Жамбыл Жабаев

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2014 в 14:18, реферат

Краткое описание

Жамбыл Жабаев (1846 - 1945жж.) Жамбыл қазіргі Жамбыл облысында, шу өзенінің бойындағы Жамбыл тауының етегінде 1846 жылы ақпан айында туған. Әкесі Жапа кедей шаруа болған. Жамбыл жоқшылық тұрмыста өседі. Ес білген соң әкесі оны ауыл молдасына оқуға береді. Ол кездегі оқудың үйрететіні – көбіне діни насихат, ұрып - соғу, дүрелеу болатын. Бірақ молданың мұндай қорлығына шыдай алмай, Жамбыл оқуды тастап кетеді. Жаратылысынан пысық, зерек бала оқып білім алмаса да, жастайынан ән мен өлеңге құмар болады, ақындық өнерді сүйеді, ауызекі естіген өлеңдерін жаттап алып жүреді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жамбыл Жабайұлы.docx

— 59.21 Кб (Скачать документ)

Жамбыл өмірге келген кезде Қазақстанның оңтүстігі, оның ішінде ақынның туған өлкесі – Жетісу өңірі Қоқан хандырына бағынышты болатын. Ал Қоқандықтардың халыққа жасаған зорлық-зомбылығы айтып жеткізгісіз ауыр еді. Ақынның өзі ауылдары солардан қашып бара жатқанда, қақаған аязды қыс айында көш-жөнекей туыпты.

1864 жылға дейін  Қоқан хандығы, онан соң Ресей  империясы билеген замандағы  халықтың мүшкіл тірлігі, өз  отбасының жұтаң тұрмысы, мықтының  әлсізге зорлық-зомбылығы тумысынан талантты, намыскер Жамбылдың ішіне қайғы болып байланады. Ақын жыр, айтыстарының уыттылығы, адамдықты, әділдікті, батырлықты көксеген аңсары, кедейді жақтап, қайырымсыз бай, төрелерді ызалы шенеуі сол күйік-наладан бастау алып жатқан-ды. «Менің бақытым» деген бір сөзінде өзі де: «Мен өзімнің барлық өмірімде қыр қожайындарының бетіне шындықты қорықпай айтып, шайқасумен өттім», – дейді.

Жамбылдың өлеңге, ақындыққа құмарту сезімі ерте оянған. Өзінің айтуынша, 13 жасынан бастап ақын болуға бекем бел байлайды. Дүмше молдадан оқығанша, «домбыраны қолға алам» деп, әкесінен рұқсат сұрайды.

Жас талаптың Жетісу өңірінің даңқты ақыны Сүйінбаймен кездесіп, батасын алуы оның ақындық бағын ашқан айтулы оқиға болады. Бірде 14-15 жастардағы Жамбыл жарапазан айтуды сылтауратып, Сүйінбай ауылына келеді. Үйінің сыртында ат үстінде тұрып, жарапазанға жалғастыра өз жанынан өлең шығарып, ұзақ жырлайды.

Ардақты үйдің иесі,

Бата бер менің  жырыма.

Қуат бітіп үніме,

Көңілін тапсын елімнің.

Жар бол да, өзің жәрдем ет,

Жібер мені бір демеп, –

деп өтінеді жасөспірім ақын. Айтқандарына сүйінген Сүйінбай Жамбылды үйге шақырып, ұзақ отырып, өлеңін зор ықыласпен тыңдайды. Бала ақынның болашағынан үлкен үміт күткен көреген жырау: «Осы шабысыңнан тайма! Өлең-жырыңды дауылдата бер! Жолың болсын! Бақытың ашылсын, балам! Шындықты айт, әділдікті жырла! Кәне, тозығы жеткен жолға түспе, жаңа жол, даңғыл жолға түс! Өлеңің бүкіл халық сүйсініп, көңілімен иіліп тыңдайтын өлең болсын! Сенің көңіліңнің асылы патшаның қазынасынан да бай болсын!» – деп бата береді. Жамбыл да:

Менің пірім – Сүйінбай,

Сөз сөйлемен сиынбай.

Сырлы сұлу сөздері

Маған тартқан сыйындай.

