Үздіксіз білім беруде оқу –тәрбие үдерісін технологияландыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Апреля 2014 в 16:58, реферат

Краткое описание

Бүгінгі Қазақстан – жаңа принциптерге негізделген егеменді мемлекет. Үкіметіміз білім беру мекемелерінен тәуелсіз мемлекетіміздің өркениетті ел болу жолындағы талабына сай азаматты оқыту ісі жаңа сапалы өзгеріске толы деңгейге көтеруді талап етуде. Уақыт талабына сай мектептің дамуы инновациялық үрдістерді енгізумен анықталады. Тиімсіз оқыту әдістерін жаңа тиімді әдістермен алмастыру арқылы оқушылардың білім, білік, дағдыларын артыруға болады. Қалай болғанда да заман ағымына ілесу - ұлы мұрат.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Үздіксіз білім беруде оқу –тәрбие үдерісін технологияландыру.docx

— 33.64 Кб (Скачать документ)

Үздіксіз білім беруде оқу –тәрбие үдерісін

технологияландыру

 

     Бүгінгі Қазақстан  – жаңа принциптерге негізделген  егеменді мемлекет. Үкіметіміз білім  беру мекемелерінен тәуелсіз  мемлекетіміздің өркениетті ел  болу жолындағы талабына сай  азаматты оқыту ісі жаңа сапалы  өзгеріске толы деңгейге көтеруді  талап етуде. Уақыт талабына сай  мектептің дамуы инновациялық  үрдістерді енгізумен анықталады. Тиімсіз оқыту әдістерін жаңа  тиімді әдістермен алмастыру  арқылы оқушылардың білім, білік, дағдыларын артыруға болады. Қалай  болғанда да заман ағымына  ілесу - ұлы мұрат.

         Қазіргі кезде Қазақстанда білім беру мен оқыту саласында айырықша назар аударылған мәселенің бірі, өзіндік ұлттық үлгісін қалыптастыру. Бұл үдеріс білім мазмұнының өзегруімен қатар жүреді, яғни оқу –ағарту жұмысын жақсартуды талап етеді.

         Я.А.Коменскийдің, И.Гербарттың дәстүрлі объект- субъектілі педагогикасының орын басқасы ауыстыра бастады. Ол балалаға оқу қызметінің субъектісі ретінде, өзін –өзі өзектендіруге, өзін танытуға және қатысымдық әрекетті жүзеге асыруға ұмтылатын дамушы тұлға ретінде бағыттылған. Мұндай жағдайда педагогикалық үдерістің маңызды құрамы оқу ісіндегі субъектілер –оқытушы мен оқушының тұлғалық дамуға бағытталған өзара әрекеті болып табылады. Сондықтан мектептердегі оқу мазмұны жетілдіре бастады. Олардың негізгі бағыттары көп деңгейлі, интеграцияланған және дамыта оқыту жүйесі қағидаларына сәйкестенуде. Бұл істер Л.С.Выготский, Л.В.Занков, В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин ой –пікірлеріне негізделуде.  Л.В.Занков ақыл –ой қызметінің төмендегі көрсеткіштері дамуда іске асырады деп есептейді. Олар: байқампаздық, өз ойын еркін жеткізе білу, тәжірибелік іс –әрекеттер атқара білу. Ал В.В.Давыдов ақыл –ойдың дамуының көрсеткіштері жалпы дамуды іске асырады деп есептейді. Қазіргі заман лингвистикасының зерттеу бағытының өзгешелік, құрылымдық лингвистикадан өзгешелеу жаңа арналарға, яғни тілді жеке адаммен, оның ойлау болмысы, ұлттық менталиментімен байланыстыра қарауға дек қоюда.

        Ал қазіргі қоғамда әлеуметтік, экономикалық, саяси және мәдени –өзгерістер мен жаңғырулар көп жағдайда ұлт менталиментіне байланысты болып отыр. Ал қандай да болмасын ұлттың өзіндік ойлау жүйесі, дүниетанымы бар. Бұл құбылыс оның менталиментінен көрініс табады. Сондықтан ұлттық ойлау тілмен байланысты болады.

