Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2013 в 12:44, курсовая работа
Әдебиеттану ғылымында азаматтық лирика мәселесі ертеден қозғалып келе жатқаны мәлім. Әдебиеттегі азаматтық лирика мәселесі туралы көптеген зерттеу еңбектері бар. «Жалпы, қай дәуір ақындарын алсақ та, негізінен өлеңіне өміршең қуат, сөнбес от беріп тұратын тағы да осы азаматтық әуен, ақынның дүниетанымдық позициясы. Оларды ғасырлар қойнауларынан табыстырып, жалғастырып жататын дәстүр өзектері де сол төңіректен туындайды» [1, 143 б].
Азаматтық үн бірлігі ақынның даралығына нұқсан келтірмейді. Азаматтық жырлар саяси тақырыпқа да, махаббат, табиғат тақырыбына да жазылатынын көріп жүрміз. Бұл күмәнсіз. Кей-кейде айтылып жүретін азаматтық әуенге тек күн талабына, болмаса, саяси тақырыпқа публицистикалық леппен жазылып жүрген жырларды еншілеп айдар тағып қоятынымыз өрескел. Тіпті, әрі-беріден соң, азаматтық әуен мен публицистикалық өлең дегендердің теориялық, түрлік ұғымдары, сипаттары екі басқа.
Кіріспе
1 Қазақ әдебиеті тарихындағы азаматтық әуен,
ол туралы ғалымдар зерттеулері
1.1 Азаматтық лирика және ұлттық рух
1.2 Қазіргі қазақ поэзиясы, ондағы азаматтық сарын
2 Ұ.Есдәулетов поэзиясының ұлттық болмысы
2.1 Ауыл, туған жер, ондағы адамдар – Ұлықбек шығармашылығының
асыл қайнарлары
2.2 Тарихи дүмпулер Ұлықбек поэзиясында
2.3 «Заман-ай» - замана зары
2.4 Экологиялық проблеманың ақын жырларындағы көрінісі
2.5 «Ақзу тілім ақ сор боп шұбарланып…»
(Тіл, оның өзекті мәселелері Ұлықбек жырларында)
2.6 «Қара пима» және өмір шындығы
2.7 Жергілікті ақындар жырларындағы Есдәулетов үні
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
М.Шаханов балладаларының
тақырыптық және көркемдік ерекшелігі
Мазмұны
Кіріспе
1 Қазақ әдебиеті тарихындағы азаматтық
әуен,
ол туралы ғалымдар зерттеулері
1.1 Азаматтық лирика және ұлттық рух
1.2 Қазіргі қазақ поэзиясы, ондағы азаматтық
сарын
2 Ұ.Есдәулетов поэзиясының ұлттық болмысы
2.1 Ауыл, туған жер, ондағы адамдар – Ұлықбек
шығармашылығының
асыл қайнарлары
2.2 Тарихи дүмпулер Ұлықбек поэзиясында
2.3 «Заман-ай» - замана зары
2.4 Экологиялық проблеманың ақын жырларындағы
көрінісі
2.5 «Ақзу тілім ақ сор боп шұбарланып…»
(Тіл, оның өзекті мәселелері Ұлықбек жырларында)
2.6 «Қара пима» және өмір шындығы
2.7 Жергілікті ақындар жырларындағы Есдәулетов
үні
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы.
Әдебиеттану ғылымында азаматтық лирика
мәселесі ертеден қозғалып келе жатқаны
мәлім. Әдебиеттегі азаматтық лирика мәселесі
туралы көптеген зерттеу еңбектері бар.
«Жалпы, қай дәуір ақындарын алсақ та,
негізінен өлеңіне өміршең қуат, сөнбес
от беріп тұратын тағы да осы азаматтық
әуен, ақынның дүниетанымдық позициясы.
Оларды ғасырлар қойнауларынан табыстырып,
жалғастырып жататын дәстүр өзектері
де сол төңіректен туындайды» [1, 143 б].
Азаматтық үн бірлігі ақынның даралығына
нұқсан келтірмейді. Азаматтық жырлар
саяси тақырыпқа да, махаббат, табиғат
тақырыбына да жазылатынын көріп жүрміз.
Бұл күмәнсіз. Кей-кейде айтылып жүретін
азаматтық әуенге тек күн талабына, болмаса,
саяси тақырыпқа публицистикалық леппен
жазылып жүрген жырларды еншілеп айдар
тағып қоятынымыз өрескел. Тіпті, әрі-беріден
соң, азаматтық әуен мен публицистикалық
өлең дегендердің теориялық, түрлік ұғымдары,
сипаттары екі басқа.
Азаматтық әуен жөнінде сәл де болса, бөле-жара
пікір білдіруге талпынғандағы мақсатымыз
– ол тек поэзия ғана емес, жалпы өнер
атаулысының ең бір өміршең, әрі қасиеттісі
екенін айта кету.
Біз ендігі әңгіме етсек деген ақын жырларына
да осы тұрғыдан келдік. Әрі азаматтық
әуен, әлеуметтік тереңдік бүгінгі поэзияның
да жарқын бояу - нәрі ғой. Бұл бояу қазіргі
ақындардың жырларында шама шарқынша
өз реңімен көрініп жүр.
Тақырыптың өзектілігі.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
«Алаш» сыйлығының лауреаты талантты
ақын Ұлықбек Есдәулетов шығармашылығы
туралы аракідік мақалалардан басқа іргелі
зерттеулер жоқ. Мақалалардың басты көпшілігі
ақын шығармашылығына жалпылама сипаттаулар
жасаудан аса қоймаған. Әсіресе оның азаматтық
үні, ұлттық болмысы, өз заманының өрелі
де келелі мәселелерін көтерген шығармашылығы
арнайы зерттеуді қажет етеді.
Диплом жұмысы осы бір тың да күрделі тақырыпты
ашуға бағытталған.
Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеттері.
Жұмыстың негізгі мақсаты Ұ.Есдәулетов
шығармашылығындағы азаматтық лириканың
тақырыптық-идеялық көрінісін зерттеу.
Осыдан келіп, жұмыстың негізгі міндеттері
туындайды:
- Осы ақынның өлеңдерінің негізінде азаматтық
лириканың поэзиялық шығарманың бейнелілігі
арқылы танылатынын дәлелдеу.
- Бүгінгі поэзиямыздағы азаматтық сарынның
ашылуына жанрлар мүмкіндігінің ықпал
ететінін көрсету.
- Ұ.Есдәулетов шығармашылығы арқылы азаматтық
әуен мен ұлттық болмыстың өзара қатынасын
айқындау.
- Азаматтық лириканы бейнелеу жүйесі
аясында қазіргі қазақ поэзиясының негізгі
жетістіктерін, көркемдік ізденістерін
саралау.
Зерттеудің объектісі.
Жұмыстың негізгі нысанасы ретінде Ұ.Есдәулетовтың
«Жұлдыз жарығы», «Жүректегі жарылыстар»,
«Ұлыстың ұлы күні», «Заман-ай», «Киіз
кітап» атты өлең жинақтарын алдық.
Жұмыстың теориялық негіздері.
Аталған мәселелердің шешімін табу үшін
көптеген ғалымдардың, әсіресе поэзиялық
шығармалардың стильдік, жанрлық мәселелеріне
арналған бірқыдыру еңбектерді басшылыққа
ала отырып, олардың ой-тұжырымдарына
сүйендік. Атап айтсақ: З.Ахметов «Өлең
сөздің теориясы», «Поэзия шыңы-даналық»,
Б.Кәрібаева «Қара өлең және лирика», А.Егеубаев
«Сыр мен сымбат», Қ.Мырзалиев «Сөз сиқыры»,
Қ.Бекхожин «Өлең өткелдері», С.Негимов
«Өлең өрімі», Қ.Мәшһүр-Жүсіпов «Өлең-сөздің
патшасы», Ә.Жөмішев «Жыр жанры».
Жұмыстың жаңашылдығы.
Ұ.Есдәулетовтің поэзиясындағы азаматтық
лирикасына жан-жақты талдау жасалуы.
Азаматтық лирика ақындық тұлға арқылы
танылатыны мәлім. Ұ.Есдәулетовтің шығармашылығын
талдай отырып, қазіргі қазақ поэзиясындағы
азаматтық сарында ашу жұмыстың жаңашылдығы
болып табылады.
Жұмыстың практикалық маңызы.
Зерттеу жұмысын орта мектептердің, педагогикалық
колледждердің әдебиет пәнінде қазіргі
қазақ поэзиясы туралы сөз қозғағанда
пайдалануға болады. Әсіресе, Ұ. Есдәулетов
шығармашылығы туралы ғылыми жоба қорғау,
реферат жазу, тағы басқа жұмыстарда еңбек
қосымша материал қызметін атқара алады.
Жұмыстың құрылымы.
Бітіру жұмысымыз кіріспеден, негізгі
бөлімнен, қорытындыдан тұрады. Негізгі
бөлім екі тараудан құралған.
1 ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАРИХЫНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ
ӘУЕН, ОЛ ТУРАЛЫ ҒАЛЫМДАР ЗЕРТТЕУЛЕРІ
Поэзия – қасиетті де киелі сөз. Поэзияны
үлкен құлып десек, оны ашатын алтын кілт
– ақын жүрегі. Ақын халықтың сүйікті
де ардақты азаматтарының қатарында тұрады.
Халық қалаулысы болу ақынның тілге шешен
болуы ғана емес, сонымен бірге халық тұрмысының
шындығын суреттеуі, оның қуанышына бірге
қуанып, қайғысына бірге қайғыруы.
Орыстың ұлы сыншысы В.Г.Белинский поэзияға
мынадай анықтама береді: «Поэзия – сәбидің
күнәсіз ажары, жарқын жанары, күміс күлкісі,
жанды қуанышы. Поэзия – көрікті қыздың
жүзіндей ұялшақ, албырт қызғылт, теңіздей,
көгілдір аспандай тұңғиық көзінің ынтықтық
сәулесі. Әйтпесе оның қара көзіндегі
өткір от, мәрмәр иығына төгілген бұйра
шашының толқыны, торғын кеудесінің демігіп
тыныстауы, күміс үнінің гармониясы, сиқырлы
сөзінің музыкасы, тал бойы, сұңғақ сымбатының
мінсіз мүшелері, сұлу қозғалыстарының
ғажайып сиқыры… Поэзия – қайраты қайнардай
балғын жігіттің отты көзі, өрен ерлігі,
тентек тегеуріні, аспан мен жерді жалынды
құшағына сыйдырмақ болған тойымсыз талабы…
Поэзия – ұйығандай, құйылғандай орныққан,
өз еркін әбден билеген, өмір үшін жетіккен,
тәжірибемен шыныққан, рухани күші теңескен
көңіл көзі көреген, ойға батыл, майданға
батыр ер қуаты. Бүкіл әлем, гүл. Бояулар,
дыбыстар, бар жаратылыс, барлық өмір –
поэзия дүниесі, осы құбылыстардағы құпия
қуат, оларға тіршілік, ойнақы өмір беретін
сырлар – поэзияның тетігі мен жаны. Поэзия
- әлемдік өмірдің қан тамырының соғуы,
сол өмірдің қаны мен оты, жарығы мен күні»
[2, 126 б].
Поэзия Фариза ақынша айтқанда:
«Поэзия - әйелдей жұмбақ әлем,
Сиқыр сырын түсінер тұлға да кем
Жаны – тұнған тұңғиық тереңдікте
Қимылы – ырғақ, әуен
Поэзия – арудай
құпиясын
Ұқтырар жылдап әрең…» [1, 38 б]
«Шетсіз де шексіз кең далада тыңдаушысы
ашық аспан, толағай таулар мен жазира
жайлау болған қазақ халқы әу бастан өлең
мен жырды еншілеп өскен небір төкпе, суырып
салма сұңғыла ақындар өз елін өнер құдіретімен
тамсанта білген. Бауыры жазыла түскен
бәйге атындай арқалы ақындар алқалы топта
жыр төккенде, бойында қаны қызып, бала
қырандай шаңқ етіп, сілкінбей қалған
дала перзенті болмаған. Сол ақын халық,
батыр халық елдің дәстүрінен нәр алып,
оны қастерлеп, уақыт елегімен елеп-екшеп,
барған сайын жаңарта, құлпырта беру болашақтың
міндеті» [3, 3 б].
Қазіргі қазақ поэзиясы ақынға да, өзіне
лайықты бояуға да кенде емес.
«Бүгінгі қазақ өлеңдеріндегі ең қымбат,
ең қызықты проблемалардың қатарында
өзекті екі желіні атап едік. Олар – поэзиямыздағы
халықтық рух пен азаматтық әуен, дауыс»
[1, 197 б].
«Азаматтық үн… Жалпы, қай дәуір ақындарын
оқысақ та, негізінен өлеңіне өміршең
қуат, сөнбес от беріп тұратын тағы да
осы азаматтық әуен, ақынның дүниетанымдық
позициясы. Оларды ғасырлар қойнауларынан
тыбыстырып, жалғастырып жататын дәстүр
өзектері де сол төңіректен туындайды»
[1, 143 б].
Азаматтық лирикаға ғалым З.Ахметов былайша
анықтама береді:
«Азаматтық лирика – лирикалық поэзияның
әлеуметтік мәселелерді қозғайтын үлкен
бір саласы. Өмір жөнінде, халықтың тағдыры
туралы ой-толғамдар ақынның өз көңіл-күйімен
терең ұштасып, өзінің өмірге қатынасын
суреттеу арқылы көрінеді. Адамның белгілі
бір дәуірге байланысты ой-арманын, мақсатын
жырлайды, жалпы әлеуметтік мәселелерді
толғайды. Сондықтан азаматтық лириканы
кейде саяси-әлеуметтік лирикаға қосады.
Әлеуметтік тақырып, саяси сарындар, әрине
лириканың барлық түрінде кезедеседі.
Халық қамын, оның қоғамдық халін шығармасына
арқау еткен әрбір ақын лирикасында азаматтық
сарын басым болмақ. Тақырыпты көтеру
арқылы ақын заман сырын ашады. Әсіресе
оның қайшылықтары мен кемшіліктерін
көрсетеді, алға, болашаққа жол сілтегендей
ой қозғайды» [4, 32 б].
«Нағыз лирикалық туындылар жеке адамның
жан дүниесін, толғанысын, тағдырын бейнелеп,
сол арқылы бүкіл бір ортаны, қоғамды,
заманды сипаттап береді» [5, 239 б] .
«Ақынның көңіл-күйі әрқашан өзі өмір
сүрген қоғамдық ортаның хал-жағдайына
байланысты, өзін қоршаған шындықтың саяси-әлеуметтік
сырымен сабақтас. Ол қуана шалқыса да,
жабырқай толғанса да лирикада сол кезеңнің
шындығы мен сыры жатады» [6, 310 б].
В.Г.Белинскийдің сөзімен айтсақ: «Ұлы
ақын өзі туралы, өзінің жеке мені туралы
айтса, жалпы жұрт туралы, бүкіл адам баласы
туралы айтқаны; өйткені оның тұлғасында
жалпы адам баласына тән күллі қасиеттердің
бәрі бар». [2, 135 б].
«Поэзиядағы азаматтық үн әрқашан оның
өнерлік күшін де, қоғамдық қызметін де
айқындайтыны белгілі. Бүгін азаматтық
дегеннің де мазмұны өзгерді. Бір кезде
ұран үлгісінде жазылған өлеңдерді, риторика
мен жалаң социологиялық үгітке толы жырларды
ғана азаматтықтың үлгісі есебінде қараған
кездеріміз де болған. Бүгін соның бәріне
қарсы күресе отырып, қоғамдық құбылысқа,
адамның жан дүниесіне тән сипаттарға
терең талдау бере білетін жырлардың бәрінен
де азаматтық үн табамыз. Шын ақын өз дәуірінің,
өз замандасының сырына үңілмей тұра алмайды.
Содан тапқаны мен көргенін айтады, сол
негізде халық өмірі, оны толғантқан мәселелер
жайлы ойланады, соның бәрін оқушысымен
бөліседі. Поэзия - өзіңді, өз құпияңды
ашу, жария ету, Абай тілмен айтқанда, «сырыңды
жұртқа жаю». Поэзиядағы азаматтық әуен
де сондықтан ақынның азаматтық кейпінен
тұрады. Өз заманының алдыңғы қатарлы
идеясымен қаруланған, әрқашан жаңалық
пен жақсылықтың жаршысы, биік мұраты
бар ақын - өз елінің азаматы да. Ендеше,
оның бойындағы ақындық пафос пен рух
та, оның адамзатпен, уақытпен сырласуы
да, өзімен-өзі кеңесетін шақтары да қоғам,
ел мүддесімен, адамзаттың көкейкесті
арманымен ұштасып жатады»,- дейді С.Қирабаев
[7, 40 б].
«Азаматтық – идеялық-эстетикалық категория.
Ол ақынның творчестволық позициясын,
дүниетанымын белгілейді, сөйте тұра,
өлең сөзге өлмес өмір сыйлайды» [1, 143 б].
«Ақын мен уақыт – егіз. Ақынды уақыт туғызады,
ал ақын өз творчествосында сол уақыттың
жанды бейнесін жасайды, заман шындығын,
өмір сырын уақыт тезімен өлшеп, оны көркем
образға айналдырады. Уақыттың үш мезгілі
де ақын еңбегіне өлшем бола алады, оның
ойына ой қосады, түсінігін байытады, сезімін
толықтырады. Осы үшеуінің бірлігін сақтай
отырып, ақын жалпы уақыт атынан сөйлеуге
өкілдік алады. Шындыққа, тарихи фактілер
жүйесіне өз дәуірінің көзімен қарап,
уақыттың заманға әсерін таниды. Бүгінгі
өмір материалын кешегімен салыстыру
оған ертеңгі болашақты барларлық мүмкіндік
туғызады. Мезгілдің осы бірлігін, тұтастығын
танығанда ғана ақын ойы толысады, көзқарасы
жетіледі. Егер ақын тек көргенін тіркеуші
ғана болса, ол өмірде аңдағанын тарих
сабағымен жинақтап қорыта да алмайды,
ілгері тіршілікке тіреу ете алмайды.
