Ақпараттық логистика

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Ноября 2013 в 14:38, реферат

Краткое описание

Ақпараттық логистика және оның басты міндеті – кәсіпорынды басқару жүйесінен және жүйеге ақпаратты жеткізу, алайда иерархияның әр деңгейі өзіне тиесілі ақпаратты ғана қажетті мерзімде алуы тиіс. Ақпараттық логистика және оның жоғарғы басқарушылық деңгейі – шешім қабылдау үшін, саясат пен стратегия жасау үшін жасалған ақпарат. Ақпараттық логистика және оның бақылаушы ұйымы – амал-тәсілдік жоспарлау мен бақылауға арналған ақпарат. Ақпараттық логистика мен оның амал-тәсілдік ұйымы – алыс-беріс мәмілелерін өңдеуге жауап. Логистикалық жүйе үрдісінде жасалатын ақпараттық логистика мына жайларды жүзеге асыруы тиіс:

Прикрепленные файлы: 1 файл

ком.лог.Тиккузова ЛГ.docx

— 80.30 Кб (Скачать документ)

Уақытылылығы.

Логистикалық ақпарат  басқару жүйесіне уақытылы жеткізілуі тиіс, себебі бұны көптеген логистикалық технологиялар, әсіресе JIT (дәл мерзімде) концепсиясына негізделген технологиялар қажет етеді. Ақпараттың уақытылылығы бүкіл кешендік логистикалық функциялар үшін маңызды. Бұдан басқа тасымалдаудағы, операциялық менеджменттегі, тапсырыстар мен қорларды басқарудағы көптеген есептер нақты уақыт тәртібінде шешіледі. Мұны басқа да логистикалық мониторингтің көптеген есептері де талап етеді. Ақпараттың түсу және өңделілуінің уақытылылық талабы сканерлеудің, спутникті жаңалықтарының, штрихтық кодтаудың қазіргі логистикалық технологияларымен, EDI/EDIFACT стандарттарын енгізу арқылы жүргізіледі.

Бейімділік.

Логистикалық ақпараттық жүйедегі ақпарат өнім, қызмет сапасын  жақсартудың, логистикалық шығындарды төмендетудің қосымша мүмкіндіктерін табуға бейімделуі тиіс. Қабылдау, бейнелеу және ақпаратты алдын ала өңдеу әдістері «тар» орындарды табуға, ресурстарды үнемдеу көздерін табуға  әсер етуі тиіс.

Икемділік.

Логистикалық ақпараттық жүйеде жүретін ақпарат нақты  пайдаланушыларға икемделуі тиіс және оларға ыңғайлы түрде болуы керек. Бұл фирма персоналымен қатар, логистикалық делдалдарға және соңғы тұтынушыларға да қатысты. Қағаз және электрондық құжат айналымы, есеп берудің аралық және шығатын фирмалары, анықтамалар және басқа да құжаттар логистикалық үрдістің барлық қатысушыларының талаптарына максималды бейімделуі тиіс және мүмкін болатын көп қолданушы интерфейске икемделуі тиіс.

Қолайлы мәліметтер үлгісі.

Логистикалық ақпараттық жүйенің компьютерлік және телекоммуникациялық  торларында қолданылатын мәліметтер үлгісі техникалық құралдардың өнімділігін  тиімді қолдануы тиіс. Құжаттар түрлері  мен формалары, қағаз құжаттарындағы  реквизиттердің орналасуы, мәліметтердің өлшемділігі және басқа да параметрлер ақпараттардың машинамен өңделуін жеңілдетуі тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Ақпараттық логистика кәсіпорындағы  жеткізу, өндіру, өткізу мен мәліметтер  ағынын ұйымдастыруды  байланыстыратын аралық ұғым. Сонымен бірге  ақпараттық логистика орын ауыстыру процесінде  материалдық ағынға ілесіп отырады.

Логистика — тұтынушыларға шикізатпен жабдықтаушылардан тауарлар мен қызмет көрсетулерді алға бастырудың тиімді процесін ұйымдастыру, өнімдер, тауарлар, қызмет көрсетулер саласының жұмыс істеу, тауар қорларын басқару, тауар қозғалысының инфрақұрылымын жасау мәнін білдіретін мамандық. Логистиканың барынша кең таралған атауы оны әртүрлі жүйелердегі материалдық, ақпараттық және қаржылық ресурстар қозғалысын жоспарлау, басқару және бақылау туралы ғылым ретінде түсіндіреді.

Егер ақпараттық жүйеде ақпараттардың  автоматтандырылған өңделуі жүргізілсе, онда техникалық қамтамасыз етуге электрондық  есептеу техникасы және олардың  арасындағы байланыс құралдары жатады. Бұл жағдайда техникалық қамтамасыз етудің негізгі бөлігі ЭЕМ болып  табылады.

Қорытындылай келе экономика саласына логистиканың кеңінен енуі едәуір дәрежеде материалдық ағымдарды басқаруды компьютерлендірумен байланысты. Компьютерлердің программалық қамтамасыз етілуі, кез келген жұмыс орындарында ақпараттарды өңдеу бойынша күрделі мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. «Логистика» - А.Н.Тулембаева, А.Т.Бейжанова. Алматы, 2011;
  2. Интернет беттерінен: 1. http://utb.kz;

                                           2. http://www.tbc.kz.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Ақпараттық логистика