Жамбыл Жабайұлы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2013 в 09:50, биография

Краткое описание

Жабаев Жамбыл (1846-1945) – қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы. Туған жері – Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының етегі. Топырақ бұйырған жері – Алматы облысының Ұзынағаш елді мекені. Шыққан тегі – Ұлы жүз Шапырашты тайпасының ішіндегі Екей руы.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жамбыл Жабайұлы.docx

— 17.14 Кб (Скачать документ)

Жамбыл Жабайұлы

Жабаев Жамбыл (1846-1945) –  қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы. Туған жері – Жамбыл облысындағы  Жамбыл тауының етегі. Топырақ бұйырған жері – Алматы облысының Ұзынағаш елді мекені. Шыққан тегі – Ұлы жүз  Шапырашты тайпасының ішіндегі Екей руы.

Жамбылдың өсіп-өнген топырағында  ән-күй, ақындық –жыраулық өнер айрықша  биікке көтерілген. М. Әуезовтың «қазақ халқында ерекше дамыған айтыс өнері  ХІХ ғасырдан бергі жерде өзге жерлерде саябырсып, Жетісу, оңтүстік өлкелерінде шоғырлана бастайды»  деуінде үлкен тарихи себеп бар. Біріншіден, Қазақстанның өзге өңірлерін  ертерек шарпыған отаршылдық ел ішінің дәстүрлі қалпына өктемдігін жүргізіп, шырқын бұзып үлгергенде, Жетісу алабы  әзірше қағаберісте еді. Екншіден, бұл  өңірдің ертеден тамырын тереңге  жайған өнерпаздық дәстүрі шын мәнінде  ХІХ ғасырдан бергі жерде айрықша  биік өреге көтеріліп еді. Осы  кезеңде Жетісуға сонау Арқадан  ұлы Абайдың келуі, Біржан, Шашубай, балуан Шолақ сияқты дауылпаз әнші-ақындардың келуі, Таластан – Жалайыр Түбектің келуі, оңтүстіктен – Макөт пен  Майлықожаның келуі, Атыраудан –  Құрманғазының келуі, сөз жоқ, ең алдымен олардың алыстан жаңғырығы  жеткен ұлы өнер мектебіне деген  ұмтылыстарына байланысты еді.

Осындай өнер бесігінде тербеліп өскен Жамбылдың ақындық дарыны жас кезінен ақ таныла бастаған . Ол бозбала шағының өзінде ақ өскен  ортасын ән мен жырға кенелтіп, тіптен көршілес қырғыз еліне де даңқы  жайылып үлгерген. Осы кезде өрттей жалындап, жұрт аузына іліккен жас  Жамбыл Жетісудың дүлдүл ақыны Сүйімбайға жолығып, оның арқалы өнеріне құныға ден қойып батасын алады. Мұнан  әрі жал –құйрығы сүзілген жүйріктей  арындап, сол кездегі Айкүміс, Бақтыбай, Сары, Сарбас, Досмағанбет, Шашубай, Құланаян Құлманбет сияқты ақындықтың жылжыған жорға, жылмиған жүйріктерімен айтысқа  түскен Жамбыл ұдайы шоқтығын асырып отырған. Бұлар ғана емес қырғыздың  Балық, Тыныбек, Қалығұл, Найманбай, Қатаған, Арыстанбек, Сағымбек сияқты ақын-жырау, манасшылармен өнер өрелестіріп, қырғыздың  көл-көсір поязиясынан тағылым  алады, ақындық өнерін одан әрі шыңдай түседі. Жамбыл енді ақындық суырыпсалмалық өнеріне қоса «Көрғұлы», «Шаһмардан»  сияқты жыр-дастандарды апталап-айлап  жырлап, ақындық жыраулық өнерін соны қырымен таныта бастайды.

Жамбылдың ақын-жырау ретінде  қалыптаса бастаған кезі Ресей отаршылдары  – бір жағынан, Қоқан хандығы  – екінші жағынан, жергілікті жандайшаптар- үшінші жағынан қазақ халқын әлеуметтік саяси қыспаққа алған шақ еді. Жаны сергек, санасы өрелі Жамбыл өзінің «Шағым», «Жылқышы», «Шәбденге», «Сәт сайланарда», «Өстепкеде», «Патша әмәрә тарылды», «Зілді бұйрық» сияқты өлеңдерінде  елдің әлеуметтік саяси өмірін ақындық  шыншылдықпен азаматтық жауапкершілікпен бедерлейді. Жамбыл Қазан төңкерісінен кейінгі елдің саяси-әлеуметтік өміріндегі тарихи өзгерістерге үлкен  үмітпен ден қояды. Оның «Туған елім»  атты толғауы 1936 жылы жарық көріп, онан соң орыс тіліне аударылған нұсқасы  «Правда» газетінде жарияланып, қарт ақынның даңқы бүкіл әлемге жайылды. Халқына қадірі артып, даңқы өрлеген  Жамбыл, шабыт тұғырына қонған Алатаудың  ақ иық қыранындай, жыр нөсерін  селдетеді. Оның 1936-1945 жылдар аралығында шығарған жырлары 13 мың тармақтан  асады екен. Ол ел өміріндегі табыс  пен жаңғыруларды, жеңіс пен ерлік  істерді ерекше шабытпен жырлайды. Шағын жыр-толғаулар ғана емес, оның қарт көкірегінен «Өтеген батыр», «Сұраншы батыр» сияқты эпикалық туындылар қайта жаңғырып ақтарылады.