Шын ақын өмірі бір адамның басынан кешкендерімен
шектелмейді. Ақын көптің өмірін сүреді,
көп көргенді көре алады, көп сезгенді
сезе алады. Бұл – ақын сезімі жалпы және
жеке адам сезім-күйінің жиынтығы деген
сөз. Ол жеке адам көңіл-күйін заман рухымен
жалғастырады. Жалпылық пен жекелікті
осылай тұтастыра алғанда ғана ақын азаматқа
айналады, өзінің ақындық, азаматтық тұлғасын
қалыптастырады.
Поэзиядағы азаматтық әуен де ең алдымен
ақынның азаматтық тұлғасына байланысты.
Әдебиеттің халық алдындағы биік мақсат-мұратын
дұрыс түсініп бағалаған, сөз өнерінің
күнін ардақтай сыйлаған, өмір шындығын,
қат-қабат құбылыстарын оның терең мазмұнына
үңіле отырып суреттей алған ақын жыры
әрқашан қоғамдық, азаматтық мәселелерді
көтереді. Ақынның азаматтық тұлғасын
оның шығармаларының азаматтық үні ғана
таныта алады» [7, 159-160 б].
Жазба әдебиетте азаматтық сарын Абай
шығармаларынан бастау алады. «20-ғасырдың
бас кезінде бұл сарындағы лирика Ахмет
Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Міржақып
Дулатов поэзиясында үлкен әлеуметтік
маңызға ие болды. Қоғамдық өмірдің ең
көкейкесті мәселелері халықтың тағдырына,
мүдделеріне кемшілігіне байланысты сарындар
азаматтық лирикаға арқау болды. Азаматтық
лириканың тамаша үлгілерін С.Сейфуллин,
І.Жансүгіров, С.Мұқанов, Т.Жароков, Қ.Аманжолов,
М.Мақатаев, Қ.Мырзалиев, Т.Молдағалиев,
Ж.Нәжімеденов шығармаларынан табамыз»
[4, 33 б].
«Қай заманда да қазақ өлеңінің бағы тайып,
сағы сынған жері жоқ. Заман сырын, замандас
келбетін, яғни өмірдің өзін жырлау жөнінде
қазақ ақындарының монында қарыз жоқ сияқты.
Атам заманғы Кет-Бұға, Асан-Қайғыдан Абайға,
кешегі Мағжаннан Мұқағалиға дейінгі
аралықтағы ақындардың шығармаларын оқи
отырып осындай ойға қалып, түйін түйесің
және бұл пікірдің талассыз екенін мойындайсың»
[8, 410 б].
Тіл тұсалып, ой тұтқындалған тұста, шындық
шырғалаңға түсіп, сөздің саудаға салынған,
саясаттың қақпайына бағынған кешегі
тоқырау жылдары да қазақ жыры ақиқат
жолын ұстады. Орағытып өтіп, орайын тауып,
қиын жағдайда қисынын келтіріп, кемел
ойлы, келісті, кестелі жыр маржандарын
тізген ақиық ақындардың көркемдігін
шығармаларын оқи, біле жүріп те осындай
ой түйіп, тұжырым жасайсың.
Әлбетте, әр заманның өз жыршысы болуға
тиіс. Рас, ұлы ақындар ұлт өмірінде өшпес
із қалдырып, жырлары мәңгі жасайды. Солай
бола тұра әр заманның сыры бөлек, ендеше
жыры да бөлек қой.
Қазір заман да, қоғам да, соған орай өмір
де, адам да өзгерген шақ. Жалғыз қазақ
елі емес, жер жүзінде ғажайып жаңалықтар,
ғаламат өзгерістер бар. Ендеше, сол уақыт
көшінің-алмағайып заманның аңсысын аңсап,
ақиқатын аңғартып өлеңде өрнектейтін
өзгеше сипаттағы жаңа ақындар керек.
Бұл орайда қазіргі қазақ әдебиетінің
орға жығылып, орта жолда қалып қоймайтындығы
көңілге медет, ойға азық. Ескі және жаңа
замандардың арасындағы өлара мезгілдің
өзінде-ақ қазақ поэзиясына сыры да, жыры
да бөлек жаңа ақындар толқыны келіп қосылып,
ұлтымыздың көркем ойының көшін түзуде.
Жаңарған заман, өзгерген қоғам сияқты
жаңа ақындар да көктен түскен, ғажайыптан
пайда болған жоқ. Абай, Махамбет, Мағжан,
Ілияс дәстүрін дәріптеп, қазақ өлеңінің
жұлдызын жарқыратып, көкке көтерген Қасым,
Ғафу, Жұмекен, Мұқағали, Фариза, Тұманбай,
Қадыр сынды саңлақтардан қара үзіп кетпесе
да жаңа ақындарға із салған кешегі Кеңшілік,
Жұматай, Жарасқан, ортамызда жүрген Темірхан,
Мұхтар, Иранбек, Исраил, Ұлықбек, Есенғали.
Осынау кешегі жас, бүгінгі бас ақындардың
тынымсыз ізденістері, құдай берген құдірет
дарындары нәтижесінде қазақ поэзиясына
жаңа ақындардың тегеуірінді легі келіп
қосылғаны анық. Олар біреу-екеу емес,
бір топ. Атап айтсақ, Тыныштықбек Әбдікәкімов,
Гүлнар Салықбаева, Жанат Әскербекқызы,
Нұрлан Мәукенұлы, Маралтай Райымбекұлы.
«Толқыннан толқын туады» дегендей, осы
ақындарымыздың ізін басып келе жатқан
жас толқынның бар екенін айтпай кету
мүмкін емес.
Шын ақын – қашанда өзгеріс, қашанда жаңару
мен жаңғыру. Әрине, ол өзгерістер, ол жаңару
мен жаңғыру өзінен-өзі пайда болып, өзінен
өзі түзіліп жатпайды. Олар ақын жанының
қоршаған орта әсерімен, ең бастысы уақыт
пен заман лебімен жанды байланысынан
пайда болары белгілі.
Ақын толысып, кемелденген сайын оның
бойындағы құбылыстардың ошағы кеңіп,
отыны молая түседі. Заманмен байланысты
о баста басталғандай әлсіз бір талшықтармен
емес, білем-білем күре тамырлармен жалғасып
кетеді. Мұнан да дәлірек айтсақ, ақын
бара-бара өмірдің, уақыт пен заманның
қызығы мен мұңын төбе үстінде отырып
қадағалап, бақылаушыдан сол өмірдің,
сол заман мен уақыттың қызығымен гүлдеп,
мұңымен өртенушіге айналады. Бұл – енді
ақынның уақыт пен заманмен тағдырлас
болып кетуі.
1.1 Азаматтық лирика және ұлттық рух
«80-90 жылдардағы қазақ поэзиясы жайлы
сөз қозғағанда, осы жылдардағы тарихи
жағдайды айтпай кету мүмкін емес. Бұл
кезең халқымыздың өмірінде аса үлкен
тарихи маңызы бар уақыт болғаны мәлім.
1986 жылғы желтоқсан оқиғасы ұлттық сананың
ұлы төңкерісі болды. Орыс империясының
шырмауындағы қазақ халқы бодандық бұғауын
үзіп шықты. Желтоқсан оқиғасы жаңа тарихи
кезеңге жол ашты. Қазақ халқы егемендігін
жариялап, Ата Заңын қабылдап, өзін әлемге
танытты. Тарихымыз бен мәдениетіміздің
көлеңкелі жақтарының ашылуының ұлтымыздың
рухани өміріндегі маңызы ерекше. Шәкәрім,
Ахмет, Міржақып, Мағжан шығармаларының
жарыққа шығуы поэзиямыздың көркемдік
көкжиегінің кеңеюіне, ұлттық бояуының
айқындала түсуіне өз әсерін тигізбей
қойған жоқ. Дамыған сайын, ондағы ұлттық
белгілер ашық бедерлене түсті. 80-90 жылдардағы
қазақ ақындарының өлеңдері осы ойымызды
айғақтайды» [9, 79 б].
Ең алдымен, ұлттық рух деген не? Соған
тоқтала кетсек.
Ұлттық рухқа «Төрт ана» атты кітапта
былайша анықтама берілген.
«Ұлттық рух дегеніміз - өте киелі ұғым.
Ол өзге халықтан бөлектену, оқшаулану,
өз артықшылығыңды көрсету, өзгеге менсінбей
қарау дегенді білдірмейді, оның беті
аулақ болсын, оны шовинизм дейді. Біздің
халық ешқашан да оның дертіне шалдығып
көрген емес, алдағы уақытта да сол кесепатты
ауруға ұшырамас та. Ұлттық рух дегеніміз
- өз ұлтыңның озық салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрпын,
таңғажайып тілін бала кезіңнен бастап,
қашан жер құшағына енгенше төбеңе ту
етіп көтеру, тілін, тәрбиесін берген халықтың
лайықты азаматы бола білу деген сөз»
[10, 30 б].
80-90 жылдары қазақ поэзиясына жаңа леп
алып келген жас ақындар, қазіргі аға буын
ақындар Ұ.Есдәулетов, Е.Раушанов, Т.Әбдікәкімов,
Н.Мәукенұлы, М.Ақдәулетов еді.
Тыныштықбек Әбдікәкімовтың мына бір
сыры мен арм анына құлақ түріп тыңдайықшы:
… Мен бейшара Даламның айтқан сырын,
пенделердің тіліне аударамын!
Ей, Уақыт, сөз берме,
Берсең маған
Ұлып шыққан ойлардың кезегін бер! [2, 20
б].
Ақын ұлы Даланың сырын ұғып, тереңнен
ой толғап, соны өлең түріне көшіруге өлердей
ынтық, құштар. Пайымдауымызша, Тыныштықбек
өлеңін өзі жазып отырмағандай, тек Даланың
сырлы жырын жүрегімен тыңдап, жанарына
көшіріп, қағаз бетіне түсіргендей.
«Жалпы, Т.Әбдікәкімов нені айтып, нені
жазса да тыңнан жол салуға шебер. Оған
айсыз түнде даласы мен дарыны адастырмайтын,
жалғызсыратпайтын жансерік. Ақын арманы
– табиғаттың қаз қалпында сақталуын
аңсау» [8, 417 б].
Көлдерімді, шіркін-ай, сақтап қалсам,
Көдерімнің мөлдірін берсем де мен! [2,
22 б].
Көзін берсе көлін сақтап қалуды армандаған
ақын сөзінің ақиқаттығына сенесің.
Қайдасың сен, бауырым – қоңыр тауым?!
Қайдасың, самал жел – қарындасым?!
Қайнамайды мендегі қалайша қан:
(Қаңтарда да көрмедім балауса қар!)
Көз алдымда барасың сен үзіліп,
Көде мұртты Далам-ай, селеу сақал!
Түсіндіре алар ма мұны ғалым,
Түйсіктердің сайраған тілі қане?
Көрсетпеші, бұралқы итке айналып,
Ағысы жоқ арнаның ұлығанын!…
Тонауменен, Далам-ай, күн кештің-ау
Тоғайлардан томарлар ғана қалған!…
…Жарасынан жанымның дірдек қағып,
Дірдек қағып, қып-қызыл жыр ағады… [2,
23 б].
Тоналған табиғат, күйкі тірлік құрбаны
болып кеткен адамдарды көрген ақын сан
қилы ой жетегіне ілеседі:
Тағдырыңа тақсырет тап болды ма,
Сыртыңда – шөл, жұртым-ай, ішіңде – шер?!
…Неге, неге, мына жұрт салғырт, керең?
Ойлай білер ұлдары мәңгүрттенген… [2,
27 б].
Ұлттық намыс, ел болашағы туралы толғаныстан
туған мұндай әрі мұңды, әрі жігеріңді
қамшылайтын қайсар жырлар Тыныштықбек
талантына тәнті етері сөзсіз.
Мысалы, «Қайран» өлеңінде Абайдан мұра
болған сыншылдық дәстүрмен қазақ мінезін
егжей-тегжейлі сөз етеді. Бұл өлең ұлт
мінезінің жағымсыз жақтарын сынаумен
ғана емес, олардың ұлы тағдырына тигізген
әсерін қоса жырлайды.
Мен – қазақпын,
Зарығымда қан жылап,
Суқанымда сүт күлген!…
Мен – қазақпын,
Делебемнен селебем,
Кезенемнен кебенегім бар!
Мен – қазақпын,
Дәтім кәлимадан да ауыр
Зәрем жаһаннамнан да терең.
Осы жолдардан жұртым деп соққан жүрек,
ұлтына деген ақын махаббаты айқын көрінеді.
Даласына сертіне адал, берік,
Намысына жаны құл адамға еріп,
Өткел кешсең,
Өлмейтін рухым менің
Жылынар саған келіп.
Қайсар төзім қайысып босағанда,
Езбен кетсең,
Жаралы рухым менің
Жылайды босанғанда,
- дейді М.Ақдәулетұлы «Жоламан батырдың
қоштасуы» өлеңінде.Батырдың жорыққа
аттанарда артында қалып бара жатқан жарына
айтқан аманатынан оның елінің ертеңін,
ұрпағының тексізденбеуін ойлау бар. Біздің
пікірімізше, ақын осы батырдың жарына
айтқан аманаты арқылы халқына аманатын
айтқан сияқты.
Қазақ халқы бодандық шырмауында екі жарым
ғасырдан астам уақыт болғанын білеміз.
Ұзақ уақыт бойы бодандықта болуымыздың
себебі қанымызға сіңген момындығымызда
жатқандай. Момындықты әр ақын әр қалай
жырлайды. Мәселен, Т.Әбдікәкімов бір өлеңінде:
Жаратқанға сенгендей өздері тым аңғал-ақ,
Мал баққан боп жүр әлі, маңдай тері сорғалап,
-десе, енді мына өлеңінде:
Қоңыр тірлік…
Көншір ме көңіл оған?
Мосы ілінген мойныңа,
Мөрлі маңдай момындығың
Сор болды-ау маңыраған [2, 29 б].
Қоңыр тірлік – момын тірлік. «Қойдан
қоңыр» деген жуастықты білдіретін халық
теңеуі бар. Ақынның бұл тірлікке көңілі
толмайды, себебі өз тірлігі емес. Момындықты
маңдайына әлдекім «мөр» ғып басқан. Мына
өлеңдегі «момын», ойымызша, қазақтың
нақ бейнесі.
Кеулемей ме жегідей жанды шүбә?
Өз тірлігі өзіне мәнді шығар…
Өмір бақи келеді мал соңында,
Қаланы да оллаһи көргісі бар!
Кеңесері кемпірі…
Керқасқасы,
Жауыр болған міністен ол да бүгін!
Тағы да сол таныс таң, жолдас іңір
Жалғыз сыйлық ғұмырын қабылдамай,
Қырсығар да тұншығар көңіл талай.
Әлем қанша құбылып үлгерсе де,
Ата жолын тым қуғыш момындар-ай [2, 23 б].
Момындық салғырттыққа, мәңгүрттікке
апаратын мінез екенін меңзейді.
Н.Мәукенұлы нарық кезінде де қазақтың
бейқам қалғаны жайлы былайша жыр етеді:
Шошымайтын нарқыңнан,
Үрікпейтін талқыңнан,
Қорқам осы кейде мен
Қазақ дейтін халқымнан.
Қазақ халқының сөзді құрметтеу, сөзге
табыну мінезі туралы қазіргі қазақ ақындарының
ішінде барынша мән бере жырлаған ақын
– М.Ақдәулетұлы.
Жан берісіп,
Жан алған жалғыз ауыз сөз үшін
Менің дана бабамның басар ма еді көзі
шел?!
Сұры қашқан қайсысы
заман ба, әлде адам ба?
Арзандаса анттай сөз,
Азған екен бағаң да…
Жауласқан екі елді бітістірген, араз
ағайынды татуластырған, ел дауын, жер
дауын, жесір дауын шешкен құдіретті сөзден
қалған тек «сөз қауыз». Сөздің бағасымен
халқымыздың бүкіл рухани қадір-қасиеті
өлшеніп тұр.
Азаттық үшін өз жанын құрбан ететін түркілік
тегімізді барынша мол жырлаған ақын М.Жұмабаев
еді:
Тұранда түрік ойнаған ұсап отқа,
Түріктен басқа от болып жан туып па?
Көк түрік енші алып тарасқанда
Қазақта қара шаңырақ қалған жоқ па?
-деп түркілердің бойындағыдай оттай ыстық
қуаттың басқада жоқ екенін, түркілердің
қара шаңырағы қазақ екенін айтады. Осы
қуатты негізімізден үзіліп қалғанымыз
жайлы Т.Әбдікәкімов:
Көк бөрі жоқ көкірегін емізетін ,
-деп өтініш білдірсе, Н.Мәукенұлының төмендегі
өлеңінен де осы көңіл-күйді байқаймыз.
Тәңірі көкке қараған
Жүрегі түкті ұл едім.
Тегіме тартпай кеттім бе,
Көңілінен шықпай көптің де?
Ұлттық рухтың бір символы қазақ поэзиясында
Дала болып келген. Бұған мысал ретінде
І.Жансүгіровтің «Дала» поэмасын алуға
болады. Қазіргі қазақ ақындарында Дала
тақырыбы лепірме шалқулар, пафос арқылы
емес, шынайы суреттеу жолымен ашылады.
Сөз сүйегін өлшеме мұңды өлшегін,
Ой көп, қобыз ділімнің түртер ішегін.
Сары дала дөңбекшіп Күн астында,
Сайтан – соғым сорады бұлт емшегін [2,
21 б].
«Дала дөңбекшіген дертті адам бейнесінде.
Осы образды ары қарай былай деп нақтылайды:
«Айнала кіл күйік тау, ісік төбе…», «Қарағандардың
ғана күшіктеуі», «шалажансар ермен»,
тобылғының гүлінің орнынан шеңгел тілінің
қызарып көрініп тұруы дала табиғатын
сорлы халге душар болғанын бейнелейді.
Өлеңдегі «Қи түбінде кесіртке бақырайып,
Ши түбінде шегіртке шоқынады!» деген
жолдар жай суретшілік емес. Даламның
жасылы қалған жердегі шегірткенің шоқынуы
табиғи жұтты жасаушының тікелей өзіне
нұсқап тұр. Шегіртке қашанда қазақта
жақсылықтың нышаны болмаған» [9, 84 б].
Дала – Тыныштықбекте әрқашан адам бейнесінде.
Дала – Тыныштықбек үшін, ең бірінші, өзі
туған Шыңғыстау. Семей даласының ядролық
алаң полигоны болғаны белгілі.
Күн кірпігін ашқанда, тақыр Дала көрінген,
Қалаға да сол тақыр қорқынышты өлімнен.