         ҚР Президентті Н.Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі –жаңа Қазақстан» атты жолдауында айтылғандай,  білім жүйесінде жаңа идеялар мен көзқарастарды пайдаланудың бірден –бір жолы осы технологияларды қолдануға тәуелді.

        Қазіргі таңда қазақ тілі пәнін меңгеруде қолданылатын оқыту технологиялары көптеп саналады. Мәселен, оқытудың жобалау технологиясы. Бұл технологияның мақсаты –білім алушының шығармашылық –зертеушілік қабілетін дамыту. Сөз мәдениетіне төселдіруде құзыреттілік қатынас аясында олардың өз бетімен білім алу құзыреттілігін қалыптастыруға,әрекеттік, танымдық, креативтік қабілеттерін дамытуға мүмкіндік беретін жобалық технологияларды орынды қолданудың маңызы ерекше. Бұл, әсіресе, қазіргі дара тұлғаға бағдарланған оқыту жүйесінде оқушының өздігінен білім алуына, болжам жасауына, өз бетінше ізденуіне жол ашумен де құнды. Мәселен, жобалық технологияларға сай жұмыстарды бөлу барысында тақырыптарды оқушының өз таңдауына бере отырып, оның сол жұмысты орындауына жалпы ортақ талаптар қойғанымен, оны жүзеге асыруда оқушыға еркіндік беру арқылы өздігінен жол табуына жағдай жасалуы тиіс. Әсіресе, жоғары сыныптарда ақпараттық технологиялардың көмегімен слайдтар түрінде тұсаукесер жұмыстарын қорғау, ғылыми, ғылыми –көпшілік сипатындағы танымдық материалдар дайындаудың оқушының өздігінен ізденіс жасауы үшін де, шығармашылық қабілетінің ашыла түсуі үшін де үлкен пайдасы бар. Мұндай жұмыстарды орындау негізіндегі оқушылардың тілдік дағдыларынның қалыптасуы тұрғысынан келгенде  ұтымдылығы мол болады. 1. Оқушылар көпшілік алдында сөйлеу этикеті нормаларын меңгерді. Олар көпшілікпен сәлемдесу, өздерін таныстыру, бір –біріне сөз беріп отыру, өзара сұрақ қою әдептеріне төселеді. Ал, құзыреттіліктер тұрғысынан қарастырылғанда:

1.Алдына қойылған проблемасы өздіктерінен шешуге үйренеді.

2.Тақырыпқа керекті ақпарат көздерін таңдауға, сол тапқан материалдарды саралап қолдануға үйренеді.

3.Қолда бар материалдарды жинақтап айтуға, өзгелерді қызықтыруға, өз пікірлерін қорғауға, ойын түсінікті әрі дәйекті етіп айтуға үйренеді. Тиімді тек бірі «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы. Бұл технологияның мақсатты –білім алушының теориялық және шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту.

          Мұнда «ойтамшы», «ойға шабул», «идеялар көзі» сияқты тәсілдер қолданылуы тиіс. Сол арқылы олардың ойлау және сөйлесім әрекетінің белсенділігін арттыратын және теориялық та, шығармашылық та ойлауын жетілдіре бағытталған бұл технология білім алушының сөйлеу мәдениеті мен  шешендік шеберлігін қалыптастырады. Бұл әсіресе, қазіргі таңда ақпараттар ағыны толассыз тасқындаған уақытта одан өзіне керегін дұрыс іріктей білу, сырттан келген мағлұматтарды өз мақсатына сай орынды пайдалану дағдыларын жетілдіруге тірек болады.

