Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Сентября 2014 в 11:54, контрольная работа
Жыраулық поэзияның алғашқы өкілдері эпостық жырларды шығарушылар, ауызша таратушылар, таратқанда жанынан өлең, жыр шумақтарын қосушылар, сәл өзгертушілер, сөйтіп бір эпостың бірнеше нұсқасын тудырушылар болғаны сөзсіз. Алайда, өкінішке орай, олардың аттары сақталмаған, әуелде сақталса да кейін ұмытылған. Сөз жоқ, сол аттары ұмытылған жыршылардың феноменалдық еске сақтау қабілеттері, таланттары, дарындары арқасында ғана біздің заманға қыруар туындылар (эпостық батырлық жырлар, тарихи дастандар, аңыз-эпостар, мақал-мәтелдер, жоқтаулар, тарихи дастандар, тағы да басқа ғажап ауыз әдебиеті шығармалары) жеткен.