 

Жамбыл - әрі эпик, әрі  айтыс ақыны; абыз жырау әрі жауынгер жыршы. Ол шын мағынасындағы биік парасатты өнерпаз, азаматтық саяси  поэзияны қалыптастырушы. Жамбылдың  ұлылығы оның тек ақындық шеберлігімен ғана емес, сонымен бірге халық  поэзиясының бұтақ жайған жаңа бір  бәйтерегі болуымен, басқаша айтқанда , халық ақындарының жасампаздық  рухтағы жаңа ұлы көшін бастаған даралығымен де өлшенеді. Оның сөздері  ұранға айналып, өзі халық поэзиясының  атасы аталды. Ол жыраулардың байтақ эпикалық дәстүрін, қазақ сөз өнеріндегі ғажайып импровизациялық үрдісті  бүтіндей жаңа арнаға бұрып, оған жаңа мазмұн дарытты. Жамбыл – ізгілік  жолындағы азатшыл азаматты нәсіліне, ұлтына бөлмеген шын мәніндегі интернационалист ақын. «Жамбыл жырлары теңіз түбінде  шашылып жатқан маржан секілді. Оны  жинап алып халқының қолына беру –  біздің әрқайсымыздың азаматтық  борышымыз» - деген еді Сәкен Сейфуллин. Жамбыл - жырдың толассыз бұлағы, өшпес  өнегесі, тозбайтын асылы. Ол жасампаз ұрпақпен сырласындай, қимасындай мәңгі  бірге жасай береді.

Жамбылдың қанатты шабытпен дүниеге келген шығармалары әлемнің  ондаған тіліне аударылып дүние  жүзіне тарады. Жамбыл көзінің тірісінде  ақ КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағын алып, өзінің де, халқының да даңқын дүйім дүниеге паш етті. Жамбыл бейнесі қазақ өнерінің барлық түрінде, барша жанрында шабытпен бедерленіп, ұлттың рухы биік ұлы тұлғасы екенін әйгіледі.

1945 жылы 22 июньде Жамбыл  дүние салды.

1946 жылы февральда Қазақстан  жұртшылығы даңқты ақынның жүз  жылдығын салтанатпен атап өтті. Юбилейіне қарай ақынның таңдамалы  шығармаларының академиялык жинағы  орыс және қазақ тілінде басылып  шықты. Жамбыл Жабаев Ленин  орденімен, Еңбек Қызыл Ту және  «Құрмет белгісі» ордендерімен  наградталған.

1937 жылы бүкіл еліміз  Жамбылдың шығармашылық қызметінің  жетпіс бес жылдығын аталып  өтілді. Бұл күндері халық ақыны  дүние жүзінің көптеген озат  қайраткерлерінен құттықтау телеграммалар  алды.

1941 жылы Жамбылға мемлекеттік  сыйлық берілді. Ұлы Отан соғысы  күндерінде Жамбыл өзінің өлеңдерінде  Кеңес Социолистік Республикалар  халқын Отанды қорғауға, еңбектегі  ерлікке шақырды. Совет адамдарының  батырлығын, КСРО халықтарының мызғымас  достығын жыр етті.

1943 жылы майданда Жамбылдың  ұлы Алғадай қаза тапты. Бұл  жөнінде ақынға хабар жеткенде, ол біраз үнсіз отырып барып,  қайғылы хабарға өлеңмен жауап  берді. Жамбылдың ақырғы жыры

1945 жылы 9 мамырда айтылды.  Бұл неміс фашистерін біздің  халқымыздың қаһармандықпен жеңгендігіне  арналған еді. Жүз жасқа небары  бірнеше ай қалғанда,

1945 жылы 22 маусымда Жамбыл  қайтыс болған.

1946 жылы февральда Қазақстан  жұртшылығы даңқты ақынның жүз  жылдығын салтанатпен атап өтті. Юбилейіне қарай ақынның таңдамалы  шығармаларының академиялык жинағы  орыс және қазақ тілінде басылып  шықты. Жамбыл Жабаев Ленин,  Еңбек Қызыл Ту және «Құрмет  белгісі» ордендерімен марапатталған.