Қасқыр да жоқ ол жақта,
Арқар да жоқ. Құрыған.
Тек иттері мияулап, мысықтары ұлыған.
Жер төсіне сол жақта Атом сынақ қаққан-ды
Мекендейтін халқы да қара халық ақ қанды
[2, 76 б].
«Тақыр дала өлімнен хабар беріп тұр. Иттерді
мияулатып, мысықтарды ұлыту арқылы табиғатта
пайда болған қатерлі дисгормонияны образдаған.
Ақ қанды қара халық – ұлт трагедиясы.
Дала трагедиясы – тек табиғи апат емес,
бүкіл ұлт тағдырының апаты» [9, 84 б].
1986 жылғы желтоқсан оқиғасының ұранына
айналған Е.Раушановтың мына бір өлеңіне
көз жүгіртсек:
Қара бауыр қасқалдақ, қайда ұштың пыр-пырлап?
Сазың қалды сәбидің еңбегіндей былқылдып.
Қара бауыр қасқалдақ, кері қайт,
Сиреп қалған тоғайға «қамықпа» деп көңіл
айт.
Ұя қалса иесіз - айдын үшін сол қайғы,
Қаңғып келген шүрегей көлге пана болмайды.
Өз босағаң – бұл жердің тауы, қыры, белесі,
Босағасын басқаға тастай ма екен, о, несі?
Қара бауыр қасқалдақ, кері қайт,
Сиреп қалған тоғайға «қамықпа» деп көңіл
айт.
Сараптауымызға жүгінсек, бір рет оқып
шыққанда, құс туралы өлең сияқты болып
көрінері анық. Бірақ бұл өлеңнің ар жағында
сол кездегі өмір, халықтың тағдыры жатыр.
Қонаевтың орнына келген Колбинді «қаңғып
келген шүрегей» деген сөздермен берген.
Саясаттың сойылынан жасқанбай, Желтоқсан
оқиғасына түрткі болған мәселені астарлап
берудің өзі Е.Раушановтың батылдығы іспеттес.
Тасырқағанда тас жауған
Тау болды ұйықтар айлағым.
Қасқырдан анау, қас жаудан
Тартып ап апан жайладым.
Тағдырдан олжа айырып,
Тарпаңды міндім көлік деп,
Жетіп бір құлан қайырып,
Желкеден алдым жеміт деп,
-дейді «Еркек» өлеңінде. Бұл жолдардан
жыраулық поэзияның ізі байқалады.
«Бұрынғы жыраулар толғауларын өздері
тікелей жорық үстінде жүріп жазса, қазіргі
ақындар шарттылық дүниесінде жазады»
[9, 81 б].
Қазақстанның тәуелсіздік алуына байланысты
қазіргі қазақ поэзиясында алдыңғы буын
ақындары тоталитарлық тәртіп қысымымен
айта алмаған тақырыптық желілер бой көтерді.
«Қазақ ұлттың келешегін ойлайтын, оның
экономикалық тәуелсіздігін алуы мен
өркениетке қол созуын, дүние жүзіндегі
басқа ұлттармен тең өмір сүріп, ғылымы
мен мәдениетінің дамуын тілейтін көзқарастар
мен прогресшіл идеялар қазіргі қазақ
ақындарының шығармаларының басты ерекшелігін
танытады» [11, 9 б].
Ұлттық мүддені, ұлттық намыс, ұлттық мінез,
ұлттық рухты жырлау азаматтықтың басты
белгісі деп білеміз.
1.2 Қазіргі қазақ поэзиясы, ондағы азаматтық
сарын
«Ақын атаулының жетем деп қиял еткен
қия шыңы болады. Онсыз ол ақын емес. Жету,
жетпеу сол шыңға – талант пен тағдырдың
ісі. Ол екеуі қос қанаттай егіз қатар
болуы шарт. Талантты тағдыр қостамаса,
талант – тұл. Сондай-ақ тағдырды талант
қыздырмаса тағдыр мұзбен тең» [12, 184 б].
Ақын боп өмір кешіру оңай деймісің, қарағым,
Аузында болу бұл өзі сыздаған барлық
жараның,
-деп Төлеген Айбергенов айтқандай, ақын
жүгінің ауыртпалығын белі қайыспай көтере
білу тума талантқа ғана тән.
«Адамның өмірдегі белсенділігінің, қимыл-қарекетінің
ірілі, ұсақтылығына байланысты оның ашу-ызасы,
қайғы-мұңы, қуанышы мен ой-арманы да ірілі,
ұсақты болады. Кесек мінезді адамнан
кесек іс туады… Ал таланты биік ақыннан
аласа ойлы жыр тууы екіталай» [12, 190 б].
Бұл қазақтың «таланты биік» ақыны Фариза
Оңғарсынова туралы айтылған сөз еді:
Сенде тас та қастерлі, аспан да алау,
Сенде жанды тербетер дастан бар-ау.
Менің мынау өмірге құштарлығым
Сені жақсы көруден басталған-ау, [1, 7 б]
-деп жырлаған Фариза ақынның ізін басып
келе жатқан бауыр-сіңлілерінде азаматтық
әуен қалайша көрінеді екен. Бір сәт соған
тоқталып өтейік.
«Өмір сүру дегеніміз сезіну мен ойлау,
қайғыру мен қуану: басқа өмірдің бәрі
де өлім» – деген Белинскийдің сөзі ең
алдымен ақын үшін айтылған. Өйткені ақын
өмірі - өлең, ал өлең өмірі – сезіну мен
ойлау, қайғыру мен қуану. Адам бойындағы
осы қасиеттерді ақын басқалардан өзгеше
сезінеді. Ол қуанса – дүниені басына
көтере әлемге бар дауысымен шаттана айғайлайды,
қайғырса – күйінішіне бүкіл тіршілікті
ортақ ете отырып, пәлені төндіріп жазады.
Оның сезімталдығы мен ойшылдығы да осыдан
туады. Бұл - өмірді толық сезінуден, оған
деген құштар сезімнен ғана туатын қасиет.
Ақынның өлеңсіз тіршілігі жоғын түсіну
де осы жағынан қиынға соқпайды» [7, 456 б].
«Өлең – үздіккен көңілдің үзіліп түскен
моншақ-нұрлары…
Өлең – адам жанының жауынды, дауылды
сәттерінің көрініс…
Нағыз жыр мен шынайы лириканың табиғатын
жарқыратып ашар «сөз патшасының» осынау
қайталанбас мінезі айрықша сипатқа ие
болып, ерекше ырғаққа, берік ұйқасқа,
бедерлі де бейнелі сөзге бөлінген тұста
ақынның абыройы артып, бағы жанбақ. Өрнегі
бөлек, үлгісі таза жырларды оқып отырып,
тебіренбеу, толқымау, қуанбау, қайғырмау,
таңырқамау, тамсанбау мүмкін емес. Өйткені
мұндай өз оқырманын адаспай тауып, жаңылмай
тілдесер жырдың өмірі ұзақ, ғұмыры баянды
болады» [13, 3 б].
Қазақ әдебиетіне, қазақ поэзиясына 90-жылдардан
бастап жаңа леп, жас толқын келіп қосылды.
Қазақ жырының түндігін желкілдете келген
Гүлнәр ақынымыз:
Тасып жатыр қара су…
Қара суда тас қала,
Тасқа айналмай мен қалай төзіп жүрмін
Масқара! [3, 72 б].
«Г.Салықбаева өлеңдерінің өзгеше қасиеті
– ой айқындылығы, сезім мөлдірлігі, ақыл
айқындылығы, мазмұн байлығы, әрі оны жыр
жолдарына түсіргенде мейілінше қысқа
қайыруға ұмтылыс, жан тебіреністерінің
жүрек толғататын құдірет күшінің мықтылығы»
[8, 404 б].
Жанасың кеп,
Жаның бардай бірнеше,
Әппақ-әппақ сеніміңді қарша атып.
Өмір деген – кедір-бұдыр бір көше,
Мәңгілікке апаратын, шаршатып, [3, 28 б]
-деп философиялық ой түйеді.
«Заманы басқа болған соң, адам басқа.
Сол жаңа адамдардың жаңғырған жан-дүниесін
өлеңде өзгеше-жаңаша өрнектейтін мезгіл
келгенін жас ақындардың жырларынан айқын
аңғарасың» [8, 415 б].
Жүрегімнен жүз бұтақ өріп шығып,
Айналып кетсе, шіркін талға денем, [4, 50
б]
-деп жырлаған Маралтай Райымбекұлы осы
жас толқынның көш басында тұрғандай.
Жұлдыздар қаралы…
Ғаламның бетінде жаралы
Жұмыр жер адасып барады… [4, 28 б]
-дейді ақын. Көзқарастар майданы мен әр
алуан діни нанымдардың қайшыласуы күшейген
дәуір жайлы, өмір сүру, ұрпақ тәрбиелеу,
ұлтты сақтау қиынға айналған алмағайып
заман жайлы көркем айтудың үлгісі сынды.
Тағы бір жас ақын Нәзира Бердалының мына
бір жолдарына көңіл аударсақ:
Мойнына алып жұмыр жер күнәсін да
Қып-қызыл боп жиектен Күн асуда.
Қантөгісін көргенде адамдардың
Қайтеді енді қызармай, шыдасын ба?
Менің жаным жануда жалын болып,
Дөңгелек Күн, сен соны ұғасың ба? [5, 9 б]
- дейді «Жұмыр» жердегі «жұмыр басты»
пенденің күнәсін жүрегімен түйсінген
жас ақынның азаматтық бейнесі айқын көрінетіндей.
«Кез-келген жасөспірім аңыз-жырлардан
бастап бүгінгі көркем әдебиетті оқып,
фильмдер көріп, ғашықтықты қасиетті сезім
деп, құдайға емес, құранға емес, ата-баба
өсиетіне емес, махаббатқа табынып, өзінің
ғана қара басының рахатын ғана мұрат
етіп өсіп келе жатқаны анық.
Халқымыз бүгінгі таңда махаббат тақырыбын
емес, ұлттық салт-санамызды насихаттауды
талап етіп, сусап отыр»- дейді Қуандық
Боқаев [14, 6].
«Қазіргі жас ақындарда азаматтық лирика
жоқ» деген пікірлерді де құлағымыз шалып
қалады. Бұл көпке топырақ шашу деп ойлаймыз.
Жалпы, «поэзия махаббаттан басталып,
парасатпен аяқталады» – дейді ғой Мұқағали
Мақатаев. Қазіргі жастар, пікірімізше,
тек махаббатты жырлап, «ұлттық салт-сананы
насихаттайтын» азаматтық өлеңдер жазбайды
деуге болмайды. Бұл пікірімізге Ықылас
Ожайдың мына бір жолдары дәлел бола алады.
Құр сүлде қылар
Күн күткен күмәнді күншілдерім-ай,
Адамзат үшін даламның
Қаймығып күрсінгенін-ай.
Кешіргей бізді, бабалар,
Кешіргей бізді, жер ана,
Жұртым деп соғар жүректің
Құлқын деп дүрсілеуін-ай [6, 83 б].
«Тіл тамырына жаңа жан бітіп, асылымызды
енді ардақтап жатқан шақта жыр патшалығына
айтары бар, сөзі сұлу, ойы өрнекті кейінгі
толқын бар екені көз қуантады» [15, 3 б].
Халық әнін тыңдап өскен бесіктен,
Бала қазір заманына өшіккен.
Бес жасында отырса да сүндетке,
Шіркеулерді артық көрген мешіттен, [7,
7 б]
-деген жас ақын Алмат Исәділдің өлең жолдары
қазіргі кездегі дін сатушылық проблемасын
көтерген.
Әлібек Шегебайдың «Ит талас» атты өлеңін
оқып көрсек:
Мұңға орап жүрегім мен тәнімді,
Баяндасам баянсыздау халімді,
Тақ таласым ит адамдар болғанмен,
Бақталасым иттер болды кәдімгі.
Үйсіздердің үй болғанда көп мұңы,
Біреулердің тоңдырады тоқтығы.
Қаныңды ішіп, қайнатады сорыңды
Қанден иттей қадіріңнің жоқтығы.
Жылылық қой адамзатқа керегі,
Онсыз дағы басты басты бағым кем еді.
Мерседеспен ит қыдыртқан мырзаның
Күйіп кейде иті болғың келеді [8, 10 б].
Талдауымыз бойынша, бұл өлеңнің көтерген
мәселесі – жастардың жұмыссыздығы, үйсіздігі.
Бұл барлық жастың басында бар хал.
Ал, Ержан Алаштуған болса:
Арамдаса немене қапқаны емей,
Айтақтайды сорлы ауыл қаппа демей.
Қасқыр емес, қанденін хан көтерген,
«Қайран жұрт-ай», боққа-бай, баққа-кедей!
[9, 21 б]
-дейді. Адамдардың тарылған пейілін, арлан
тұрса да, «қанденін хан көтерген» жұртын
ақын ашына жырлайды.
Замана шындығын ашық жырлаған жас ақын
Арман Бердалиннің мына бір жолдарына
үңілейік:
Тәуелсіздігіңді қайтейін,
Бостандығың жат қолында, һәм қамауда
тұр ұлың,
Айырылып барыңнан, жүргенде жоққа құнығып.
Басыңа күн туғанда, арқаңнан қаққан «қалқа»
деп,
Қарға тамыр қасқалар қарамайды бұрылып.
Ақша берсе жас ұрпақ айырбастап Құдайын,
Бүйткен сенің есі жоқ еркіндігіңді ұрайын.
Қыз саудадан ұл сатқан көргенсіздік,
жоқ елде
Сатып-сатып жері мен тауысқандай мұнайын
Қарамастан қасқиып көзден аққан жасқа
да,
Өз ұрпағын басқаға,
Сату деген Масқара! [6, 30 б].
Өмірдің қазіргі заманның, қоғамның нақты
бейнесін ашып бергендей.
«Жұртым» деп соғар жүрегі бар жастарымыздың
халқымыздың болашағы екені сөзсіз. Осындай
талантты жастары бар қазақ поэзиясының
шоқтығы биік деген ойдамыз.
2 Ұ.ЕСДӘУЛЕТОВ ПОЭЗИЯСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БОЛМЫСЫ
Сан ықылым заманнан бері арнасы құрғамай,
арыны басылмай келе жатқан ағыны күшті
ақдария-жыр тасқыны сол баяғы толас таппаған
күйінде жаңа ғасыр қақпасын айқара ашты.
Тегі мықты, текпіні тегеурінді күш «міне,
мен бармын» дегендей, бұрынғыдан бетер
мінсіз, таза, мөлдір қалпында, көңілің
аңсаған шекер шетбеттей шөліңді қандырып,
шекеңнен теріңді бұрқ еткізер ылғи бір
жауһар дүниелер жалғасын тапты. Сол баяғы
Ақтамбердінің ағыл-тегіл толқыма-шалқыма
екпіні, ақ найзасынан найзағай ойнатқан
Махамбеттің текпіні, берісі – Абайдың
ақыл-парасаты, Мағжанның мақамы, Сырбайдың
сырлары, Мұқағалидың мұңды әні, Жұмекеңнің
жұмбағы, тіпті кешегі Кеңшіліктің кең
тынысы – бәрі-бәрі күні бүгінгідей көрініс
тауып, Ұлықбек қаламы арқылы көркем құбылысқа
айналып бара жатқандай.
«Ұлықбек Есдәулет. Бұл күнде Ұлықбек
десе қазақ өлеңі, өлең десе Ұлықбек көз
алдыңа тұра қалады. Өзі өлеңге, өлеңі
өзіне айналып, жырға айналғандай», - дейді
Ғ.Байбатыров [16, 6 б].
Ал Әлібек Қаңтарбаевтың мына бір сөздеріне
назар салсақ: «Мектеп қабырғасында жүргенде-ақ
«ақын бала» атанған ол алғашқы еңбек
жолындағы қадамын осы өзіміздің «Дидардан»
бастаған. Арман оны қазақ поэзиясының
патриархтары бас мүжіп, жамбас кертіп
отырған Алматыға жетелеген.
Қазақтың өнері мен мәдениетінің кіндігі
саналар Алматы ақын бозбаланы артқа теппегенімен,
табиғатынан шылбыр үзер тентектіктен,
ұрдажық кеудемсоқтықтан ада Ұлықбек
оның киелі босағасынан имене аттаған.
Аттаған да…поэзияның бәсеке-иірімі әй-шәйға
қаратпай тума дарынды өз ағысының ақжол
толқынына лақтырған.
Содан бері аттай отыз төрт жыл өтіпті»,
- дейді [17, б 3].
…Сонау 70-жылдардың басында «Таңғы сүрлеу»,
«Намаздыгерде қолатта», «Шығылға барсаң
шілдеде» секілді тамаша жырларымен қазақ
жырының үйіріне екпіндей қосылған. Ұлықбек
Есдәулет – бүгінде кемеліне келген ақын.
«Сөз өнері – жанды құбылыс. Оның нәрі
өзгеше безбенді керек ететіні, мұнда
кәдеге сан емес, сапа жүгінетіні ежелден
белгілі жайт. Қазақ поэзиясына майда
леп әкеліп, әуезді лирикасы жүректің
ең нәзік пернелерін сөйлетіп, дыбыстың
айрықша үйлесімін тауып, өлең жолдарын
күйше күмбірлеткен дарынды қаламгердің
бірі – Ұлықбек ақын» – деп баға береді
ақын Н.Қуантайұлы [18, 8 б].
«Жиырмасыншы ғасыр жырлайды» деген атпен
«Егемен Қазақстан» газетіне ақынның
бір топ өлеңдерімен қоса мынадай пікір
жарияланған еді.
«Фурор деген сөз бар. Бір нәрсеге қатты
таңғалғанда, өте риза болғанда туатын
әсерді айтады. Осыдан отыз үш жылдай бұрын,
тоғызыншы сынып оқушысы Ұлықбек Есдәулетов
сонау жер түбіндегі Зайсаннан жолдаған
балауса жырлары «Лениншіл жастың» жарты
бетін алып тұрып суретімен жарқ ете қалғанда,
оқырман қауым тап осындай көңіл-күйді
кешкен болатын. Жарқылды жылтырдан, сыңғырды
сылдырдан айыра алар адамның қай-қайсысы
да жастар газетінің сол топтамасынан
қазақ жырына тағы бір ақын қосылғанын
айна-қатесіз аңғарған еді. Мектеп шәкіртінің
биік мәдениеті поэзияға қойылар талаптарға
толық жауап бере алатындай, қалыптасқан
қолтаңбасы қайран қалдырған, өлеңнің
әр шумағын әуенді, әсерлі әрлейтіні, жыр
жолдарының жігін жымдастырып жіберетін
сұлу стилі сұқтандырған. Сырлы сөздің
салқар көшесіне ырдуан арбада ырғалып,
ылдимен құлдай келіп қосылған табиғи
талант иесі салған беттен дәйім өміршең
өлеңге ұмтылған ұрымталдығымен көзге
түсті» [19, 13 б].
