Шерхан Мұртаза

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2013 в 14:40, реферат

Краткое описание

Шерхан Мұртаза 28.09. 1932 жылы, Жамбыл облысы Жуалы ауданы Талапты ауылында дүниеге келген. Жазушы, қоғам қайраткері, 1984 жылы ҚР-ның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, 1992 жылы Қазақстанның халық жазушысы атағына ие болды. 1955 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген. 1955 — 56 жылы Қазақ мемлекет көркем әдебиет баспасында, 1956 — 60 жылы “Лениншіл жас” (қазіргі “Жас алаш”), 1960 — 63 жылы “Социалистік Қазақстан” (қазіргі “Егемен Қазақстан”) газеттерінде тілші, әдеби қызметкер, редактор, 1970 — 72 жылы “Жазушы” баспасы жанындағы Балалар мен жастар әдебиеті бас редакциясының және “Жалын” альманахының бас редакторы, 1972 — 75 жылы “Жұлдыз” журналының бас редакторы, 1975 — 80 жылы Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының 2-хатшысы,

Прикрепленные файлы: 1 файл

Шерхан Мұртаза.docx

— 52.35 Кб (Скачать документ)

Дәрменсіз мүгедекті аяған Барсхан жоғары жаққа, тұп-тура Калининнің өзіне хат жазады. Бірақ хабар болмайды. Кейін есейген кезде Сияқұлға тағы кездесіп қалып, жоғарыдағы өкімет адамдарына енді оның зейнетақысын молайту жөнінде өтініш жібереді. Бірақ Шолақ Сияқұлды еске алып, есіркеп жатқан өкімет көрінбейді. Ақыры не бір марапатқа ие бола алмай не болмаса зейнетақысын да көбейте алмай, Ұлы Отан соғысының мүгедегі жоқшылықта жүріп, өмірден өтеді. Нақ осы сюжетті Кеңес дәуірінде сол қалпында айна-қатесіз айтып жеткізудің мүмкін емес екендігі белгілі.

Ш.Мұртаза қаламына тән жазушылық машықтың бірі – жалпы әр тақырып, әр оқиғаның соңын философиялық оймен түйіндеп отыру. Соның бір мысалы осы міскін, кемтар жандарға байланысты: «Бірақ мынау Қуаныштың: «Бұйырса» дегені – уайым. Қартамыс болған қарт адамның сөзіндей. Дені сау адам ажалды ойлай бермейді, өмірі өлместей көрінеді. Ал ауру адамға, ұзақ кесел қысқан адамға ажалдың апаны елестеп тұратын болар. Ұзақ кеселдің адамын тек үміт қана сақтайды. «Бұйырса» деген сөзде үміт те бар, күдік те бар. Қайсысы жеңеді, сонысы алады» (216-б.). Өмірдің ащы шындығынан туған мұндай детальдар – кітаптың трагедиялық мазмұнын күшейте түсетін көркемдік факторлар.

Кейіпкер жеткіншектің әлеуметтік әділеттілік үшін күресіп жүруі оның моральдық бет-пішінінен хабар беретін штрих.

Осы жағынан келгенде, Ш.Мұртазаның «Ай мен Айшасындағы» кейіпкерлер қатарының барлығы шетінен өзін-өзі ақтай алады десек, әсіре бағалағандық болар еді. Балалық шақтың суреттерін көлденеңдей тартып отырудың барысында жылт етіп көрініп қалып, артынша-ақ ауызға алынбай жататын адам есімдері әр тұстан ұшырасып қалады. Тек аттары аталып қалғандықтан, ондай кісі есімдерін кейіпкер деп атаудың өзі қиын. Өйткені екінші қатардағы немесе қосалқы кейіпкерлердің өздері кішкентай болса да белгілі бір дәрежеде көркемдік жүк арқалайтыны белгілі.

Ал талданып отырған осы романда мінез-құлқы, көзқарасы, адами сипаты ашылмай қалатын ондай есімдер бірсыпыра дерлік. Шығарма табиғатын күнделік формасына жақындатып тұрған факторлардың бірі осы деуге болады. Олардың кейбірін мысал ретінде ала отырып, атап кеткен де артық бола қоймас. Әке Гришка, бала Гришка, Пешен, Әліпбай, Мұса, Байжұман, Мұса, Шақалақ, Тәшкен, Кәрібай, Төреқұл, Сейсенбай, Боранбай, Пияш, Жібек, Пәшира, Өскенбай, Сейдін, Апақай және т.б. Бұл аталған адамдардың көпшілігі эпизодтық болсын кейіпкер деңгейіне жете қоймаған жандар.

