттілік теориясын Ф.Модильяни мен М. Миллер дайындаған. Олар өз теорияларын дамыта отырып, дивидендті қалдық принципі бойынша есептеуді ұсынады. Осы идеяны негізге ала отырып, олар тағы да дұрыс инвестициялық саясаттың басымдылығына, оның компанияның негізгі мақсатын анықтайтынына келеді.

Дивидендтік саясаттың  оңтайлылығы – тиімді қайта қаржыландырудың барлық мүмкіндіктері талданған соң және осы көз есебінен барлық тиімді инвестициялық жобалары қаржыландырылған соң ғана дивидендті есептеу деп түсіндіріледі. Егер барлық пайданы мақсатты түрде қайта қаржыландыруға жұмсаса, дивиденд мүлдем төленбейді, ал, керісінше, компанияның тиімді инвестициялық жобалары болмаса, пайда толығымен дивиденд төлеуге жұмсалады.

  1. Дивидендтік саясаттың негізделік теориясы. Екінші бір тәсілдің жақтаушылары, Модильяни – Миллер теориясының қарсыластары дивидендтік саясат негізді, ол акционерлердің жиынтық байлығына әсер етеді деп санайды. Дивидендтік саясатын таңдау мәселесін шешу бағытындағы негізгі идеологтары М. Гордон мен Дж. Линтнер. Сонымен, олар талдауының негізгі қорытындысы мынадай деді: жалпы кіріс формуласында дивиденд кірісінің маңызы басым; дивиденд төлеуге бағытталған пайда бөлігін ұлғайтып, фирманың нарықтық құнының өсуіне келуге болады, сонымен қатар оның акционерлерінің жағдайы жақсарады.
  2. Салықтық дифференцияация теориясы. 1970 – 1980 жж. басында Н. Литценберг мен К.Рамасвали зерттеулерінің нәтижесі жарияланды, кейіннен олар салықтық дифференциация теориясын аталған, осы теорияға сәйкес акционерлер тұрғысынан дивидендтік кіріс емес, капиталдалған кірістің маңызы басым. Осы теорияға сәйкес екі компания пайдану бөлу жағынан ғана ерекшелексе, онда салыс<span class="dash041e_0431_044b_044

Информация о работе Қаржылық менеджменттің мәні, Мақсаты, бағыттары және құрылымы