Ақынның курстасы Әбдімүтәл Әлібеков:
«Иә, сол кезде «Лениншіл жастың» бетінде
топтамаңмен топ жарып шығу оңай болмайтын.
Өйткені, онда мүйіздері қарағайдай танымал
ақын-жазушылар мен журналистер еңбек
етті. Талап та, талғам да тым-тым жоғары
болды. Солардың сүзгісінен шын мәнінде
болашағынан үлкен үміт күттіретін, тегеуріні
мықты таланттар ғана өтіп, өз оқырманына
жол аша алатын. Ақындардың бақытына олардың
оқырмандары да көп болатын. Жоғары оқу
орындарында өтетін студенттердің қаламгерлермен
кездесулеріне жұрт осы кезде жақсы айтысқа
жиналғандай жиналатын. Ұлықбек өлең патшалығының
есігін, міне, тап сондай кезде ашып еді»
– дейді [20, 3 б].
1977 жылы, студент шағында жарық көрген
«Жұлдыз жарығы» атты тұңғыш жинағына
жазған алғысөзінде Ұлықбектің тазалық
тұнып тұратын әсемдік әлемін, сол әлемді
келісті кестелейтін өзіндік өрнегін
кез келгенге құсы түс бермейтін Қуандық
Шаңғытбаев атап айтқан.
«Жас ақын Ұлықбектің тұңғыш кітабы көп
қауымға сыпайы қарапайымдылығымен, ұтымды
ой, тал жібектей есілген майда тілімен
ұнататыны кәміл. Өлеңге таласы бар тұрғыластарының
ортасында өз алдына оқшау отау көтерген
талабы мол ініме шын көңілден құтты мүбәрәк
айта отыра, оның таудай талабына, туған
жер, тума халық дегендегі елжіреген перзент
пейіліне разылығымды тағы да ескерткім
келеді.
Әзірше бәрі мәз. Болашағы Ұлықбектің
өзіне байланысты. Ал оның болашағы жарқын
екеніне шәгіміз жоқ дер едім» [21, 2 б].
Бұл - алғашқы жинағына жазылған алғысөз
еді. Ал қазір Ұлықбек Есдәулетов есімі
республикамыздағы жыр сүйер қауымға
жақсы таныс.
«Ұлықбектің лирикаға толы, туған ел мен
жерге сүйіспеншілігі жайлы жырлары көрші
Қырғыз, Өзбек, Болгария, Румыния елдерінде
де тасқа басылып шықты. Бір қызығы, ауылы
аралас, қойы қоралас жатқан қырғыз елі
Ұлықбекті өз баламыз деп ардақтайды екен.
Қырғыздың ақыны Сүйінбай Ералиев ұзақ
жылдар бойы Ұлықбектің ән-жырларын қырғыз
тіліне аударып жүр» [22, 5 б].
Қазақстанның шығысы мен Қырғыз елінің
арасы біршама жер екендігі мәлім. Әйткенмен
де, «тау мен тау қосылмаса да, адам мен
адам табысар» деген ғой атам қазақ.
«Ұлықбек Есдәулетов - өз тұстастарынан
әдебиетке әлдеқайда ерте келіп, жұрт
көзіне ерте іліккен жігіт. Ол шәкірттік
мектептен шұғыл түрде өтті де, өлеңдегі
өз жолын, өз үнін бірден-ақ белгілеп алды.
Үнемі ізденіс үстінде жүретін бұл ақын
өлеңдері де бүгінде бұрынғыдан да ауқымын
кеңейтіп, бұрынғыдан да тереңдей түсті.
Оның өлеңдері енді қазіргі қазақ поэзиясының
принциптері сәттіліктері мен перспективті
тенденцияларына арналған еңбектерде
сөз бола алатындай деңгейге көтерілді
дей аламыз»,-деп баға береді Темірхан
Медетбек [23, 22 б].
1977 жылдан бүгінге дейін шыққан ол шақты
жыр кітабындағы мөлдір де кіршіксіз жырлардың
арқауы елге, жерге деген ыстық махаббат
«Перзент парызы» деген өлеңіндегі мына
бір жолдардан айқын көрінеді.
Туған үйімнің терезесінен,
Қазақстан даласы көрінеді.
Аспанда ақша бұлт керіледі.
Ақша бұлтқа жолдаған сәлемі деп,
Ошағымның түтіні өрілді [10, 104 б].
Ошақтан басталған Отанның көркем бейнесі
жүректен кіріп, ойыңды да, бойыңды да
еріксіз азаматтық пен ұлтжандылыққа
толтырады.
«Ұлықбек ә дегеннен қазақ поэзиясының
өзіне дейінгі жақсы үлгілерінен суарылып,
енді сол дәстүрді жаңғырта жалғастыру
міндетім деп келген ақын. Жай таланттың
алғашқы өлеңдерден отын жылт еткізу емес,
сол оттың салған жерден маздап жануын,
өзгеше, ерекше жануын мақсат еткен» –
деген Ғ.Қайырбековтың сөзіне қосылмасқа
лажың жоқ [24, 234 б].
«Ұлықбек ақын - өлең техникасының озық
үлгілерін қалтқысыз меңгерген қалам
иесі. Рубаят ұйқастарының табиғаты жасанды
емес, халықтық, сондықтан жеңіл ұйқасып,
оңай сырласып кете бересің. Жалпы, халық
тіліне жүйрік, асыл қазынасын бойына
сіңіріп өскен дүлдүл шайыр рубаилары
қиындықсыз тез жатталады»,-деген Дидар
Амантайдың пікіріне қосыла отырып, мынадай
қорытындыға келдік. Оның жарқын да кестелі
жырлар туғызуына бір себеп – ақынның
халық ауыз әдебиетінің бай мұраларымен,
өзіне дейінгі ақын-жыраулардың шығармаларымен
сусындалып өскендігінде сияқты.
Мысалы, Ұлықбектің:
Уақытты кім жаратты екен жылдам ғып?…
Бала кезде бұлықсыдық, бұлдандық,
Жігіт шақта қызық қуып, қыз қуып,
Шатақ қуып, шалқып-тасып, жындандық,
Тайталаста түсіп талай итжығыс,
Уақыт – бізді,
Біз – уақытты құлдандық,
Қолдағының бәрі сусып уыстан,
Ақырында айдалада құр қалдық, [11, 235 б]
-деген жолдары Абайдың мына өлеңімен
сарындас екеніне көз жеткіземіз.
Сағаттың өзі – ұры шықылдаған,
Өмірді білдірмеген, күнде ұрлаған.
Тиянақ жоқ, тұрлау жоқ, келді, кетті.
Қайта айналмас, бұрылмас бұлдыр заман
[12, 10 б].
Ал енді мына бір өлең жолдарына көз жіберіп
көрелік:
Жалынасың, боқтайсың,
Сағынасың, жоқтайсың.
Махаббат кетті, дос кетті –
Жете алмайсың, тоқтайсың, [12, 84 б]
-десе Абай, Ұлықбек былайша жырлайды:
Шаттанасың, шарпысасың,
Сан қызыққа батасың,
Айтысасың, тартысасың,
Ит татпасты татасың [11, 242 б].
Біздің пайымдауымызша, екі ақынның өлеңдерінің
жазылу стилі, ұйқасы, мазмұны үндесіп
жатқандай. Осындай үндестікті М.Дулатов,
М.Жұмабаев өлеңдерінен де таптық.
Найзаменен түртсе де,
Жатырсың, қазақ оянбай.
Мұнша қалың ұйқыны
Бердің бізге, ой, алла-ай! [13, 65 б]
-деген Міржақып жырына ұқсас, бір жағынан
ақын рухына айтылған сыр сияқты жазылған
Ұлықбек өлеңіне назар аударайық:
Ашылды кітап кірпігі баяу…
Аталы сөздің сиқыры бар-ау,
Оята алмай арманда кеткен
Ұрпағы әлі ұйқылы-ояу… [11, 33 б]
-дейді. Ұлықбек Есдәулетовтің Мағжанмен
үндестігін махаббат лирикасынан көптеп
таптық. Мағжан Жұмабаев:
Махаббат – бір тікенек,
Жүрекке барып қадалар.
Бақытсыз ғой бұл жүрек,
Тамшылап одан қан ағар, [14, 131 б]
-десе, Ұлықбек ақын:
Шөлдеген жандай қаталап,
Махаббат дейміз, махаббат.
Махаббат деген немене,
Бұлақ па ішер жата қап? [15, 24 б]
-дейді. Немесе Мағжан:
Сенсің, досым, жібек мінез, жібегім,
Сені ғана сүйем - куә жүрегім, [14, 157 б]
-деп жырласа, Ұлықбек:
Сені ғана сүйемін,
Бір өзіңді,
Қылығыңды сүйемін, мінезіңді, [11, 204 б]
-дейді. Енді мына бір жолдарға тоқталсақ:
Сол бір әнді сен маған жырламашы,
Жатыр онда жастықтың жылнамасы.
Сөніп қалған жанартау қайта оянар,
Қайта ашылар жүректің бір жарасы [11, 227
б]
-деген жолдардан Мұқағалимен сабақтастықты
байқауға болады.
Бір жанартау жатушы еді төсімде,
Жана-жана айналған ба өшуге?!
Қызыл күрең алау оттың орнында,
Қылымсыған қыз-сағымдар көшуде [16, 18 б].
Пікірімізді қорытындыласақ, Ұ.Есдәулетов
өзіне дейінгі ақындарды өзіне үлгі ете
отырып, солардың ізін жалғастырып келеді.
Жай ғана жалғастырып қоймай, жаңаша жалғастырып
келеді. Ұлықбектің жаңашылдығы өлеңдері
бес буынды немесе одан да көп буынды ұйқаспен
жазылған. Мысалы,
Күнәсіз жерді таптап жүр күнәһар адам,
Ой салар ма екен қылаудай мына қар оған
[11, 163 б]
немесе:
Өздерін тіпті өздері басқара да алмай,
Моңғолдан қойған хандарын!
Масқара қандай?! [11, 127 б].
Осы өлең жолдарының ұйқасып тұрған соңғы
сөздері бес буынды, яғни екі сөзден құралған.
Бұл, әрине, ақынның шеберлігі екені даусыз.
«Үрдісі еш уақытта үзілмейтін сөзжасамға
талпыну, жаңа идеяны өз жанынан атау,
не етістік тудырып бейнелеуге талаптану
– күллі таланттыларға тән ізденгіштік.
Гәп ақынның неологизмдері, солардың төлтумалығы
жайында.
Бүршіктері буазып тұр бәйтерек,
Бұлт елгезек,
Бұтақ біткен-қаукелек.
«Буазып» көсемшесі бұлтарыссыз тың нәрсе.
«Кірледі ме көңілім – кәпірзадам». Бұл
да жаңалық. Ұ.Есдәулеттен «қаламдоз»
деген атауды да кездестірдім.
Архаизмдерді де тірілтуді автор ескертіпті.
«Аламейіз», «темірек», «бейуақ» сияқты
көнерген сөздерді көпшілікке ұсынуы
да құптарлық» - дейді М.Әлімбай [26, 5 б].
«Ұлықбек бүгінде ақындық орбитаның биік
траекториясына еркін шығып алған қаламгердің
қатарына жатады. Сондықтан ол өз халқымыздың
мұңын мұңдап, жоғын жоқтап қоюдан да әрі
ұзай түсіп, адамзаттың маңызды бар проблемаларды
көтеруге талпынады. Сондайда:
Соқырша ерген кей көсемдерге
Cаңырау,
Мылқау ғасырлар,
Ақынға биік бермесеңдер де,
Сөзіне құлақ асыңдар! [11, 36 б]
-деп, өз пікірін ең тәуелсіз саналатын
уақыттың өзіне арнап та айтып жібереді.
Ұлықбек сынды ақынның уақытпен тілдесуі
әбден орынды деп білеміз. Оның тап осылай
айтуға әбден хақысы бар. Расында да уақыт
пен адамзат ақындардың жан айқайына құлақ
асса, бүгінде жер бетіндегі қайғы-қасіреттің
көбі болмас та еді. Өйткені, нағыз ақынның
нәзік жүрегінде адамзаттың амандығы
мен соған жақсылық ойлаудан басқа мүдде
жоқ. Болуы мүмкін де емес, - дейді Ә.Әлібеков
[20, 3 б].
Ақын Серік Ақсұңқарұлы болса: «Ұлықбек
Есдәулеттің азаматтық лирикасын интимдік
лирика секілді құмартып, құныға оқисың.
Киіз туырлықты қазақтың керегесі мен
уығы, шымылдығы мен ошағы, түндігі оның
өзегінен өлең болып төгіліп, төрткүл
дүниеге көңіл қыдыртады»,- деген баға
береді [27, 172 б].
Біздің пайымдауымызша, Ұлықбек жырларында
күнделік бар, ақынның өзінің ғана емес,
заманы мен елінің тұрмыс-салты. Сонда
байқағанымыз, ақын өлеңдерінде үлкен
екі ұғым бар: ол өнер мен саясаттың, биліктің
ымыраға келмес сәйкессіздігі және содан
туған қасірет.
Есуас заман,
Папуас тағдыр…[11, 124 б]
Тап осы теңеу шығармашылық қауымға тиесілі
сияқты, «алданбасқа алданған, сағым қуған»
кескіні.
Өлара заманы екен өлерменннің,
Қаздым да жүрегімді өлең көмдім [11, 147
б].
«Өнер мен саясаттың сәйкессіздігінен
туатын қасірет кішкентай болғанмен, зардабы
үлкен келеді. Суворовтың айтқаны бар
ғой: «Он рет жарақаттандым, бес рет соғыста,
бес рет сарайда. Соңғыларынан өлімші
болдым»,-деп. Биліктің коридоры кімді
адастырмаған? Әскери өнердің бас білгірі
соғыстан гөрі сарайдағы саясаттан оңбай
таяқ жеген. Соңғысы – жасырын соғыс. Біздің
кешегі ақталған арыстарымыздың бәрі
– саясат құрбандары. «Ақын мен халықтың
арасында саясаткерлер тұрмаса ғой!» –
деген пікірді М.Цветаева тегін жазбаған
шығар.
Өлеңдегі тым алшақтықтан опық жеген сәттерім
де аз емес. «Өлеңнің өсекшілігін» біле
тұрсақ та, ішке сыймаған сырды ақ қағаздан
басқа тағы кімге ақтарарсың? Дегенмен,
кенерелі Кеңес заманы көп ой-пікірімізді
астарлап, тұспалдап, бейнелеп, меңзеп
жазуға үйретті емес пе? – дейді ақын [28,
9 б].
Өзім отырған бұтақты шапқан өз қолым,
Бір бірін шұқып,
Ноғала түскен көздерім,
Жүгірмегі боп жыртысын жыртып өзгенің,
Дәстүр мен дінім жоғалғанын да сезбедім
[11, 128 б].
«Қазақ өлеңі шамшыл. Шын сенсең, шын сүйсең
ғана жебейді. Жібектей есілген осы бір
адалдық маржаны кеудеңді тазартып, жылытып
отырады. Әлдеқашан, әлдеқайда ұмыт қалған
дүниеңді тауып әкеп бергендей риза боласың»
[26, 5 б].
Ол үшін кім бар қайғырған,
Алматы толған – жетімдер.
Малдасын құрған маймылжан,
Торыңның маған шетін бер! [11, 141 б]
Біздің талдауымызша, осы өлең жолдары
арқылы ақын үйсіздік мәселесін көтерген.
Үйсіз-күйсіз, жұмыссыз қаңғырған жастар
мен жетімдердің көбеюі – қазіргі қоғамымызда
белең алып бара жатқан проблемалардың
бірі. «Торыңның маған шетін бер» - деп
ақын көпшілік атынан сөйлеп отырғандай.
Халықты ойлап,
Қамықпай-ақ титтей біз,
Қараң қалғыр
Қара басты күйттейміз,
Қалмаған соң
Қабатұғын бір пенде,
өз құйрығын өзі қапқан иттейміз, [11, 150
б]
-деп, қара басының қамын ойлайтын кейбір
басшыларымызға әділ баға бергендей. Тиісерге
қара таппаған соң, бір-бірімізді жау санап,
алысып жүргендігімізді «өз құйрығын
өзі қапқан иттейміз» деген теңеу арқылы
ащы сынағанын байқаймыз. Енді мына бір
өлең жолдарына назар аударып көрсек:
Ақ бесігін тастаса да қырқысқа,
Атымтай боп көрінуге жұр ұста
Бабалардың қаны сіңген байтақ жер,
Айналып бір кетпесе екен жыртысқа [11,
119 б].
Бабаларымыздың қасық қаны қалғанша жаумен
шайқасып, ұрпақтарына, бізге аманат еткен
жері бір күні «жыртысқа» айналып ктер
ме екен деген қауіпті ой ақынды толғандырады.
Ым менен жым жең ұшынан жалғасқан,
Сұм дүние бір-бірімен арбасқан,
Көсемдердің қабақтарын қар басқан,
Шешендердің шудаларын шаң басқан,
Құсы құлап,
Қаңырап бір қалды аспан!
Ақындардың жүрегінен қан қашқан,
Пақырлардың қалтыраған қолдары
Жаратқанның жағасына жармасқан, [11, 110
б]
-дейді «Қара базар. Домбыра сатушының
жыры» атты өлеңінде. Біздің пікірімізше,
бұл өлеңде Махамбет ақынның дәстүрі бар
сияқты. Өлеңді оқи отырып, көз алдыңа
бір қорқынышты сурет келеді. Махамбеттің
«Мұнар күн» өлеңімен үндестік тапқандай
болдық.
«Ақындар мен әкімдер» өлеңіне көңіл аударсақ:
Ақындар ішер жатып ап,
Әкімдер жүрер қатын ап,
Қайсысы мұның ақылды,
Қайсысы мұның ақымақ? [11, 174].
