XXI ғасырдағы Абайтанудың рөлі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2013 в 18:29, реферат

Краткое описание

Орта жүздің Арғын тайпасының Тобықты руынан шыққан билер әулетінен. Әкесі Өскенбайұлы Құнанбай өз заманындағы атақ даңқы алысқа кеткен адамдардың бірі болған. Патша өкіметі XIX ғасырдың ортасындағы бір сайлауда оны Қарқаралы ауданының аға сұлтандығына бекіткен. Шешесі Ұлжан Орта жүздің Арғын тайпасынан Қаракесек руының шешендікпен, тапқырлық, әзіл әжуамен аты шыққан шаншарлардың қызы «Абай» деп жас Ибраһимді анасы Ұлжан еркелетіп атаған. Содан бері бұл есіммен Абай тарихқа енді. Осындай текті ортадан шыққан Құнанбай мен Ұлжаннан туған төрт ұлдың бірі Абай жастайынан ақ ерекше қабілетімен, ақылдылығымен көзге түседі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Диана реферат.docx

— 49.04 Кб (Скачать документ)

Кәкітай мақаласы революцияға дейінгі  дәуірде ұлы ақын творчествосының  нәр алған арналарына байланысты Абайдың ақындық кітапханасының көлемі жайлы мәселеге біршама бағдар айтуымен де ерекшеленеді.

Жиырмасыншы жылдар басында қоғамдық ойда Абай шығармаларын жариялау жөнінде  пікірлер туындай бастады. Бұл іспеттес пікірді тілші ғалым Т.Шонановтың мақаласында айтылған деректер арқылы дәлелденіп жатты. Уақыт талабы тудырған бұл рухани сұранысқа назар аударған Қазақстан Оқу комиссариаты Абай шығармаларының толық жинағын құрастырып басып шығаруды ресми түрде ақын Бернияз Кулеевке тапсырды. Бернияз  Кулеев осы мақсатты жүзеге асыру  үшін, Абай өмірбаяны мен шығармаларын толық түрде жинастырмақ болып, «Еңбекші қазақ», «Ақжол», «Степная правда» газеттеріне жазған мақала үндеулерінде алға қойылған мақсатын анықтап та берді. Олар:Абайдың қара сөздерін бар болмысымен толық жариялау, Абай өмірбаянына байланысты фотоқұжаттарды толық қамту, Абай өмірбаянынын жаңа дерек мағлұматтарымен толықтыра түсу, ақын өлеңдерін бастапқы табиғи қалпына түсіру, яғни өлең өрнектерін қалыптастыру мәселелерін алға қойды. Қаншалықты күш салып әрекеттенсе де, заман ауыртпалығы қол байлау бола берді. Қазан қаласында 1922 жылы Абайдың тұнғыш өлеңдер жинағын (1909) қайталап басумен тоқталды. Дәл осы жылы Ташкент қаласында Абайдың өлеңдер жинағы да осы қалыпта басылым көрді.

Кеңестік заманда Абайдың өлең жинақтары қатарынан екі рет  басылым көрісімен-ақ ағымдағы баспасөздерде  сын мақалалар жарыса жарияланып жатты. Алғаш жарияланған тырнақ алды сын мақала Сәбит Мұқановтың «Қара тақтаға жазылып жүрмендер, шешендер» («Еңбекші Қазақ», 01.03.1923) деп аталатын мақаладан басталды. Осы мақаланың артынша – ақ Ташкент қаласынан шығатын «Ақжол» газетінің алты санында үзбей жарияланған Ф.Сағдидің «Абай» деп аталатын мақалалар циклі, І. Жансүгіровтің Жетісу губерниясындағы «Тілші» газетінде (08.05.1923) жарық көрген «Абай кітабы» мақаласы, Ташкент қаласында шығатын «Шолпан» журналында «Қоңыр» деген бүркеншек атпен жарияланған Мұхтар Әуезовтың ғылыми теориялық жағынан қарағанда деңгейі биік мақаласы «Қазақ әдебиетінің қазіргі дәуірі» (1923, 345, 45) деген атпен басылым көрді.