Сүйінбай деп  жырласам,

Сөз келеді бұрқырап,

Қара дауыл құйындай, –

деп, Сүйінбайдың  өсиетін өмір бойы есінде сақтап, ұстазының есімін ардақтаумен өтеді.

Жамбыл ақындық  айтысқа 17-18 жасында араласып, «Көрұғлы», «Өтеген» сияқты дастандарын да сол тұстарда жырлай бастаған.

Ақын «Менің өмірім» шығармасында:

Топ десе он жетімде  тартынбадым,

Семсердей майдандағы жарқылдадым.

Ақынды ауылға ермек басып озып,

Жұлдыздай көзге  түсіп, жалқындадым, –

дейді.

Ел таныған ақын болу үшін, әрине, сол өңірдің ақындарымен түгел танысып, өнер сынасу керек. Жамбыл да бұл жолды өтіп, ақындық сайыстарда үлкен табыстарға жетеді.

Байдың қойын  бағып жүргенде он үштегі кезінде  ұйықтап қалып, түсінен ақын болып  оянған Сүйінбай ұстазы сияқты, Жамбылға да ақындық түсінде аян беріп қоныпты. Ол туралы Жамбылдың өзі: «Бір күні Жетісай жайлауында жылқы бағып жүріп, түс көріппін. Түсімде ақсақалды қария келіп: «Өлең аласың ба, көген аласың ба?» – деген. Мен: «Өлең!» – деппін. Оянып кетсем, түсім екен, көкірегімді бір толқын кернеп, алқымыма тығылғандай, дереу үйге жетіп, домбыраны ала салдым да, оңды-солды төгіп-төгіп жіберіп едім, кеудем ашылып, орта түскендей болды», – деп еске алады.

Жамбыл жиырма жасында  сол кездің атақты ақыны – Жаныспен айтысып, оны жеңеді. Әлгі «Менің пірім – Сүйінбай» деген өлеңін Жамбыл осы Жаныспен айтысқанда айтады. Жамбылдың «Жылқышы», «Пұшықтың ұрыға айтқаны» сияқты белгілі өлеңдері сол шамада шығарылады. Атақты «Айкүміспен айтысы» да осы тұста болады.

Одан кейін «Сәт сайланарда», «Жалғызбын деп жүрмесін», Алматыда Абайдың баласы Әбдірахманның  қайтыс болуына байланысты көңіл  айтуы, «Өсиет», «Әділдік керек халыққа», «Кәрібайдың төбеті» тәрізді белгілі өлең, толғаулары туады.

Жамбыл 35 жасында, яғни 1881 жылдың күзінде Іле бойында  өткен бір үлкен жәрмеңкеде сол кезде орта жастардағы атақты ақын Құлмамбетпен айтысып, жеңіске жетеді. Сөйтіп, Жамбыл осыдан былай Жетісу өңірінін нөмірі бірінші ақынына айналады. Бірақ, айтыстан кейін де екі ақын бірін-бірі құрметтеп, ардақтап өткен. Атақты Бақтыбай ақынмен кездескенде де:

Қаздай қалқып, ерінбей,

Өлең тердім жасымнан.

Майкөт ақын, Құлмамбет

Орын берді қасынан, –

деп, Жамбыл аға ақынның есімін құрметтеп, ардақтай ауызға алады.  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

 

“Батаңды маған бер, әке!” 

 

Табиғатынан ақындық  дарыған жас талаптың көкірегін өлең кернеп, он төрт-он бес жасында біржолата ақындық жолына түседі. Әрине, жас ақынның алғашқы қадамы өзі қалаған өнердің оң-солын бағамдау, үйрену кезеңінен басталады. Жамбылдың туа бітті алғырлығы, тапқырлығы, өжет-өткірлігі, тілге шеберлігі мен әзіл-оспаққа бейімділігі, сондай-ақ бір естіген өлең-жыр, ұзақ толғауларды есінде сақтағыш зерделілігі ел өмірінің кез келген тақырыбына еркін баруына жол ашады. Сондықтан арынды талант бұрқыратып өлең де шығарып, құйқылжытып күй де тартып, киіп-жарып айтысқа да түседі.

