Оралхан Бөкей шығармаларындағы образдардың сомдалуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2014 в 16:37, реферат

Краткое описание

Оралхан Бөкей – қазақ әдебиетіндегі орны бөлек тұлғалы қаламгерлердің бірі. «Жазушылық дегеніміз, - дейді ол, - шындыққа жүгіну, ал әдебиет дегеніміз, сол шындықты шырақ алып іздеудің бірден-бір формасы». Осыдан-ақ талантты жазушының бүкіл шығармашылығндағы темірқазық бағдары аңғарылып тұрған жоқ па! Оның қай шығармасын алсаңыз да іздейтін шындық, зерлейтіні ақиқат.

Прикрепленные файлы: 1 файл

адебиет теориясы.docx

— 15.04 Кб (Скачать документ)

Оралхан Бөкей шығармаларындағы образдардың сомдалуы

Оралхан Бөкей – қазақ әдебиетіндегі  орны бөлек тұлғалы қаламгерлердің бірі. «Жазушылық дегеніміз, - дейді ол, - шындыққа жүгіну, ал әдебиет дегеніміз, сол шындықты шырақ алып іздеудің бірден-бір формасы». Осыдан-ақ талантты жазушының бүкіл шығармашылығндағы темірқазық бағдары аңғарылып тұрған жоқ па! Оның қай шығармасын алсаңыз да іздейтін шындық, зерлейтіні ақиқат. Өзінің шығармашылық аз ғұмырында Оралхан осы жолдан айнымай өтті. Кешегі кеңістік кезеңіндегі ашық айтуға болмайтын шындықты тың форма, ұтымды әдіс-тәсілдермен, мегзеу-ишаралармен жеткізіп отырады. Мұның бәрі,  әрине үлкен ізденісті, табанды еңбекті талап ететіні белгілі. Сол тынымсыз еңбегінің, игілікті ізденісінің арқасында О.Бөкей әдебиетімізге өзіндік бетімен, өзіндік өрнегін сала келген жазушы. Оның алғашқы әңгіме-повестерінен-ақ («Қамшыгер», «Үркер», «Бура», «Кербұғы», «Қайдасың, қасқа құлыным?») ешкімге ұқсамайтын өзінше сөз саптасы, асқақ мінезі, алғыр зерде-зейіні оқушысын бірден баураған болатын. Жазушының ой мен сезімді қатар өрген шығармалары тұңғиық ойға жетелесе, бірде асқақтыққа, өршілдікке  тарта беретін. Сондықтан да оның алғашқы шығармаларындағы толғау-толғаныстары кең тынысты, өзгеше үнді болып шығатын. Олардан бірде романтикалық құштарлықты, бірде публицистік от-жалынды, бірде реалистік өткірлікті, енді бірде сағыныш-мұңға бөлейтін лирикалық әуенді айқын аңғарар едік.

Оралхан Бөкей бір сөзінде «мені әдебиетке әкелген журналистика» дейді. Өте орынды айтылған. Себебі, университеттің екінші курсынан бастап, аудандық газетке ауысып, әуелі корректор, содан кейін тілші, кейіннен редактордың орынбасары болған ол қиын да қызықты журналистика өнерінің қыр-сырына қаныға бастайды. Ол тек аудандық газетпен ғана шектелмей, облыстық, республикалық «Ленинші жас» (бүгінгі «Жас алаш») газетіне де суреттеме-очерктер жазып өзін таныта біледі.

Кейіннен сол жастар газетіне жұмысқа орналасқанда, Оралханның журналистік қарым-қабілеті барынша ашылады. Газет бетінде жиі жарияланып жататын қара сөзбен жырлаған очерк-эсселері әдебиетімізге өзіндік өрнегі, өзгеше жазу мәнері бар жас қаламгердің келе жатқанын әйгілей түскен еді. Шындығында оның очерк-эсселері қазақ журналистикасына жаңа леп, соны серпіліс алып келді. Қарапайым суреттеме, очерктің өзін Оралхан жұрт қызыға іздеп оқитын көркем дүние деңгейіне көтерді. «Мен очеркке жан бітірдім, бойына қан жүгірттім, - дейді ол, - «Лениншіл жасқа» мен «мал, салшы, өндіріс, жұмысшы» деп күбірлеп-сыбырлап келге м жоқ, бар даусыммен айқайлап «Адам!» деп келдім». Иә, оны қаламгер ретінде еең әуелі Адам, адамның тағдыры қызықтырады. Өз замандастырының өмірі толғандырады.

