Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Мая 2014 в 10:18, курсовая работа
Курстық жұмыстың мақсаты: : М.Мағауиннің зерттеу еңбектерін саралап қарастыру. М.Мағауиннің шығармашылығын толық қамтуымыз қажет.
Курстық жұмыстың міндеті: Еңбек практикалық, әрі теориялық мақсаты көздейді. Осы курстық жұмыстың міндеті М.Мағауиннің зерттеу еңбектерімен толық танысу.
КІРІСПЕ............................................................................................................3-4
1ТАРАУ
М.МАҒАУИН ЖАЙЛЫ БІРЕР СӨЗ.
1.1. М.Мағауиннің қазақ әдебиетіндегі алатын орны...........................5-11
2 ТАРАУ
М.МАҒАУИННІҢ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ЕҢБЕГІНЕ ШОЛУ
2.1. XV-XVІІІ ғасырдағы ақын- жыраулар шығармасын М.Мағауин зерттеуі бойынша қарастыру...................................................................12-19
ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................20
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................21
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.......................
1ТАРАУ
М.МАҒАУИН ЖАЙЛЫ БІРЕР СӨЗ.
1.1. М.Мағауиннің қазақ
әдебиетіндегі алатын орны.....
2 ТАРАУ
М.МАҒАУИННІҢ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ЕҢБЕГІНЕ ШОЛУ
2.1. XV-XVІІІ ғасырдағы ақын-
жыраулар шығармасын М.Мағауин зерттеуі
бойынша қарастыру.....................
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................
КІРІСПЕ
XV ғасырдың алғашқы жартысында
біздің халқымыз өзінің соңғы
бұрыңғы тарихындағы ең
Яғни, қазақ әдебиетегі ұлыстық Абылай заманымен тәмамдалады. Асан Қайғы , Қазтуғандардан басталған арналы кезең. Бұқар жырау шал ақындармен шектелсе керек. XV-XVIII ғасырларда жасалған әдебиет ел мүддесін, жұрт мұратын бірінші орынға қойды. Өзіндік түр тауып, айқын ұлттық сипатта қалыптасты. Алаштың жайсан жалын , өз рухын бедерлей таңбалап, келер ұрпақ үшін ешқашан ескермес үлгілері тудырады. Көркемдік танымның асқар биігіне көтеріліп, әлемдік өредегі ұлы шығармалар қалдырды.
Курстық жұмыстың мақсаты: : М.Мағауиннің зерттеу еңбектерін саралап қарастыру. М.Мағауиннің шығармашылығын толық қамтуымыз қажет.
Курстық жұмыстың міндеті: Еңбек практикалық, әрі теориялық мақсаты көздейді. Осы курстық жұмыстың міндеті М.Мағауиннің зерттеу еңбектерімен толық танысу.
Курстық жұмыстың құрылымы: Бұл курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1.М.МАҒАУИН ЖАЙЛЫ БІРЕР СӨЗ.
1.1 М.Мағауиннің қазақ әдебиетіндегі алатын орны.
Бір кезде қолдан еріксіз шығып кетіп, ойда жоқта қайта оралған тәуелсіздік ата– бабаның аңсаған арманы, бұрынды –соңды төгілген киелі қандардың өтеуі екені рас. Бірақ біз осы бостандыққа жан- жақты дайындықпен, кескілескен саяси күреспен жеттік десек ,асыра айтқандық болар еді. Әділетке жүгінсек , баяғы Алаш қозғалысынан кейін бізде ұлт азаттығын ұран ғып көтерген бірде –бір партия, не ұйым болған емес. Отызыншы жылдардағы аштық апаты мен сталиндік репрессияның қазаққа батып кешкені сонша, зиялы қауым ендігі жерде ошаң етіп бас көтеруден қалған. Бертінде өзге халықтар арасынан Кеңес билігіне наразы неше алуан дисидент тер шығып жатқанда, қазақ қауымының тым – тырыс жатуы-соның бір дәлелі. Мұндайда бет – жүздік етіп айтарымыз - 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы ғана. Бұл оқиға рухани сілкіністің басы болғаны рас. Бірақ ол да арыдан келе жатқан саяси күрестің сарабдал нәтижесі емес. Кремльдің шектен тыс дөрекілігінен туған стихикалық қозғалыс болатын.
Мұхтар Мағауин...Саяси
озбырлық,рухани әрі-сәрілік,кәсіби
балаңдық жабыла қинап,дағдарыс
тығырына қамалған әдебиетіміздің
одан әрі дамуына жаңа қарқын
бітіруге тырысқан алпысыншы
жылдарғы серпілісте айрықша көзге
түсіп,сол қарқынын әлі күнге
үдетпесе,бесеңдетпей,
Осы бір айдай ақиқатты еске алып тұрған себебіміз бұл әңгіменің дәл бүгін алпысқа толып ел құрметіне бөленіп отырған, Мемлекеттік сыйлықтын лауреаты, « Түрік дүниесіне қызмет» атты халықаралық сыйлықтың иегері, Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Мағауинге тікелей қатысы бар.