Осы өлеңнің өн-бойында ақындар мен әкімдерді
салыстыра отырып, әкімдердің портретін
жасап береді десек қателеспес едік.
Кемшін мен кембағалды көзіне ілмей,
Шен-дәулет,
Сән-сәулетті жыр қылады.
Даңқ қуып,
Дақпырт тауып, атақ іздеп,
Құл болып қу құлқынға қылқынады.
…Бек те өтер,
Байбатша да,
Байғұс та өтер,
Басылмай бұл жалғаннан бір құмары!… [11,
96 б].
Біздің талдауымыз бойынша, бұл өлең бүкіл
адамзат баласын ортақ бір мінезді, яғни
менменшілдікті ашып тұрғандай. Сондай-ақ,
Ұ.Есдәулетов адам мінезін ашудың шебері
десек қателеспеспіз. Әсіресе, қазаққа
тән мінезді айқын ашып береді:
Найзағайлы намысы оянғанша,
Жуас болып көрінер жүндегенге, [17, 57 б]
-деп сыртқы жуастықтың астында «найзағайлы
намыс» жатқандығын ескертеді. Ата-бабаларымыздың
асқақ рухының күші намыста болатын.
«Қазақтарды қазақтарға таныстыру өлеңінде»
қазақтың момындығын әрекетсіздік, енжарлық
түрінде көрсетеді:
Қайда бейнет,
Білмейтін қайда рахат,
Қарық бопты қатырмас пайдаға қап,
Мың жасайтын сияқты көреді өзім,
Қашан болсын укеренау жайбарақат [17, 56
б].
«Ұлықбек Есдәулетовте мынадай үш өлең
бар: «Жылқы мінез», «Қасқыр мінез», «Таулық
мінез». Осы үш өлеңнен қазақтың ұлттық
болмысы көрінеді. Сөз жоқ, Тау қазақ поэзиясында
ең алдымен асқақтықтың, биіктіктін белгісі.
Дегенмен таудың іріліктің, мықтылықтың
да бейнесінде қолданылатынын айтуымыз
керек. Мәселен, Ә.Тәжібаевтің «Толағай»
өлеңіндегі тауды көтерген күшті батыр
бейнесі халық есінде тау тұлғасында қалды.
М.Мақатаев поэзиясында тау – ірі қуаттың
сиволы. «Ей, Таулар, ығысыңдар» деген
ақынның тауларға өктем сөйлеуінен оның
алып рухын танимыз. Ұлықбек «Таулық мінез»
өлеңінде лирикалық кейіпкер таудың тастарымен
күш сынасады» дейді Р.Зақанқызы [9, 82 б].
Қорқасың мен жүзетін долы өзеннен,
Сенбесең бір қарашы терезеңнен.
Толқындар тасты аунатып жатқан жоқ па,
Ал менің жақын досым сол ежелден.
Сен болсың тауға тұңғыш келген адам,
Қой деймін, мерт боларсың ерме маған [10,
54 б].
Лирикалық кейіпкердің бойында таудың
тасын қопарған долы өзеннің күші жатыр.
«Жылқы мінез» өлеңі лирикалық кейіпкердің
әкесінің әңгімесі түрінде жазылған. Соғыс
кезіндегі оқиға суреттеледі. Соғысқа
азаматтармен қоса жылқылар да аттанады.
Пороход жағадан тым жырақтағанда, тиелген
жылқылардың біреуі кенет жағаға қарай
атылады.
Түпсіз тасқан тұңғиық түсі үрейлі,
Құшағына жануар кісінейді.
Жаға жырақ, жүзгенмен жете алар ма,
Жалғыз жылқы ноқат боп кішірейді..
Жел ысқырса, сол жылқы кісінейді,
Оқ ысқырса, сол жылқы кісінейді.
Жолға шықсам, сол жылқа кісінейді.
Елге асықсам, сол жылқы кісінейді [15, 46
б].
Лирикалық қаһарманның атамекенге деген
сағынышы, махаббаты жылқы мінезімен өрілген.
Ақынның Сүйінбайдың «Бөрілі менің байрағым»
деген жолдарын эпиграф етіп жазылған
«Қасқыр мінез» өлеңі қазақтың көк бөріге
табынған түркілік тегін аңдатады. Қақпанға
түскен қасқырдың өз аяғын өзі шайнап
үзіп кеткендігі суреттеледі.
Қарамай қан қақасаған жарасына,
Аяғын шайнап үзді аласұра.
Қасқырдың бұл әрекетін сипаттау арқылы
ата-бабаларымыздың «түркілердің қайсар
мінезі жырланады». Азаттық үшін өз жанын
құрбан ететін түркілік тегіміз осы өлең
жолдарынан айқын көрінеді.
Ұ.Есдәулетовтің «Қара шал мен Байшұбар»
өлеңінде қазақтың тұрмыс-салтының барлық
жағы көрініс береді.
Түтеп жатқан қазандық жер ошағы,
Болған бір кез бұл үйдің қара шалы.
Тұскиізді, діңгекті, алашалы
Мұндай үйге кемпір-шал жарасады [15, 49 б].
Үйдегі ілулі тұрған тұмақ, қамшы, иесіз
дер шақша, кебежедегі аңсаған қыл қобыз,
күңсіп жатқан қара саба – барлығы дәстүріміздің
ұмыт болғанын айтады. Бұл үйдің кемпір-шалы
дүниеден өткен. Олар барда бәрі басқаша-тын.
Көзі кеткен соң шалдың шұбар аты өзінің
жаназасына шалынған. Артында ұлттық дәстүрді
жалғастыратын ешкім қалмағандығы ұлттық
сезіммен жырланады.
Ақынның басқа да өлеңдерінде қарттар
қасиетті ұғым ретінде сөз етіледі. «Қарт
пен қыран», «Шал мен жаз», Шал, шабындық»,
«Ата-ана» сияқты өлеңдер қазақтың үлкенді
құрметтеу салтымыз туралы.
«Ұлттық мінез өлеңдегі лирикалық кейіпкер
арқылы көрінеді. Өз бойында ұлттық рух
жоқ ақынның лирикалық кейіпкерінен ұлттық
мінездің нышанын көру қиын. Лирикалық
кейіпкердің сомдалуы мен тұлғалану процесі
әр ақын поэзиясына байланысты. әртүрлі
болып келеді. Яғни, әр ақын өзінің таным-түсінігіне,
ішкі әлеміне сай лирикалық кейіпкердің
дүниеге әкеледі. Демек, ол-ақынның дүниені
қабылдауының жемісі» [9, 83 б].
Ұлттық мінезді беру арқылы ақын ұлттық
болмысымызды ашып береді.
Ұлттық болмыс дегеніміздің өзі – ұлтымызға
тән мінез-құлық, салт-сана, ұлттық діл.
Түсіме енеді – жылқының кісінегені…
Цирктің атын көргенде жүрегім жылап,
Абайша айтсам «сыртым сау,
ішім өледі».
Тарылды дала!…
Мүжиді жанымды жара,
Ипподромда ит болған жүйрікке қарап,
Кеңдікті іздеп, соғамын санымды ғана
[11, 90 б].
«Мына әлемде қазір тек мұнай мен газға,
алтын мен уранға деген зәрулік көз қарықтырады.
Соқамен жер жыртып, бір талшық ішіп-жемге
бола дүниеге сойқан соғыс салған ежелгі
отырықшылар дүниесін күндердің күні
көкжиекке көз салған көшпенділердің
аспан рухына деген ділгірлік тығырыққа
тіремей қоймас» [27, 173 б].
Пайымдауымызға жүгінсек, Ұлықбек ақын
өлеңдері арқылы ұлттық болмысымызды
барынша кең көлемде ашқан.
«Табиғатпен тамырластығымыз, жаратылыспен
жандостығымызды жазатайым үзіп алмай,
мынау урбанизация және жаһандау заманының
заһарлы зардабынан сақтана біліп, ежелгі
ұлттық ізгі дәстүрлерімізді дәріптей
жалғастыра беруімізді өз өркениетіне
өзекті тенденция етіп ұстануы - Ұлықбекті
оның құрбы-құрдас, үзеңгілес қаламгерлердің
көбінен ерекшелендіріп, озық көрсететінін
көлегейлемей ашып айтқан абзал. Осы арманы
жолында туған халқын таудай көтере отырып,
ара-тұра ұлттың басындығы олқылықтарды,
кемшіліктерді уытты тіл найзасымен түйреп-түйреп
алады»,- деген М.Әлімбаевтің сөзіне шүбәсіз
қосыларымыз анық [26, 5 б].
2.1 Ауыл, туған жер, ондағы адамдар – Ұлықбек
шығармашылығының асыл қайнарлары
«Алпысыншы жылдардың аяғында 9-сыныпта
біз оқыған «Қоғамтану» оқулығында «Ауылды
қалаға айналдыру» дейтін шағын тақырыпша
болатын еді. Сол сабақтан соң, қаланың
қайнаған өмірінен хабарым шамалы болса
да, өз ұғымым бойынша, ауылды қалаға айналдырған
жағдайда маған ауылдың сыртқы бейнесіне,
тіршілігі мен тұрмысына, әдет-ғұрпына
әлдебір нұқсан келетіндей көрінді. Ақсақалдар
астындағы атынан, кемпірлер қолындағы
шүйкесінен, әйтеуір әрқайсымыз әртүрлі
қимас дүниемізден ажырайтындай елестеді.
Қалада тұру қанша қызықтырғанмен, ауылдың
өзім үйренген мамыражай тірлігіне төнер
қауіпті бала көңіліммен сезінгендей
болдым. Сол тақырыптың түбіне миым жетпеді.
Содан бірер жыл толғатып жүріп «Ауыл
мен қала» деген өлең де жаздым» – дейді
ақын «Өлеңдерім жанымның жылнамасы»
атты мақалада [128, 8 б].
Ауылдың бәрін ертең біз,
Айналдырамыз қалаға.
Қора-қопсыны өртейміз,
Ескіні құртпай бола ма?
Қалалық болып төрт түлік,
Зауытта баптап-бағылар.
Түсіне жайлау, шөп кіріп,
Малшысын мүмкін сағынар [17, 45 б].
Жалпы, бүгінгі қалалық қазақтың дені
– кешегі ауыл баласы. Оның психологиясы
сыртқы әсермен өзгеріске ұшырай бастаған.
Киіз туырлықты көшпелі қазақтың әлемі
– киіз үй немесе аспан сферасына ұқсап,
айналасы теп-тегіс дөңгеленген дүние
болса, отырықшылық – төрт қабырғаға,
көп бұрышқа, қалтарысқа толы.
«Қазақ поэзиясында ауыл тақырыбын жырламаған
ақын жоқтың қасы. Жоқтың қасы емес-ау,
жоқ. Ол біз үшін ұлы тақырып, арналы өзек.
Амал не, осындай ұлы тақырыпты көбіміз-ақ
ұсақтатып барамыз. Қазір қаладан қарыс
адым жерден басталатын немесе бірер сағатта-ақ
салып ұрып жетіп баратын ауылды аңсап
«еңірегенде етегі толатын» жылауық өлеңдердің,
бара қалған жағдайда, ана төбесін бір
жырлап, мына сайын бір жырлап, ақырында
бар болғаны жергілікті ғана мәні бар
географиялық атаулардың туристік анықтамалық
кітапшасын еске түсіретін топтама жинақтардың,
ел аузында айтылып жүрген асыл қазыналарымыз
– аңыз-әңгімелерді ешқандай қорытусыз
ұйқасқа көшіре салатын, дайындық жауапкершіліктен
жұрдай тақпақ тарихшылдықтың шамадан
тыс көбейіп бара жатқанын жасыра алмаймыз»
[29, 274 б].
Ал Ұ.Есдәулетов өлеңдерінде ауыл, туған
жер тақырыбы қалай көрініс тапқан. Осыған
бір сәт назар аударып көрейік:
Ауылда биыл қар қалың ба, аға,
Тағаладың ба тарланыңды, аға?
Тазымен құмның қолтығын тінтіп,
Шидарық жақты шарладың ба, аға?
«…Ауылдан кетсең – болмадың, бала…»
деуші едің, жолым оңғарылды, аға.
Көрерсің ертең қазаққа біткен,
Үлкен бір ақын болғанымды, аға!.. [17, 5 б].
«Туып-өскен, кіндік қаны тамған Зайсандағы
Үлкен Қаратал аталатын шағын ауылдан
арман қуып кеткен бала Ұлықбек атамекеніне
деген сартап сағынышын осылай жолдаған
екен.
Кеудесін сағыныштың шертпе күйі күмбірлеткен,
ұшып кетейік, тезірек жетейік десе қанаты
жоқ жас өрім өзі қиялымен күн сайын қауышып
жүрген Ақындық атты арманының ақ жолында
бәрі-бәрін құрбандыққа шалады. Ағасына
наздана отырып, ақмылтық көріпкелдік
айтады. «Үлкен ақын болғанымды көрерсің»
дейді.
Оның балалық шағындағы өмірбаяны – кәдуілгі
ауыл қарадомалағының өмірбаяны.
Өткен өтті, бұл шақта дала да өзге,
Жас толады ойласаң қара көзге.
Текеметтің үстінде ойнаушы едік,
Бауырсақтай шашылып бала кезде…
Ауыл…Текемет…Бауырсақ… Бәрімізге етене
жақын алайда тым-тым алыста – балалық
деген балаусаның арасында, жастық деген
жағалауда қалып қойған таныс суреттер…»
– деп талдайды Ә.Қаңтарбаев [17, 3 б].
Күмістен сәуір аспаным
Күн шыққан кезде арайлап,
Қыр жақта ауылдастарым
Жұмылып жүрді жер айдап.
Ғажайып сурет бұл қандай?!
Тамсана жұттым таң нұрын,
Уысымда ұстап тұрғандай
Туған жерімнің тамырын [15, 63 б].
«Отан оттан басталады» дейді ғой атам
қазақ. Отансүйгіштік те, ендеше, туған
жерді, туған топырақты сүюден басталады.
Жоғалмас жастық – жасыл көш,
Жаңғыра берер кең дала.
Жастықтың отын өшірмес,
Ауылым менің, осы ғана [10, 26 б].
Өз сараптауымызша, ақын үшін ауыл тек
туған жер емес, ауыл – жастықтың өшпес
алауы.
Ұлымын деп астананың
Айтуға мен жасқанамын.
Ауылымды
Алла атындай
Аузымнан бір тастамадым [11, 132 б].
Ауыл – бәріміздің шыққан жеріміз. Жалпы
қазақтың ұлттық менталитеті сонда сақталған.
Ұлттық тіліміз, діліміз, дініміз, мәдениетіміз
– бәрі ауылдан бастау алады. Ауыл ыдыраса,
ұлт болудан қаламыз ба деген пікірге
келеміз.
Қара шашым желменен желбіресін,
Ту сыртымнан қарақтап, елжірерсің.
Туған жерге ұлыңның ынтық жанын,
Сен түсініп, тек қана сен білесің [10, 50
б].
Осы орайда Дидар Амантайдың пікіріне
қосылмасқа лажың жоқ.
«Неге екені белгісіз, Ұлықбек Есдәулеттің
асау да байсалды жырларын мен Алтайдың
сауыры күміс ақ маралына, көзінің тұңғиығына
парасат тұңған ақылды, елгезек, аса сезімтал
қоңыр төбел бұғыларына ұқсатамын. Мүмкін,
туған табиғаты өлең табиғатына айналған
шығар» [25, 4 б].
Ұясы тұғыр болмас тас түлекке,
Кеуде де мекен болмас жас жүрекке.
Зарыққан Зайсаныма ұшып кетті,
Сарынын Қара Ертістің естімекке, [17, 4
б].
-деп толғағандай, бүкіл түркі әлемі аузын
ашып, көзін жұматындай асқақ Алтай, Қара
Ертіс жайлы өлеңдері – ақынның өлмес
мұрасы.
Ауыл, туған жер, сараптауымызша, - Ұлықбек
поэзиясының асыл қайнарлары.
2.2 Тарихи дүмпулер Ұлықбек поэзиясында
Ұ.Есдәулетовтің бір топ өлеңі тарихи
тақырыпқа арналған. Ақын өлеңдерінде
өткенге тағзым мен ата-бабаның кешкен
тіршілігін асқақтату бар. «Мәңгүрттің
монологы» өлеңіндегі кейіпкер «бұл қазақ
деген ұлт емес, дүрмек пе дедім» деп мұңаяды.
«Бұл сөздер кейбір керауыздардың нысанасына
да айналады. Арыз айту – Абайдан қалған
парыз. Болашаққа сенімнен артық қазаққа
ештеңе керек емес. Бұрынғы тарихты көксеген
әлсіздіктің нышаны деседі. «Күн түбіне
жортқан» еркіндікті аңсау қанымызда
бар» [28, 9 б].
Күн астынан керуен кеп,
Шөгергендей түйесін.
Біздің көзіміз осы көріністі әлі де сағынатынына
қайран қалудың қажеті жоқ, дүниетанымдық
мораль тәрізді.
«Ұлықбек ақынды тосын үлгілер, бұрын-соңды
айтылмаған, айтылса да, аз айтылып жүрген
образды оралымдар, ұлттық мінезге қона
кетер бейнелі тіркестер аса мол ұшырасады»
[20, 8 б].
Ұлт ақыны ұлт азаттығын жарлайды.
-Бостандық жоқ! – деп нар кеуде,
Күркіреп қояр әр-кейде.
Азаттық үшін, апырмау,
Атылып кетсек арман не?! [11, 115 б].
– деп дауылдатқан ақын советтік құрсауда
отырған сол заманның өзінде ел тәуелсіздігін,
ұлт бостандығын аңсапты:
Азаттықты айта алмадық,
Ақ найзаның ұшымен.
- Азатпыз!- деп айқайладық,
Абақтының ішінен… [11, 122 б].
Нақты адамдардың, тарихи тұлғалардың,
Ер Едіге, Барақ батыр, Исатай батыр сында
алаштың ардақты ұлдарының соңғы сәті
трагедиялық пафоспен берілген.
Тамған қаннан тас өртеніп барады!
Таңатұғын кім бар мынау жараны?
Талқан болды тоғыз көзді кіреуке,
Тарс айырылып дүниенің талағы
Қарс жарылды қаралы аспан қабағы… [11,
20 б].
