Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Мая 2014 в 18:46, реферат
Мәшһүр Жүсіп Көпеев-көрнекті ақын, публицист, этнограф жиһанкез-саяхатшы, ағартушы, дала данасы, көріпкел шежіресі. Ол ұлы Абайға ілесе шықты да, осы данышпан ұзтаздың ағартушылық жолын берік ұстанды, ақындық мұратын да өзіне мұрат етті. Кіндік қаны қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданындағы Қызылтау аумағында тамған. 15 жасына дейін Хамереддин хазреттің медресесінде білім алған. Ауыз әдебиеті нұсқаларымен ерте танысып, халықтық жыр дастандарды жаттап өскен. Өзінің алғырлығын, сөз өнеріне бейімділігін ол ерте таныды. Ақындық жолына түсуінің 15 жасында басталғандығын ақын былай баяндайды:
«Айырылдым дәл он бесте ақыл-естен,
Жабысып бір дауасыз ауру төстен... »
Мәшһүр Жүсіп Көпеев-көрнекті ақын, публицист, этнограф жиһанкез-саяхатшы, ағартушы, дала данасы, көріпкел шежіресі. Ол ұлы Абайға ілесе шықты да, осы данышпан ұзтаздың ағартушылық жолын берік ұстанды, ақындық мұратын да өзіне мұрат етті. Кіндік қаны қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданындағы Қызылтау аумағында тамған. 15 жасына дейін Хамереддин хазреттің медресесінде білім алған. Ауыз әдебиеті нұсқаларымен ерте танысып, халықтық жыр дастандарды жаттап өскен. Өзінің алғырлығын, сөз өнеріне бейімділігін ол ерте таныды. Ақындық жолына түсуінің 15 жасында басталғандығын ақын былай баяндайды:
«Айырылдым дәл он бесте ақыл-естен,
Жабысып бір дауасыз ауру төстен... »
Мәшһүр Жүсіптің фольклорист ғалым ретінде қалыптасуының үш қайнар көзі бар. Бірі – өз елінің ауыз әдебиеті мен фольклор үлгілерінен тұратын бай мұрасын қабылдауы. Екіншісі – шығыс елінің, оның ішінде орта ғасырлық ғалымдар жетістіктерін игеруі. Үшіншісі – батыс ғалымдары, оның ішінде орыс зиялыларының әсері.
Мәшһүр Жүсіп қазақ лирикасы дамуына не үлес қосты дегенде, оның айтыс өлеңдерінің өзіндік түрін тудырғанына назар аударған жөн. Бұл туындылардың ерекшелігі онда сөз таластырушы екі адам, екі ақын емес, бірі лирикалық қаһарман да, екіншісі не дерексіз шартты ұғым немесе адамша сөйлеуге тиісті емес жануар, құс түрінде алынады. Демек бұл айтыстар өмірде орын аларлық сөз таластырудан гөрі шартты қақтығыс ретінде туып, ақынның лирика жанрында өмірді бейнелеу аясын кеңейтуімен көңіл бөлгізеді. Мәселен, «Мәшһүрдің ақындығымен қощтасқаны» өлеңінде алдымен арыстанның орнына қасқыр қалғаны, «қарғалар көгершіннің зікірін» салғаны, «бас аяқ, аяқ барып бас болғаны», демек озықтық пен қалыстық, жақсылық пен жамандық араласып, соған лирикалық қаһарман торыққаны баяндалады. Ақын қоғамда орын алған әділетсіздіктің түр-түрін қадап айтып, қазбалау емес, оны жинақтап, ишаратпен бейнелеу үлгісін қолданады:
Құс біткен қонағына кетті қайтып,
Осындай қыс боларын біздерге айтып.
Таусылып қызыл гүлдер, қалды тікен,
Сайрайды гүлстансыз бұлбұл қайтіп?