Сөзіміз түсінікті болу үшін сонау алпысыншы жылдардың екінші жартысына бір сәт ой жіберіп көрелікші. Мұхтар Әуезов дүниеден өткен соң, әдебиеттегі реалистік, халықтық бағыттың туын ұстайтын, көш бастар дара тұлға табылмай, рухани дүниеміз бір мезет күңгірт тартып қалғаны
естеріңізде шығар. Бір мезетте қатар жарық көрген Есенберлиннің тарихи романдары мен Мағауинның зерттеу еңбектері үлкен бетбұрыс, рухани «жарылыс» жасады десек асыра айтқандай болмас. Көне тарих қойнауын ақтарып, ескіні еске түсіретін бұл шығармалар халықтың үзіліп қалған зердесін қайта жалғады. Қазақтың іргелі ел болғанын, мәдениеті, әдебиеті болғанын бүгінгі ұрпақтың есіне салып, ұлттың еңсесін көтерді. Дәл осы тұста бұған дейін тиым салынып келген тағы бір тақырып бой көтереді. Ол - шет елдегі қазақтар тағдыры. Басқа бір империяның тепкісінде жатқан қандас бауырларының ауыр халін аңсаған арманын кітаптан оқығанда, мұндағы жұрт өз бейнесін айнасындан көргендей әсер алғаны анық. Бұл тақырыпта тұтас бір романдар циклін жазған қаламгердің кім екенін айтпасам да, жұрт оны басқа ешкімен шатастырмайды. Өйткені, ол көп емес, бір-ақ адамның есімімен байланысты. Ал осы жылдары М.Мағауин жетектеп әкеліп, әдебиет төріне отырғызған Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Ақтамберді, Үмбетай мұраларының әсерін тілмен айтып жеткізу қиын. Ең ғажабы, жыраулар поэзиясында әлі ешкімге құл болмаған азат көшпендінің айбынды үні жатыр еді. Сондықтан да қалың жұртшылық бұл шығармаларды тарыққанда тандай жібітер тіршілік нәріндей қабылдады. Мағауин туралы сөз болғанда жырауларға соқпай өту күнә. Бір сәт жырға кезек берелікші. Естеріңізде бар ма, Доспамбеттің:
Тоғай, тоғай, тоғай су,
Тоғай қондым, өкінбен.
Толғамалы ала балта алып,
Топ бастадым, өкінбен.
Тобыршығы биік жәй салып,
Дұшпан аттым, өкінбен.
Тоғынды сарты нар жегіп,
Көш түзедім, өкінбен!
немесе Шалкиіздің:
Қоғалы көлдер, қом сулар,
Кімдерге қоныс болмаған.
Саздауға біткен сарыағаш
Кімдерге сайғақ болмаған.
Жағына жалаң жібек байлаған
Арулар кімнен қалмаған.
Жағы түкті жылқы айуан
Иесін қайда жаяу салмаған
деген өзекжарды өкінішін сезінгенде, немесе Ақтамбердінің:
Күлдір де күлдір кісінетіп,
Күреңді мінер ме екенбіз.
Күдеріден бау тағып,
Кіреуге киер ме екенбіз...
Тобылғы сапты қамшы алып,
Тұмар мойын ат мініп,
Қоныс та қарар ма екенбіз!
Ел жазылып жайлауда
Жақсылар кеңес құрғанда,
Мұртымыз көкке шаншылып,
Бұрын да сөйлер ме екенбіз!- дейтін арманға толы жолдарын оқығанда көзімізге мөлтілдеп жас келмеуші ме еді?! Шүкір, осының бәрі текке кеткен жоқ. Бұл күнде азат болдық «Мұртымыз көкке шаншылып» бұрын сөйлер күйге жеттік.
Мұхтар Мағауин орта
ғасырдағы жыраулар
Университеттің ғылыми кеңесінде өткен бұл қорғаудың қандай табысқа жеткені әлі көз алдымызда. Бүкіл халықтық мерекеге, әдебиеттің тойына айналды. Бірақ, амал не, кезінде әдебиеттану ғылымына дүбірлі бетбұрыс
жасаған сол еңбекке, қатып қалған қағида бойынша, небәрі кандидаттық қана дәрежеге берілді.
