Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2014 в 15:51, реферат
Бизнес тұрғысынан қарағанда логистика деген корпоративті мақсатқа барлық ресурстардың оңтайлы шығындарымен жету үшін материалды және басқа да (ақпараттық, қаржы, қызмет) ағымдарын тиімді басқару. Қазіргі уақытта алдыңғы қатарлы фирмалардағы логистиканың дәстүрлі функционалды салалары стратегиялық инновациялық (жаңартпа) жүйе құра отырып, жалпы ақпараттық-компьютерлік платформа негізінде бірікті.
Кәсіпорында логистика қызметін басқару құрылымын өңдеу
Қазіргі бизнесте логистика стратегиялық маңызды орынға ие. Осы салада табысқа жеткен көптеген мамандардың компания басшылығындағы жоғарғы қызмет орындарына жылжитыны кездейсоқ емес. Бизнес тұрғысынан қарағанда логистика деген корпоративті мақсатқа барлық ресурстардың оңтайлы шығындарымен жету үшін материалды және басқа да (ақпараттық, қаржы, қызмет) ағымдарын тиімді басқару. Қазіргі уақытта алдыңғы қатарлы фирмалардағы логистиканың дәстүрлі функционалды салалары стратегиялық инновациялық (жаңартпа) жүйе құра отырып, жалпы ақпараттық-компьютерлік платформа негізінде бірікті. Бизнес тәжірибесіне логистикалық менеджмент әдістерін енгізу көптеген фирмаларға өндірістегі, жабдықтаудағы және өткізудегі өнімнің барлық қор түрлерін қысқартуға, айналым капиталының айналымдылығын жеделдетуге, өндірістің өзіндік құнын төмендетуге, бөлуге тиісті шығындарды төмендетуге, тауарлар және қызметтермен тұтынушылардың толық қанағаттандырылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Логистика саласындағы қызмет көп қырлы. Оған көлікті, қойма шаруашылығын, қорларды, кадрларды басқару, ақпаратты жүйелердің ұйымдастырылуы, коммерциялық қызмет және т. б. жатады. Аталған әрбір функцияға сәйкес салалық пәнде терең зерттеліп, баяндалған. Логистикалық тәсілдің жаңалығы – негізгі өзара байланыс. Логистикалық әдістің мақсаты – материалды ағымдарды толассыз басқару.
Материалды ағымдарды басқару әр уақытта шаруашылық қызметтің маңызды жағы болып табылатын. Дегенмен, ол тек жақында ғана экономикалық өмірдің маңызды функцияларының біріне айналды. Негізгі себебі – өндірістік және сауда жүйелерінің тұтынушының тез өзгеріп отыратын талғамына жылдам икемделуі қажеттігін туғызған сатушы нарығынан сатып алушы нарығына өту.
Шет елдердің көпшілігінде логистикалық ассоциациялар, ұйымдар мен қоғамдастықтар құрылып, тиімді қызмет етіп отыр. Логистика салыстырмалы түрде жас және белсенді дамушы ғылым мен бизнес сферасы болып табылады. Шет елде логистика соңғы онжылдықта тез дамыды. Қазақстан үшін логистикалық өндірістік, сауда, көлік және ақпараттық жүйелердің қалыптасуы мен дамуы өте маңызды, себебі ол біздің елдің әлемдік экономикалық және ақпараттық кеңістікке интеграциялануын тездетуге мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда Қазақстандағы логистиканың дамуы нарық заңдары мен қағидаларынан туындағандай логистиканы игеру және оны кәсіпорындағы басқару жүйесімен бірігуі нарықтық экономиканың даму деңгейін көрсетеді.
Нарықтағы қатаң бәсеке, халықтың төлем кабілеттілігінің төменділігі, кәсіпорынның айналым кұралдарының жеткіліксіздігі, өндірістік шығындардың үнемі өсуі отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін төмендетіп, өткізуді қиындатуда.