«Өлең осылай өріліп, осылай төгіліп, осылай
биіктеп, осылай тереңдеп, оқыған сайын
бүкіл болмысыңды билеп, еріксіз тартып,
өң бе, түс пе, өзгеше бір қиял құшағында
қалықтатады. Өлеңнің өн бойында көненің
күмбірі мен жаңаның жаңғырығы қос өрім
тауып, берік жымдасып, айқын бедер танытады»
[30, 3 б].
Ақын қара топыраққа гүл бітіреді, қара
тасқа тіл бітіреді. Зар заманның запыран
күйін көз алдыңа келтіріп, одан безіндірмейді,
қайта оның құпиясын ашады. Тебіренте
отырып, намысыңды қамшылайды.
Бақ дегенім сорға айналды,
Тақ дегенім көрге айналды,
Көкірегіме шер байланды, толайым…
Жер дегенім кебенек пе,
Ел дегенім ебелек пе,
Ер дегенім көбелек пе, ағайын?!
Атамекен – алып тозақ,
Мойыныңды қамыт қажап,
Мойыдық-ау, ғаріп қазақ, аһ ұрып,
Найзағайлы намыс қайда,
Қайта бізбен табыспай ма,
Ата жаумен алыспай ма, ақырып?! [11, 25 б].
Ақтабан-шұбырынды, Қожаберген жырау болмысын
ақын бар-аяғы он екі жолмен ақ бере салған.
Қожаберген жырлаған бүтін бір тарихи
кезең үш шумақ өлеңнің ішне сыйып кеткен.
«Ақынның ұлттық бояуы қанық сөз қолданысында,
жорыққа шақырған жырын ширығып күрмеуінде,
ішкі серпіні сол ырғақ ұйқасында және
әр бөлімін бір қайырып алдында сақара
жырауларының ат үстіндегі жаугершілік
жылдары шығарған толғауларының сипаты
бар» [31, 168 б].
Немесе келесі бір өлеңін алайық:
Тірлігім терге шіріді,
Теңіздей қолым іріді,
Тұмсықтан тізген тіріні –
Атаңа нәлет дұшпанға
Жер басып жүру лайық па? [11, 27 б].
Бұл – «Қобда. Исатай басында» атты реквием
– қосалқа. Ұлықбек Есдәулетовтің «Күршім.
Жаралы Барақ батыр» деген жыры да жоғарыда
аталған жырларға сарындас.
Осындай қысқа да нұсқа сөзің бір үлгісі
«Соловки-Торғай. Міржақып Дулатов» деген
өлеңде ақын: «алдымен жетті киелі сөзі,
соңынан келді сүйегі өзі» дей келіп:
Ашылды кітап кірпігі баяу…
Аталы сөздің сиқыры бар-ау,
Оята алмай арманда кеткен
Ұрпағы әлі ұйқылы ояу… [11, 33 б].
«Бүкіл алты алаштың маңдайына біткен
марқасқасы, рухани көсемдерінің тұлғасы
екі шумақ бойында сырлы сомдалғандықтан,
қиял-қиырдан менмұндалап тұрғандай. Құдды
мәрмәр мүсіндей, басы артық бір түбір
табылмастай» [26, 5 б].
Жайық үшін жан бергендер,
Еділ үшін егесіп.
Қиғаш үшін қырылғандар –
Қазір бір-бір төбешік…
Басын иіп өту керек,
Уақыт өзі бұл жерден.
Тағзым етіп тұру керек
Келген қоғам төресін, [11, 29 б].
- деп, ақын ғасырлар қойнауына үңіледі.
Сол «бір-бір» төмпешік – ата-бабаларымыздың
«мәңгілік мекені» ақын үшін ең киелі,
ең қастерлі жер.
«Дәл бүгін ешқайсымыздың кешегінің тұтқынында
қалуға қақымыз жоқ. Еліміз үшін, жеріміз
үшін шындап күйзелетініміз рас болса,
ең алдымен өзімізді-өзіміз қолға алып,
ақыл мен сезімді өкпе мен боспаға қор
қылмай, үміт пен тәуекелге билетпегіміз
абзал» [28, 9 б].
Аспандай кең атамекен,
Иі қанбас көн дала,
Сені сүю –
Қате ме екен?
Сүйіп өтем сонда да! [11, 369 б].
«Уақыт пен адам жанының психологиясы
мен моралін қарастыруға құмар ақын бір
детальдан бірегей ой айтуға, фактының
өзін айтқаннан гөрі, оны қозғаушы күшін
іздестіруге бейім. Сондықтан да ол бір
детальдан екінші детальды, бір фактіден
екінші фактіні таба алады. Тағы да, олар
белгілі бір оқиғаның протоколдық фактілері
емес, психологиялық, моральдік фактілері»
[23, 22 б].
Осы тұрғыдан ақынның «Әзәзіл» атты өлеңін
қарастырып көрейік:
Көшбикенің тізеден шалғыны бар,
Көше қалса, шалынып шал жығылар.
Қалың шөпті таптаған тобыр топтың
Елеуреген жүздері сан құбылар.
- Ыбырайда ызам бар сан талайғы,
Қысас болмай, қыжылым тарқамайды.
- Ал қаптаңдар!
Абайды сабаймыз! – деп,
Сәлмен сұмның көздері қанталайды,
- деп басталатын өлең біздің бәрімізге
белгілі оқиғаны – Абайды соққыға жығу
оқиғасын арқау етеді. Бәріміз білетін
әлеуметтік-тарихи жағдай. Ширығып басталған
өлең тек осы оқиғамен шектеліп қалмаған.
Жылпос біреу
Сәлменді жанасалап,
Дырау қамшы ұстатты оңашалап:
- Бәрекелді!…
Абайды аямай ұр!
Ала алмасын ешкім де арашалап.
Қанды қамшы ақынға жауып кетті…
Әлгі жылпос тұрды да бағып көпті:
- Ойбай, Абай ағамды сабады! – деп,
- Хабарлауға оязға шауып кетті…
Ақын осы екі шумақтағы екі әрекет арқылы
тап басып, дөп көрсете білген. Сонымен
бірге, тарихи оқиғаны арқау еткен бұл
өлең бүгінгі күнге де тікелей қызмет
етіп тұр. Қазір де біреуді өз қолымен
айдар салып, артынша-ақ оның әрекетін
жаны күйінген болып, айыптап отыратын,
адам мен адам арасына бүлік салып, өзі
сүттен ақ, судан таза болып шыға келетін,
адалдық пен әділдікке тасада тұрып тас
лақтырып, ол әрекетін біреуге жаба қоятын
адамдар аз емес. Ақын бүгінгі күн өзегіндегі
әлеуметтік проблема арқылы кешегі тарихи
оқиғаны тірілтіп отыр. Бұндай оқиғалы
өлеңдерді М.Шахановтан көптеп кездесетіреміз.
Сараптауымызша, бұл екі ақынның үндестігі.
1986 жылы болған Желтоқсан оқиғасы туралы
жырламаған ақын кемде-кем. Әр ақын Желтоқсан
салған жараны әрқилы бейнелейді. Сол
кездің өзінде саясаттың сойылынан қорықпай
Е.Раушанов «Қара бауыр, қасқалдақ» деп
жырлаған еді. Ал М.Шаханов болса «Желтоқсанда
ерлік жырын жырлаймын деп шарқ ұрдың»
деп жалындатқан. Енді Ұ.Есдәулетов Желтоқсан
оқиғасын қалайша жырлапты, соған назар
аударайық.
Тағдыр таптап, қу теперіш көрген қыз,
Уақыт сені емдер ме екен ем-домсыз?
Ал, бірақ та
Жүректегі қайғыны
Көру үшін рентген де дәрменсіз! [11, 34 б].
- деп, Желтоқсан салған қайғыны, жараны
емдегенмен, жүректегі елесті өшіру, жараны
жазу мүмкін емес екендігін, оны көру де
мүмкін бола алмайтынын, біздің пікірімізше,
дөп басып айтқандай.
Жалпы, Ұ.Есдәулетовтің тарихи оқиғаға
байланысты жазылған қай өлеңін алсақ
та, бүгінгі күннің келелі мәселелерін
көргендей боламыз. Ақын тарихи оқиғаны
өлеңіне арқау ете отырып, бүгінгі күн
жайлы сөз қозғайды.
2.3 «Заман-ай» - замана зары
Қашанда халықтық деп аталатын поэзияның
ең басты белгісі – аталмыш кезеңде халықтың
бастан кешіп отырған хал-ахуалы, арман-мақсатын,
іс-әрекетін бейнелеп берді. Биік мәдениетті
азаматтық ойдың жаршысы – поэзия әр кезде
осы басты белгісінің тұрғысынан танылмақ,
бағаланбақ.
Жеке адам, яғни, ақынның лирикалық қаһарманы
халқының атынан сөйлейтін асқақ трибунадан
заманның толғақты мәселелерін өзінің
ой елегінен өткізіп, бар шабыт, өнер, шеберлік
қасиеттері арқылы елдің өзі біліп отырған
дәрежесінен әлдеқайда асырып, көркемдік
қуатын өсіріп, күшейтіп, ақыл-сананың
қабылдау қабілетіне сәуле түсіріп, бүкіл
түйсік сезімдерді сол ойға, сол терең
тебіреніске шақырады, соған жұмылдырады.
«Зымыраған уақытты ешкім тоқтата алмайды.
Ал адам болса кешегі қуанышын немесе
тартқан қасіретін тұтқиылдан келген
жаңа оқиғалар ұмыттырып жіберетіндей
күйде жаратылған. Оған бүгінгі күн биігінен
өткен дүние сонша мәнді, мардымды болып
көрінеді.
Ядролық полигон жайы да нақ осындай кейіпте.
Бұдан аз ғана уақыт бұрын Семей аймағының
тұрғындарының жүректерін шайқалта жарылыстар
дүрсілдеп жатты. ХХ ғасыр құбыжығы қырық
жыл бойы оларды үлкен үрейде ұстады. Тек
оның үні өшкен соң ғана адамдар кеуде
кере дем алады» [32, 183 б].
О.Сүлейменов бастаған «Невада-Семей»
қозғалысының арқасында ядролық жарылыстан
құтылдық. Дегенмен де, уланған Жер-Ана
мен жүрегіміздің жарасын жаза алмадық.
Қайран елім, қайран жерім, қор болған,
Жомарттығы өз басына сор болған,
Жарылыстан көз ашпаған далам-ай!
Заман-ай, заман-ай,
Заман-ай… [17, 3 б].
Өз сараптауымызша, әр заманның өз «заман-айы»
болатын сияқты. Тарихқа көз жүгіртсек:
Қаратаудың басынан көш келеді,
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді,
Қарындастан айырылған жаман екен,
Екі көзге мөлдіреп жас келеді, [17, 3 б]
- деп, «Ақтабан шұбырынды» кезінде зар
жыладық. Одан бері, Ахмет, Мағжандар заманында
М.Дулатов:
Өткен сағым, келер алдым бір мұнар,
Қызылшылсың қыздырғанға тым құмар.
Сақтан деген сөзді жан жоқ шын ұғар.
Жемге шапқан, қармақ құрса, елім-ай! [13,
132 б].
Немесе:
Азаматтың міндеті елді қорғау,
Төнгелі тұр басына күшті толғау.
Заман-ай! [13, 133 б].
- деп толғанады. Бұл өлеңдер сол заманның
зары болса, «Заман-ай» - біздің заманымыздың
зары, заманымыздың шындығы.
Ұ.Есдәулетовтің «Заман-ай» өлеңі «Невада-Семей»
қозғалысының ұраны болды.
Ұлдарымның қайда кеткен құрығы
Қыздарымның қайда кеткен бұрымы?
Мейірімге зарықтырған заман-ай,
Туған жердің лайланды-ау тұнығы [17, 3 б].
«Қоғам кереғарлығы, оның Қазақстан деген
алып та момақан Отанына орталықтан жасалып
жатқан қиянат, жұртымның өксікті қасіреті
шамырқанған ақыннан өстіп қайраткер
туғызған» – дейді Ә.Қаңтарбаев [17, 3 б].
Неге біздер у ішеміз суаттан,
Неге біздер ажыраймыз тұяқтан?
Туған жерді тоздырғанша, заман-ай,
Неге жерге кірмейміз біз ұяттан? [17, 3 б].
Бүкіл бір заманның, бір дәуірдің зары
мен мұңын, шындығын небәрі төрт шумақ
өлеңге сыйғызу ақынның шеберлігі деген
түйінге келдік.
2.4 Экологиялық проблеманың ақын жырларындағы
көрінісі
Табиғат – күллі тіршілік атаулының құтты
қоныс мекені, алтын бесігі, құт-берекесі.
Ал адам үшін табиғат ең қасиетті де қастерлі
ұғым. Өйткені адамның өзін дүниеге келтірген
аяулы анасы, сондықтан да адамның табиғатты
ана деп құрметтеуінде өте үлкен ұғым
жатыр.
«Қазақтар – тумасынан табиғатты сүйіп
өскен, қоршаған ортаға үлкен ілтипатпен
қараған халық. Бұған, күні кешеге дейін,
туған өңіріміздің табиғатының таза болғандығын
алсақ та жеткілікті сияқты. Біздің халық
– «экология» деген сөзді естімей өскен
ұрпақ. Бір кездерде бізді И.Мичуриннің
«Адамзат табиғаттан рахым күтіп отыра
алмайды, одан керектіні жеңіп алуымыз
керек»,- деген ұранымен оқытты. Қаһарман
халқымыз тауды бұзып, тасты жарып, жерді
терең қазып, өзен-көлді бұғаулықтап, ел
үшін біраз игі істерді жүзеге асырды.
Көптеген көп тонналық өнеркәсіптер іске
қосылды. Сол кездерде мұның қызығын да
көрдік. Өкінішке орай, ғылым мен техниканың
ғаламат жетістіктері және шапшаң дамуы,
адамзаттың барған сайын аш көздікпен
табиғатты тонауы, биосферадағы жаратылыстың
тепе-теңдік заңдарын бұзды. Осылардың
нәтижесінде жеріміздің ауасы тарылып,
өзен-көлі бүлініп, жайылымдардың топырағы
тілініп, қоршаған ортамыз көз алдымда
азып-тоза бастады». [33, 35 б].
Ақын жүрегі нәзік болатыны бәрімізге
мәлім. Көз алдымызда біртіндеп сұлулығынан
да, тазалығынан да айырылып бара жатқан
табиғатты ақын қалай қабылдап, қалай
жырлайды екен? Осыған бір сәт назар аударсақ:
Сенеміз бе?
Сенбейміз бе?
Қайтеміз?
Бүгін алшы неше түскен тәйкеміз.
- Аралым! –деп айқайлап кеп, күні ертең
деп жүрмейік «Арал деген қай теңіз?» [11,
120 б].
- дейді ақын. Немесе:
Айналар еді Арал да үлкен теңізге,
Ағарып кеткен қанымды құйса қан қылып.
[11, 129 б].
«Қазақ сақарасында жүзеген атом және
термоядролық бомбалар жарылды, зардабын
біз түгілі, зардабын біз түгілі кейінгі
ұрпақтар да тартатынын ойласаң пұшаймандана…»
– деген М.Әлімбаевтің сөзіне қосыласың
да келісесің. [26, 5 б].
Атомның салған зардабы, оған қоса Арал
өңірінің апаты, табиғаттың ғана күйреуі
емес, табиғатпен бірге адамның да неше
түрлі дертке ұшырап, үзіліп, жастай солып
жатқаны ақын жанына бататынына өлеңдері
куә болады.
Туған далам құнарлы еді,
Қаны кеуіп сорлады,
Жөн болар ма бұдан гөрі
Өз қанымды сорғаны… [11, 125 б].
Жері үшін ақын өзін құрбандыққа шалуға
да әзір. Жер – бүкіл адамзаттың мекені.
Адамзаттың мекенін, күллі адамзат баласын
қорғап қалу – ақынның арманы.
«Ұлықбек өмірдің, болмыстың өз оңтайына
оралған кез келген құбылысын, көзі шалған,
көңілі сезген кезең реңін, уақыт тынысын
түгел қамтуға бейім» [34, 167 б].
Ұрпағыма енші
Мендегі бар сорлылық,
Семейім – анау,
Әлі де мың сан бомбылық [11, 129 б].
«Ақынның Арал теңізі туралы өлеңі қазіргі
кезде зар жылаған көп ақындар өлеңдерінен
өзге. Қазір біздер теңізді құрттық деп
аһ ұрып жүрміз» [16, 6 б].
Ал Ұлықбек ақын:
Ізде мені бұйрат құмның буынан,
Ізде мені әбжыланның уынан.
Мен – Аралмын,
Һәм – Ажалмын,
Біліңдер.
Білмегеннің кеңірдегін суырам, [11, 44 б].
- деген жолды оқи отырып, біз Аралды құрттық
деп жүргенде, бізді Арал құрытпаса игі
еді деген ойға қаласың.
Қара Ертіс, маған ай-күнсің,
Қарқара толқын айбынсың,
Қазаққа қазір айдынсың,
Қай күні біздер айнырсың,
Қай күні теріс ағар деп,
Қан жұтқан менің қайғымсың?!
Қара Ертіс – қара қайғымсың!… [11, 57 б].
«Ұлы дарияның басынан бөгде ел бөгет
салып, канал қазып, күндердің күнінде
басқа арнаға аударып алғалы жатыр екен!
Бұл үй арасы алып қашты жел сөз емес, ресми
құзырлы орындар растаған сөз. Күні ертең
Ертіс өңірі Арал атырабының кебін құшпай
ма?» [16, 6 б].
Ақын жүрегі Қара Ертістің тағдырын ойлап
қан жылайды. Оқырманын да үлкен ойға қалдырады.
90 жылдардың бас кезінде туған жері Зайсанда
болған зілзала туралы былай жазады:
…Ішім іріп, бөлінді ғой ой санға,
Жан-жүрегім ұшып кетті Зайсанға
Жағадан ап сілкілердей жерімді,
Не жаздық?» деп,
Хаққа сұрақ қойсам ба? [11, 55 б].
Зілзала табиғаттың үлкен апаты. Зілзаланың
зардабынан қанша отбасы
баспанасыз қалды сол кезде. Жер дүмпуінің
салдарынан үй іргесінде ойнап жүрген
сәбидің ғұмыры үзіліп түскені баршаға
аян.
