Мүсірепов Ғабит Махмұтұлы (1902-1985)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2015 в 16:06, лекция

Краткое описание

Мүсірепов Ғабит Махмұтұлы (1902-1985) - қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, әдеби сыншы, аудармашы, Социалистік Еңбек Ері, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақ КСР Ғылым академиясының Абай атындағы және Ш.Уәлиханов атындағы мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Мүсірепов Ғабит Махмұтұлы.doc

— 72.00 Кб (Скачать документ)

Мүсірепов Ғабит Махмұтұлы (1902-1985) - қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, әдеби сыншы, аудармашы, Социалистік Еңбек Ері, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақ КСР Ғылым академиясының Абай атындағы және Ш.Уәлиханов атындағы мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты.

Қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында дүниеге келген. Алғашқыда ауыл молдасынан арабша хат таныған. Ғабит жастайынан әуелі екі жылдық ауылдық орыс мектебінде, кейін төрт жылдық жоғары басқыш орыс мектебін бітірген. Қазақ төңкерісінен кейін үстемдік алған Кеңес өкіметінің жұмысына әжептеуір орысша сауаты бар адам ретінде араласып, түрлі қызмет атқарған. Орыс мектебінде жүргенде орыстың атақты ақын жазушыларының шығармаларын оқып білуі, ауыл мектебінде өзін оқытқан әдебиетші мұғалім Бекет Өтетілеуовтың әсер ықпалы болашақ жазушының әдебиетке ерекше ықылас аударуына септігін тигізеді. 1923-26 жылдары Орынбор қаласындағы жұмысшы факультетіне (рабфак) оқуға түсіп, оны бітірісімен Омбыдағы ауыл шаруашылық институтында оқыған. 1927-1928 жылдары - Бурабай орман шаруашылығы техникумында оқытушы, 1928-1933 жылдары Қазақ мемлекеттік баспасының бас редакторы, 1934-1938 жылдары «Социалистік Қазақстан» (Егемен Қазақстан) газетінің редакторы, Қазақ АКСР Халық ағарту комиссариаты өнер секторының меңгерушісі, Қазақ өлкелік комитетінің баспасөз бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Компартиясы саяси-ағарту бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды.

1938-1955 жылдары бірыңғай шығармашылық  жұмыстармен айналысқан. 1956-1957 жылдары - «Ара» - «Шмель» журналының бас редакторы, 1957-1985 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының бірінші хатшысы, КСРО Жазушылар одағы басқармасының хатшысы қызметтерін атқарған. 1958 жылдан КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы әдебиет, өнер және сәулет салалары бойынша Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтары жөніндегі комитеттің мүшесі болған.

Ғ.Мүсіреповтің тұңғыш повестерінің қатарына «Тулаған толқында» мен «Американ бидайығы» шығармалары жатады. Жас жазушының болашағынан үміт күттірген бұл туындылар азаматтық тақырыпты толғайды. Ғ.Мүсірепов  әңгіме жанрының өркендеуіне үлкен үлес қосты. Алғашқы шығармаларынан-ақ жазушылық шеберлігімен танылған.

«Қос шалқар», «Көк үйдегі көршілер», «Шұғыла», «Үздіксіз өсу», «Жайлау жолында», «Тұтқын қыз», Жеңілген Есрафил» тағы басқа әңгіме, повестерінде еңбек адамдарының қиындыққа толы қажырлы өмірі мен азамат соғысы, ұжымдастыру кезіндегі дүрбелең оқиғалар легі суреттеледі.

«Талпақ танау» әңгімелері мен «Бір адым кейін, екі адым ілгері» повесі жыл аралатып барып, бірінен кейін бірі жарық көреген. Оның бұл шығармалары қазақ әдебиетіне жазу стилі қалыптасқан, көркемдік шеберлігі ерекше жаңа суреткердің келгенін жария еткен еді. Шығармашылық жолының бір белесін аналар туралы әңгімелер топтамасымен түйіндеген жазушы енді кең тынысты туынды жазуға кіріседі. Екінші дүниежүзілік соғыстың аяғын ала ол өзінің тұлғалы туындысы «Қазақ солдаты» романын жазған. Роман тың тақырыбымен, образдарының көркем бейнеленуімен, сюжет құру шеберлігімен, тартымды тамаша тілімен таңдаулы қазақ романдарының қатарына қосылады. Бұдан кейін ол араға біраз уақыт салып барып, өзінің ең ірі салалы да салиқалы шығармасы «Оянған өлке» романын жариялайды.

