Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Мая 2013 в 18:43, доклад
Сонау аласапыран дәуірде ұлт-азаттық көтерілістің ұйытқысы болып талай тағдырды таразыға түскенде, ел жұртының бірлігі мен тірлігін көксеген Төле, Қазыбек пен Әйтеке бастаған билердің халық тарихынан алар орны ерекше.
Олардың ықпалы қараға да, ханға да жүрді. Бүкіл ел-жұрттың қамын ойлап, қайғысын жеуден туған ғажап құжат «Жеті жарғы» да бай мен бектер, сұлтандар мен төрелеремес, сол данагөй кемеңгер билердің қатысуымен дүниеге келді. Біз ендігі жерде, журналымыздың осы санынан бастап сонау алмағайып заманда қазақ көгіне үркердей болып шыққан Төле Әлібекұлы (1663-1756)
ТӨЛЕ БИ және оның дәуірі
Сонау аласапыран дәуірде ұлт-азаттық көтерілістің ұйытқысы болып талай тағдырды таразыға түскенде, ел жұртының бірлігі мен тірлігін көксеген Төле, Қазыбек пен Әйтеке бастаған билердің халық тарихынан алар орны ерекше.
Олардың
ықпалы қараға да, ханға да
жүрді. Бүкіл ел-жұрттың қамын
ойлап, қайғысын жеуден туған
ғажап құжат «Жеті жарғы» да
бай мен бектер, сұлтандар мен
төрелеремес, сол данагөй
Бір кездері қыс үстін
қаһарымен тітіренткен
Тап осы қиын –қыстау кезде Төле би қоғамдық өмір сахнасына шықты. Ол туған халқының даналығы мен кемеңгерлігінің мен айнасы. Қазақтын бір туар перзенті негізгі деректерге сүйенгенге бірге Шу бойында, енді бірде Бадам өзенінің жаағасында өмірге келіп, қандай қиыншылықтар болғанына қарамастан ұзақ жасап, Жиделібайсынды жайлап, тоқсан үш жасында Шыназда дүние садлып, өз өсиеті бойынша денесі Ташкенттегі Шайқантәуірде жерленген. Бұл кенесі Қарлығаш әулие деп аталып зиярат етушілердің елі орнына айналды. Оның әулеті шынжыр балақ, шұбар төскен емес, иіс алмас момындығы үшін ағайындары арасында «қарашоғыр» атанғанымен, Әлібек орта шаруа болса да сөз ұстап, аталастары мен жамағайындары арасында аса беделі кісі болыпты. Көкірегі қазына Төленің оқығаны да, тоқығаны да қруар жол. Ол туралы халық арасында бүгінге дейін шежіре мен аңыз өте көп. онда абзал атаның азаматтық асқақ қасиеттері аз айтылмайды. Төле би Асанқайғы, Қорқыт, Жиренше сықылды көсем де шешен кісілердеі бұқараға нағыз қамқор мен жанашыр болып көрінеді. Ол жалғыз өз қандастарын қоғамдасттырып қана қоймай лты алаштын қаймағы бұзылмай, тәту-тәтті ақжарылқап заманда өмір сүруін ансап өтті.
Ол жас кезінде талай жасы
үлкен атақты абыз билердің алдынан
өтіп батасын алады. Төле бала Әнет
бабаға барыпты. Жасы жүзге келіп
отырған Әнет баба ынтымақ, ел бірлігі
жөнінде әңгіме айтып отырады. «Қалай
еткенде бірлік болады, оның күші қандай
болмақ» дегенді сұрайды. Сонда Әнет баба
әуелі жауап айтпас бұрын бір бума солқылдақ
шыбық алдырады.
- Балам, мынаны сындырып көрші?
Төле буылған шыбықты олай-бұлай иіп сындыра
алмайды.
- Енді сол шыбықты біртіндеп сындыршы?
– Төле ортасынан буылған шыбықты шешіп,
біртіндеп пырт-пырт еткізіп, оп-оңай сындырып
береді. Әнет баба:
- Бұдан не түсіндің, балам? –
дейді.
Сонда Төле бала:
- Түсіндім, баба, бұл мысалыңыздың
мәнісі: ынтымағы, бірлігі мықты елді жау
да, дау да ала алмайды. «Саяқ жүрген таяқ
жейді» демекші, бірлігі, ынтымағы жоқты
жау да, дау да оп-оңай алады дегеніңіз
ғой.
- Бәрекелді, балам, дұрыс таптың. Ел
билеу үшін алдымен елді ауыз бірлікке,
ынтымаққа шақыра біл. «Бақ қайда барасың,
ынтымаққа барамын» дегеннің мәнісі осы,-
депті.
Бірде екі әйел бір балаға таласып билерге жүгінуге кетіпті. Сындарлы сәтті Әлібек саспай сынайын днп дауылды шешуді жасөспіріп Төлеге тапсырған екен.
Әйелдің бірі:
Екінші әйел тұрып:
Төле мән-жайға қанығып екеуіне қарап: «Бірін жоғалтқаныңды, енді бірі тапқаныңды растап шығатын бұнда юбасқа куә жоқ. Сондықтан мынадай билік айтқым келеді, - деп баланың екі қолынан екі әйелге ұстатып қойып қылышты ала ұмтылыпты: «Екеуіне ортасынан қақ бөліп беремін, осыған ризасындар ма?»
Сонда балаға ие болып жүрген әйел:
Ал баланы тапқан әйел:
Бұл томағасын сыпырған бала қырандай сергек Төленің қаршадайынан уызынан жарып, ел мұң-зарына елгезек құлақ түре жүріп, алғыр, зерек, әділ болып ержеткенің көрсетеді.
Ол шырғалаңы мен шамырқануы көп шақтың дүкен –көрігінде жасымай, шарболаттай шындалып шықты. Сан ұрпақтың көп ғасыр бойға тәжірибесіне сүйеніп, даналыққа негізделген халық дипломатиясын жүзеге асырды.
Төле би аса турашыл, сыншыл кісі. Ол адам мінез-құлқы мен пиғылындағы жағымсыз жақтарды үнемі мінеп, шенеп, түзеп отырды. Өйткені келешекке үдере тартқан өмір керуені мен көшін орта жолда тығырыққа тіреп алмай, қалыптасқан құлдық сезімді мүлде мансұқ етіп, дағдылы тіршілік толқынына қарсы ағу керек еді.
Төле өмір сүрген заман қазақ халқы басынан небір қиын кезендерді өткерген тұс еді. Осы кезде ол әрдайым халқының қасынан табылып, көк найзаның ұшымен де, қызыл тілдің күшімен де туған даласын жат-жұрттық басқыншылардан қорғауға белсене қатысқан.
Ел арасында Төле би айтты
дейтін шешендік сөз үлгілерінің
бір төркіні былай болып
Қарабеке ашуланған Төле би:
Атадан ұл туса иегі,
Ата жолын қуса иегі.
Өзіне келер ұятың
Өзі біліп тұрса иегі.
Жаудан бұққан немені
Ортасынан қуса иегі! – деп шырық бұзғандарды жиыннан қудырып жібереді. Соннан соң айналасындағыларға қарап:
Уа, көсіле шабар жерім бар,
Ту көтерген ерім бар.
Қол боларлық елің бар,
Атадан қалған сара жолың бар.
Құлдық ұрсан дұшпанға,
Арылмайтын сорың бар...
Құлдық құрсан дұшпанға
Еркек болып туды деп,
Мына сені кім айтар? – деп толғайды. Төленің осы төрелік сөзің өзгелер түгел құп алып, жауға қарсы күш біріктіріпті деседі.