Жалпы, тарихқа, әдебиетке қатысты зерттеулерге Мұхтар одан кейін де ат ізін суытпай қатысып келеді. Ал оның Абай айналасындағы ақындық дәстүрді жіті зертей жүріп, Шәкәрім сынды тұлғалардың шығармасы түгіл, атын атау мүмкін болмай тұрғанда солардың өлеңдерін орысшаға аударып, «Қазақ поэзиясының антологиясы» деген атпен, 1978 жылы Ленинградта бастырып шығарған ерлік еңбегін бұл күндері алғыспен еске алмасқа хақымыз жоқ. Жазушы өзінің ең алғашқы туындыларының бірі «Тіленші» әңгімесінде кеңес дәуіріндегі қайыршылық туралы жазса, «Менің балаларымның туысқан ағасы» адам баласына тән мейірбандылық сезімінің өз заманындағы көрінісі туралы ой тастайды. Ал «Тәртіпті азамат», «Әбдіғаппар сері», «Биік үйдегі Бөрібасар» әңгімелері адам мен қоғам арасындағы кейбір үйлесімсіз жағдайлардан қатардағы қарапайым азаматтардың зардап шегетінін жекелеген эпизодтық көріністер арқылы бейнелеп жеткізуді мақсат етеді.
Жалпы, осы арада айта кететін нәрсе – М.Мағауиннің әңгіме жанрына да өзіндік үлес қоса отырып, оның көркемдік қырларын шеберлікпен игере алғандығы.
«Тазының өлімі» кеңес дәуірінде жеке адамның күрделі табиғатын ашу үшін өзі өскен ортасы мен жан-жануарлардың тіршілігін байланыстыру үрдісіне сүйенеді. Бас кейіпкер қазы аңшылықты ғана емес, өзінің туған жерін, адамға тән жақсы қасиеттердің баршасын сүйетін қарапайым жан. Оның бейнесі кей cәттe бедерлене сомдалған. Лашын тазының қасында көмескіленіп қалған шыңдай да болады. Бірақ ит образын шындыққа сай әр қырынан тұлғалап көрсету, реализм шеңберінен асырмай, жан-жақты сипаттау жазушының көркемдік табысы екені дау тудырмаса керек. Ендеше басын тауға да ұрып, тасқа да ұрып тыным таппай жүрген тазы бейнесінің мейлінше айқын сомдалуы адамнан гөрі иттің иггілігі құнды дегенді білдірмейді. Бұл шығармада күнәсіз хайуанат арқылы адам қауымының ортасындағы күрделі шындықты ашуға деген талпыныс бар. Осынау көркемдік әрекет жолындағы жазушының тандап алған тәсілі де ұнасымды.
Дүниежүзі әдебиетінде де, қазақ әдебиетінде де бұған дейін-ақ жан-жануарлар, оның ішінде ит туралы шығармалар жазылғанын ескерсек, солардың ішінде «Тазының өлімі» өзіндік көркемдік идеялық ұстанымдары арқылы ерекшеленеді. Оның иесі – Қазы соғыс мүгедегі, ескінің көзі сынды қазақи арман мен мұңға бейім жан. Tазы болса, иесінің ішкі әлемінін кыжылы мен шыжығының бір көрінісі сынды тілсіз хайуан. Fұмыp бойы ата-баба дәстүрін қадірлеп өткен, дәстүрді сақтау дегеннің ұлтты сақтау болып табылатынын іштей ғана түйсініп, айналасына ашық жариялай алмай, тіршілікпен қоштасқан Қазының қайғысы қалың қазақтың іштен тынған мұңын сездіреді.
Ал Лашын тазыны сол мұңның көкірегіне беріштей байлану себебін білдіретін тілсіз символикалық бейне ретінде қабылдаған лазым. Адам құрған қақпанға түсіп, қазаға ұшырайтын тазы, әрине, Қазы отағасының орындалмай, аянышпен аяқталған арманы сынды. Жазушы адам мен ит тағдырын бірнеше көркемдік арқаулары арқылы байланыстыра отырып, мазмұны мен пішіні тұтас құйылған шығарманы өмірге әкелген.
Жазушының «Тазының
өлімі» атты хикаяты тек
Кейінірек М.Мағауин жануарлар өмірін негіз ете отырып, «Көк кептер» әңгімесін, «Жыланды жаз», «Құмырсқалар көтерілісі» хикаяттары мен «Шахан-Шері» романын жазып шықты. Бұлардың қай-қайсысы да қазақтың ұлттық салт-дәстүрін әр қырынан көркемдеп көрсете бiлумен бірге адамның жан дүниесіндегі күрделі құбылыстарды хайуанаттармен қарым-қатынас арқылы ашуды көздейді. Көзқарастың жітілігі, ойдын, сергектігі мен шымырлығы, қиялдың ұшқырлығы, бір сөзбен айтқанда, осы бағыттағы көркемдік ізденістер үлкен-кішілі көлеміне қарамай, жазушының аталған шығармаларын толымды етіп бере білген.