Абайтану тарихында С.Мұқановтың Абай жөнінде жазылған тұңғыш «Қара тақтаға жазылып жүрмендер, шешендер» деген мақаласынан бастап ұлы ақын мұрасын танып бағалау, таныту жолындағы ой-пікірлер бір-біріне қарама-қарсы екі бағытта дами бастады. Сол тұстағы қоғамдық ой танымдағы мәселенің төркіні Абай қай таптың ақыны, оның шығармаларын мұра ретінде қабылдау керек пе, әлде терістеу керек пе деген тақырып маңында болып жатты. Қазақстанда Абай мұрасы туралы мәселенің бұлайша өткір қойылуының себебі Мәскеудегі саяси орталықтың ұстанған бағыт бағдарына байланысты болатын-ды. Өйткені билік басына большевиктер партиясы келісімен-ақ өздері ұстанған ілімін яғни тап күресі, пролетариат диктатурасы туралы көзқарасы мен танымын қоғамдық санаға сіңдіре бастаған кезең еді. Қоғам өмірін тапқа бөлу, таза пролетариат мәдениетін жасауға ұмтылу тұрпайы социологиялық танымға алып келді.

С.Мұқанов мақаласының басты  сарыны осы тұрпайы социологиялық  қөзқарасты ұстанудан туып жатқан саяси  – әлеуметтік құбылыстың өзі болатынды. Көптеген қазақ қалам қайраткерлері  осы танымның шеңберінен шыға алмай  қалды.

ӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ АБАЙТАНУ Ұлттық әдебиеттану  ғылымының, қазақ әдебиеті тарихының  үлкен бір саласы – абайтану – ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығы, ойшылдық, қоғамдық-саяси, эстетикалық көзқарастары, имандылық мұраттары, қазақ поэзиясындағы өлең жүйесін, ақындық тілді дамытудағы үлесі, сазгерлік мұрасы туралы еңбектерді қамтитын іргелі ілім. Тұтас бір дәуірді қамтыған Абай өмірі мен шығармашылығын зерттеудің алғашқы тәжірибесі Ә.Бөкейхановтың ұлы ақын өліміне байланысты 1905 жылы Семейдің “Семипалатинский листок” газетінде жарияланған қазанама мақаласынан басталып, Кәкітай Ысқақұлы, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы мақалаларында жалғасын тапқаны мәлім. Ал М.Әуезов өзінің Абай туралы алғашқы тырнақалды мақалаларынан бастап, монографиялық іргелі зерттеулері арқылы абайтануды дербес ғылым саласы деңгейіне көтерді, ақын шығармаларының ғылыми басылымдарын дайындап шығарып, көп жылдар бойғы ізденістері мен зерттеулері нәтижесінде Абайдың ғылыми өмірбаянын жазды. Әуезов заманында және Әуезовтен кейін С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, Т.Тәжібаев, Б.Ерзакович, Қ.Мұхамедханұлы, М.Сильченко, Ы.Дүйсенбаев, З.Ахметов, А.Нұрқатов, С.Қирабаев, М.Мырзахметұлы, Р.Сыздықова, Ж.Ысмағұлов және т.б. әдебиеттанушы, тілші, өнертанушы-ғалымдар және гуманитарлық ғылым салаларының өкілдері абайтану ғылымына өзіндік үлес қосты. Абайтану ғылымы еліміз тәуелсіздік алған жылдары ғана коммунистік идеология ұстанған қатаң қағидалардың тар шеңберінен шығып, ғылыми өрісін еркін кеңейтуге мүмкіндік алды. Абайтанудың екінші тыныс алып, жаңа белеске көтерілуінің бел ортасында ұлттық әдебиеттану ғылымының қара шаңырағы – М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты тұрды. Еліміздегі қайта құру кезеңі басталған тұста сол кезде институт директоры болған іскер басшы Ш.Елеукенов ұлы ақын шығармашылығын зерттеу ісіне баса назар аударып, қазақ әдебиетінің тарихы бөлімін Абайтану және қазақ әдебиеті тарихы бөлімі етіп қайта ашты. Бұл бөлімге көрнекті әдебиеттанушы-ғалым Ш.Сәтбаева жетекшілік етіп, абайтанудың өзекті мәселелеріне байланысты біршама жұмыстар тындырды. Еліміз егемендікке қол жеткізген кезде Абай мұрасын жинап, зерттеуде мол тәжірибе жинақтаған институт ғалымдары ұлы ақын шығармаларын қайта қарап, тәуелсіздік мұраттары тұрғысынан жаңаша зерттеу қажеттігін жете түсінді. Сол жылдардағы институт директоры, академик С.Қирабаевтың басшылығымен Абай шығармашылығын арнайы зерттейтін бөлім ашылып, оның жұмысына білікті әдебиеттанушы-ғалымдар, академик З.Ахметов, М.Мырзахметұлы, Ж.Ысмағұлов, С.Қасқабасов, Семейден – Қ.Мұхамедханұлы тартылды. Бірлескен жұмыс игі нәтижесін беріп, Абай шығармаларының екі томдық толық жинағы дайындалды. Жинақты дайындау барысында бұрынғы басылымдарда айтылған ескертпелер назарға алынып, жаңадан тыңғылықты мәтіндік зерттеу жұмыстары жүргізілді. Кезінде абайтану ғылымының елеулі табысы болған, 1957 жылы М.Әуезовтің басшылығымен және тікелей қатысуымен дайындалған Абай шығармаларының екі томдық толық жинағы жаңа академиялық ғылыми басылымға негіз болды. Жаңа екі томдық толық жинақты дайындап құрастыруға қатысқан ғылыми шығармашылық топ ақынның барлық туындыларының мәтіндерін осыған дейін шыққан бұрынғы жинақтармен және жазба дереккөзі ретінде саналып жүрген белгілі қолжазбалармен қайтадан салыстыра зерттеулер жүргізді, шығармаларға түсініктер де тың деректермен толықтырылып, кей тұстарда қайтадан жазылды. Абай шығармаларының бұл екі томдық академиялық толық жинағы абайтану тарихындағы үлкен жетістік еді. Оның үстіне ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша ұлы ақынның дүниежүзілік деңгейде аталған 150 жылдық мерейтойына жасалған қомақты тарту болды. Сол жылдары Абай өмірі мен шығармашылығына байланысты дайындалған жинақтар мен жазылған зерттеулердің барлығы дерлік осы мерейтой шеңберінде орындалды. Олардың қатарында 1994 жылы шыққан “Абай және қазіргі заман” зерттеулер жинағы абайтанудың өзекті мәселелерін қамтыған жаңа көзқарастармен ерекшеленсе, Ж.Ысмағұловтың “Абай: ақындық тағылымы” монографиясында ұлы ақынның дарынды суреткерлікті дана ойшылдықпен ұштастырған кемеңгерлік кемелдігі ашып көрсетілді. Ақын мерейтойы аталып өтілген 1995 жылы республика баспаларынан Абай шығармашылығына байланысты елуден астам аталыммен ғылыми-танымдық кітаптар мен зерттеулер, тақырыптық өлеңдер жинақтары жарық көрді. Еліміз тарихында алғаш рет “Абай” тұлғалық энциклопедиясының шығуы үлкен мәдени, ғылыми оқиға ретінде есте қалды. Сол жылы шыққан ғылыми еңбектер арасында академик З.