Өмірбаяндық деректерге сүйеніп, көркем шығарма ретінде жазылғанымен, роман беттеріндегі өмір көріністерінің берілу тәсілдері кей тұстарда белгілі бір мөлшерде күнделік формасын еске түсіреді. Өзім қазақтың мемуарлық романдарын біраз қарастырып көргендіктен, жекелеген мемуарлық романдарда немесе олардың кейбір тарауларында күнделік сипаты басым болып келетіндігін байқадым. Бастан кешкен оқиғаларды хронологиялық тұрғыдан жеткізу үшін бұл дұрыс та. Айналадағы құбылыстардың барлығы да жас бас кейіпкердің көзімен беріліп, соның дүниетанымы арқылы суреттеліп отырады.

Мұндайда жалғыз-ақ рет айтылып, сонан кейін қайта көрінбеген қалпы жоқ болып кететін кейіпкерлердің болуы заңды.

Әрине, туынды табиғаты мемуарлық болғандықтан, бір кейіпкердің аяғына дейін шығарып, тағдырын айту, мінез-құлқын ашып көрсету шарт емес. Кейіпкердің эпизодтық деңгейде жалғыз-ақ рет көрінуі мемуарлық туындының осал жері, бейнелі тілмен айтқанда «Ахиллес өкшесі».

Оқырмандар назарын «Бір кем дүние», «Ғапыл дүние» топтамалары да түйінді ойларды шоғырландырумен аударуда деп білеміз.

«Бір кем дүние» кітабында Шерхан Мұртазаны басқа қырынан танылды деуге болады. Жинақтың тіні – көбінесе философиялық ойлармен түйінделетін қысқа тәмсілдер. Өмірде болған түрлі оқиғаларды қысқаша ғана баян етіп, сөз соңын философиялық пайымдаулармен түйіндеп отырады. Сөйтіп өзі тақырып еткен әрбір құбылыстан, әрбір оқиға мен шағын эпизодтан бір тұжырым жасайды. Және жай тұжырым емес, саналы оқырманға ой салатын, қалыптасқан көзқарасын қозғайтын тұжырым.

Бұл арада Ш.Мұртаза жаңа қырынан танылып отыр деусіз де онша шындыққа сыйыса қоймайды. Өйткені ол кісінің бұрынғы шығармаларының да осындай белгілі бір тұжырыммен, өзіндік пайыммен түйінделетіні аз емес болатын. Ал қысқа тәмсілдер қаламгердің сол шығармашылық үрдісін нықтай түсетін ізденіс ұстанымының үлгілері. Жазушыны бұл арада ғажап жаңалық тауыпты деуге де болмас. Мәселе қалам иесінің қалың бұқараның көңілінде жүрген кейбір мазасыз ойларды дәл басып отыруында немесе өзінің тынышын алған түрлі жағдаяттарды сол бұқараның ойымен ұштастыруға тырысуында жатыр.

Тақырыптық тұрғыдан жинаққа енген шығармаларды шартты түрде екі топқа бөлуге болады. Біріншісі – жалпы оқырман қауымға тарихтан жақсы белгілі түрлі әңгімелер. Оларды белгілі бір тарихи оқиғалар немесе тарихи тұлғалардың бастан өткізген бір ғана эпизод сөз болып отырады. Екіншісі – автордың өзі куә болған немесе бастан кешкен әр түрлі оқиғалары.

Екі жағдайда да ол оқиғаларды бажайлап тұтас әңгімелеп жатпайды, әңгіменің жалпы нобайын сездіргенімен, оқырманға ой саларлықтай пұшпағын ғана ойып алып, ұсынуға бейім. Жазушы оқырман алдына көлденең тартып отырған сол түйіндемелердің барлығы жалаң емес, тәлім-тәрбиелік мәні бар дүниелер. Мәселен, «Құмырсқа ғұмыр» тәмсілін тұтас оқып көрейік: «Ұйықтап жатқан құмырсқаны көрмедім. Бәрі қыбырлап-жыбырлап жем тасып бара жатады.

