Жаяу Мұса Байжанұлы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2015 в 08:33, реферат

Краткое описание

Атақты әнші, ақын, халық композиторы Жаяу Мұса Байжанұлынын қазақ музыка мәдениетінен алатын орны ерекше. Ол ән – өлеңдері арқылы өзіне дейін қалыптасып, дамыған ұлттық әншілік дәстүрді жалғастырумен қатар, оны жаңаша түрде көркемдік мазмұнмен байытып, қазақ музыкасына көптеген шығармашылық жаңалықтар әкелген дарынды әнші – композитор. Жаяу Мұсаның өмір шындығынан туған, көркемдік дәрежесі жоғары музыкалық бейнелер арқылы сомдалған шығармалары халықтың ән өнерінің шоқтығын биіктете түсті. Композитордың асқақ азаматтық рухтағы әндері қазақ музыка мәдениетінің алтын қорына асыл қазына болып қосылды.

Содержание

І Кіріспе.

ІІ Негізгі бөлім.
«Жаяу Мұса Байжанұлы»
а) өмірі мен шығармашылығы;
ә) әндеріне арқау болған тақырыптар және шығу тарихы.

ІІІ Қорытынды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Реферат Жаяу Муса ( полный).doc

— 47.00 Кб (Скачать документ)

           Қазақстан Республикасы Павлодар қаласы

     №2 жалпы орта білім  беру мектебі 3 «В» сынып

 

 

 

 

 

 

Реферат

 

 

Тақырыбы: «Жаяу Мұса Байжанұлы»

 

 

 

 

                                      Тексерген: Намазбаева Р.Ж

                                  Орындаған: Ибраева Риза

 

 

 

 

 

 

 

 

Павлодар қаласы 2014 ж

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспары:

 

І Кіріспе.

 

ІІ Негізгі бөлім.

«Жаяу Мұса Байжанұлы»

а) өмірі мен шығармашылығы;

ә) әндеріне арқау болған тақырыптар және шығу тарихы.

 

ІІІ Қорытынды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаяу Мұса Байжанов

(1835-1929)

 

Атақты әнші, ақын, халық композиторы Жаяу Мұса Байжанұлынын қазақ музыка мәдениетінен алатын орны ерекше. Ол ән – өлеңдері арқылы өзіне дейін қалыптасып, дамыған ұлттық әншілік дәстүрді жалғастырумен қатар, оны жаңаша түрде көркемдік мазмұнмен байытып, қазақ музыкасына көптеген шығармашылық жаңалықтар әкелген дарынды әнші – композитор. Жаяу Мұсаның өмір шындығынан туған, көркемдік дәрежесі жоғары музыкалық бейнелер арқылы сомдалған шығармалары халықтың ән өнерінің шоқтығын биіктете түсті. Композитордың асқақ азаматтық рухтағы әндері қазақ музыка мәдениетінің алтын қорына асыл қазына болып қосылды.

Жаяу Мұса әндерінің әуендік құрылымында екі түрлі музыкалық интонациялық негіз анық байқалады.

Мұса өнердің екі бірдей қайнар бұлағынан – қазақ және орыс халықтары музыка өнерінің дәстүрімен қатар сусындап, шығармасын осы екі бағытта дамытқан композитор. Халық музыка тарихының мақтаныштары – Біржан сал, Ақан сері, Ыбырай, Мұхит тәрізді Жаяу Мұса да қазақ халқының бұрыннан келе жатқан әншілік – композиторлық дәстүрін дамытуға өзіндік үлес қосты. Оның Арқаның ән дәстүрінде шығарған «Көгершін», «Сұрша қыз», «Баянауыл», «Гауhар қыз», «Толқыма» әндері қазақ ән өнеріндегі шоқтығы биік туындылардың қатарынан орын алды , ал композитордың марш, вальс ырғағында келетін әндері – қала музыкасының әсерінен келген туындылар. Жаяу Мұса халық музыкасының озық үлгілерінен үйрене отырып, оның өз шығармаларында аса шеберлікпен пайдалана білді. Сөйтіп, өз туындылары арқылы халқымыздың ән өнерінің тақырыптық, мазмұндық ауқымын кеңейтіп, музыка тілін өткірлей түсті. Оның «Құлбай бай», «Тұрымтай», «Башқұлбай», «Қазан қыздары», «Ескендір», «Қыздар – ай» т.б. шығармалары осындай әсер, ықпалдан пайда болды.

Жаяу Мұса – қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы Ақшоқы деген жерде 1835 жылы кедей малшының отбасында туған.

Мұса жеті – сегіз жасында ауыл молдасынан хат таниды. Ол жас кезінен өзі қатарлы балалардың арасында өнер – білімге құштарлығымен, ән – күйге әуестігімен көзге түседі. Талапты Мұса домбыра тартуды үйренеді, қолына түскен кітаптарды, қиссаларды қалт жібермей оқиды. Ол домбырамен ән салып, қиссалар айтып ауыл қарттарының, жастарының ықылас – назарын өзіне аударады. Хат танып, көзі ашылғаннан кейін ол білімнің көзі молданың оқуында емес екендігін түсінеді. Көкейінде оқып, білім алсам деген арман  оянған талапты жастың есіл – дерті ауылдан қалаға  кету болады. Бірде Мұса көрші ауылдың Қызылжарға кіре айдайтын бір адамымен келісіп, ешкімге білдірмей үйінен шығып кетеді. «Қазан» дәптеріндегі, «Үйінен өнер іздеп кетті қаша» деген өлеңінде Мұса өнер – білім қуып, үлкен қалаға келген осы сапары туралы баяндайды. Бұл 1851-1852 жылдардың шамасы болса керек.