Әрбір кәсіпорынның нарыққа дұрыс қадам жасау үшін логистика ауадай қажетті нәрсе, бірақ бұл логистика өз бетінше кешенді сала ретінде қызмет етеді деп айту қиын, себебі кәсіпорынға логистиканы жүргізу беймәлім белгісіз зат, оны қалай өткізу, қалай жоспарлау, қандай әдіс қолдану деген сұрақтар туындайды бұл сауалдардың әр бірі өз бетінше тағыда сұрақтар туғызады, ал осының бәрін дұрыс қолданбауы нақты мәліметтердің бетін ашпайды, яғни сондықтан нарықтағы кәсіби маманданған логистиканы жүргізумен айналысатын ұйымдарға жүгіну дұрыс шешім болады.
АҚШ компанияларының 75%-ында осындай логистикалық бөлімшелер бар, онда маркетологтар, статистер, бағдарламашылар, әлеуметтанушылар, психологтар жұмыс істейді, сондықтан бұл компаниялар нарықтық бәсекеге жақсы бейімделген.
Шикізаттың бірінші көзінен өндірістік, тасымалдау және делдалдық звено тізбегі арқылы соңғы тұтынушыға жылжи отырып, материалды ағымдардың құны өсіп отырады. Ұлыбританияда жүргізілген зерттеулер көрсеткендей, соңғы тұтынушыға жеткен өнім құнының 70%-дан астамы сақтаумен, тасымалдаумен, ораумен және материалды ағымдардың қозғалысын қамтамасыз ететін басқа да операциялармен байланысты шығындар құрайды.
Тауардың соңғы бағасында логистикаға кеткен шығындар үлесінің көптігі материалды ағымдарды басқаруды оңтайландыруда шаруашылық жүргізу субъектілерінің экономикалық көрсеткіштерін жақсартудың қандай резервтері бар екенін көрсетеді.
Материалды ағымдарды басқаруда логистикалық тәсілді қолданудың экономикалық әсерінің басты қосылғыштарын қарастырып өтейік. Өндіріс және айналым салаларында логистиканы қолдану келесідей мүмкіндіктер береді: материалды ағымдар қозғалысының бүкіл жолындағы қорларды төмендету; логистикалық тізбек бойындағы тауарлар қозғалысының уақытын қысқарту; тасымалдау шығындарын төмендету; қол еңбегінің шығындарын және жүк операцияларының сәйкес шығындарын қысқарту.
Экономикалық әсердің көп бөлігі материалды ағымдар қозғалысының бүкіл жолындағы қорларды қысқарту есебінен жүзеге асады. Европалық өнеркәсіп ассоциациясының мәліметтері бойынша, материалды ағымдардың іштей бақылануы материалды қорлардың 30-70%-ға қысқаруын қамтамасыз етеді (АҚШ-ң өнеркәсіп ассоциациясының мәліметтері бойынша, қорлардың төмендеуі 30-50% шамасында болады).
Қорларды оңтайландырудың жоғары маңыздылығы келесімен түсіндіріледі: логистикаға кететін шығындардың жалпы құрылымында қорларды ұстауға кететін шығындар 50%-ды құрайды, оның ішіне басқару аппаратына кететін шығындар, сондай-ақ тауарлардың бұзылуынан немесе ұрлануынан болған жоғалтулар кіреді; кәсіпорынның айналым капиталының көп бөлігі қорларға бөлінеді (кәсіпорынның барлық активтерінің 10-нан 50%-ға дейін); қорларды құруға кететін өндірістегі шығындар, жалпы шығындар көлемінің 25-30%-на дейін құрайды.
Логистиканы пайдаланудағы қорлардың қысқаруы логистикалық үрдістерге қатысушылардың іс-әрекеттерінің өзара келісулерінің жоғары дәрежесі есебінен, жеткізу сенімділігінің жоғарылауы есебінен, қорларды дұрыс бөлу есебінен, сондай-ақ басқа да бірқатар себептер есебінен қамтамасыз етіледі.