Қазақ прозасының шоқтығы биік туындысы саналған осы романынан кейін жазушы қайтадан шағын жанрға ойысады. Сөйтіп әңгіме жанрында зергер суреткерлігімен танылған ізденімпаз жазушы, көркемдік шеберлігін барған сайын шыңдап, әр әңгіме, повесі сайын жаңа бір белеске көтеріліп отырады. 1968 жылы «Кездеспей кеткен бір бейне» кітабы үшін Абай атындағы республикалық сыйлық алады. Араға бес алты жыл салып барып, прозадағы соңғы елеулі туындыларының бірі «Ұлпан» повесін жариялайды. Сонау отызыншы жылдарда ақ үлкен драматург екенін танытып, «Қыз Жібек» операсының либреттосын, «Қозы Көрпеш Баян сұлу» пьесасын берген Ғ.Мүсірепов кейінгі жылдарда да бүкіл қазақ драматургиясының тамаша туындысы болып табылған «Амангелді», «Ақан сері - Ақтоқты»,«болашаққа аманат», «Қыпшақ қыз Аппақ», «Қайран Майра» атты драмалық шығармаларын жазған.

Сценариін Б.Майлин, В.Ивановпен бірігіп жазған «Амангелді» фильмі (1938) қазақ кино өнерінің алғашқы баспалдағы саналса, «Махаббат туралы дастан», «Қыз Жібек» (1970)  фильмдері қазақ кино өнерінің алтын қорынан орын алған туындылар.

Көркем аудармада О.Генри, С.Тагарао, М.Горький, М.Шолохов, У.Шекспир, К.Симонов, А.Штейн, Ж.Мольер, тағы басқа қаламгерлер пьесаларын қазақ тіліне аударған.

Ғ.Мүсірепов - көрнекті қоғам, мемлекет қайраткері. 1932 жылы шілде айында ол республикаға танымал адамдармен бірлесе отырып, халықтың басына төнген аштық нәубеті жайында БКП(б) қазақ өлкелік комитетіне «Бесеудің хатын» жолдаған.

Ғабит Мүсірепов өзінің қоғамдық, публицистік, журналистік, сыншылдық қызметімен де туған халқының мәдениетінің дамуына зор еңбек сіңірді. Алайда қазақ халқы оны үлкен суреткер жазушы деп таниды, көркем сөздің хас шебері деп біледі, құрмет тұтады. Ол бірнеше мәрте Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің, бір рет КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болып сайланған. Үш мәрте Ленин орденімен және екі мәрте Еңбек Қызыл Ту орденімен, Октябрь Революциясы орденімен және көптеген медальдармен марапатталған.

Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрына  жазушының есімі берілген.

1991 жылы қайраткер тұрған үйде  Ғ.Мүсірепов атындағы әдеби-мемиоралдық мұражай үйі ашылған.

2002 жылы 100 жылдық мерейтой қарасаңында  Солтүстік Қазақстан облысындағы  бір ауданға, Астана қаласындағы  көшелердің біріне Ғ.Мүсіреповтің  есімі беріліп, Алматыдағы Қазақ  мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер  театры алдына қоладан ескерткіш мүсіні қойылған.

 

 

Сабақтың тақырыбы   Қайрош бейнесі

 

 

 

 

 

Ғ.Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» романындағы Қайрош бейнесі 
 
  Сабақтың мақсаттары: 
а) білімділік мақсаты: романдағы кейіпкерлер жүйесін талдау арқылы Қайрош бейнесін ашу және шығарманың идеялық - көркемдік мәнін аша түсу. Әдебиет теориясына қатысты көркемдегіш сөздерді көре білуге, 
сезе білуге баулу. 
ә) оқушыны кейіпкерлердің адамгершілік қасиеттеріне үңілдіріп, Отанға деген сүйіспеншілігін, досқа, жарға деген адал сезімдерін аңғарту барысында рухани қазынасын байыту. Имандылыққа, патриоттыққа тәрбиелеу. 
б) баланың ойлау қабілетін дамыта түсу мақсатында оқу бағдарламасында берілген талаптарды жүзеге асыру, көркем мәтінмен жұмыс жасай білуге баулу 
Сабақтың түрі: әңгіме сабақ, аралас сабақ 
Әдісі: зерттеу, талдау 
 
Тәсілі: сұрақ – жауап, әңгімелеу, іздену 
Сабақтың жабдықтары: прототип суреті. романның алғашқы бетінің мұқабасы, автордың портреті, кестелер, әдебиет теориясына 
байланысты таблицалар(слайд түрінде) 
 
Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру(3минут) 
Үй жұмысы жаңа сабақты өткізу барысында бірге талданып, сұралады. 
Жаңа сабақ: бүгінгі сабағымызда романның басты кейіпкеріне роман мазмұнына сүйене отыра талдау жасаймыз. 
 
Тақтадағы слайдқа көңіл бөлу. 
 
