Сөз зергері – Ғабит Мүсірепов

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2013 в 19:58, реферат

Краткое описание

Әдебиет сабағын мәнді, мағыналы өткізу үшін сабақтың дәстүрлі емес түрлерін өз тәжірибемде кеңінен пайдалануға тырысамын. Ол оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, ойлау шеберлігін қалыптастырады, сөйлеу мәдениетін дамытады. Сондай сабақтардың бірі- «Баспасөз-мәслихат» сабағы. Жинақтау, қорытынды сабақ есебінде:
1. Оқушылардың білімін тереңдетуге, ғылыми бағдарламаларды ізденуге ұмтылдырады;
2. Тілін дамытып, сөздік қорын молайтады;
3. Өз ойын дұрыс айту және қосымша материалдармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырады;

Прикрепленные файлы: 1 файл

Microsoft Office Word Document.docx

— 18.82 Кб (Скачать документ)

«Сөз зергері – Ғабит Мүсірепов»

 

Сабақтың тақырыбы:  Сөз зергері – Ғабит Мүсірепов (Ғ.Мүсіреповтің өмірі мен

                                            шығармашылығына арналған баспасөз-мәслихат сабағы)

 

Сабақтың мақсаты:     а) білімділік: Ғ. Мүсірепов шығармаларын оқушыларға  

                                           оқыта отырып, жазушының сөз айшықтары мен ойлау  

                                           шеберлігін таныстыру. Балалардың сөйлеу мәдениетін

                                           қалыптастыру;

                                     ә) тәрбиелік: Оқушыларды жазушының ана тақырыбындағы

                                         шығармалары арқылы аналарды құрметтеуге, қадірлеуге

                                         шақыру. Инабаттылыққа, имандылыққа баулу;

                                     б) дамытушылық: Оқушыларды парасаттылыққа, өз ойын

                                         еркін жеткізуге шақыру, тіл байлығын байыту, ой

                                         ұшқырлығына баулу;

 

 

Сабақтың түрі:            «Баспасөз-мәслихат» сабағы, жалпылау, жинақтау сабағы

 Сабақтың әдісі:            Репродуктивті әдіс, т.б.

 Сабақтың көрнекілігі:  Кітап бұрышы, жазушының портреті, презентация (слайд)

 Сабақтың пәнаралық байланысы:  Қазақ тілі, тарих, география, т.б.

 Сабақтың барысы:       1. Ұйымдастыру кезеңі

                                      2. Кіріспе сөз

   Әдебиет сабағын мәнді, мағыналы өткізу үшін сабақтың дәстүрлі емес түрлерін өз тәжірибемде кеңінен пайдалануға тырысамын. Ол оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, ойлау шеберлігін қалыптастырады, сөйлеу мәдениетін дамытады. Сондай сабақтардың бірі- «Баспасөз-мәслихат» сабағы. Жинақтау, қорытынды сабақ есебінде:

1. Оқушылардың білімін тереңдетуге, ғылыми бағдарламаларды ізденуге ұмтылдырады;

2. Тілін дамытып, сөздік қорын молайтады;

3. Өз ойын дұрыс айту және қосымша материалдармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырады;

 Осы мақсатта сынып оқушыларын 2 топқа бөлемін, әр топқа арнайы тапсырмалар беріп, қосымша әдебиеттер ұсынамын.

 І-топ- өтілетін сабақтың мазмұнына байланысты ғалымдарға сұрақ берушілер тобы. Олар теледидар, газет – журнал тілшілері қызметін атқарады.

 ІІ-топ- берілген сұрақтарға жауап беруші әдебиетші-ғалым, мамандар тобы. Бұлар өтілген тақырыптарды жетік білетін зерттеуші мамандар қызметін атқарады.

 Баспасөз тілшілері:  

            1. «Санкей-симбун» газеті. (Жапония)

            2. «Хабар» агенттігі.  (Қазақстан)

            3. «Америка дауысы» телерадиокомпаниясы.

            4. «Комсомольская правда» газеті. (Ресей)

            5. «Егемен Қазақстан» газеті.  (Қазақстан)

            6. «Қазақстан» телеарнасы.

            7. Әдебиетші маман-ғалымдар.

            8. Мұражай экскурсоводы

Сабақ ІV бөлімнен тұрады:

 І. «Сөз зергері – Ғабит Мүсірепов». (Газет – журнал тілшілерінің

           әдебиетші-ғалым, мамандармен сөзжарысы).

Неліктен жазушыны аналар тақырыбы толғандырды?

а) Ғ.Мүсіреповтің өнегелі өмір жолы мен артына қалдырған мұралары?

 ә) Жазушы шығармалары қандай тілдерде жазылған?

 б) «Ара-Шмель» сатиралық журналында қай жылдары, қандай қызмет

 атқарды?

 ІІ. «Ұлпан – Менің Джокондам». (Жазушының ана тақырыбына арнаған

 шығармалары).

 а) Сөз зергерінің ана тақырыбына арнаған әңгімелерін санадыңыз ба?

 ә) М.Горький шығармаларының ізімен жазылған еңбектерін атаңыз?

 б) Майданда өлген баласына деген сағынышын өзге бір жауынгерді өзіне

 бала етуге бекінген шығармасы? (Оқушылар жазушының шығармасынан

 сахналық көрініс қояды).

 ІІІ. Мұражайға саяхат. (Мұражай экскурсоводы  Ғ. Мүсіреповтің өмірі мен

 шығармашылығына шолу жасайды).

А) Хронологиялық кестені толтыру.

ІV. «Ұлпан» хикаятынан үзіндіні талдау

1.Баяндаушы (мәтіннің мазмұнын баяндайды)

2.Сипаттаушы (кейіпкерлерге жалпы сипаттама береді)

3. Сөз тапқыш (мәтіннен  түсініксіз сөзді табады

4. Дәнекер (мәтінді өмірмен  ұштастырады)

5. Бейнелеуші (оқиға желісімен  сурет салады)

 

 

 

Сабақты қорыту:       Ғ.Мүсіреповтің өнегелі өмір жолы мен артына

                                    қалдырған мұралары – біздің ұлттық қазынамыз. Уақыт

                                    өткен сайын халыққа Мүсірепов мұраларының қадір-

                                    құрметі арта түсетіні, шоқтығы биіктеп тұлғалана берері

                                     сөзсіз.

Үй тапсырмасы: «Ұлпан»  хикаятынан үзіндіні оқу, шығарма жазып  келу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Сөз зергері – Ғабит Мүсірепов