Біз ғой түске дейін ұйықтаймыз. Түстен кейін қыдырамыз.

Бай баласы байға ұқсайды,

Байланбаған тайға ұқсайды, – деген осы. Жалқаумыз.

Бір кем дүние» (Мұртаза Ш. Бір кем дүние: Ойтолғау. – Алматы: Жазушы, 2008. – 176 б. 41-бет).

Александар Македонскийдің (қазақша Ескендір Зұлқарнайын) өлгеннен кейін табытта жатып, алақанының ашыла беруі, бір шөкім топырақ салғаннан кейін барып, қолының сылқ түсуі немесе жарты әлемді жаулап алған Ақсақ Темірдің өлер алдында Алладан маған мейірім тілеңдер деуі сияқты тәрбиелік мәні бар әңгімелерді жазушы өзінше жаңғыртып, қисынды трактовкалар жасап отырады. Бұл әңгімелерді біреу білер, біреу білмес, бірақ бүгінгі заманда алдымыздан көлденеңдеп шыға беретін түрлі проблемаларға қатысты тарихтың сол бір тағылымдарын қайталап еске салып отырғанның еш артықтығы жоқ.

Жазушының осындай философиялық ойларына өзек болғандардың бір парасы – өзінің замандастары, аралас-құралас болып жүрген адамдарының қилы қылықтары мен сөздері. «Соғыс жетімі» деген тәмсілінде: «Әкең сенің осындай азамат, жақсы жазушы болғаныңды көрмей, майданда қаза тапты, әттең…» деген кезде жасы алпыстан асқан жазушы Бек Тоғысбаев еңкілдеп жылап жіберіпті. Осы оқиғадан автор «Міне, бұл ұлы сезім… Жүрегі елжіремейтіндерден қорқу керек» деген тосын түйін жасайды.

Жазушының тәуелсіздік жылдарында жарық көрген еңбектеріне туған халқының түрлі қиындықтарының өзек болып келуі де заңдылық. Өйткені туған ұлтының басындағы түрлі жағдаяттарды жазушы сонау Кеңес өкіметінің тұсында да үнемі әңгіме өзегіне, көркем ойдың тиегіне айналдырып отыратын. 
Еліміздің тәуелсіздік алғаны жақсы-ау, бірақ сол тәуелсіздік, демократия лебімен қоса өмірге жаңа проблемалар да келіп жатты. Еліміз саяси бостандық алғанымен, әлі рухани бостандыққа толық қол жеткізе алмағанын байқаушылардың бірі болғаны да рас. Жазушының жанын қинап, қаламының ұшын қарайтып жіберетін де осындай өзекті мәселелер. Ендеше патриот жазушының тәуелсіздік жылдары ұлт, бұқара тағдырына қатысты қаламын батыра сілтеуі, жан ауыртатын жағдаяттарды әлсін әлі оқырман алдына көлденең тарта беруі де оның қандай бағыттағы тұлға екендігін аңғарта білді. 
Жасының егде тартқандығына қарамастан, Ш.Мұртаза қол қусырып жатып алмай, ұлтының жүрек ауыртқан мәселелеріне қайта айналып соғудан шаршар емес. Тек қана көркем шығармалары немесе тәмсілдері арқылы ғана емес, жекелеген мақалалары мен сөйлеген сөздері арқылы да қайраткерлік танытуда. Жазушының халық қамы үшін күресудің нақты мүмкіндігіне ие болған кезі – халық қалаулысы ретінде республика Парламентіне депутат болып сайланған уақыты еді. Осы жағдайды пайдаланып, ол туған жұртының кем-кетігін жөндеп, отаршылдық қалдықтарынан арылу мәселелеріне орай Парламент мінберінен сөз алып отырды. Оның патриоттық сезімінен туындыған жігерлі пікірлері кейбір шовинистік бағыттағы әлдекімдердің жүйкелеріне де тиіп жатты. Бірақ депутаттық мерзімі біткенше Ш.Мұртаза бөгеліп қалған жоқ, ресми мінберден өз жұртының проблемаларын айтудай-ақ айта білді. 
Қарттықты мойындамай жүрген қаламгерге қалам қаруын тілей отырып, әлі де дәмді дүниелер дәме ететінімізді жасырғымыз келмейді.

Авторы: admin, 25.06.2011  

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Шерхан Мұртаза