Ахметовтің “Абайдың ақындық әлемі” атты монографиясы ерекшеленіп тұрады. Мүлдем жаңаша, тәуелсіздік талаптары биігінен жазылған тың еңбекте поэзияны, сөз өнерін қазіргі заман деңгейінде түсіну тұрғысынан Абайдың ақындық тұлғасының өзгешелігі, ақынның шындықты тануы, суреттеуінің нақтылығы мен тереңдігі ашып көрсетілген. Ғалым Абай шығармаларын жүйелі түрде талдай отырып, ақынның ұлттық көркемдік-эстетикалық дәстүрлермен тығыз байланысын, әрі оның жаңашылдығын, орыс классикалық және әлем әдебиеті жетістіктерін жете игеруін қиюын қиыстырып көрсете алған. Академиктің көп жылғы ізденістері нәтижесінде жазылған бұл кітап абайтанудағы жаңа сөз, жаңа пайымдауға негізделген еңбек деп қарастыру керек. Монографияда Абайдың ақын, ойшыл, ағартушы, композитор, ұлт ұстазы, қоғам қайраткері ретіндегі сан қырлы талантының астарлы сыры, суреткерлік шеберлігі терең зерттелген. Тәуелсіздік жылдарындағы абайтану тарихында көрнекті ғалым Қайым Мұхамедханұлының өзіндік орны бар. Біздің институтқа сонау Семейден арнайы шақырылған қарт ғалым кезінде ұлы ұстазы М.Әуезовтің кеңесімен Абайдың ақындық мектебін зерттегені үшін ғана жазықсыз қудаланған зұлмат кезеңде жүзеге асыра алмаған ғылыми ой-тұжырымдарын тың шабытпен қолға алды. Екінші тынысы ашылған ғалым үлкен сенім биігінен көрініп, Абайдың екі томдық академиялық жаңа басылымының мәтіндік жағынан дұрыс дайындалуына көп көмек көрсетті, ұлы ақыннан тәлім алған Ақылбай, Мағауия, Тұрағұл, Кәкітай, Көкбай, Уәйіс, Әріп, Әсет, Мұқа, Әубәкір Ақылбайұлы, Тайыр Жомартбайұлы, Баймағамбет Айтқожаұлы, Иманбазар Қазанғапұлы, Әрхам Кәкітайұлы сияқты Абайдың талантты ақын шәкірттерінің көп жылдар бойы өзі тірнектеп жинаған шығармалары, бұларға қоса өзінің авторлығымен олардың өмірбаяндарын тәптіштеп жазған зерттеу мақалалары енген төрт кітаптан тұратын “Абайдың ақын шәкірттері” атты құнды жинақ оқырманға жол тартты. Республикалық Абай қорының демеушілігімен аз таралыммен жарық көрген бұл баға жетпес басылым қазір сирек кездесетін кітаптар қатарына жатады. Абайтануда өнімді еңбек етіп келе жатқан аға ғалымдардың бірі М.Мырзахметұлы үшін де 1990 жылдар ғылыми табысқа мол болуымен есте қалды. Ғалым “Абайдың адамгершілік мұраттары” атты еңбегінде ұлы ақын кітапханасы негізінде Абайдың ежелгі шығыс ойшылдарымен пікір сабақтастығы мен абайтану мәселелерін сөз етсе, “Абай және Шығыс” атты монографиясында Абайдың шығыс мәдениетімен байланысын ғылыми тұрғыда жүйелеп баяндайды, ал “Абайтану тарихы” атты зерттеуінде алғаш рет абайтанудың бір ғасырға жуық тарихына егжей-тегжейлі шолу жасайды. 1995 жылы абайтануға байланысты жарық көрген елеулі еңбектер қатарында тілші-ғалым Р.Сыздықованың “Абайдың сөз өрнегі”, фольклортанушы-ғалым С.Қасқабасовтың “Абай және фольклор”, Қ.Мұхамедханұлының “Абай мұрагерлері”, философ-ғалым Ғ.Есімнің “Хакім Абай”, М.Бейсенбаевтың “Абай және оның заманы” зерттеулерін, Абай өмірін зерттеуші-журналист Б.Сапаралының “Байшөгел”, “Құнанбай қажы” атты тарихи-танымдық кітаптарын атауға болады. Сонымен бірге “Жүрегімнің түбіне терең бойла” атты Абай туралы Тұрағұл, Әрхам, Уәсила, Камалия, Көкбай, Төлеу естеліктері енген жинақ ұлы ақын тұлғасын ашып, өмірбаянын толықтыра түсті. Мұндай құнды кітаптар қатарында М.Мекемтасұлы құрастырып, екі рет шыққан “Абайды оқы, таңырқа...” жинағын атаймыз. Кітапқа ХХ ғасыр басында Абай мұрасы туралы жазған ұлт зиялыларының мақалалары топтастырылған. Абайтану саласында аз ғана уақыт жұмыс істесе де, құнды зерттеулер қалдырған әдебиетші, архивтанушы Бейсенбай Байғалиевтің еңбегін атап кеткен абзал. Абай шығармаларының 1995 жылғы екі томдық толық жинағын дайындауға қатысқан қарымды қаламгердің ұзақ жылдар тірнектеп жинап зерттеген, Абайдың өмір жолына байланысты кей көлеңкелі тұстар мен күмәнді сауалдардың ақиқатын ашқан “Абай өмірбаяны архив деректерінде” атты монографиясы 2001 жылы басылып шықты. Үлкен қарқын алған абайтанушылық ғылыми-зерттеу жұмыстары мерейтойлық шаралармен үндестіре жүргізілді де, одан кейін қайтадан тоқырап қалды, қаржы тапшылығына байланысты М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында абайтану бөлімі жабылып, Абай мұрасына байланысты жоспарлы зерттеу жұмыстары да бәсеңдеді. Әрине, Абай шығармашылығына арналған, Абайдың ақындық дәстүрі мен ұлы ақынның шәкірттері туралы диссертациялар жазу бір сәт те тоқтаған жоқ. Оның өзінде бұл жұмыстардың біразы Абайды білем, Абай әлемін танимын деген құштарлықтан туған шын ықыласты ниет емес, әйтеуір, ғылыми дәреже алу қамында жасалған