Жамбыл Жабаев – ұлы  ақын, жырау, жыршы. Ұлы жүз құрамындағы  шапырашты тайпасының екей руынан шыққан. Қазіргі Жамбыл облысы Жамбыл тауының  етегінде 1846 ж. 28 ақпанда Жапа деген  елге қадірлі адамның отбасында  дүниеге келген. Жасынан өлең-жырға  қанып өсіп, Сүйінбай Аронұлы сияқты жыр даңғылынан тәлім-тәрбие алды. Сонымен  бірге Жамбыл туысқан қырғыз елінің де сөз өнерін жетік біліп, Тоқтоғұл, Мұраталы, Әлімқұл, Балық, Тыныбек, Қатаған  сияқты дүлдүлдермен өнер сайысына түскен. Жүз жыл өмірінің сексен бесін  өлең-жырмен өткізген. Жамбылдың шығармашылық өмірі 19-ғасырдың 70-жылдарынан басталған. Бұл – қазақ халқы үшін өте  ауыр кезең еді. Осы жылдары Ресей  империясы бүкіл қазақ елін түгел  отарлап алған болатын. Соның  салдарынан жерден, малдан айырылған  жұрттың тұрмысы жүдеп, күйзеліске ұшырады. Ол аз болғандай, 20-ғасырдың 20-жылдарында ақ пен қызылдың соғысы, кәмпескелеу  мен ұжымдастыру сияқты оқиғалар халықтың тағдырына теріс әсерін тигізді, қарапайым адамдардың да, зиялылардың  да психологиясын өзгертті. Осындай  жағдайдың куәгері болған Жамбыл шындықты айтып, замана болмысын жасырмай суреттеді, өзінің өкініші мен күйінішін  ащы дауыспен жырлады, күйініп те, қиналып та сөйледі. Жамбылды нағыз  ақын ретінде байтақ елге танытқан өнері – оның айтыстары. Бұл айтыстарында қыз бен жігіттің қайым айтысы да, түре айтыс та, сүре айтыс та бар. Осының қай-қайсысында да Жамбыл өзінің нағыз майталман, кестелі сөздің шебері, әрі ұшқыр ойлы, тапқыр шешен  екенін көрсетеді. 1916 жылғы ұлт-азаттық  қозғалысына Жамбыл ақын белсене  қатынасты. Патша жарлығына қарсы  көтерілген халық бұқарасының қалың  ортасында жүрді. Өзінің жалынды  үндеу жырларын сол қозғалысқа арнап  шығарды. Кеңес дәуірі жылдарында Жамбыл қоғам өмірі мен ел мүддесін жырлады. Ол байырғы ұлы жыраулардың дәстүрін қайта түлетіп, біздің дәуірімізге  жаңа сапада, соны мазмұнмен байытып  жеткізді. Мемлекет басшылары мен  партия көсемдеріне қарата айтқан жырларында жалпы мемлекеттік мәселелерді  көтерді. 2-дүниежүзілік соғыс тұсында  бүкіл Кеңес Одағында Жамбылдан  дәрежесі, мәртебесі биік ақын болған жоқ. Жамбыл есімінің әлемнің шартарабына  танылған тұсы да осы кезең еді. Ақын жырлары майдандағы әр ұлттан құралған жауынгерлердің бәрінің де жүрегіне жетіп, жігерін қайрады. 1945 жылдың 22 маусымында Жамбыл жүзге қараған  шағында Алматы қаласында қайтыс болды. Жамбыл – жыршылық өнердің  де асқан шебері. Оның үздік шығармалары  қырықтан астам шет елдер тілдеріне  аударылды. Ромен Роллан, Мартин Андерсен Нексе, Катарина Сусанна Причард  сияқты атақты суреткерлер Жамбыл поэзиясына өте жоғары баға берді. Жамбыл туралы жүздеген өлең-жырлар жазылды. 20-ғасырдағы  халық ақындарына Жамбылдың әсері  өте зор болды. Бұл қатарда  Кенен Әзірбаев, Үмбетәлі Кәрібаев, Нартай Бекежанов, Доскей Әлімбаев, т.б. белгілі суырып-салма ақындар  бар. Қазақтың ұлттық мәдениеті мен  әдебиетіне сіңірген еңбегі үшін Жамбыл Ленин, Еңбек Қызыл Ту, “Құрмет  белгісі” ордендерімен марапатталды. 1941 ж. Сталиндік сыйлықтың лауреаты атанды. Жамбылдың есімі Қазақстанның бір облысына, бірнеше ауданға, бірқатар елді мекендерге, мекемелер мен оқу  орындарына, өнер ордаларына берілді. Қазақ халқы Жамбылдың 100 жылдық, 125 жылдық, 150 жылдық тойларын халықаралық  деңгейде салтанатты түрде атап өтті.


Информация о работе Жамбыл Жабайұлы