Алғашқы «Шағым», «Әкеме», «Сарыбайға» деген өлеңдері қайсар да батыл Жамбылдың ақындыққа барар жолдағы кедергілерді жеңуге деген жігерлі талпынысын да, ақындық айтқыштығын да танытады. «Шағым» деген өлеңінде «бала келсе сабаққа, жем аңдыған дорбадан», «айтқаны ішке қонбаған», не оқытарын өзі де білмейтін молдадан құтқаруды әкесінен қиыла өтінеді, енді зорлаудан ештеңе шықпайтынын да ескертеді.

Шып-шып етіп молданың

Қолындағы тобылғы,

Қозғалтпайды жон жағым,

Талай дүре соғылды.

Торсылдатып танадай,

Жыртар болды  тонымды, –

деп шағынады «молдадан» күдер үзген жасөспірім. «Әкеме» деген өлеңде бала Жамбыл әкесіне: «Батаңды бер, ақын боламын», – дей отырып, әкесінің әлденендей іс-әрекетін астарлап сынап та өтеді.

Батаңды маған бер, әке,

Тіліме менің  ер, әке.

«Жапаның ұлы ақын боп,

Жақсы істепті» дер, әке.

Домбыра алып сөйлейін,

Күнде жасап мереке.

Мерекелі болған соң

Елде болар береке.

«Ұрлық түбі – қорлық» деп,

Болармыз құр келеке.

Екі өлеңдегі де он бес жасар баланың тауып айтқан шеберлігі, сөзінің суреттілігі, өлең құрылысының жатық, әуенділігі сүйсіндіреді. «Торсылдатып танадай» деген теңеу, «Ұрлық түбі – қорлық» – деген  нақыл, соғылған дүренің сипаттамасы, «күн ұзаққа боздаған» – деген эпитет, «мереке», «береке», «келеке» – деген ұйқастардың тілге жеңіл әдемілігі болашағы үлкен ақындықтың нышаны іспетті. Ал, он тоғыз жасында шығарған «Сарыбайға» – деген өлеңі ойлы сарынын, жиырма жасында айтқан «Жаныс ақынға» дейтін өлеңі төпеп айтатын арынын танытады.

Сарыбай – Сүйінбай мен Жамбыл шыққан Екей елінің атақты болысы. Кезінде қоқандықтарды жеңген ұрыстарға қатысып, ерлік көрсеткен, кейін ел басқарған абыройлы кісі. Жас жігіттің осындай кісіге тілегін әдемі ойлы өлеңмен білдіріп, кішілік пен кісілікті қатар танытуы «осал ақын» еместігін көрсетеді.

Біреулер малмен бәрін бөктіріп жүр,

Айтқанды ақыл, нұсқа жек көріп жүр.

Көтеріп дүниенің кең-қоқырын,

Апарып қай шұқырға  төккелі жүр?

Көңілі кейбіреудің  бұлтта жүр,

Ұстауға күн мен айды жуықтап жүр.

Біреулер қара сөзді қамшы қылып,

Қуды мініп, құланды құрықтап жүр.

Қайсысын маған  соның еп көресіз?

Әкетсем өзім таңдап, өкпелерсіз.

Сүйекемнің сүйгенін ойласаңыз,

Өлең болсын серігің деп берерсіз.

Өлеңнен айналадағы өмір мен адамдар туралы түсінігі айтарлықтай терең, ойының өресі биік, ақындыққа төселген, тілі кестелі өнерпазды тану қиын емес. «Көңілі көкте, басы жердегі – жаман; өзі кішік, ойы биік – жақсы; Ұстауға күн мен айды жуықтау; қара сөзді қамшы қылып, қуды мініп, құланды құрықтау» сияқты нәрлі оралымдар анау-мынау өлеңшінің аузына түспесе керек. «Дүниенің кең-қоқырын апарып қай шұқырға төккелі жүр?» – деген риторикалық сұрақтың философиялық жауабы тіпті тереңде жатыр.