1 - слайд: Ғ. Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» романы жазылған кітап 
мұқабасы көрсетіледі.(«Солдат из Казахстана» деген кітаптың.) Ең алғашқыда роман орысша жазылып, орыс тілінде жарық көргені 
туралы айтылады.

«Қазақ солдаты» романының тілі бай. Ғабит Мүсірепов романының басты кейіпкері Қайроштың образын жасауда, оны тұлғаландыра түсуде барынша күш салған.

Романның бірінші бөлімінде Қайрош Кеңестік тәрбие көрген азамат, оның жастық шағы, өсіп, ер жетуінде өмірде жолын тауып, оқу іздеп қалаға қашуы айқын бейнеленеді.

«Мүмкін менің алдымда сағым теңіздей құлпырып, алыстан қол бұлғап тұрарлық» деген сөздерінен жарқын болашағына үлкен үмітпен қарауын аңғартады.

Ғабит Мүсірепов романда Қайроштың табандылығы мен қайсарлығын көркем көрсете білген. Бір сөзбен айтқанда адам – образ, мінез-құлқын жасауда аса көркемдіктің биік шыңына көтерілген.

Тағы айта кететін жайт,  Қайроштың алғаш қалаға келіп тапқан достары – Шеген мен Бораш болатын. Соған орай, жазушы суреттеуіндегі Шегеннің Қайрош көзімен көрген сипаты мынадай: Шегеннің мүше-мүшелерін бар сымбатында тізе біліп, жаңа көрген балаға Шегеннің  сақылдап күлгеніне дейін қызғылықты, жанына жылы және ұзаққа естелік болып қалатындай. Бір жағынан оның сөйлеген сөздері де ерекше.

«Сен оқуың керек!», «Алтын жатса – алмаймыз, Өтірік айтпаймыз!» - деген сияқты сөздері ағалық мейірімін танытады. Сонымен қоса, өзінен жасы кішілеу болса да іні болып кеткен Бораш образын да ерекше атап көрсетуге болады. Сөйте тұра Бораштың өнерге, әсемдік атаулыға құштарлығы қаршадай болатын.

Бірі аға, бірі іні ретінде қадірі өткен осы екі кейіпкердің образын автор барынша көркем, барынша жоғары деңгейде жеткізе алды.

Жазушы романда кейіпкерлерді тарих сахнасына алып шығып, кілең сайып қырандар иық тірестіре тұра: «Жаудың бірлігі – күште, біздің күшіміз - бірлікте» - деп, Отан мен адам проблемасын негізінен алғанда осылайша сенімді суреттейді.

Демек,  Ғ.Мүсірепов айтулы шығармасында Ұлы Отан соғысының жылдарындағы халықтар достығының кесапаты мол ауыр сынға төтеп береді. Володя Толстов, Самед Абдуллаев, Зонин, Гришин сияқты Кеңес елінің ұлт өкілдерінен құралған армия жауынгердерінің жүрегіндегі интернационалдық сезім күйлері олардың іс-әрекеттерінен, бүкіл мінезінен көрінеді. Сонымен, көп ұлтты кеңес жауынгерлерінің көптеген сыры Қайрош арқылы ашылды.

Сөйтіп, автор ел басына түскен трагедияны аса суреткерлікпен барша шындық, көркем шығарманың толық ашылар қасиеті мен нанымдылығы, шебер композициясы айқын жеткізгені сөзсіз.

«Қазақ солдаты» романында майдан шындығы, әсіресе, Қайроштың ерлігі реалистік тұрғыда бейнеленген. Туған жері есіне түскен сайын қанаттанып, көкке жүзгендей болады. Алайда соғыс оның өмірінде үлкен із қалдырады. Содан бері ол Қайрош Сарталиев алған бетінен қайтпайтын, бірбеткей жан болып қалды..

 
3 - слайд арқылы көркем шығармада суреттелетін табиғат көрінісі – пейзаж туралы түсінік беру. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
Сабақтың тақырыбы: Қайрош бейнесі

 

 Ғ. Мүсіреповтың «Қазақ солдаты» романынан  
«Жаңа достар» үзіндісін бекіту сабағы  
 
Сабақтың мақсаты:  
Білімділік: Білімдерін бекіту. Оқушылардың теориядан алған білімдерін жетілдіру. Оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру. Сұраққа толық, дұрыс жауап беруге, өз ойларын ұтымды етіп жеткізуге, әңгімедегі негізгі ойды таба білуге үйрету.  
Дамытушылық: Дүниетанымдық көзқарастарын тереңдету . Білімге деген құмарлықтарын, талпыныстарын арттыру. Тапқырлыққа баулу. Шығармашылық қабілеттерін, сөздік қорларын дамыту.  
Тәрбиелік: Оқушыларды адал достыққа баулып, оны бағалай білуге, жақсы-жаман қасиеттерді ажырата білуге тәрбиелеу.  
Көрнекі құралдар: Ғ. Мүсірепов суреті, мінездеме кестесі, бөлімдер тақырыбы, ассоциациялық сөздер, Қайырғали Смағұловтың портреті.  Бағалау карточкалары.  
Сабақтың түрі: Қорытындылау сабағы.