Бір күні Жаяу Мұса ауылдарының тұсынан өтіп бара жатқанда, Шормановтар астындағы атын тартып алып, өзін көк ала қойдай етіп сабап жібереді. Бірақ Мұса Шормановтар тұқымының мұндай зорлығына жасқанып, жасымайды. Мұса ат орнына қолына таяғын алып, жаяу – ақ ел аралап, ән шырқап жүре береді. Шормановтар оның атын тартып алып, «Жаяу Мұса» атандырғанымен, асқақ әніне тұсау сала алмайды. Шорман тұқымының зорлық – зомбылығына деген ыза - кектің әсерінен композитордың «Ақ сиса» әні дүниеге келеді.

«Ақ сиса» әні – композитордың күрделі шығармаларының бірі. Бұл – теңсіздікке, зорлықшыл, қиянатшыл үстем таптардың іс – әрекеттеріне деген наразылық пен ыза – кектің уытты күшін көрсететін әлеуметтік мәні зор ән. Батыл, оптимистік рухтан туған бұл ән дұшпанға бітіспес кекті ғана емес, шындық пен әділеттіліктің жаршысындай естіледі. Бір ғана «Ақ сисаның» үнінен Жаяу Мұсаның ақындық – композиторлық азаматтық тұлғасын толық танимыз. «Ақ сиса» әні композитор шығармашылығының  биік шыңы, оның жаңғырығы басқа да шығармаларында кездеседі.

Жаяу Мұсаның сексенінші жылдар ішінде шығарған «Толғау», «Араб ұрыға», «Бозторғай», «Хаулау» әндерінде өзінің басынан өткізген қайғы – қасіретінің ізі жатыр. Бұл әндердің музыкалық бейнелеу, мәнерлік құралдары әр алуан. Композитор басына түскен өмір ауыртпалығын, бай – шонжарлардан көрген қорлық – жәбірін, қуғын, сүргінде өткен тағдырын бірде  жабығыңқы мұңды сарында бейнелесе, бірде жігерлі әуенмен ұқтырады.

Композитор шығармаларының ішінде әсем әуені мен шабытты сазымен ерекше дараланатыны – «Көгершін» әні. Жаяу Мұса бұл әнді жақсы көретін құстарының бірі – көгершінге арнаған. Әннің шарықтаған әуені көкте самғап ұшып бара жатқан бейбіт құстың бейнесін елестетеді. Құстарға деген сүйіспеншілігін автор көгершіннен басқа «Қаршыға», «Бүркіт», «Тұрымтай», «Бозторғай» тәрізді әндерінде де бейнеледі. «Көгершін» әні – көңілді лирикада шығарылған күрделі туынды, халық композиторлары шығармаларының ішінде таңдаулыларының бірі.

Жауыздық пен арамдыққа жаны қас, әділдік пен шындық жолында күрескен композитор ешқашан да ұлықты мақтап, жағымпазданған емес. Ол ойындағысын ашық айтуда ешкімнен жасқанбайды. Мұса әндерінен іште жатқан ызалы кектің жалыны айқын сезіледі. Композитордың осы тұста шығарған әндерінің бірі – «Шормановқа» (Мұстафаға). Мұнда әнші бай – шонжарлардың бұқара халыққа көрсеткен ауыр қысымын суреттей келіп, олардың да үстемдігінің бітетінін, шаңырақтарының ортаға түсетінін, халық тілегінің орындалар күнінің алыс еместігін сездіреді. Мұса әншілік, ақындық өнерімен қатар ауылда болып жатқан түрлі дау – шараларға жиі араласады. Еңбексіз, бейнетсіз мал тауып, ел үстінен күн көріп жүрген ұры – қарыларды өткір сөзңмен түйреп, оларды адалдыққа, адамгершілікке шақырады, ақыл айтып, түзу жөн сілтейді. Осыған байланысты туған «Бәшерден» әнін келтіруге болады.

Композитордың белгілі әндерінің бірі – «Сапар». Жаяу Мұса бұл әнді әйелінің қазасыа байланысты шығарған. Сапар төркіндеп бара жатқанда, Ақмола қаласынан 80 шақырым жердегі Тасмола поселкесінде 1895 жылдары 37жасында қайтыс болып, сол жерде жерленеді. Жан жолдасының қазасы, артында қалған жетімдер қайғысы жасы ұлғайған адамға ауыр соққы болып тиеді. Баласы Салықты ертіп, Сапардың моласының басына келген Мұса сол жерде «Сапар» әнін шығарады. Ән Жаяу Мұса өміріндегі ең бір ауыр, қайғылы кезеңді көрсетеді. Бұл нағыз жоқтау ән.

1919 жылы Жаяу Мұсаның ауылына өкіл болып келген белгілі ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров оның баласы Салықты ревком етіп сайланды.Ал, 1928 жылы Жаяу Мұса өзінің өмір бойы алысқан ата жауларын конфескелегенін көріп, ақтық арманына жетеді. Әнші – композитордың: «Аттыдан жаяу жүріп, кек аламын», - деген арманы толық орындалады.

Азамат ақын, дарынды композитор Жаяу Мұса Байжанов 1929 жылы 31 шілдеде 94 жасында дүниеден қайтты. Сүйегі өзі айтқан Ақшоқы тауының бауырына жерленді.

Жаяу Мұса әндері Қазақстан композиторларының түрлі шығармаларына – операға, симфонияға, эстрадалық музыкаға арқау болып, жаңа көркемдік сипатқа ие болуда. Мұсаның көптеген әндері Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек», «Ер Тарғын», М.Төлебаевтың            «Біржан - Сара» операсында пайдаланылды. Композитор шығармалары әнші – музыканттардың, сондай – ақ қатары мыңдап саналатын әуесқой өнерпаздардың репертуарынан тұрақты өнер алды.   

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Жаяу Мұса Байжанұлы