«Өз жұбыңды тап» жаттығуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2014 в 19:08, реферат

Краткое описание

Қатысушылар шеңбер құрап отырады. Мен сіздерге жануарлардың аттары жазылған текшелер таратып беремін. Атаулар екі текшеде қайталанған. Мысалы, егер сіздің қолыңызда піл деп жазылған болса, сіз тағы біреудің қолында сондай текше бар екенін біліңіз. (Жаттықтырушы текшелерді таратады, егер қатысушылар саны тақ болса, жаттығуға жаттықтырушы өзі де қатысады).

Прикрепленные файлы: 1 файл

Тренинг.doc

— 36.50 Кб (Скачать документ)

1.«Өз жұбыңды тап» жаттығуы.  
Қатысушылар шеңбер құрап отырады. Мен сіздерге жануарлардың аттары жазылған текшелер таратып беремін. Атаулар екі текшеде қайталанған. Мысалы, егер сіздің қолыңызда піл деп жазылған болса, сіз тағы біреудің қолында сондай текше бар екенін біліңіз. (Жаттықтырушы текшелерді таратады, егер қатысушылар саны тақ болса, жаттығуға жаттықтырушы өзі де қатысады).  
Сіздің текшеңізде не жазылғанын оқыңыз. Жазуды сіз ғана көруіңіз керек. Енді текшені жинап қойса болады. Әрқайсысыңыздың міндеттеріңіз өз сыңарыңызды табу. Бірақ, сөйлеспейсіздер, өзіңіздің жануарыңызға тән дыбыстар шығармайсыздар, тек әртүрлі қимылдар арқылы кез-келген әрекетті үнсіз жасайсыз.  
Егер өзіңіздің жұбыңызды тапсаңыз, бірге тұрыңыз, бірақ үндемейсіз, сөйлеспейсіздер. Тек барлығы өз сыңарын тапқан кезде ғана, қандай нәтиже болғандығын тексереміз. Топ мүшелері өз сыңарын тапқаннан кейін, жаттықтырушы «Сіз кімсіз?» деп сұрап шығады.  
Әдетте, бұл жаттығу өте көңілді өтеді, нәтижесінде топ мүшелерінің көңіл-күйі көтеріліпп, шаршағандығы тарқайды. Жаттығу қатысушылардың ары қарай ашыла түсуіне септігін тигізеді.  

 
2. «Оның есесіне мен...» жаттығуы.  
Барлық қатысушыларға аяқталмаған сөйлемдері бар карточкалар таратылады. Сөйлемдерді әр қатысушы өз ойымен аяқтайды.  
- Мен бәліш пісіре алмаймын, оның есесіне ..... .  
- Мен шаршадым, оның есесіне ...... .  
- Мен жақсы билей алмаймын, оның есесіне .... .  
- Мен көп үндемейтін адаммын, оның есесіне .... .  
- Мен көп ұйықтаймын, бірақ оның есесіне .... .  
- Мен жұрттың бәріне құрметті бола алмаймын, оның есесіне ... .  
- Мен еден жууды ұнатпаймын, оның есесіне ... .  
- Мен Үндістанда болған жоқпын, оның есесіне .... .  
- Мен пәлендей батыл емеспін, оның есесіне ..... .  
- Мен өзім туралы көп ойламаймын, оның есесіне...... .  
- Мен тез ашуланғыш адаммын, оның есесіне..... .  
- Мен соншалықты сымбатты емеспін, оның есесіне .... .  
- Мен тым толықпын, оның есесіне.... .  
- Менің аяқтарым ұзын емес, оның есесіне ... .  
- Менің кемшіліктерім көп, оның есесіне ... .  
- Менің жазуым әдемі емес, оның есесіне ..... . 

 
3. «Теңізге саяхат» релаксациялық жаттығу.  
Бұл медитативтілік техника денедегі қысымды түсіруге бағытталған, музыкамен орындалады.  
Жүргізуші. Жайланып отырыңыз, көзіңізді жұмыңыз. Терең демалыңыз, денеңізді бос ұстаңыз, денеңізді ауырлап бара жатқандай және оны теңіз толқынының лебі ұрып жатқандай сезініңіз. Өзіңізді жартастың үстінде тұрмын деп есептеңіз және алысқа көз жіберіңіз. Сіздің алдыңызда көгілдір теңіз, ашық аспан және күн. Теңіз барқалыпты дем алып, асау толқандары жағаға соғылып, қайтадан кейін қайтуда.  
Теңіз толқындарының шуын естіп, толқындарға қызыға қарап, жағалаудағы теңіздің тұзды ауасын жұтып тұрсыз. Өз бойыңыздағы асқан ауыртпалықтан бір сәтке болса да арылғандайсыз. Сіздің рухыңыз жайлылық сезіміне толы. Сіз төменге түсіп, аяғыңызды шештіңіз, жалаң аяқ құмның қызуы мен жұмсақтығын сезіне отырып жүгірудесіз. Міне сіз судың жанына келдіңіз, толқындар сіздің аяғыңызды жуып жатыр, су жып-жылы әрі жұп-жұмсақ. Сіз қолдарыңызды бос тастап, басыңызды шалқайттыңыз. Күн сәулесі мен жеңіл самал жел сіздің бетіңізді өбуде, теңіз толқындарының тамшылары сіздің денеңізді баурап алғандай. Ерніңізде теңіздің тұзды суының кермек дәмі және бақыт күлкісі. Сіз өзіңізді кішкентай бала сияқты сезініп, жүгіргіңіз, секіргіңіз, су шашып ойнағыңыз, күлгіңіз келеді. Өзіңізге осы бірнеше минут ішінде не істегіңіз келсе, соны істеуге рұқсат етіңіз.   
Сіздің қайтатын уақытыңыз болды. Міне сіз тағы да жардың басында тұрсыз. Сіздің демалыс пен бақыт сыйлаған ғажайып әлемге алғысыңызды айтыңыз. Көздеріңізді асықпай ашыңыз! 


Информация о работе «Өз жұбыңды тап» жаттығуы