          Үшінші мыңжылдықтың табалдырығын аттаған шақта, тәуелсіз еліміздің келешегі, оның мемлекеттік тілі – қазақ тілің тағдырларымен тығыз байланысты. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан -2030» атты бағдарламасында егеменді еліміздің стратегиясы мен тактикасын белгілеп берді. Қазақ тілі мемлекеттік дәрежеге көтерілді. Мемлекеттік тілді оқытуды жүйелі түрде қалыптастыру – заман талабы.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілін жаңа технологиялар арқылы оқыту ісі күннен-күнге өзекті болып келеді. Тілді ақпараттық-коммуникативтік технология арқылы оқыту – тіл үйренушінің өз бетімен тіл үйрену қабілеттерін жетілдіруіне игі ықпал ететін тиімді жүйе болып табылады. Қазақ әдебиетінің классигі, ұлы атамыз Абай Құнанбайұлы: «Шәкірттерің жақсы оқу үшін, оның оқуға деген ынтасы және қызығушылығы зор болу керек», - деген. Расында да, тек қана жігерлі, әр нәрсені үнемі білгісі келген, табандылығын, шыдамдылығын көрсеткен адам ғана мақсатына жетеді.

Бүгінгі жаңа технологиялар өз қолдауын тауып, оқу үрдісінде қолданылуда. Жаңа технологияның басты ерекшелігі жеке тұлғаға баса назар аудару болса, бұл дегеніміз – оқытудың ең тиімді әдіс – тәсілдерін ұтымды пайдалана отырып, оқыту мазмұнын оқушының жеке басының ерекшелігіне даму дәрежесіне, қабілет- мүмкіндігіне бейімделе жүргізу деген сөз.

Бүгінгі қазақ тілінің негізгі талабы – білім сапасын арттыру болып табылады.

 

           Ал, білім сапасын көтеру дегеніміз – оқушының жоғары деңгейге көтеру.

Осы мақсатты алға қоя отырып, мен ақпараттық технологияны қолданып жүрмін.

          Ақпаратты – қатынастық технологияны жалпы орта білім беретін мектепке қолданудың қазіргі жағдайына жасалған талдаулар. АҚТ – ны қолданып білім беру жүйесін ақпараттандырудың мақсаты, әлеуметтік мағынасын анықтап, зерттеу мәселесінің бүгінгі күнгі жағдайы жөнінде адекватты көрінісін және оны алдағы уақытта дамытудың ғылыми педагогикалық негізін құруға, білімін берудің болашақ жүйесінің анағұрлым маңызды ерекшеліктерін және оларды шешудің негізгі жолдарының құрылымын анықтауға мүмкіндік береді.

          Қазіргі таңда айтар болсақ, көрнекілік әдісі мен техникалық құралдарды қолдану әдісін ақпараттық-коммуникативтік технологияның бір өзі атқара алады. Ақпараттық технология – ақпараттарды жинау, сақтау және өңдеу үшін бір технологиялық тізбекте біріктірілген әдістер мен өндірістік және бағдарламалық-технологиялық құралдардың жиынтығы.

           Мемлекеттік тілді оқытуда жаңа технологияларды сабақта жан-жақты қолдану жаңаша оқытудың тиімді жолдарының бірі болып саналады Осындай жаңа жолдарының біріне заман талабына сай  ХХІ ғасырдағы ақпараттық оқыту жүйесіндегі жобалау технолгиясы арқылы тіл үйретуді жатқызуға болады. Білім берудің озық технологияларын меңгермейінше сауатты да жан-жақты болу мүмкін емес. Соның бәрі компьютер, интернет, мультимедиялық құралдар және интерактивтік тақта көмегімен болмақ.

     ХХІ ғасырдағы ақпараттық оқыту жүйесіндегі жобалау технолгиясының ерекшелігі: оқушының танымдық қабілетін және танымдық процестерді жадының алуан түрлерін есту, көру, қимыл ойлауды, ынтаны қабылдау қабілетін дамытып, оны бекіту, шығармашылық деңгейін арттыру.