қам-қарекеттер болды да, уақытша орындалған жұмыстар деңгейінде қалып, абайтану ғылымына елең етерліктей жаңалық әкелген жоқ, ал ғылым жолын қалағандар Абай туралы жазған тақырыбын жалғастырып, жаңа ғылыми ізденістер жолында біршама толымды еңбектер жазды. Абайтануға жанашырлық, шынайы қамқорлық академик С.Қасқабасов М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтына директор болып келген 2001 жылдың күзінен басталды. Өзі де Абай мұрасына байланысты талай рет қалам тербеген ғалым институтта Абайтану және жаңа дәуір әдебиеті бөлімін ашып, ғылыми қауымды елең еткізді. Бөлімді алғаш басқарған академик З.Ахметов, одан кейін жетекшілік еткен А.Егеубаев абайтану алдында тұрған келелі міндеттерге үлкен жауапкершілікпен қарады, он томдық “Қазақ әдебиеті тарихының” Абай дәуіріне арналған 5-6-томдарын жаңаша жазуға белсене атсалысты, бұл үрдісті бөлімге соңғы бес жылдай басшылық еткен білікті ғалым Ж.Ысмағұлов жалғастырып, абайтануға байланысты ауқымды шараларды жүзеге асырды. Соның игі нәтижесі болар, 2004 жылы Абайдың қайтыс болғанына 100 жыл толуына арналған “Қазақтың бас ақыны” атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция, 2007 жылы “Абай дәстүрі және қазіргі қазақ әдебиеті”, 2009 жылы “Абай мұрасы – қазақтың ұлттық қазынасы” атты республикалық ғылыми-теориялық конференциялар өткізілді. Бұл ғылыми мәслихаттарда алыс-жақын мемлекеттердің, еліміздің көрнекті ғалымдары абайтанудың көкейкесті мәселелеріне байланысты мазмұнды баяндамалар жасап, құнды пікірлер айтты. Үш конференция материалдары да жеке-жеке кітап болып жарық көрді. 2009 жылы Абайтану және жаңа дәуір әдебиеті бөлімінің 2006-2008 жылдардағы жоспарлы ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижесі “Абай дәстүрі және қазіргі қазақ әдебиеті” деген атпен жеке зерттеу кітабы болып жарық көрді. Жинақта 1990-2005 жылдардағы қазақ әдебиетінің көркемдік даму заңдылықтарымен бірге тәуелсіздік кезеңі әдебиетіндегі Абай дәстүрі зерттеліп, көркем шығармалардағы ұлттық идеяның көрінісі Абайдың елдік дүниетанымының көркемдік-эстетикалық ұстанымдары тұрғысынан қарастырылды. Дәп осы жылы академик С.Қасқабасовтың бастамасымен Абайдың 1909 жылы Санкт-Петербургте жарық көрген тұңғыш жинағының екінші басылымы жүз жылдан кейін факсимиле түрінде және қазіргі қолданыстағы әріпте жеке кітап болып басылып шықты. Абайтану бойынша соңғы жылдары шыққан елеулі еңбектер қатарында Ж.Ысмағұловтың “Абай: даналық дәрістері” атты ұлы ақынның бүкіл шығармашылық мұрасын тұтастай алып қарастырған еңбегін ерекше атау керек. Сол сияқты ғалым өткен жылы шыққан “Алтын ғасырдың ақ таңы” атты зерттеулер жинағында да Абай тұлғасына қайта оралып, ХХ ғасыр басындағы әдебиеттегі ақын дәстүрі туралы ой тұжырымдайды. Аға буын ғалымдардың қашан да ойлары ұшқыр, қашан да пайымдаулары жаңаша болып келеді. Осы ретте көрнекті әдебиеттанушы-ғалым Ш.Елеукенов “Абайдың эпистолярлық романы” атты зерттеуінде Абайдың “Евгений Онегиннен” аударған өлеңдер топтамасын аударма емес, өлеңмен жазылған эпистолярлық роман деп жаңаша ой өрбітеді. Жалпы, Абай – мәңгілік тақырып, таусылмас рухани қазына. Абай тұлғасын, Абай заманын, Абай өмірін, Абай шығармашылығын өмір бойы зерттеуге болады. Ол үшін Абай өмір сүрген заманды, ақын өскен ортаны, тәлім алған дәстүр ерекшеліктерін жете білу керек. Бәрінен бұрын Абай шығармаларын жете білу ләзім. Академик З.