Логистиканы пайдаланудың экономикалық әсерінің келесі құраушысы тауардың логистикалық тізбек бойында қозғалу уақытының қысқаруы есебінен құралады. Бүгінгі таңда қоймалауға, өндірістік операцияларға және жеткізуге кететін уақыт шығындарының үлесі орташа 2-ден 5%-ға дейін құрайды.
Сонымен, айналым уақытының 95%-нан астамы логистикалық операцияларға тиесілі болып отыр. Бұл құраушының қысқаруы капитал айналымын жеделдетуге, сәйкесінше уақыт бірлігінде алынатын пайданы өсіруге, өнімнің өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді.
Логистиканы қолданудың экономикалық әсері, сондай-ақ тасымалдау шығындарын төмендетуден де пайда болады. Көліктің қозғалу маршруттары оңтайландырылады, тәртіптері келісіледі, бос қозғалыстар қысқарады, көлікті пайдаланудың басқа көрсеткіштері жақсарады.
Жоғарыда айтылғандай, логистикалық тәсіл жүк өңдеуші жүйелердің техникалық жабдықталу салаларындағы тауар қозғалысының қатысушыларының жоғары келісу дәрежесін білдіреді. Логистикалық тізбектің барлық звеноларындағы бір типтес механизациялау құралдарын қолдану, бірдей ыдысты, жүк өңдеудің сәйкес технологиялық әдістерін пайдалану логистиканы қолданудың келесі экономикалық әсер құраушысын құрайды - қол еңбегінің шығындарын және жүк операцияларының сәйкес шығындарын қысқарту.
Логистикалық тәсіл материал өткізуші жүйенің қызмет етуінің басқа да көптеген көрсеткіштерін жақсарту үшін жағдай жасайды, өйткені оның жалпы ұйымдастырылуы жетілдіріледі, жеке звенолардың өзара байланысы жоғарылайды, басқару жақсарады.
Логистиканы пайдаланғандағы экономикалық әсер жиынтығы аталған көрсеткіштерді жақсартудан алынатын әсердің сомасынан асады. Бұл логистикалық ұйымдастырылған жүйелердің интегративті қасиеттерінің пайда болуымен түсіндіріледі, яғни жалпы жүйеге тән, бірақ оның элементтеріне жеке-жеке тән емес қасиеттер.
Логистикалық жүйелердің интегративті қасиеттері бұл жүйелердің “Логистиканың алты ережесі” деп аталатын соңғы мақсатты жүзеге асыру қабілеттілігін білдіреді. Логистиканың алты ережесі: жүк – керекті тауар; сапа - қажетті сапада; саны - қажетті көлемде; уақыт - қажетті уақытта жеткізілуі тиіс; орын – керекті орынға; шығындар – минималды шығындармен.
Материалды ағымдарды басқару бойынша қызметті, өндірістік, сауда және басқа да шаруашылық қызмет түрлері сияқты, оның экономикалық дамуының ерте кезеңінен бастап адамдар жүргізетін. Логистиканың жаңалығы, ең алдымен, түрлі шаруашылық қызметтер арасындағы артықшылықтың материалды ағымдарды басқару бойынша қызметтерге ауысуында. Кәсіпкерлер тек жақында ғана экономикадағы шикізат, бөлшектер және дайын өнімнің қозғалуының барлық сатыларын іштей бақылаудың тиімділікті жоғарылатуда қандай потенциалы бар екенін білді.
Логистиканың концепциясы материалды ағымдарды оңтайландыру арқылы шаруашылық қызметтерді жетілдіруге тиісті көзқарастар жүйесі болып табылады.
Экономикадағы материалды ағымдар көптеген қатысушылардың қызметтерінің нәтижесінде пайда болады, ол қатысушылардың әрқайсысының өз мақсаттары бар. Егер қатысушылар бірлесіп, басқару объектісін – іштей материалды ағымдарды – рационализациялау мақсатында өз іс-әрекеттерін келісіп жасаса, онда олардың барлығы маңызды экономикалық ұтыс алады.