Кемелденген кездегі  өлеңдері

Жамбыл өлеңдері мен айтыстары әуелден халықтық арнадан бастау алады. Сондықтан оның туындыларынан әлеуметтік сарын молынан байқалады. Оның өмір қайшылықтарын ерте танып, олардың сырына ой жүгіртіп өсуі шығармаларын мәнді, салмақты етеді. Жамбыл – ұстазы Сүйінбайдың үлгісімен кім болса да: мейлі болыс-би, мейлі бай, манап болсын, мінін бетіне айтып, кедей-кемтардың, әлсіздің жоқшысы болуды ақындық мұраты еткен ақын. Жамбыл ақындық өнер жайында:

Ақын деген ат болмас,             Қытығын таппай сұратпай.

Қандырмай мейір суаттай,      Досың болса, күлдіріп,

Жыры болмай бұлақтай.         Сүйсіндіріп жұтатпай.

Тұнығы болмай сынаптай.      Жауың болса, бүлдіріп:

Алатаудан арындап,                 Домбыраң – берен,

Асқан судай құлатпай.             Жырың – оқ,

Қыбыршыған көңілден            Дәл тигізіп, сұлатпай, –

дейді. Жамбыл өзінің шығармашылық ұзақ ғұмырында осы  ұстанымынан танған емес.

Ақынның көп жырлаған тақырыбы – «Туғалы сөзі өтпеген, қолы есеге жетпеген, құлшылықтан кетпеген» жарлы мен жалшының азапты өмірі, кедейдің күйі.

Жаман көйлек жыртылып,

От басында итініп,

Әрі дімкәс, тамақ аш,

Әрі тұттай жалаңаш,

Аш бұралып, күн  суық –

Жұрт соңынан жоқшылық

Көшке ілескен итше ұлып.

Аш, жалаңаш, ауру, суықта қалтыраған кедейдің аянышты  тағдыры бар болғаны бір-ақ шумақ  – жеті жол өлеңге сыйып кеткен. Жоқшылықтың көшке ерген итше ұлуы туралы образ әрі түсінікті, әрі өте әсерлі. Бұл жерде ұлыған ит емес, жоқшылық. Демек, сөз көшке ілесіп ұлыған ит сияқты, жұрттың соңынан қалмай ұлып ілескен жоқшылық жайында. Ақын кедейдің күйін ұлыған аш иттің күйіне теңестіріп отыр.

«Кедей күйі»  – деген өлеңінде жоқшылық тауқыметін тартқан кедей балаларының аянышты халі, кедей басындағы жоқшылық, шарасыздық шынайы бейнеленген.

Қайтіп жаның ашымас,

Неткен заман  қатыбас.

Еткен еңбек, төккен тер

Қалай түкке татымас, –

дейді ақын күйзеліп. Жамбыл қысы-жазы тыным көрмей, бай  малының соңында жүрсе де, ауыр азап, жоқшылықта өмірі өтіп жатқан кедей туралы «Жылқышыға» деген өлеңінде де қабырғасы қайыса, ашына айтады.

Сары түнге сарылып, кірпік ілмей,

Салқын күзде  бір жылы үйді білмей.

Сахарада салақтап күндіз-түні

Бұралқы ит пен малшының сиқы бірдей. 

 

Әрідегі Дулат, Сүйінбай, берідегі ұлы Абай сияқты, Жамбыл да өз кезінің билік басындағыларының халық қамын ойламайтынын, әділетсіздігін, парақорлығын, екіжүзділігін әшкерелеп, көптің алдында беттеріне басады. Мұндай өлеңдерінің тілі уытты, мысқыл, сатираға толы болып келеді. Мұндайда ақын талантының сыншылдық қыры ерекше күшті сипаттарымен көрінеді. Жамбылдың «Сәт сайланарда», «Шалтабайға», «Мәңке туралы», «Қалиға» сияқты өлендері – сондай шығармалар. Сәт болыстың елдің сорын қайнатқанын ел көзінше бетіне басса, старшина сайланып келген Көкімге:

Әлде бекіп келдің бе,

Арын сатып бетіңнің?