Ахметов жазғандай: “Абай творчествосын түгелдей алып талқылағанда, жеке шығармаларын талқылағанда да екі түрлі талдау принципін дұрыс ұштастыра білу шарт. Оның бірі – тарихи қағидат, яғни ақын шығармаларын туғызған заман, қоғамдық орта, әлеуметтік жағдаймен байланыстыра қарау болса, екінші – бүгінгі заман тұрғысынан қарап, қазіргі моральдық ұғым-түсінік, идеяларға үйлестіре қарап бағалау” қажет. (З.Ахметов. Абайтану және ғылыми зерттеу әдіс-тәсілдері. З.Ахметов. Асыл сөз арнасы. Алматы 2008.). Міне, Абай мұрасын зерттеушілердің қазіргі буынына осы талдау қағидаттары жетіспей жатады. Сондай-ақ академик С.Қасқабасов 2009 жылы өткен “Абай мұрасы – қазақтың ұлттық қазынасы” атты республикалық ғылыми-теориялық конференцияны ашқан кіріспе сөзінде Абай шығармашылығының ең басты сипаттары ретінде жаңашылдық, шыншылдық, сыншылдық, сыршылдық қырларын айтқан болатын. Мұндағы айтайтын дегенім – бір-бірінен нәр алып, біріне-бірі әсер етіп тұратын ажырамас бұл көркемдік жүйе шарттарын қазіргі зерттеушілер әлі ұстанбай келеді. Бұл пікірлердің барлығы қазіргі абайтану мәселелеріне қозғау салатын ой-тұжырымдар. Екіншіден, Абай шығармашылығының негізгі бір қайнар бұлағы – Шығыс әдебиеті күн тәртібінен түскен жоқ. Ақын нәр алған шығыс ғұламаларымен рухани байланысын араб, парсы тілдері мен әдебиетін жетік білетін мамандар зерттеуі қажет. Сонда ғана Абай мұрасының бір негізін терең біліп шығатын боламыз. Үшіншіден, қазіргі абайтану мәселесімен айналысатын ғылыми мекемелер арасында өзара шығармашылық байланыс жоқтың қасы. “Абайдың “Жидебай-Бөрілі” мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайы” деп аталатын Абай музейі бар екенін білеміз. Бірақ бұл үлкен ұжымның ішкі тірлігі туралы ештеңе білмейміз. Сол сияқты соңғы 1-2 жыл шамасында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Абайтану ғылыми-зерттеу орталықтары ашылды. Біздің институт жетекші ғылыми ұйым бола тұра бұл орталықтардың ашылу рәсімін газеттерден ғана оқып білді, институт ғалымдары екі университеттегі абайтану орталықтары шараларына шақырылған жоқ. Осы ретте көрші Ресейді алайықшы: Пушкин үйі деп аталатын орыс әдебиетін зерттеу институты ұлы орыс ақынына байланысты бүкіл алып империядағы ауқымды ғылыми, ғылыми-көпшілік және мәдени шараларды үйлестіріп отыратын бірден бір ғылыми орталық. Ресейдің қай оқу орны, әдебиетке байланысты қай ғылыми орталығы болсын, Пушкинге байланысты жұмыстарды осы институтпен бірлесіп, үйлестіріп атқарады. Сондықтан елімізде абайтануға байланысты жоғары оқу орындарымен ғылыми-үйлестіру жұмысын күшейту керек. Абай мұрасын зерттеумен айналысып жүрген мамандарды ортақ іске бірдей жұмылдырғанда ғана ғылыми жұмыс жемісті болады. Төртіншіден, абайтанудың жетекші бір бағыты – Абайдың талантты шәкірті Шәкәрім шығармаларын жариялап зерттеу ісінде кемшіліктер баршылық. 