Туған жерінің қозғалып жатқаны ақын жүрегінде
аласұрып, терең ойға батыратындай.
Ал Абай, Мұхтар, Шәкәрімдер дүниеге келген
Жидебай жайлы былай ой толғайды.
Жидебайда жарылса талай атом,
Жырлап жүрген біз соны – сарай ақын.
Ұрпағыңа «Тоқтат! – деп тоқтам айтшы,
Бар еді ғой ардақты Абай атың!» [11, 108 б].
- деп, Абайға өтініш білдіреді. Пікірімізше,
Ұлықбек ақын мүмкін бұл сөзді Абай айтса,
ұрпағына ой кірер, тоқтатар деп арман
етеді.
Экологияның зардабын былайша суреттеген:
Ала жіптен аттамас ас батпады,
Бүйрек пенен жүрекке тас қаптады,
- деп, құрып бара жатқан денсаулығымыз
жөнінде айтады. Немесе:
Су мен удың жоғалды айырмасы, [11, 109 б]
- деп қара жердің қап-қара қайғысын, жазылмас
жарасын жан-жүрегі езіле жырға қосады.
Осындай келелі де ауқымды тақырыптарды
жырлауы Ұлықбектің азаматтығының бір
белгісі деп танимыз.
2.5 «Ақзу тілім ақ сор боп шұбарланып…»
(Тіл, оның өзекті мәселелері Ұлықбек жырларында)
«Мемлекеттік тілдің ұлтымыздың ұлттық
сипаты, әдет-ғұрып пен салт-дәстүрін сақтап
қалудағы ең маңызды мәселе екенін бәріміз
де білеміз. Бірақ, соны көріп, біліп тұрсақ
та қашаннан бері бойымызда қалыптасқан
қоғамдық белсенділігі аз, самарқау қалпымыздын
бір айнымаймыз. Қаншама жылдар өтсе де
қазақ тілінің өзінің шынайы мәртебесі
мен қолдану аясы жағынан орыс тілімен
салыстырғанда әлдеқайда төменгі дәрежеде
келе жатқандығын байқайсың». [35, 3 б].
Қазақ тәуелсіздік алғанда қазақ тілі
осыншама додаға түсер деп кім ойлаған.
Елімізде тіл қазіргі таңда басты мәселенің
бірі болып тұр.
Қайғыға қалай бауыр баспайын,
Ертерек туып,
Кеш қалсам.
Күлкімді мұңға айырбастаймын,
Ана тілімді еске алсам, [11, 95 б]
- дейді Ұ.Есдәулетов. Ана тілінің шұбарланып
кеткеніне, құрып кету қаупіне қапа болады.
Ата-баба алдында тілі үшін ақын өзін айыпты
санайды.
Ғұндарға дағы,
Сақтарға дағы,
Ақ сүтін берген арман тіл,
атқанда дағы,
шапқанда дағы
қансырап аман қалған тіл, [11, 94 б]
- деп, көнеден келе жатқан мұрамыздан
айырылуға шақ қалғанымызды күйінішпен
жырлайды. Осы бір шумақтан тілдің бүкіл
тарихын сезінгендей боласың.
«Құрыған тіл!» – деп табандағанның,
деймісің кетпес түгі де,
Тілімді сонша жамандағанның
шоқ түсер әлі тіліне» [11, 95 б].
Өз тілін місе тұтпай, тіпті өз тілінде
сөйлеуді ар санайтын кейбір қаракөздерімізге
айтылған сөздей.
«Қазақ халқының тұңғыш ғалымы Шоқан Уәлиханов:
«қазақ тілі - түркі тілінің ішіндегі ең
сұлуы», - деп тамсанған еді. Ұлы ғалымды
әуезділігімен оның жан дүниесін тербеп,
ұқсас келісіммен қайран қалдырған тіліміз
қазіргі уақытта «мәдениеті мен әдебиеті
жұпыны халық» деген теріс пікірге ие
болып жүр»[36, 32 б].
«Егер әлемдегі әрбір ұлтжанды қазақ өз
халқының тілі үшін бүгіннен бастап жанкешті
күресті бастамаса, әр ата-ана ұрпағына
қалдырар қасиетті ұлы мұрам – ана тілім
демесе, онда 21 ғасыр қазақ тілі үшін ақтық
ғасыр болуы ғажап емес-ау деп танисың»
[37, 8 б].
Көгендегі қозыңды
жамыратсам деп едім,
ошақтағы қозыңды
тағы жақсам деп едім,
қорамсаққа қол салып,
қозыжауырын жебеңді
теміренін тебірентіп,
жауыңа атсам деп едім.
терезеңді теңелтіп,
керегеңді кеңейтіп,
қабағыңды қайтадан
жадыратсам деп едім.
Қайран, Ана тілім! [11, 97 б]
- деп шарасыздық танытып күйзеледі. Бұл
күйзеліс бір ғана Ұлықбек ақынның басындағы
күйзеліс емес, бұл күйзеліс – «халқым»
деген қалың қауымның, «елім» деген ерлердің
күйзелісі.
70 жыл бойы құрсауда болған тіліміздің
«қабағын жадыратуды», «керегесін кеңейтіп»,
«терезесін теңестіруді» ақын арман етеді.
Өрт шалған тудай жаралы тілім
Желбіреп желмен шалқыдың [11, 112 б].
«Қазақ тілінің қазіргі хал-ахуалын елестетудің
басқаша жолын таба алмай отырмын» – деп
жазады М.Әлімбаев. Үңіліп қарасақ, шынымен
де тіліміздің тағдыры «өрт шалған тудай»
болып тұр [26, 5 б].
Абаймен сырласу түрінде жазылған «Жидебайда»
атты өлеңінде халықтың қазіргі халін
айта келе:
Ақзу тілім ақ сор боп шұбарланып,
Қыжылымды айтпадым құмар қанып, [11, 108
б]
-дейді. Ана сүтімен бойымызға тараған
бай ана тіліміздің шұбарланып, «ақ сор»
болып кеткендігі ақын жанын толғантады.
2.6 «Қара пима» және өмір шындығы
«Боранда үсіп, аяғы балтырынан кесілген
жас баланың тағдыры туралы дастанның
оқиғасын естігенде, көзіңе жас үйіріледі.
Кейін аудио-таспаға түскен осы жырды
талай кісінің көкірегі қарс айырылып
тыңдағанын өз көзіммен көрдім. Бұл –
Ұлықбек Есдәулеттің атышулы «Қара пима»
поэмасы еді» - дейді Н.Қуантайұлы. [18, 8
б].
Алайда-дүлей ақ боран,
Ысырып,
Ұйтқып,
Бұрқырап,
Аттаған жанды қақпадан,
Қақпақыл қылар жұлқылап, [15, 90 б]
-деп басталатын поэма көпшілік жұртқа
таныс.
Поэма негізінен екі бөлімнен тұрады.
Поэманың басында алай-дүлей ақ боран,
қарға көмілген ауыл, «көңілін ой күпті
қылған» балаға кездесеміз. Анасы өлген,
ал әкесінің күйі болса:
Ішуге сылтау табылар,
«Ішемін,-дейді,-күйіктен:
Қызған соң айтар әні бар:
«Өмір-ау, неткен сүйікті ең!» [15, 91 б].
Поэманың көтерген басты тақырыбы - әке
мен бала проблемасы, қазіргі заман. Қоғамымызда
бел алып бара жатқан маскүнемдік, ішімдікке
құмарлық жайлы сөз етіледі.
Қызып ап кейде «сорлым» деп,
Құшақтап ұлын жылайды.
«Арақты енді қойдым» деп,
Төсекке барып құлайды.
Әкесін сонда бас салып,
Кемсеңдеп,
ернін тістелеп
Көзінен ыстық жас тамып,
Жалынар:
«Папа ішпе!» - деп [15, 92 б].
Көз алдыңа жалынышты жүзбен қарап тұрған
бала келері сөзсіз.
«Халықтың аузында, әннің сазында жүруі
үшін өлең қыран самғар биікке көтерілуі
керек шығар. Әйтпесе бүкіл елге қалай
еленеді. Ұлықбек жырлары сахнада, экранда
оқылады, домбыраның күмбір үнімен жарасым
тауып толғау болып айтылады. Бірде Алматыдан
Қаскелеңге бару үшін таксиге түстім.
Жүргізуші бір әншінің домбыраға қосып
айтқан Ұлықбектің «Қара пима» поэмасын
машина магнитофонына қосып, сүйсініп,
елітіп тыңдаумен болды.
-Қандай қасірет, қандай аянышты хал, осыны
қалай келістіріп жазған, - дейді әлгі
жігіт.
-Бұл Ұлықбектің жазғаны ғой, мен оны білемін,-деп
айқайлап жібергім келді. Өлең құдіретін
түсінбегенге айқайласаң да ештеңе жетпейді.
Онсыз да отты жырдың жылуына балқып отырған
ақынжанды замандасымның рахатқа бөленген
көңілін қысыр әңгімеге бұрғым келмеді.
Осы арада ойыма студент Ұлықбек оралды.
Осы «Қара пиманы» түбіт мұрт бозым шағында
жазды. Алғаш рет өзі еңбек жолын бастаған
«Дидар» газетінде жарияланды» - дейді
Ғ.Байбатыров [38, 9 б].
Поэмаға қайта оралсақ:
Кетемін! Бол, - деп, - хош аман...
Анасы ғайып жоғалды.
- Кетпеші, Мама «бес» алам!..-
- Кемсеңдеп бала оянды, [15, 95 б].
- деген, осы жолдардан анаға деген сәби
махаббаты, сағынышы ерекше көрінеді.
«Достарым жүр ғой далада,
Отырғанша үйде қамалып,
Кетем деп ертең қалаға,
Айтайын да жаңалық!…»
Киінбек еді…
- Отыр! – деп,
Әкесі тыйып тастады.
- Салып қой пешке отын! – деп,
Қалтасын қармай бастады [15, 96 б].
Осы сәттен бастап оқиға шиеленісе түседі.
Қалтасынан ақша, сатарға дүние таба алмаған
маскүнем әке баласының пимасын қолтықтай
шығады. Артынан жылап, жалаң аяқ жүгіріп
шыққан балаға да қарамайды.
«Пимамды қалдыр, папалап», -
Баласы қалмай жүгірді.
Шарт етіп шойын шапалақ,
Омбылап қарға жығылды [15, 98 б].
Адам ағзасын улап алар «ащы суға» құмарлық
әкені баладан, баланы әкеден айырады.
Біздің қоғамда дәл осы күйді кешіп, қаңғып
жүргендер аз емес. Жасөспірім балалардың
түрмелер мен калонияларға түсуінің басты
себебі осы сияқты. Ата-анасынан тәрбие
көрмеген, ашқұрсақ балалардың, тірі жетімдердің
қылмысқа бармасқа амалдары жоқ. Сараптауымызша,
бұл поэманың көтерген тағы бір басты
мәселесі – тәрбие. Қиындығын арақпен
жеңбек болған әке балаға қандай тәрбие
бермек деген ойға қаласың. Нашақорлар
мен маскүнемдерді көріп өскен бала ертең
қандай азамат болып шығары да беймәлім.
Ақынды осы мәселе толғантады.
Күмілжір көрші:
- Ден сау ма?
- Ұлымды?
- Ұлың қалада
- Интернатта ма ол сонда?
- Жатыр ғой ауруханада… [15, 100 б].
Әкесінің бұл емделу орталығынан келген
кезі. Келсе, үйі қаңырап бос тұрады,алдынан
тек иті ғана шығады.
- Атама! Ұрттап тағы мен…
Құрысын…
Болғам шатылып…
Ұлыма сыйлық алып ем.
Берейін соны апарып… [15, 101 б].
Кеш те болса, қатесін түзеген әкесі ауруханаға
келеді. Баланың халін сұраған соң:
- Сыйлығы да бар әкеңнің:
Шыққанда өзің кисін деп,
Жап-жаңа пима әкелдім,
Аяғы тоңбай жүрсін деп.
Жөтелден сонда қиналып,
Қолымен басып өкпені,
Баласы:
- Енді пиманың…
Қажеті маған жоқ… - деді.
Қараса…кеште баяғы…
Пиманы сатып ант ұрған…
Үсіген екі аяғы
Кесілген екен балтырдан!… [15, 104 б].
Өзегіңді өкініш өртейді. Мүмкін бұл әкеге
қателігі үшін берілген жаза шығар. Осы
орайда М.Шахановтың:
Бір адамға байланысты,
Бір адамның болашағы,
-деген жолдары еріксіз ойыңа оралады.
«Неге әке үшін бала жазалануы керек?»
деген сұрақ мазалары да анық.
Әйнектен сәуле бөлшек боп,
Әкенің түсті басына.
Бұл, әлде, оның сол сәтте
Ағарып кеткен шашы ма? [15, 107 б]
- деп поэма аяқталады.
Заманның айықпас ауруын, маскүнемдікті,
оның тартқызар ашу-азабы жайлы тебірене
жырлайды. Мұндай өзекті мәселені қозғауы
ақынның азаматтық бет-бейнесін аша түседі
десек қателеспес едік.
2.7 Жергілікті ақындар жырларындағы Ұ.Есдәулетов
үні
Иә, қазақта төрт жол өлең құрамайтын адам
жоқ, ежелден бір ауыз сөзге тоқтап, атасының
құнын да кешкен елдің өрені ақынжанды
болып туады да, жастайынан ақындықтың
мол мұрасынан сусындап өседі. Тек, олардың
қайсысы замана ағымына ілескен күнделікті
саясаттың жыршысы, қайсысы шынайы халықтың
ақыны екенін уақыт таразысы елеп-екшеп
отырады. Шын ақын - өз халқының ары мен
беделі, ізгілікке жөн сілтеген өшпес
шамшырағы.
«Кешегі «коммунизм елесі» көлеңке түсіріп,
партияның төңірегіндегі жалаң, жаттанды
ұрандарды жырлатқан кезде де халық өзінің
сүйікті ақын ұлдарын ұмытпағанын бүгінгі
сөз бостандығын алған сәт көрсетіп отыр.
Қазір де өлең оқитындар азайған жоқ, тек
«жасасын» дейтін жасық өлеңдер емес,
тәуелсіз елдің халықтық дәстүрін дамытатын,
оның жоғын жоқтап, болашағын көрсететін
өлеңдер күтеді» [39, 5 б].
Ал, мұндай халық игілігі жолында қанатымен
су себелеген қарлығаштай қаламының қарымын
көрсетіп жүрген ақындар өзіміздің Шығыста
да аз емес. Атап айтсақ Х.Балшабеков, С.Ғабдуллин,
Ғ.Байбатыров, Ә.Қаңтарбаев, Ғ.Сәрсенбайқызы.
Бұл дүниеден өтіп кетсе де, есімі ел есінде
жүрген Т.Нұқайұлын айтпай кету мүмкін
емес.
«Көп ақындар - өз заманының, өз қоғамының
жыршысы. Сондықтан кешегі Кеңес үкіметі
тұсында Қазан төңкерісі әкелген теңдік,
халықтар достығы, мызғымас одақ, нұрлы
болашақ – коммунист, партком, тағы сол
сияқты тақырыптарды жырлап-ақ ақын атанғандар
қаншама, бірақ олардың көпшілігі өздері
өлмей жатып, сөздерінің «өліп» қалғанын
көріп жүрміз. Ал, Тұрғазы саясат жағында
істегенімен, саяси қасаң өлеңдерге бармайды.
Тұрғазы өлеңдерінен табиғи самал еседі.
Ақынның жүрек жылуын, көңіл тынысын атамекен
адамдардың еңбегінен, көңіл-күй сезімдерінен,
ізгілік иірімдерінен, халқымыздың өткендегі
шежірелі тарихынан, бабалардың тағылымынан
айқын аңғаруға болады» [40, 5 б].
Туған жер тақырыбы қашанда ақындар шығармашылығының
қайнар көзі. Әрине, бұл тақырыпты Тұрғазы
ақын да айналып өткен жоқ.
Онда табиғатты сырттай сипаттап кетпейді.
Туған жер табиғатын қатпар-қатпар заманалар
тарихымен біртұтас алып жазады.
Ескі қорған маңайында,
Тас молада, төскейде.
Батар күннің арайында,
Қарап тұр бір тас бейне.
Сол ғой біздің бабамыз да.
Жаттан елін қорғаған.
Осынау кең даламызда,
Келер жауын торыған, [18, 25 б]
-деп оқырманды тарих тұңғиығына бастайды.
Дәл осылай ғасырлар қойнауына үңілу Ұлықбек
Есдәулетовтің шығармаларында да көптеп
кездеседі. Пікірімізше, бұл екі ақынның
өзара үндестігі. Шығармашылық өмір жолын
облыстық «Дидар» газетінен бастаған
Ұлықбек Есдәулетовтің бұл, бәлкім, Тұрғазыдай
ақын ағасынан алған өнегшесі шығар деп
те ойлайсың.
Енді Хамит Балшабековтің мына бір өлеңін
оқып көрелік:
Жатырсың-ау, жазира далам, паңсынып,
Далада екен барша тілек, барша үміт.
Аман болсаң, мейірімді менің Жер-Анам,
Берекеге белшемнен жүрем малшынып.
Ата-бабам болғаннан соң далалық,
Далаға тән дархандығым бар анық.
Ғұмырыңа жететұғын қашанда,
Өту бақыт туған жерден нәр алып, [19, 56 б]
- десе, Ұ.Есдәулетов:
Қала тарылды!
Аңсаймын Қараталымды,
Қамшының табы, жылқының тер иісі сіңген
(балконда отырып) иіскеймін алақанымды,
[11, 91 б]
- дейді. Бір ақын өзі жүрген дархан даласына
деген ризалығын білдірсе, бірі сол даласына
деген сағынышын жырға қосады. Қазақ қашан
да теңдікті сүйетін халық қой. Дархан
даланы аңсау барлық ақында кезедеседі.
О, Жұмыр жер,
Сен үшін сөз қозғадым,
Сен үшін жыр,
Емес менің өз қамым.
Жаңғырып тұрғаныңды көрейін,
Көрмейін мен дидарыңның тозғанын, [20,
64 б]
-деген. С.Ғабдуллиннің өлеңімен Ұ.Есдәулетовтің
мына өлеңінен сабақтастық тапқандай
болдық.