    Қазақ тілін үйретуде бастапқы мақсат коммуникативтік бағытта оқыту. Осылай, біз оқушылардың жалпы ойларын бір жүйеге келтіріп, жақсы психологиялық жағдай жасаймыз. Осының бәрі оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына әсер етеді. Оқушы үшін тіл өз ойын жеткізуде қажетті құрал болып табылады. Бұл бағытта негізгі лингвистикалық жұмысты қарым-қатынас түрінде жүргізіп, бір мезгілде іске асырамыз. Жаңа технологияларды қолдана келе сабақ бойы біз бүкіл топтың жұмыс істеуін талап етеміз, сондықтан өткізген сабағымыз мазмұнды, интенсивті болады. Ақпараттық сабақта бұрын адам ойында болмаған оқытудың жаңа әдістерін ұйымдастыруға болады. Оқушылар Word, Power  Point,  Excel, Актив студио т.б программаларының көмегімен жаңа тақырыптарды және мәтіндер жазу, оқу, талдау, сурет салу жұмыстарын үйренеді.Сонымен қатар интерактивтік тақтада ертегілерді көрініс ретінде, ролдік ойындарды өткізуге болады.

   Қазақ тілі сабағында компьютерді қолдану мәтіндер мен ақпаратты білуге жол ашады. Тіпті нашар оқитын оқушылардың өзі компютермен жұмыс істеуге қызығады, өйткені кейбір жағдайларда компьютер білмеген жерін көрсетіп, көмекке келеді. Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту және өз бетінше білімдерін бір жүйеге келтіру мақсатында ақпараттық оқыту жүйесіндегі жобалау технолгиясын қолдана бастадық. Жобалау технологияның маңыздылығы – оқушылардың әр саладан алған білімдері үлкен мәселені шешуге мүмкіндік береді. Жоба түсінігі бойынша алынып отырған идея теориялық және практикалық тұрғыда шешіледі. Осы технология белгіленген нәтижеге жетіп, қорытынды шығаруға бағытталған. Қорытындыға жету барысында оқушылар ойланып, мәселені шешу барысында алған білімдеріне сүйене отырып ізденеді. Кез келген уақыт мерзімінде оқушылардың жекеше, жұптық, топтық жұмыс істеу іскерліктерін әрқашан жобалау тәсілі бойынша іске асырылады.

Сонымен қатар оқушылар интелектуалдық, шығармашылық және коммуникативтік істерін дамыта алады.Осы технолгияның тағы бір тиімді белгілерінің бірі – оқушының оқу белсенділігі. Бұл технологияның бір ерекшелігі сабақтың негізгі кезендерінің бәрінде оқушыларға шығармашылық жұмысты ұсынуға болады.

         Мен өз тәжірибемде оқушылармен бірлесіп, топтасып жұмыс істеуге көңіл бөлемін. Оқушы бірлесіп үйренуде кішігірім топтармен, жұппен жұмыс жасауда, ортақ проблемаларды талқылағанда жаңа пікірлерге шығармашылықпен қарау тұрғысында  жаңалықтар ашу барысында жұмыс істейді. Топ мүшелері өз ойларын ортаға салып және сол ойларды  тірек сызба арқылы көрсетеді. Шамалары келгенше қорғап шығуға тырысады. Бірлесіп  жұмыс жасауда қол жеткізген жетістіктер:  оқушының есте сақтау қабілетінің жоғарлауы, ауызекі сөйлеу тілінің дамуы.

 

Пайдаланылған  әдебиеттер:

 

1.  А. Жапбаров «Оқушылардың  тілін  дамыта оқытудың ғылыми  –әдістемелік негіздері» Алматы 2007 жыл

2. Ж.Т.Дәулетбекова «Сөз  мәдениетін жаңа технологияларда  тоғыстыра оқыту жолдары» Алматы 2010жыл

3. Букенева Ж. «Қазақ тілі  компьютерлік технология арқылы  меңгерту мәселелері» // Қазақ тілі  мен әдебиеті орыс мектебінде 2009 жыл №6

4. Кеңшілікқызы Ж, Сағымбайқызы  А. «Қазақ тілін  оқытуда жаңа  ақпараттық технологияларды қолдану» // Қазақ тілі мен әдебиеті орыс  мектебінде 2009 жыл


Информация о работе Үздіксіз білім беруде оқу –тәрбие үдерісін технологияландыру