Ұлы драматург Б.Шоу «Әрбір талантты жазушы ең әуелі өз замандастары жайлы жазуы тиіс» деген екен. Оралхан Бөкей де қолына қалам ұстағаннан-ақ өз замандастарының мұңы м ен қуанышын шынайы суреттеуге тер төккен қаламгер. Бұл ретте автордың өзі де «Әйтеуір не жазсам да өз заманымды, сол заманда табан ет, маңдай терін жұмсап жүрген қарапайым еңбек адамдарын тілге тиек етуге тырысамын» деген еді. Айтқандай-ақ, оның кейіпкерлері – «Қайдасың, қасқа құлынымдағы», Орал, «Өліарадағы», Қойшы, «Елең-алаңдағы» Зарлық, «Құм мінездегі» Бархан, Мұзтаудағы» Ақтан өзінің күнде араласып жүрген замандастары. Бұл да жазушының образ сомдаудағы өзіндік толғам-ізденісін көрсетеді.

Оралхан табиғат пен адам жанын ақындық көзбен астастыра білді. Сөйте отырып, жаратылыс пен адам арасындағы сабақтастық жұмбағына үңіліп, адам жанының тылсым-құпияларын ашуға ұмтылды. Осы жолда әдебиетімізде түрлік, мазмұндық, сюжеттік ізденістерге барып, оны уақыт, заман талабына сай жаңа леппен жаңғыртты. Сөйтіп, қазақ прозасына романтикалық сарынды орнықтырған өзгеше дарын, табиғатты бөлек талант еді.

Жазушының творчествалық толысқанын, өскенін, нағыз реалистік, психологиялық прозаға тән арнаға түскенін айқындайтын дүниелері 1984 жылы жарық көрген «Біздің жақта қыс ұзақ» атты кітабында енген шығармалары деп білеміз. Бұларда да жазушы өз заманы, замандастары туралы терең толғаныстарға барып, олардың жан-дүниесіне үңіліп, адам-жұмбақтың ішкі әлеміндегі жықпыл-қалтарыстарын ашуға ұмтылады. Қаламгердің «Біздің жақтан қыс ұзақ» кітабындағы «Бәрі де майдан» аталған повесі бізді осындай ойға жетелейді.

Шығарманың негізгі қаһарманының бірі – Ақан. Қолына мылтық алып, қан майданға қатыспаса да еңбек армиясының ауыр жұмысынан бүкіл іш құрылысынан айырылып, отыз жыл бойы азап шегіп жүрген оның сырты бүтін болғанмен іші түтін.  Екі аяқ, екі қолы сау демесең, ол да мүгедек. Шындап келгенде, соғысқа қатысқандардан аз азап шеккен жоқ . Қан төгіспен келген Ұлы Жеңістен өзін тысқарымын деп еш уақытта есептеген емес. Ендеше неге бұның еңбегін елеп, ескермейді? Неге Жеңіс мерекесіне арналған жиналысқа шақырмайды? «Менің кінәм не сонда? Бар жазығым – қолыма мылтық орнына күрек ұстағаным ба? Біле-білсе күрек те – қару ғой. Осы ғой жанға бататыны. Әйтпесе, батыр атағын бермеді деп жүрген мен жоқ» деп қиналады Ақан.

Иә, сол бір ел басына күн туған ұиын кезеңде Отанды қорғауға кімдер қатыспады, әркім өз әлінше үлес қосты. Соғыс елге қиындық, қайғы-қасірет әкелумен бірге сол елдің елдігіне, Отанға деген адалдыққа, азаматтық адамшершілікке де үлкен сын болды. Ақан соғысқа қатыспайтын деген жоқ. Қара жұмыста жүріп, майданға қанша сұранса да жібермейді, реті келмеді. «Майданға алса» деген тілек күн сай ын санамызға сыналай кіріп, көз алдымызда көлеңдей берді. Екпіндей ұмтылып ерлік жасайын деген жымсыма қулық емес, әйтеуір, ауылдағы ағайынмен « соғысқа кеттік» деп қоштасқан соң, жаумен жағаласып көру де азаматтық борыш секілді еді» (37-б) дейді Ақан бұл туралы.

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Оралхан Бөкей шығармаларындағы образдардың сомдалуы