Осы бір шалқар шындық сыйып кеткен төрт тармақтан аз сөзбен көп ойды қамтуды ту еткен шығыс поэзиясы дәстүрін ақынның шебер өрістетуін көреміз. Халықтың игі жақсыларын арыстанға, қу-пысықтарды түлкіге теңеп, сырбаз ерлердің ептілерге тәуелді болып қалуын көрсетеді. «Сөзінде бай адамның мін болмайтынын» мысқылдап жазады. Ақынның өз ойларын жинақтай келіп:
Кедейлік кетіреді сыныңызды ,
Бар болса мол табады мініңізді ,
Бұл күнде тіл сөйлемей мал сөйлеген ,
Көре бер өйтіп бүйтіп күніңізді - , –
деген қорытындысынан теңсіздікке деген наразылығы айқын көрінеді.
Келтірілген мысалдардан байқалатындай шайырдың көптеген шығармаларында сатиралық сарын, өткір сарказм тән. Мәселен, аталған өлеңде өзі мысқылдап отырған құбылыстың ішкі мәніне тереңдей үңіледі және сол кеселдің туындап жатқан тәркінін тап басып дәл табады. Қашанда әдебиеттің бағыт-бағдары мен бет-бейнесі көп ретте оны тудырған дәуір сипатымен тығыз байланысты. Ендеше мәшһүр шығармаларының әжуа-мысқылға құрылып, сатиралық бағыты айқын да өткір болуы соның нәтижесінде әлеуметтік тамырларының тереңдеуі заңды. М.Ж. Көпеев Европадағы, өте-мөте Ресейдегі саяси хал-ахуалмен жақсы таныс болғандықтан, қазақ даласының отарланып жатқанын, ел ішінде бұзықтық, әділетсіздік көбейгенін жіті көре білді. Елдің қараңғылықта қалып бара жатқанына қатты күйінгендіктен ең алдымен ел өмірінің қайғысын, саяси тіршілігін, бостандықты халықтың талап-тілегін жырлап, өлеңдер жазады. Мысалы, 1903 жылы жазған өлеңінде былай дейді:
Қызыл гүл жасарсайшы солып жатқан ,
Әр нәрсе шағымызда болып жатқан .
Жақсылық ойлаңыздар біздің халық ,
Тастаңыз жамандықты толып жатқан ,
Үлгісі чиновниктер осы болып ,
Қасқырша ауыз салып жұлып жатқан .
Түіп айтқанда, Мәшһүр Жүсіп Көпеев XIX ғасырдың соңғы ширегінде-ақ суреттеудің бай амалдарын: көркем жинақтау, шартты әрекетті қолдану, дерексіз ұғым ды заттандыру, т.т. шебер пайдалану арқасында шағын жанр лирикаға эпос мүмкіндігіндегі жүк артып, шындықты кең қамту шеберлігін көрсетті. Мәшһүр Жүсіп Көпеев өткен ғасырдың өзінде адамдарды тек ақ, қара деп бөліп, не оған сырттай сүйсінумен, не одан мүлде безінумен шектелмейді. Адамдардың не бірыңғай қап-қара жағымсыз болып келе бермейтінін, қайта бір адамда әрі оң, әрі теріс сезімдер қатар өмір сүріп, арпалысқа түсу ерекшелігін ашу, әсіресе, сол кез үшін кесек жетістік, адам сезімін лирика жанры мүмкіндігіне сай ізерлеп ашуда елеулі қадам еді. Мәселен, оның 1880 жылдары жазылған «Жарты нан хикаясы» өлеңінде басты назар өзіне жақсылық жасаған адамды жұтпақ болған айдаһар жауыздығына емес, жапа шеге жаздаған адамның өзінде елеулі қайшылық бар екеніне назар аударылады. Міне, мұнда оңай олжаға қызығы, біреуге жақсылық жасап, жапа шегушіні ақын бірыңғай аппақ, не біржола ұнамсыз адам етіп көрсетпейді. Суреткер жай көзге байқалуы қиын, сырт қарағанда біршама жағымды көрінген адамның өзінің ішкі түйткілдеріне үңіле, үңілте біледі. Кезінде біреуге қамқорлық көрсетіп, жарты нан ғана беруі сол адам үшін әрі құптарлық, әрі айыптарлық іс болып алынады. Бұл да қарапайым адам санасында орын алуы мүмкін аздаған қалыстыққа да суреткердің шүйіле ден қоюынан туған.