- Далам! – десем:
Жарасы батып жүрегім жан ұшырады,
Жанарымның жасы таусылып, қаны шығады,
Арыстарымды ойлаймын арланар ма деп,
Кеудеде шыбын жаны мен намысы бары [11,
88 б].
«Қалай десек те ең алдымен поэзия атты
тылсым дүниенің кілтін ұстаған ақын жұрттың
көңілін қарап жатсын ба, - жазған үстіне
жаза береді» [41, 4 б].
Жуас біткен ынжыққа айналыпты,
Алғыр біткен қулыққа байланыпты.
Ақылдысы ақымақ кебін киіп,
Жан қинамас жайлауды жайланыпты
- деп Ғ.Байбатыров ренішін де жасырмай,
бүгінгі күннің шындығын алдыңа жайып
салады.
«Күні кешегі «қызыл империяның» кезінде
науқаншылық айғайымен лепіріп, бүгінде
кімнің тарысы піссе, соның тауығы болып
жүрген кейбіреулерді өткір сынға да алады.
Ондайлардың көзін шұқып тұрып:
Сен емес пе едің халқыңның салтын таптаған,
Қарсыластарға қуғында болған ақтабан.
Бүгінгі күні мәнсәбің үшін, бейшарам,
Жендет едің ғой халқыңды жоққа қақатаған.
Арсыздықтың да болмай ма шегі, азғыным,
Тіршіліктің былғамай өтші аз күнін.
Кешегі нәубет, кешегі сорлы заманның
Сыпыра алмай жүргенде қоқсық қалдығын,
- деп турасын айтқан ақынға өкпе артпай,
жұршылықтың да тілегі осы екендігіне
иманың кәміл. Сенесің де оның жырларына
әрі қарай көз жүгіртіп, азаматтық әуеніне
тәнті боласың» [41, 4 б].
Өмірден түйгені көп Тұрғазы ақынның тіршіліктің
мәні, адамгершілік асыл мұрат, көңілге
кірбің түсірер түйткілдерді саралап,
ой толғап, ғибрат аларлық өлеңдерді молынан
жазады.
Біреулердің қулығы,
Жүз түйеге жүк екен.
Пенделі ой сұмдығы,
Ер жігітке сын екен, [18, 55 б]
- деп Абай жырлаған адам пиғылының қалтарысына
үңіледі.
Т.Нұқайұлы жайлы: «Ақын жырларындағы
тамаша қасиеттің бірі – азаматтық әуенді
асқақтата жырлайтындығы. Жылдар өткен
сайын ақын талай түрлі тақырыптарды игерді,
өлеңдерінің көркемдік қасиеттерін жетілдіре
түсті. Шығармалары нақты өмір тәжірибесінен
алынған шынайылығымен оқырман жүрегінен
орын алған.
Қасиетті Шығыс топырағы – ақын үнімен
мәңгі тыныстас» – деп Р.Уалханова тамаша
пікір білдіреді [42, 6 б].
Ақын ең алдымен – жоқшы. Адам жанының,
адам рухының жоқшысы болса, ақын әлемі
– адам жанының зертханасы.
Ұ.Есдәулетовтің елу жасқа толу мерейтойына
орай С.Ғабдуллин мынадый жыр жолдарын
жазған екен:
Тума талант толқынындай Зайсанның,
Көтерілген күншығыстан – жайсаң күн.
Сауырыңның самалымен сусындап,
Жұпарын жұт жусаның мен майсаңның.
Марқакөлдің мәрттігі боп марқайдың,
Ұлықбек боп ұлағатты тарқайды үн.
Қазақстан құшағында тербелген,
Айбынды Ақын ұланы қарт Алтайдың, [24, 1
б]
- деген жолдар Ұлықбек ақынға нақты бағасын
беріп тұрғандай.
ҚОРЫТЫНДЫ
Шын ақын өмірі бір адамның басынан кешкендерімен
шектелмейді. Ақын көптің өмірін сүреді,
көп көргенді көре алады, көп сезгенді
сезе алады. Бұл – ақын сезімі жалпы және
жеке адам сезім-күйінің жиынтығы деген
сөз. Ол жеке адам көңіл-күйін заман рухымен
жалғастырады. Жалпылық пен жекелікті
осылай тұтастыра алғанда ғана ақын азаматқа
айналады, өзінің ақындық, азаматтық тұлғасын
қалыптастырады.
Поэзиядағы азаматтық әуен де ең алдымен
ақынның азаматтық тұлғасына байланысты.
Әдебиеттің халық алдындағы биік мақсат-мұратын
дұрыс түсініп бағалаған, сөз өнерінің
құнын ардақтай сыйлаған, өмір шындығын,
қат-қабат құбылыстарын оның терең мазмұнына
үңіле отырып суреттей алған ақын жыры
әрқашан қоғамдық, азаматтық мәселелерді
көтереді. Ақынның азаматтық тұлғасын
оның шығармаларының азаматтық үні ғана
таныта алады
Ақын толысып, кемелденген сайын оның
бойындағы құбылыстардың ошағы кеңіп,
отыны молая түседі. Заманмен байланысты
о баста басталғандай әлсіз бір талшықтармен
емес, білем-білем күре тамырлармен жалғасып
кетеді. Мұнан да дәлірек айтсақ, ақын
бара-бара өмірдің, уақыт пен заманның
қызығы мен мұңын төбе үстінде отырып
қадағалап, бақылаушыдан сол өмірдің,
сол заман мен уақыттың қызығымен гүлдеп,
мұңымен өртенушіге айналады. Бұл – енді
ақынның уақыт пен заманмен тағдырлас
болып кетуі.
Қазіргі қазақ поэзиясы жайлы сөз қозғағанда,
осы жылдардағы тарихи жағдайды айтпай
кету мүмкін емес. Бұл кезең халқымыздың
өмірінде аса үлкен тарихи маңызы бар
уақыт болғаны мәлім. 1986 жылғы желтоқсан
оқиғасы ұлттық сананың ұлы төңкерісі
болды. Орыс империясының шырмауындағы
қазақ халқы бодандық бұғауын үзіп шықты.
Желтоқсан оқиғасы жаңа тарихи кезеңге
жол ашты. Қазақ халқы егемендігін жариялап,
Ата Заңын қабылдап, өзін әлемге танытты.
Тарихымыз бен мәдениетіміздің көлеңкелі
жақтарының ашылуының ұлтымыздың рухани
өміріндегі маңызы ерекше. Шәкәрім, Ахмет,
Міржақып, Мағжан шығармаларының жарыққа
шығуы поэзиямыздың көркемдік көкжиегінің
кеңеюіне, ұлттық бояуының айқындала түсуіне
өз әсерін тигізбей қойған жоқ. Дамыған
сайын, ондағы ұлттық белгілер ашық бедерлене
түсті.
Жұмысымыздың бірінші бөлімінде қазіргі
қазақ поэзиясы жайлы сөз еттік.Т.Әбдікәкімов,
Е.Раушанов, М.Ақдәулетұлы, Н.Мәукенұлы,
Г.Салықбаева, М.Райымбекұлы және басқа
да жас ақындардың өлеңдерін нысанаға
ала отырып, поэзиядағы азаматтық болмыс
пен ұлттық рухтың көрінісін барынша ашуға
тырыстық.
«Жұртым» деп соғар жүрегі бар жастарымыздың
халқымыздың болашағы екені сөзсіз. Осындай
талантты жастары бар қазақ поэзиясының
шоқтығы биік деген ойдамыз.
Бітіру жұмысының екінші бөлімі Ұ.Есдәулетовтің
поэзиясы, ондағы азаматтық сарын жайлы
жазылған.
Ұлықбек Есдәулетов - қазақ поэзиясына
майда леп әкеліп, әуезді лирикасы жүректің
ең нәзік пернелерін сөйлетіп, дыбыстың
айрықша үйлесімін тауып, өлең жолдарын
күйше күмбірлеткен дарынды қаламгердің
бірі.
Ақынның өлеңдерін тақырыптарға топтастырып
талдау жасай отырып, ақынның өзіндік
үнін, жаңашылдығын айқындадық.
Ұлықбек жырларында күнделік бар, ақынның
өзінің ғана емес, заманы мен елінің тұрмыс-салты.
Ежелгі ұлттық ізгі дәстүрлерімізді дәріптей
жалғастыра беруімізді өз өркениетіне
өзекті тенденция етіп ұстануы - Ұлықбекті
оның құрбы-құрдас, үзеңгілес қаламгерлердің
көбінен ерекшелендіріп, озық көрсететінін
көлегейлемей ашып айтқан абзал. Осы арманы
жолында туған халқын таудай көтере отырып,
ара-тұра ұлттың басындығы олқылықтарды,
кемшіліктерді уытты тіл найзасымен түйреп-түйреп
алады.
Ұ.Есдәулеттің біршама өлеңдері тарихи
тақырыпты негіз етіп ала отырып жазылған.
Ұ.Есдәулетовтің тарихи оқиғаға байланысты
жазылған қай өлеңін алсақ та, бүгінгі
күннің келелі мәселелерін көргендей
боламыз. Ақын тарихи оқиғаны өлеңіне
арқау ете отырып, бүгінгі күн жайлы сөз
қозғайды.
Ал экологиялық мәселелерді жырына арқау
етуінен ақынның азаматтық болмысы айқын
көрінеді.
Атомның салған зардабы, оған қоса Арал
өңірінің апаты, табиғаттың ғана күйреуі
емес, табиғатпен бірге адамның да неше
түрлі дертке ұшырап, үзіліп, жастай солып
жатқаны ақын жанына бататынына өлеңдері
куә болады.
Нағыз лирикалық туындылар жеке адамның
жан дүниесін, толғанысын, тағдырын бейнелеп,
сол арқылы бүкіл бір ортаны, қоғамды,
заманды сипаттап береді.
Ақынның көңіл-күйі әрқашан өзі өмір сүрген
қоғамдық ортаның хал-жағдайына байланысты,
өзін қоршаған шындықтың саяси-әлеуметтік
сырымен сабақтас. Ол қуана шалқыса да,
жабырқай толғанса да лирикада сол кезеңнің
шындығы мен сыры жатады.
Замана жайлы жырларын талдай отырып,
оның поэзиясындағы азаматтық үнді шама-шарқымызша
анықтадық. Өлеңдері арқылы ақынның өзінің
азаматтық тұлғасын таныдық десек қателеспес
едік.
Әдебиеттер тізімі
1 Егеубаев А. Сыр мен сымбат/А.Егеубаев.-Алматы:
2 Белинский В.Г. Таңдамалы шығармалары.
2-кітап/В.Г.Белинский.-Алматы,
3 Айбергенова С. Мен даланың қызы едім/С.Айбергенова.-Алматы,
4 Ахметов З. Әдебиеттану терминдер сөздігі/З.Ахметов.-Алматы:Ана
тілі,1998
5 Ахметов З. Поэзия шыңы – даналық/З.Ахметов.-Астана:
6 Қабдолов З. Сөз өнері/З.Қабдолов.- Алматы:Қазақ
Университеті,1992.-528 б.
7 Қирабаев С. Шығармалар 2-том/С.Қирабаев.-Алматы:
8 Құрманғали Қ. Қоңыр күз күмбірі/Қ.Құрманғали.-Алматы:
9 Зақанқызы Р. Ұлттық мінездің көркем
көрінісі /Р.Зақанқызы // Ақиқат, 2001.- №3
10 Төрт ана.- Алматы:Білім, 2002.-160 б.
11 Мұқашева Р. Қазіргі қазақ поэзиясындағы
ұлттық характерді бейнелеу жүйесі. Автореферат
/Р.Мұқашева.- Алматы, 2000
12 Есдәулетов Ұ. Өр мінезді өлең /Ұ.Есдәулетов
// Жұлдыз, 1986.- №8
13 Райымбекұлы М. Ай/М. Райымбекұлы.-Алматы:
Жазушы, 2001-168 б.
14 Боқаев Қ. Ұлттық салт-дәстүр! Махаббат!
Қайсысын насихаттаймыз? /Қ.Боқаев // Қазақ
әдебиеті, 2004.- №11
15 С.Торайғыровтың 110 жылдығына арналған
Республикалық студенттер мүшәйрасы.
Өлеңдер жинағы.-Павлодар, 2003-83 б.
16 Байбатыров Ғ. Шабыт керген көкірегінің
шанағын /Ғ.Байбатыров // Дидар, 2002.- 2 қараша
17 Қаңтарбаев Ә. «Ұясы тұғыр болмас тас
түлекке»/Ә. Қаңтарбаев // Дидар, 2004.- №42
18 Қуантайұлы Н. Кестелі жырдың кемелі
/Н.Қуантайұлы // Ана тілі, 2002.- №48
19 Қазақ поэзиясының антологиясы // Егемен
Қазақстан, 2004.- 28 қаңтар
20 Әлібеков Ә. Ұлттық поэзиямыздағы Ұлықбек
жырлары/Ә.Әлібеков // Астана хабары, 2004.-
№56
21 Есдәулетов Ұ. Жұлдыз жарығы/Ұ. Есдәулетов.-Алматы:Жазушы,
1977.- б.
22 Шәкіров М. Перзент парызы /М.Шәкіров
// Дидар, 1999, 11 мамыр
23 Медетбек Т. Баба дәстүрдің мұрагері
кім?/Т.Медетбек.-Алматы: Өлке, 2001.-248 б.
24 Уақыт және қаламгер.-Алматы:Жазушы,
1986.-316 б.
25 Амантай Д. «Мойыныңдағы қамыт қажап»
/Д.Амантай // Ана тілі, 2004.-29 сәуір
26 Әлімбай М. Жанымның жапырағын жамыратып/М.Әлімбай
// Жас Алаш, 2004.- №53
27 Ақсұңқарұлы С. «Түсіме енеді жылқының
кісінегені»/С.Ақсұңқарұлы // Жұлдыз, 2002.-
№8
28 Кемелбаева А. Өлеңдерім – жанымның
жылнамасы/А.Кемелбаева // Жас Алаш, 2004.-
№34-35
29 Сәрсенбай О. Менің мекенім/О.Сәрсенбай.-Алматы:
Қайнар, 2002.-340 б.
30 Тұрғынбекұлы С. Сөзге ғашық жүрек/С.Тұрғынбекұлы
// Егемен Қазақстан, 2002.- №263-264
31 Елубай О. Алтайым, алтын тамырым/О.Елубай.-Алматы:
Әл-Фараби, 2000.-210 б
32 Бозтаев К. Семей полигоны «Қайнар қасірет»/К.Бозтаев.-Алматы:
33 Баешов А. Экология және таза су проблемалары/А.Баешов.-Алматы:
Дәнекер, 2003.-280 б.
34 Раев Қ. Ұлағат/Қ.Раев.-Алматы:Жазушы,
2001.-246 б.
35 Толғауы тоқсан қызыл тіл.-Алматы:Қазақстан
Республикасының ұлттық кітапханасы,
1993.-20 б.
36 Қосбармақов Т. Мемлекеттік тілді қайтсек
көркейеді?/Т.Қосбармақов //Заң және заман,
2004.- №1-2
37 Жұмахметұлы Е. Көзіміз, құлағымыз қазақ
тілінде ауыз ашпаса /Е.Жұмахметұлы // Ана
тілі, 2002.- №29
38 Байбатыров Ғ. Қыран жырлар самғауы /Ғ.Байбатыров
// Тіл мен діл, 2004.- №4
39 Тоқпатаев У. Санамда сәулесі мол жыр-таңым
бар /У.Тоқпатаев // Дидар, 2001.- 2 қазан
40 Байбатыров Ғ. Жүрек сөзі, жан сыры/Ғ.Байбатыров
// Дидар, 1995.- 12 тамыз
41 Құмарбекұлы М. Сөнбейтін үміт /М.Құмарбекұлы
// Дидар, 1999.- 11 мамыр.
42 Уәлханова Р. Ақын аға, сізді іздеп жүрміз
/Р.Уәлханова // Дидар, 2002.- 30 қараша
Қосымша әдебиеттер
1 Оңғарсынова Ф. Дауа /Ф.Оңғарсынова.-Алматы:
Атамұра, 2002.-288 б.
2 Әбдікәкімов Т. Ақшам хаттары/Т.Әбдікәкімов.-Алматы:
3 Салықбай Г. Аспандағы аңсарым/Г.Салықбай.-Алматы:
Жазушы, 2001.-144 б.
4 Райымбекұлы М. Ай /М.Райымбекұлы.-Алматы:
Жазушы, 2001.-168 б.
5 Бердалы Н. Жаңбырлы түн /Н.Бердалы.-Алматы:Жазушы,
2001.-48 б.
6 Өлеңдер жинағы.- Павлодар, 2003.- 83 б.
7 Исәділ А. Жолдар, жолдар /А.Исәділ.-Алматы:Жазушы,
2001.-40 б.
8 Шегебай Ә. Алакеуім /Ә.Шегебай.-Алматы:Жазушы,
2001.-48 б.
9 Алаштуған Е. Тақсыр күн /Е.Алаштуған.-Алматы:Жазушы,
2001.-48 б.
10 Есдәулетов Ұ. Алтайдың алтын тамыры
/Ұ.Есдәулетов.-Алматы: Жазушы, 1979.-160 б.
11 Есдәулетов Ұ. Киіз кітап /Ұ.Есдәулет.-Астана:Елорда,
12 Абай 2-том /А.Құнанбаев.-Алматы:Жазушы,
1995.-384 б.
13 Дулатов М. Оян, қазақ! /М.Дулатов – Алматы:Атамұра,2003.-192
б.
14 Жұмабаев М. Сүй, жан сәулем/М.Жұмабаев.-Алматы:
15 Есдәулетов Ұ. Ұлыстың ұлы күні/Ұ.Есдәулетов.-Алматы:
16 Мақатаев М. Таңдамалы. 2-том/М.Мақатаев.-Алматы:
Жалын, 2001.-320 б.
17 Нұқайұлы Т. Ұлы даланың ұлымын/Ұ.Есдәулет.-Өскемен,
1995.-180 б.
18 Балшабеков Х. Өмір, саған ғашықпын/Х.Балшабеков.-
19 Ғабдуллаұлы С. Ұланғайыр/ С.Ғабдуллаұлы.-Өскемен,
2003.-358 б.
20 Ғабдуллаұлы, С. Ақын Ұлықбек Есдәулет
50 жаста/С.Ғабдуллаұлы // Тіл мен діл, 2004.-
№4
Информация о работе М.Шаханов балладаларының тақырыптық және көркемдік ерекшелігі