Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Сентября 2013 в 16:42, реферат
Эвристика (гр. heurіsko – іздестіремін, ашамын) – жаңалықтарды ашу мен оқытуда қолданылатын шығармашылық қызметті, тәсілдерді зерттейтін ғылым. Эвристикалық тәсілдер түйінді шешу процесін жеделдетуге мүмкіндік береді. Қазіргі кезде адам шешімінің дәл алгоритімін көрсете алмайтын бірқатар міндеттерін (объектілерді тану, теоремаларды дәлелдеу, т.б.) техника құрылымдардың көмегімен шешу мүмкіндігіне байланысты бұл әдістерді зерттеуге едәуір ден қойылды. Эвристиканың міндеті – қайсыбір жаңа түйіндерді шешу процесінің үлгілерін жасау. Мұндай үлгілердің типтері: қарманып іздестіру үлгісі, ол байқап көру мен қателесу, лабиринттік үлгі, т.б. әдістерге сүйенеді.
Эвристика
Эвристика (гр. heurіsko – іздестіремін, ашамын) – жаңалықтарды ашу мен оқытуда қолданылатын шығармашылық қызметті, тәсілдерді зерттейтін ғылым. Эвристикалық тәсілдер түйінді шешу процесін жеделдетуге мүмкіндік береді. Қазіргі кезде адам шешімінің дәл алгоритімін көрсете алмайтын бірқатар міндеттерін (объектілерді тану, теоремаларды дәлелдеу, т.б.) техника құрылымдардың көмегімен шешу мүмкіндігіне байланысты бұл әдістерді зерттеуге едәуір ден қойылды. Эвристиканың міндеті – қайсыбір жаңа түйіндерді шешу процесінің үлгілерін жасау. Мұндай үлгілердің типтері: қарманып іздестіру үлгісі, ол байқап көру мен қателесу, лабиринттік үлгі, т.б. әдістерге сүйенеді. Сондай-ақ құрылымдық-семантикалық үлгі қазір ең мазмұнды, нәтижелі үлгі болып табылады. Эвристика психологияға, жоғарғы жүйке қызметінің физиологиясына, құрылымдық лингвистикаға, ақпарат теориясына байланысты сала. Эвристика сөзін келесідей түсінеді «ойлаудың жемісті тәсілдерінің қызмет ету шарттарын, ойлау құрылымдарын құрудың тәжірибелік тәсілдерінің дамуын, олардың негізінде мақсатты бағытталған танымдық қызметті зерттейтін педагогикадағы бағыт. Білім берудің эвристикалық қызметінің шарты мен жүзеге асырылуының нәтижесі оқушылардың когнитивті (әуестік, көрегендік, елігушілік, зеректілік), креативті (қиял, өнертапқыштық) және әдіснамалық (жоспаршылдық, қатынасшылдық) қасиеттерінің дамуы болып табылады» Методикалық нұсқаулар.Педагогикалық эвристика - өзіндік ізденіс арқылы оқытудың әдіснамасы; оқушы үшін жаңа әрекеттерді арнайы жасалған жаңа оқу жағдайларында олардың негізінде ойлаудың өнімділік-танымдық қасиеттерін мақсатты дамыту үшін құрудың түбегейлі заңдылықтарын зерделеу. Педагогикалық эвристика эвристикалық (ізденістік) іс- әрекетті оқу материалында байқап көреді, сонымен оқушыны нақты шығармашылыққа дайындайды. Білімнің пәндік мазмұнымен қатар метапәндік мазмұн енгізілед.Бұған қарсы шыққан И. Лакатос даму жолының нормалық, ережелік зерттеу идеясын ұсынды. Ғылыми жаңалықты ашу логикасы сондықтан зерттеу жобалардың методологиясы ретінде ішіне негативтік (қорғаныс) және позитивтік (шабуыл) эвристикаларын қамтыған. Осы жағдайда бір жағынан зерттеу жобасының өзегі, екінші жағынан бұл программа сынау жолында жаңа білім ашу үшін өзінің ұғымдарын, туатын қайшылықтарын қарастыру керек. Бірақ Лакатос негізгі өзек пен эвристика ұғымдарын конвенционалдық, шартты жорамал деп тұжырымдаған. Сол түсінігі жалпы бағыттың күшін жойды, себебі енді шарт жолымен ұйымдасқан ұғымдар өздерінің функцияларынан революциялық конвенционализмге тіркеліп барып айырылды. «Эвристика» амалы арқылы қабілетті арттыру. Мысалы, орташа оқушыларға оқу әрекеттерін орындауға бағытталған тың тапсырмалар бергенімізде олар жинаған материалдарды оқып, зерттей отырып, жаңа болжамдар жасауға талпыныс жасады. Мұғалім оқушының алдына күн өткен сайын күрделі міндеттер қою арқылы оның ықтимал мүмкіндігін іске қосу көзделді, сөйтіп әр оқушының дамуына қол жеткізілді. Мәселен, география сабағында оқушыларға адыраспан туралы тапсырма берілгенде, олар оның бірнеше тілдегі аталуларын, емдік қасиетін, ел аузындағы аңызды айта келіп, тіпті бас ауруының қай түрлеріне пайдаланылатыны туралы өз болжамдарын айтты. Айқын, жағдай түсініксіз болса, оны оқушы өздері шешсе, өз еңбектерімен жаңа мәлімет, білім алса, ол эвристикалық саты болмақ.