2008 жылы ақынның 150 жылдық мерейтойына байланысты халықаралық Абай клубы мен Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті үш томдық шығармалар жинағын бірлесіп шығарды. Басылым Шәкәрімнің 1988 жылы көптеген түзетулермен, өзгертулермен шыққан жинағын айна-қатесіз пайдаланған, текстологиялық жұмыстар жүргізілмеген. Бұл үш томдық сол баяғы кеңестік басылым бойынша оқырманға жол тартты. Шығарушылар алқасы не біздің институтпен, не білікті абайтанушы ғалымдармен ақылдаспаған. Сол себепті алдағы уақытта біздің институт Шәкәрім мұрасын зерттеуші ғалымдарды қатыстыра отырып, ақын шығармаларының жаңа академиялық басылымын дайындауды жоспарлап отыр. Бесіншіден, 1995 жылы Абайдың 150 жылдық мерейтойына арналған ҚР ҰҒА ғылыми сессиясы өткені белгілі. Алыс, жақын шет елдерден келген және отандық белгілі ғалымдардың осы алқалы жиында сөйлеген сөздері мен жасаған баяндамалары баспа бетін көрмеді. Алдағы уақытта осы сессияның құнды материалдарын жеке жинақ етіп шығарса, абайтану үшін баға жетпес дерек көздері болар еді. Алтыншыдан, Абай шығармаларын өзге халықтар тілдеріне аудару сын көтермейді. Бұл жерде талантты ақын, аудармашы Ғалымжан Мұқанов еңбегін ерекше атап өту ләзім. Абай шығармаларын алғаш рет француз тілінде сөйлеткен оның аудармаларына француз ғалымдары сүйсінгенде орыс, ағылшын, француз тілдерінде бірдей жазған үлкен талант иесінің еңбегі өз елінде елеп ескерілмеуі өкінішті-ақ. Азғантай ғана авар халқының талантты ақыны Расул Ғамзатов айдай әлемге қалай танылды? Орыс тіліне жасалған білікті аудармалары арқылы. Бізде бұл мәселе туралы аз жазылған жоқ. Абайды орыс және өзге тілдерге сапалы аударудың уақыты әбден жетті. Абай шығармалары тіпті бауырлас түрік халқына да дұрыс аударылған. Түрік ғалымдарының айтуынша, ұлы ақын туындыларын бұл тілге поэзияға қатысы шамалы адамдар тәржімалаған. Жетіншіден, Абай мұрасын веда сияқты ілімдермен байланыстыра зерттеген еңбектер қайта-қайта басылып келеді. Баспасөзде бірнеше рет үлкен мәселе етіп көтерілген бұл кереғар басылымдарға байланысты үкіметтік деңгейде ғылыми сараптама жасалуы қажет. Абай – ұлы ұстаз-кемеңгер. Абай тақырыбы – мәңгілік тақырып. Абай тақырыбы – таусылмайтын телегей теңіз. Абайдың өскен ортасы мен ақындық айналасын, шығармашылық қайнар көздерін тәуелсіздік тұрғысынан жаңаша зерделеу, тіпті ұлы ақынның орыс әдебиетімен байланысын бұрынғыдай бір жақты емес, мүлдем тың ойлармен топшылау, Абайдың ұлттық музыка, театр, бейнелеу өнеріндегі орны, ұлттық ой-сананы қалыптастырып, дамытудағы рөлі жаңа тұжырымдар жасау және сол сияқты толып жатқан, көкейде сайрап жатқан тақырыптар жетерлік. Тек соларды ыждағаттап дұрыс зерттейтін, сол тақырыпты беріліп зерттейтін талапкерлер табылсын дейік. Абай шығармаларының көркемдік, танымдық, тәрбиелік мәнін жаңа қырларынан қарап, терең ашып көрсететін ғылыми еңбектер ғана абайтану ғылымын алға жетелей түспек. Серікқазы ҚОРАБАЙ, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты

Абай (Ибраһим) Құнанбаев (1845—1904) —  ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін  қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді  исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау  еткен.

 

Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті  мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы  таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» – тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды.


Информация о работе XXI ғасырдағы Абайтанудың рөлі