Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2014 в 20:43, реферат
Ұлы жазушы,әдебиетші,ғалым Мұхтар Әуезовтің ұлттық әдебиеттану ғылымына ендірген «зар заман »тақырыбы кешегі кеңестік кезеңде де,бүгінгі тәуелсіздік тұсында да әр түрлі мазмұнда,түрлі қисынды ғылыми деңгейде зерттеліп келеді.Әдебиет тарихының ақтаңдақ беттерін зерттеуге бүгінгі тәуелсіздік талаптарына сай жаңаша көзқарастағы тың ізденіспен талпыныс жасаған филология ғылымдарының докторы,профессор Бауыржан Омарұлының “Зар заман поэзиясы. Генезис, типология, поэтика” атты зерттеуінде зар заман ақындарының шығармашылықтары сол кезеңдегі әлеуметтік-қоғамдық құбылыстарымен, ұлттың мақсат-мұратымен байланыстырыла талданады. Қазақ әдебиетіндегі «зар заман» ағымының бастау көздері, даму арналары мен олардың өзге халықтар поэзиясынан ұқсастық табуы, әр ұлт ақындарының отаршылдыққа қарсы көзқарас бірлігі жөнінде жаңаша байыптамалар жасалған зерттеуде ұлт азаттық идея мәселесі алдыңғы орынға қойылған. Елдің мұңын, халықтың қайғысын ойлап, ұлтын ұлықтап, жұртының жоғын жоқтаған арыстардың жәдігерлік дүниелері бүгінгі тәуелсіз сана сүзгісінен қайта сүзіліп, тәуелсіздік тақырыбы тарқатыла талданады.