Сабақтың әдіс-тәсілі: Деңгейлік тапсырмалар беру. Топпен жұмыс, сұрақ- жауап, проблемалық сұрақтар беру.  
Сабақтың барысы:  
І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындықтарын тексеру.  
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.  
1- Үзіндіге өз ойларын жазып келу. 2 -Үзіндіден портрет, пейзаж, кейіптеуді табу. 3-Шығармадағы мақал- мәтел сөздерді тауып келу. Үзінді жаттау.  
ІІІ. Бекіту:  
Мұғалім сабақ мақсатын оқушыларға жеткізеді. Оқушылар бүгінгі сабақтағы өз мақсаттарын айтады.  
Оқушылар бөлімге бөлінген үзіндіге жоспар құрады.  
Бөлімдер тақырыбы:  
Қашқын  
Жаңа достар  
Өнерлі балалар  
Салқын сарай  
Жазғы театр  
Білім қуған бала  
Осы бөлімдерге байланысты сынып 3 топқа бөлінеді.  
Әр топ өз тақырыбына сай өз бөлімдеріне жоспар жасайды(2 бөлімге). (топпен жұмыс) жазған жоспарларын тақтаға жазып шығады.  
Үзіндіні жақсы меңгерген оқушы шығармадағы кейіпкерлерге мінездеме беруге дайын болады. Бір кейіпкерге екі топтан мінездеме береді. Өз деңгейлеріне байланысты дәлелімен не дәлелсіз.(бағалау қарточкаларын алады)  
1- топ Қайрошқа мінездеме береді.  
2- топ Шегенге мінездеме береді.  
3 -топ Борашқа мінездеме береді.  
м/ы: Қайрошқа мінездеме  
Қасиеттері Дәлелдемелері  
Батыл  
Білімқұмар  
Намысшыл  
Талапты Ауылдан жалғыз қашуынан, балаларға қарсы сөз айтуынан көреміз.  
Анасын қиып, білім іздеп ауылдан кетуінен көреміз.  
Оқи алмайтынына намыстанады.  
Талаптанып білім іздеп шығады.  
Мінездеме беріліп болғаннан кейін оқушылардың өз ойын айтқызу үшін «Ой түрткі» бөлімін бастаймыз. (сұрақтарға жауап) Оқушылар өздері жауап бере алатын сұрақтарына жауап жазады.   
Қайроштың қалаға қашып кеткені дұрыс па? Неге?  
Сендер оның ісің қалай бағалайсыңдар?  
Қайрош шешесімен бірге ауылға кетпей неге балалар үйінде қалды?  
Сендер не істер едіңдер? Не себепті?  
Бұралаңдаған Жайық өзені , Каспий теңізі көріністерінен жазушы Қайрош көңіл-күйінне, ішкі жан дүниесіне қандай ұқсастық көрді?  
Қайроштың бойындағы оқуға деген құштарлық қандай ? Сендердің ойларынша қазіргі жастардың оқуға деген құштарлығы қандай?  
Әр сұраққа әр топ оқушысы өз сөздерімен толық, шығарма тілімен, ұтымды жауап беруі тиіс. Сұраққа жауап беріп болғаннан кейін оқушылар шығарманың негізгі ойына тоқталады.  
ІV. Қорытынды:  
Иә, шығармадағы негізгі мәселе білімге деген талап және достық мәселесі. Ендеше мына  сөздерге ассоцияциялық сөздер жазайық.  
 
Дұрыс, балалар, Ғ. Мүсірепов бізге осы шығармасы арқылы сол замандағы (Қайрош бейнесі арқылы) балалардың білімқұмарлығын, адал достық қарым-қатынасты үлгі етіп отыр. Сондықтан бүгінгі сабақтан қандай қорытынды шығаруға болады?  
Міне, балалар, бүгін біз сабағымызда Қайроштың өмірде өз алдына қойған мақсаттарына жетуінің себебі, ол Қайроштың бойындағы таудай талаптың әсері екен.  
V. Қайрош Смағұловтың портретін көрсетіп, ол туралы деректер айту.  
VІ. Оқушылар білімін бағалау. оқушылардың білімін жинаған бағалау карточкалары арқылы қою.  
VІІ. Үйге тапсырма: шығарма « Менің досым», «Достық» , достық туралы нақыл сөздерді, мақал-мәтел жаттау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Мүсірепов Ғабит Махмұтұлы (1902-1985)