Логистиканың бастапқы жағдайына (принципіне) жүйелікпен қатар мыналар жатады: кешендік, ғылыми, нақтылық, конструктивтік, сенімділік және варианттылық.
Аталған принциптермен қатар, логистика концепциясы, сондай-ақ келесі жағдайлармен айқындалады: бүкіл логистикалық тізбек бойында логистикалық шығындарды есептеу; технологиялық үрдістерді гуманизациялау, қазіргі еңбек жағдайларын құру; логистикалық қызметті дамыту.
Логистиканың объектісі ішкі материалды ағым болып табылатыны белгілі, дегенмен кейбір учаскілерде оларды басқарудың белгілі бір ерекшелігі бар. Осы ерекшелікке сәйкес логистиканың бес функционалды саласын бөліп қарастырады: сатып алу, өндірістік, бөлу, тасымалдау және ақпараттық.
Сурет –1. Сатып алу, өндірістік және бөлу логистикасының мәселелері шешілетін материалды ағымдар учаскілері.
Ақпараттық логистика. Материалды ағымдардың қозғалу нәтижелері ақпараттық ағымдарды дұрыс ұйымдастырумен тікелей байланысты. Соңғы онжылдықта күшті ақпараттық ағымдарды тиімді басқару мүмкіндігі материалды ағымдарды іштей басқару мәселелерін қойып, оны шешуге мүмкіндік берді. Логистикалық үрдістердегі ақпараттық құраушының жоғары маңыздылығы логистиканың арнайы бөлімінің - ақпараттық логистиканың бөлініп шығуына себеп болды. Бұл жерде зерттеу объектісі – ақпараттық ағымдарды (материалды ағыммен кездесетін) ұйымдастырумен байланысты мәселелерді, ақпараттық технологияларды, микропроцессорлы техниканы қолданатын материалды ағымдардың басқаруын қамтамасыз ететін ақпараттық жүйелер.
Ақпараттық логистика логистиканың басқа қалған функционалдық салаларымен тығыз байланысты. Бұл бөлім ақпараттық ағымдардың кәсіпорын ішінде ұйымдастырылуын, сондай-ақ бір-бірімен алыс орналасқан логистикалық үрдістің түрлі қатысушыларының арасындағы ақпарат алмасуды қарастырады (мысалы, спутник байланыс құралдары арқылы).
Сонымен, логистикалық әдістерді қолдана отырып төмендегі артықшылықтарға жете аламыз: сұранысты болжамдау және соның негізінде қорларды жоспарлау, өндіріс пен көліктің қажетті қуаттылығын анықтау, материалды ағымдарды оңтайлы басқару негізінде дайын өнімді бөлудің ғылыми принциптерін жасау, өндіріс пунктінде және тұтынушылардағы тиеу үрдістерін және тасымалдау-қоймалау операцияларын басқарудың ғылыми негіздерін жасау, логистикалық жүйелердің қызмет етулерінің түрлі математикалық модельдерінің варианттарын құру; дайын өнімдерді бірлесіп жоспарлаудың, жабдықтаудың, өндірістің, қоймалаудың, өткізудің және тасымалдаудың әдістерін жасау және т.б.
Кез келген кәсіпорынның логистикалық қызметі - бұл кәсіпорынның дамуына әсер ететін барлық факторлардың жиынтық қаралуы, фактілерді еске ала отырып даму стратегиясын жасау және бұл стратегияларды іске асыру бойынша нақты іс -шаралар колданылу болып табылады.
Өндірістің әлеуметтік-экономикалық тиімділігін камтамасыз ететін жалпы экономикалық кұбылыс пен тетік ретіндегі логистиканың рөлі өте зор.
Информация о работе Кәсіпорында логистика қызметін басқару құрылымын өңдеу