Бір тояйын дедің бе,

Ақысын жеп жетімнің? –

деп, жетім-жесір, жарлының ақысын жегіш, жемір етіп көрсетеді. Жамбыл дәлел, факт келтіріп жатпайды. Мұнысымен қиянатшылдық билік басына келгендерге ортақ сипат, даусыз шындық екенін білдіреді. Ал Қали байға:

Сойылыңды соғып  тұр,

Болысың мен орысың, –

деуінде көп мағына, үлкен шындық бар. Отаршылдар мен атқа мінерлер ауыз жаласып, екі жағы пара үшін байдың сөзін сөйлеп, сойылын соғады дегенге меңзейді.

Ұлық пен төренің, бай-болыстың халыққа көрсетіп отырған зәбірін Жамбыл «Әділдік керек халыққа» деген өлеңінде кеңінен айтады. Өлеңнің шығу тарихы былай екен. Ақын Ұзынағаш базарында Қиысбай деген бай бастаған ұлық, төрелермен кездесіп қалады. Олар Жамбылды жақтырмаған сыңай танытады. Ұлық, төреге бұрыннан ызалы ақын олардың мына астамшылығына өлеңмен жауап береді. Бай мен ұлық, төрелердің әлсіздің ақысын жеп, халықты жоқшылыққа душар етіп отырғандарын, кедейлігі болмаса, олардың ешкімнен кем еместігін, олардың арасында неше алуан асыл азаматтар барын айта келіп, билік пен байлық иелеріне деген өзінің қатынасын былайша білдіреді.

Болыс төре жүрген жоқ,            Болыс төре, билері,

Халықты қорлап, жылатпай.     Кедейлерге теңдік бер

Шабарманы шаптығып,             Қысы-жазы шулатпай!..

Барады елді шыдатпай.

Жырдың келесі бөлімінде  билеуші әкімдерге халық мүддесін қорғап, сөзін сөйлейтін ақын тұлғасы қарсы қойылады.

Иттей көрем төрені

Тамаққа тойса үретін.

Халықтың ақын — перзенті

Ақтарып сырды беретін…

Айтқандары өтірік –

Ұлыққа кім бар сенетін.

Сыздауық жара секілді.

Денені сыздап керетін,

Жамбыл ақын сөйлесе,

Жарасы қалар  жарылып,

Ел аңғарып көретін…

Үзіндіде халық  сөзін сөйлейтін ақынға, оның өнеріне  менсінбей қарайтын ұлықтың қылығы, оған деген өзінің жек көру сезімі ұтымды да әсерлі айтылған. Ұлықты денені сыздап керетін сыздауық жараға теңеп, ұлық қанша сызданғанмен, «Жамбыл ақын сөйлесе, жарылып», масқара болатынын ащы мысқылға айналдырады.

Араны байдың ашылған,

Барды жоқ деп  жасырған.

Тебеген есек секілді

Тепкілеп орын бермеді,

Бос жатқан жер қасынан.

Көңілі қалды халықтың,

Хан, төре, ұлық, тақсырдан.

Қысым жасап халыққа,

Ары болды қанішер

Қойға тиген қасқырдан.

Өмір бойы осылар

Аяусыз елге қас  қылған…

Жуан білек қамшымен,

Нашарларды қорқытып,

Мазалаған, састырған.

Мұнда хан, төре, ұлықтардың бейнесі, олардың халыққа көрсетіп отырған зәбірі, замана сыйқы көрініс тапқан.

Байлықтың түбі пайдадан,

Өтірік-қулық айладан.

Ұрлық-зорлық талаумен

Жүздеп жылқы, мыңдап қой

Байлар судай  айдаған.

Жарлының көз  жасынан

Жиналған малы зұлымның.

Тұншығып босқа тұманда,

Адасып талай  халықтар

Төте жол таппай жасыған, –

деген жолдарда сол  кездің өмір шындығын суреттей отырып, әлеуметтік қорытындылар шығарады.

Ақынның «Мәңке туралы»  әйгілі өлеңінің шығуына мынадай жағдай себеп болыпты. Бір үлкен тойда Жамбылдың сәйгүлік аты күміс ер-тұрманымен жоғалады. Бұған Қаржау дегеннің қатысы бары анықталған соң, Жамбыл ол елдің болысы Мәңкеге шағынады. Болыс ұрыны жақтап, ақынға теңдік бермейді Сонда ыза болған ақын елдің алдында осы өлеңді айтады.

Информация о работе Жамбыл Жабаев