Бала тәрбиесі – баршаның ісі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 14:09, реферат

Краткое описание

Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың » деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ұлтжанды, патриоттық, ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік, құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде балабақшаның рөлі зор.
Балабақшаның басты мақсаты: Дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, патриоттық сезімі қалыптасқан, рухани ойлау дәрежесі биік,мәдениетті, парасатты ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Бала тәрбиесі.doc

— 30.50 Кб (Скачать документ)

Бала тәрбиесі – баршаның ісі

Мақсаты: Ұрпақ тәрбиесі – келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени-ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу – қоғам алдындағы борышымыз.

Көрнекілігі: бала тәрбиесіне қатысты нақыл сөздер

     Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың » деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ұлтжанды, патриоттық, ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік, құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде балабақшаның рөлі зор.

      Балабақшаның басты мақсаты: Дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, патриоттық сезімі қалыптасқан, рухани ойлау дәрежесі биік,мәдениетті, парасатты ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу.

    Француз педагогі Жан Жак Руссо: « Бала туғанда ақ қағаздай туады, оның үстіне шимайды қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол сияқты өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді » деген екен. Ұрпақ тәрбиесі – келешек қоғам тәрбиесілатынына көзімізді жеткізді.

    Отбасының да, балабақшаның да, мектептің де мақсат-мүддесі біреу ол – заман талабына сай ұрпақ тәрбиелеу.Балаға айналадағы өмір шындығының әсері мол. Айналасындағы үлкендердің, өзінен ересек балалардың бір-бірімен қарым – қатынасы, көңіл-күй ерекшеліктері, жүріс-тұрысы, еңбек әрекеті – бәрі де балаға үлгі-өнеге.

    Ата-бабаларымыз айтқандай баланың тәрбиесі бесіктен басталады, яғни, тәрбиенің негізі отбасынанан басталады. Балабақша, одан кейін мектеп адамның қоршаған ортада жеке тұлға ретінде қалыптасуына көмектеседі. Отбасындағы тәрбие мен балабақшадағы тәрбиені ұштас- 
тыра отырып, ары қарай жақсы жолға түсуіне себепкер болады деп ойлаймын. 
Баламның тәрбиесіндегі зор үлесі үшін балабақша тәрбиешілері Анар Шаянбаева және Жұлдыз Мойтапова апайларына алғысымызды білдіргіміз келеді. Балалалармен тіл табысуы оңай, бауырмал жандар. Еңбек жолында қажымас қанат, талмас талап тілей отырып биік шыңдардан көріне беруіне тілектеспіз.Баламның тәрбиеші апайларымен қатар әнге үйрететін У. Е.Викторовна, денсаулықтарын тексеріп отыратын дәрігер Гүлжан Төлеутаева және осы ұжымды айрандай ұйытып отырған балабақша меңгерушісі Беделбаева Сәуле Әдікенқызына алғысымызды білдірсек дейміз. Сіздерге зор денсаулық, қажымас қанат, еңбектеріңізге жеміс тілей отырып бала тәрбиесіндегі зор үлестеріңізді әрі қарай жалғай беріңіздер демекпіз.


Информация о работе Бала тәрбиесі – баршаның ісі